Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты 9 кл.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
02.09.2019
Размер:
137.73 Кб
Скачать

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Алыста жүрген ағайындар ауылға қонаққа келгенде, қара шаңыраққа кіріп, қариялармен амандасады.

14 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Әуезов үйі.

«Әуезов үйі»- ғылыми-мәдени орталық, яғни ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық мұрасын көпшілікке таныстыру, насихаттау, зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми- мәдени мекеме.

Орталық негізінен үш бағытта жұмыс жүргізеді.

Бірінші бағыт- жазушының өмірі мен шығармашылық мұрасын жинақтау.

Екінші бағыт- мұражайдағы қолжазбалар мен экспонаттарды, кино, фотоларды ғылыми жүйеге түсіру, көрме ұйымдастыру.

Үшінші бағыты-М.Әуезовтің азаматтық, шығармашылық құқығын қорғау.

Орталықта орналасқан мұражай - үйі екі бағыттан, сегіз бөлмеден тұрады.

Бұл мұражай - үйінде жазушының өзінің даусы жазылған таспалар мен күйтабақтар бар.

Ғылыми жұмыспен айналысушыларға қызмет көрсететін компьютерлік бөлім жұмыс істейді.

2.Радио, теледидар туралы диалог құрастырыңдар.

3.Морфологиялық талдау жасаңдар: насихаттайды, мұрасын.

15 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Полиглот болғың келсе.

«Полиглот» деп ондаған тілді қатар үйренуге қабілетті адамдарды айтады.

Атақты неміс археологы Генрих Шлиман үнемі жаттығудың арқасында күніне прозалық мәтіннің жиырма бетін жаттап алуға қолы жеткен. Ол орыс тілін 6 апта ішінде үйренген.Алдымен негізгі тілдерді, ал сонан кейін сол тілдерге жақын тілдерді үйрету қажет. Әрине, адам неғұрлым көбірек тіл білсе, жаңа тілді игеру де жеңіл болады.Полиглоттар былай дейді: «Ең бастысы – қорықпау керек.Тілді үйрене жүріп, өз ойыңызды сол тілде түсіндіруге тырысу керек. Әрқашан елден бәрін сұрап отырыңыз.Үйреніп жүрген тілде сұрақ қоя отырып, тіл білетін және өзіңізге көмек көрсете алатын адаммен барынша сөйлесіңіз».

2.Жерлес ақын-жазушылар туралы диалог құрастырыңдар.

3.Сөздерді құрамына қарай талдаңдар: атақты, сөйлесіңіз, түсіндіруге, тілдерді.

16 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Сүйінші.

Ауладағы жеміс ағаштарының түбін қопсырып жүрген Болат тоқтаған машина дыбысы шыққасын қақпадан қарап еді - әскер қатарында азаматтық борышын атқарып жүрген ағасы Асылбек түсіп жатыр.

Болат қора жақта жүрген атасына жүгірді:

  • Ата, ата! Сүйінші! Асылбек ағам келді!

Екі жыл бойы сағынған Асылбекті көріп, үй-іші мәре-сәре болып қуанып қалды.

  • Болатжан сүйінші сұрап еді, Асылбек аман-есен оралды, жақсы хабарға сүйінші бермеуге болмайды. Мынаған ертең Болатқа велосипед әкеліп берші, - деді Абдол ақсақал баласына.

Жақсы, қуанышты хабар айтқан адамға «сүйінші» беру – халқымыздың дәстүрлерінің бірі.

2.Өз ермегің туралы диалог құрастырыңдар.

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Болатжан сүйінші сұрап еді, Асылбек аман-есен оралды, жақсы хабарға сүйінші бермеуге болмайды.

17 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Бесікке салу.

Халқымызда бесік – қасиетті, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

Бесікті отпен аластайды, содан кейін баланы бөлейді. Бұл – халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі. Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе елдің құрметті, сыйлы адамына жүктеледі. Мерекелік дастарқан жайылады, бесікке салған адамға кәде беріледі.

2. «Туыстық атаулары» тақырыбына диалог құрастырыңдар.