Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология лекция 5В071200 Microsoft Word (3).doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
183.3 Кб
Скачать

Срсп 5 – тақырып. Кәсіпорындарда ресурс құрылымының қамтамасыз етілуі

  1. Кәсіпорынның экономикалық ресурстары

  2. Ресурстардың шектелуі және бірін-бірі алмастырушылығы

  3. Ресурстарды сақтау саясаты

1. Кәсіпорынның экономикалық ресурстары

Кәсіпорын өзінің іс - әрекетін жүзеге асыру үшін нақты жинақталған экономикалық ресурстары немесе өндіріс факторлары болуы қажет. Экономикалық ресурстар дегеніміз – тауарларды өндіру және қызмет көрсету үшін пайдаланылатын барлық табиғи, адамдар және адамдардың өндіретін ресурстары. Түрліше барлық ресурстарды түрлі көзқарастарға сәйкес топтастыруға болады:

1. Материалдық ресурстар – жер немесе шикізат материалдары және капитал.

2. Адам ресурстары – еңбек және кәсіпкерлік қызмет.

3. «Жер» ұғымына – жататын барлық табиғи ресурстар, егістік жерлер, орман, пайдалы қазба, кен орындары, су ресурстары.

«Капитал» немесе инвестициялық ресурстар ұғымы – тауар өндіру және қызмет көрсету, оларды түпкілікті тұтынушыларға жеткізуге пайдалануға арналған барлық өндірістік өндіріс құралдары (ғимараттар, құрылыс, жабдықтар және т.б).

Өндіріс процесін және өндіріс құрал-жабдықтардың қорлануын инвестициялау, яғни қаражат жұмсау деп атайды. «Еңбек» ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл-ой қажеттілігін көрсетеді.

Барлық экономикалық ресурстар немесе өндіріс факторлары жалпы бір қасиетке ие: олар сирек немесе өлшеулі мөлшерде болады. Бұл қағида бойынша қазіргі деңгейдегі экономикалық дамуда барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етуде ресурстардың әлі де болса кен екендігін білдіреді, егістік жерлердің, пайдалы қазба байлықтардың, өндіріс құралдарының, жұмыс қолдарының (жұмыс уақыты) белгілі бір шегі болады. Ресурстардың ширек кездесетіні салдарынан өндірістің өнімі де мардымсыз болып, осыдан қоғам тауарлар мен қызмет көрсетудің межелеген барлық мөлшерін ала алмайды.

Кез келген кәсіпорынның өндірістік экономикалық іс -әркеті өндірістік ресурстарды заттай және ақшалай нысаны түрінде қалыптастырудан басталады. Көрсетілген ресурстар оларды пайдалануда қалай міндет жүктелсе солай уақытына қарай бір-бірімен айрықшаланады.

2. Ресурстардың шектеулі және бірін-бірі алмастырушылығы

Ресурстар сатылатын және сатып алынатын болғандықтан олардың бағалары да болады. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының болашақ нәтижесінде баға ресурстар нарығы ерекшеліктерінің жалпы барлық түрлері, олардың әрбір айрықшаларын қалай болса солай қамтиды.

Ресуртар нарқының ерекшеліктері – ең алдымен олардың шектелуіне қарай өндіріс көлемінің өзінің де және ресурстар ұсынысында да шектелуінің қорытындысы болып табылады. Қоғам өндіруде мүмкіндігі болмаған жағдайда, тауарлар мен қызмет көрсету мөлшері тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыра алмайды. Соған байланысты ресурстар нарығын шоғырландыру қажеттілігі туады.

Экономикалық ресурстардың бағасы әр түрлі басқа рыноктарда ұсыныс пен сұраныстың ықпалымен сәйкестендіріп үйлестіріледі. Ресурстар ұсынысы олардың тікелей баға арасындағы байланысы мен нақтылы бар мөлшерін, ресурстарды иеленушілердің мүдделеріне сәйкес олардың бағаларын жоғары қоюын көрсетеді. Ал рессурстар сұранысы баға мен ұсыныс көлемінің арасындағы қарама –қарсы байланысты көрсетеді: егер де баға көтерілсе, онда кәсіпорын ресурстарды аз сатып алады нмесе оларды арзандай басқалармен алмастырады.

Ресурстарға сұраныстың ерекшелігіне қысқаша тоқталайық:

1. Ол дайын өнімнің сұранысқа деген туындысы (тәуелділігі) болып табылады. Демек, біріншінің өзгеруі ең алдымен екіншісінің өзгеруіне байланысты болады;

2. Ресурстарға сұраныс еңбек өнімділігіне: оның дамуы экономикалық ресурстарға деген сұраныстың серпініне байланысты, яғни орнындағы ресурстар мен қосымша ресурстар бағаларының өзгеруі;

3. Ресурстардың туынды сұранысы көбейеді, егер де өнімге сұраныс көбейтсе, дайын өнімді шығаруда еңбек өнімділігі артса, арасындағы ресурстардың бағасы төмендесе немесе көтерілсе, қосымша ресурстардың бағасы төмендейді. Бұдан туындайтыны, сұраныстың икемділігі мына төмендегі нысандарға байланысты.

  • дайын өнімге сұраныстың икемділігі: ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ресурстардың икемділігі де жоғары болады;

  • ресурстардың алмастырылуы: оларға сұраныстың икемділігі жоғары болса, егер де баға өскен жағдайда оларды басқа ресурстармен алмастыруға артығырақ кәміл технологияны өндіріске енгізуге мүмкіндігі туады;

  • жалпы шығындарда ресурстардың үлесі: егер де жалпы шығында ресурстардың үлесі жоғары болса, ал ресурстарға баға өссе, онда бұл оларға деген сұраныстың төмендеуіне әке соғады. Демек, жалпы шығында ресурстардың үлесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сұраныс икемділігі де жоғары болады.

Ресурстардың шектелуіне қарамастан, олар адамдардың ықпал жасауының арқасында алмасып отырады. Мысалы, мелиорация жұмыстары жүргізілетін жерге ұсынысты арттыруға болады. Сонымен ресурстар ұсыныс заң сиректілігіне, ресурстардың шектелуіне байланысты.