Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
желілер.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
23.08.2019
Размер:
308.22 Кб
Скачать

13. Компьютерлік желілер. Интернет желісі

13.1. Компьютерлік желілер. Бір – бірімен мәлімет алмаса алатын бірнеше компьютерлердің байланыс құралдары көмегімен қарым – қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.

Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама (протокол) интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.

Желі топологиясы оның негізгі функционалдық элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды.

Негізгі желілік топологиялар. Компьютерлерді біріктірудің геометриялық схемасыжелі топологиясы деп аталады. Желінің атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы мүмкін, олар:

1. Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.

2. Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін – желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады.Бұл топологияның артықшылығы – кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

3. Сақиналық топология. Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станциясын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады.Бұл топологияның кемшілігі – кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

13.2. Желілік техникалық құралдар

Желілік техникалық құралдар – компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны, 1-суретте желілер архитектурасы көрсетілген.

Желілер архитектурасы

Кабельдер

Серверлер

Коммутаторлар

Маршрутизатор

Желілік интерфейс тақшалары

Шлюз

Модемдер

Сурет 1. Желілер архитектурасы

Серверлер. Клиент/сервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желеге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғарғы көлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверде желілік операциялық жүйе (NOS, Networc Operating System) орнатылып, ол шеткері құрылғыларды (принтер) да басқара алады.

Коммутаторлар - телефон арқылы байланысу мүмкіндігін тудырады, мұнда компьютерлер бір-бірімен TCP/IP (Transfert Control Protocol/Internet Protocol) хаттамасы арқылы мәлімет алмаса алады, мұндағы TCP – транспорттық деңгейдегі хаттама, ал IP (Internet Protocol) – адрестік хаттама, бұл адрес төрт байт сандар арқылы өрнектеледі, мысалы: 156.47.77.11.

Маршрутизаторлар – объектілердегі бірдей деректерді алмастыру хаттамаларымен біріктіру қызметін атқарады. Жүйені басқару ісінің өте сенімді жұмыс істеуін жүзеге асыру мақсатында оларды бір орталықтан басқармай, барлық түйінді компьютерлер бірдей тең құқықты болып жасалады. Яғни әрбір желі торабындағы компьютер мәліметтерді қабылдау –жөнелту істерін атқарумен қатар басқа тораптардан келіп түскен хабарларды ары қарай жөнелту кезінде оларды басқаша адрестеу (маршруттау) ісін де жүргізе алады.

Желілік интерфейс тақшалары желінің функциональдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралдары. (NІС, Networc Operating System) столға қойылатын және протативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады.

Шлюздің атқаратын қызметі – объектілердегі әртүрлі деректерді алмастыру хаттамаларымен біріктіру .

Модем ((Modem) модулятор/демодулятор) - телефон желісі арқылы компьютердің мәліметтерді жөнелтуді және қабылдауды іске асыруына мүмкіндік беретін электрондық құрылғы.

Желілік программалық құралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамассыз етеді. Сондай-ақ желіні қадағалау, басқару және ондағы мәліметтерді сақтау істерінде маңызды рөл атқарады. Ол желіні тоқтатып қоюға мүмкіндік бермейді.

Программалық жабдықтары мен ақпараттық ресурстары Интернеттегі әр түрлі типтегі компьютерлер мен құрылғылардың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

А қпараттық ресурстар (мәліметтер жиыны). Мәліметтерді желіде орналастырудың бір ерекшелігі – олар таралған түрде сақталады, мысалы, мәтін бір компьютерде, дыбыс пен әуен екіншісінде, ал графика - басқа желідегі, үшінші компьютерден алына береді.

Деректерді өткізу моделі – OSI деп аталады, желі бойынша OSI моделін өткізудің 7 түрлі деңгейі бар. Транспорттық-желілік деңгейдің интерфейсі OSI деректерді өткізу моделі TCP/IP базалық протоколды суреттейді, арналық деңгейінде ақпарат кадр түрінде беріледі, қолданбалы деңгейде ақпарат хабарлама түрінде беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]