Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
желілер.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
23.08.2019
Размер:
308.22 Кб
Скачать

13.3. Желі түрлері

Компьютерлік желілер жергілікті, аймақтық және ауқымды болып түрлі түрге бөлінеді.

1. Жергілікті желі (LAN - Local Area Network) – бір бірімен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және біртұтас желіге біріктірілген абоненттік жүйелер. Олар мекеме ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы компьютерлерді бір-бірімен және сервермен (қуатты бас компьютер) байланыстырады. Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір компьютер желі түйіні немесе жұмыс станциясы деп аталады Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Біррангті желі - ерекшеленген сервері жоқ, барлық ЭЕМ-дердің қатынас құқықтары бірдей желілер.

2. Аймақтық таратылған желілер (АТЖ) – WAN (Wide Area Network – широкомасштабная сеть). АТЖ – жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқарыла алады. Ол үшін модем немесе жоғарғы жылдамдықты сандық желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады.

АТЖ-дің көмегімен электрондық пошта арқылы мәліметтер қабылдау-жөнелтуге, Интернетпен байланысуға болады.

3. Қалалық масштабтағы желі – man (Metropolitan Area Network);

4. Ауқымды (глобальдық) желі – GAN (Global Area Network) – бұған желілердің желісі болып келетін Интернет желісі жатады. Интернеттің артықшылығы – ол түрлі көлемде әр алуан тақырып бойынша өзінде сақтаулы мәліметтерді экран бетінде көрсетіп бере алады. Мысалы, берілетін мәліметтер: күнделікті саяси жаңалықтар, медициналық, комерциялық және банкілер саласында қызмет көрсету, қашықтан оқытуға арналған электрондық оқулықтар, ғылыми жұмыстар, рефераттар және т.б. күрделі мәліметтер студенттердің кредиттік технология бойынша өз бетімен білім алуына үлкен көмегін тигізері сөзсіз.

Кейбір компьютерлер Интернетке тұрақты қосылып, желіге келіп түскен мәліметтер қозғалысын басқарып тұрады. Оларды Интернет серверлері деп атайды. Сервер арқылы Интернетке жеке компьютерлердің қосылуы да мүмкін. Қазіргі кезде қосылуды ұйымдастыратын мекеме – Провайдер деп аталады. Интенетке қосылатын компьютер үшін парольді, желілік арнайы аты-жөніңізді, телефон нөмірін және Интернетпен жұмыс істеу тәсілдерін айқындап алуыңыз керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]