Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты 9 кл.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
02.09.2019
Размер:
137.73 Кб
Скачать

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Үй иелері мерекелік дастарқан жаяды, бесікке салған адамға кәде береді.

18 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Қалау.

Жас сәбилі болу – қазақ үшін ежелден қуаныш, той. Бұл ата-бабамыздың балаға ерекше мән бергенін көрсетеді. Кіндік шеше қалжа алып келеді, немесе басқа ағайын-туыстар нәрестеге сый-сияпат алып келіп, құтты болсын айтуға келеді. Олар кетерде нәрестенің ата-әжесі не әке-шешесі:

  • Не қалауың бар? – деп сұрайды.

Егер қонақ сол үйдегі ең жақсы дүние мүліктің, малдың берін айтып «осыны қалаймын» десе, үй иесі міндетті түрде қалағанын беруге тиіс.

Баяғы кезде нәрестенің анасынан келген кілемді не үйдің иесінен жүйрік атын «қаладым» десе де, қонаққа беруге міндетті. Сондай-ақ қазақта жиен нағашысының үйіндегі кез келген уақытта «қаладым» деп алуына хақылы.

2. «Қара шаңырақ» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Берілген сөздерге түбірлес сөз табыңдар: құрмет, сый, ой, сана.

19 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Алғашқы қазақ журналистері.

Қазақ баспасөзі. Тұңғыш қазақ журналистері. Бүгін мұның бәрі де тарих.

Алғаш қазақ тілінде 1870 жылы 10 мамырда Ташкентте «Түркістан уәлаяты» газеті шықты. Қазақтың алғашқы журналистері 1888 жылдары Омбыда шығып тұрған «Дала уәлаяты» газетінде жұмыс істей бастаған. Қазақтың тұңғыш журналистері: Ешмұхамед Абылайханов, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Рахымжан Дүйсебаев деген кісілер болған.

1911-1915 жылдары Троицк қаласында Мұхамеджан Сералин «Айқап» журналын шығарған. Журнал қазақ өмірі туралы жазды.

Ахмет Байтұрсынов Орынбор қаласында 1913-1918 жылдары әйгілі «Қазақ» газетін ұйымдастырып, бас редактор болды.

Әйелдер арасынан шыққан тұңғыш тілші Нәзипа Құлжанова болды. Жастар газетін Сара Есова, әйелдер журналын Ләзиза Серғазина басқарған.

Журналистердің қоғам өмірінде сіңіретін еңбегі көп. Әлбетте, олар әрқашан халқымен бірге.

2. «Сүйікті теледидар бағдарламасы» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Мына сызбалар бойынша сөздер құрастырыңдар:

түбір + сын есім жасайтын жұрнақ

түбір + көптік жалғау + ілік септік жалғауы

түбір + 3 жақ тәуелдік жалғауы + жатыс септік жалғауы

түбір + түбір + барыс септік жалғауы

20 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Туыстық атаулар.

Ата - әкенің әкесі. Әже - әкенің шешесі. Әке-шеше, ата-ана – дүниеге ұрпақ әкелген ерлі-зайыпты адамдар.

Бала – ата-анадан туған ұрпақ, олар ұл, қыз деп аталады.

Ұл – шаңырақ иесі, ұрпақ жалғастырушы.

Қыз – басқа елдің болашақ келіні, болашақ ана.

Немере – ұлдың баласы.

Шөбере – немеренің баласы.

Жеңге – ағаның әйелі.

Ағайын – бірге туған туыстар.

Аға, апа, қарындас, сіңлі – бір әке-шешеден туған немесе туыстың балалары, үлкен болса – «аға», кіші болса – «іні», үлкен қыз – «апа» («әпке»), кіші болса – «қарындас», қыздар үшін – «сіңлі» болады.

Інінің, баланың әйелі жасы үлкендерге келін болып есептеледі.

Нағашы – балалардың анасының төркіні.

Жиен – қыздан немесе әпке, қарындастан туған бала.

2. «Менің досым» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Ойымды жалғастырыңдар:

Әке-шеше – отбасының тірегі, сондықтан ... .

21 билет