Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет 9кл 2011-2012ж.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
30.08.2019
Размер:
161.28 Кб
Скачать

Билет№19

  1. Абай Құнанбаев. (монолог). 1. Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысында туды. 2. Абайдың шың аты-Ибраһим. 3. Оның әкесі-Құнанбай, әжесі-Зере, анасы-Ұлжан-жақсы адамдар болды. 4. Абай ақын, аудармашы, жазба әдебиетінің негізін салушы. 5. Ол медреседе оқыған. 6. Абай-Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын аударды. 7. Абай Құнанбаев өлең, поэма, роман, қара сөздер жазған. 8. Оның 45 қара сөздері бар. 9. Қазақстанда Абай атында мектеп, көше, қала, аудан бар.

  1. Тұрлаусыз мүшелер- второстепенные члены предложения.Анықтауыш-определение. Сұрақтары:Қандай? Қай? Кімнің? Ненің? Неше? Нешінші? Анықтауыш құрамына қарай екіге бөлінеді:дара және күрделі анықтауыш. Мысалы:Сары жапырақтар жерге түсіп жатыр.Қолыңда сары-қызыл гүлдері бар. Сөйлемде затты,нәрсені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіктілік жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүше анықтауыш деп аталады.Жасалу жолдары:1.Сын есімнен:Сұлу қыз келді. 2.Сан есімнен:Мен тоғызыншы сыныпта оқимын.3.Есімдіктен:Бұл мектеп маған ұнайды.3. Есімшеден:Оқығанның беті жарық.Толықтауыш-дополнение. Сұрақтары:Атау мен Ілік септіктерден басқа. Толықтауыш құрамына қарай екіге бөлінеді:дара және күрделі. Мысалы..Әкені бәрі тыңдайды.Әр қазақ баласы жеті атасын біледі. Толықтауыш мағынасына қарай Тура-прямое(Табыс септіктегі сөз) және Жаңама(Б.Ж. Ш. К септікте тұрған сөз)-косвенное толықтауыш болып бөлінеді.Мысалы:Мен кітап(ты) (Тура) оқыдым. Екі кісімен (Жаңама )амандастым.Сөйлемде бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын мүше толықтауыш деп аталады.Пысықтауыш-обстоятельство. Сұрақтары:қайда? қайдан? Қалай? Қашан? Не үшін? Не мақсатпен? Пысықтауыш құрамына қарай екіге бөлінеді:дара және күрделі. Мысалы... Пысықтауыш мағынасына қарай 5 түрі бар. 1.Мекен пысықтауыш сұрақтары:қайда? қайдан? Мысалы:Олар жоғары көтерілді. 2. Мезгіл п. сұрақтары:қашан? Қыста қар жауады. 3. Себеп-салдар п. с-ры: неліктен? Не үшін? неге? М: Отаны үшін күресті. 4. Сын-қимыл п. с-ры:Калай?қалайша? М:Оны зорға далаға алып шықты. 5.Мақсат п. с-ры:неге? Не мақсатпен? М: Оқу үшін қалаға келді.

Билет№20

1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. ( диалог).

1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері көп пе? Иә, қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп.2. Олар қандай?Олар: шілдехана, тұсау кесу, балаға ат қою, қырқынан шығару, тілашар т.б.3. Шілдехана туралы не білесің? Шілдехана-бала туғанда жасалатын той.4. Қырқынан шығарғанда не істейді? Қырқынан шығарғанда баланың шашын, тырнағын алады. 5. Бесікке салу дәстүрінде кім сәбиді бесікке салады? Бұл дәстүрде бесікке сәбиді сыйлы әже салады.6. Тұсау кесуді қашан өткізеді? Тұсау кесуді бала жүре бастағанда өткізеді.7. Қандай жіп байлайды? Ала жіп байлайды.8. Тілашар тойын қашан жасайды? Тілашар тойын- бала мектепке барғанда жасалатын той.

9. Салт- дәстүрлерден кейін не айтылады? Салт- дәстүрлерден кейін бата айтылады.

2. Оқшау сөздер.( Қаратпа сөздер, қыстырма сөздер)

Оқшау сөздер- сөйлемнің құрамында тұрса да, басқа мүшелермен грамматтикалық байланысқа түспейтін мүше. Олар үтірмен белгіленеді. Олар 3 түрге бөлінеді: қаратпа сөздер- слова обращения, қыстырма сөздер- вводные слова, одағай сөздер- слова междометия.

Қаратпа сөздер- обращение-біреудің назарын өзіне аудару үшін. Мысалы: Саша, үйге бар.

Қыстырма сөздер- вводные слова- біріншіден- во-первых, екіншіден- во-вторых, меңінше-по-моему, әрине –конечно, сөз жоқ-слов нет, қысқасы-короче Мысалы: Қысқасы, мен сенімен бармаймын.