Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология лекция 5В071200 Microsoft Word (3).doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
183.3 Кб
Скачать

24.09.2015 Ж дәріс сабағы «құрбан айт» демалысына сәйкес келіп тұр, сондықтан срсп 5 тақырыпты қосып жібердім срсп 1 - тақырып. «Кәсіпорын экономикасы» пәні және оның мазмұны

  1. Пәннің түсінігі.

  2. Кәсіпорын экономикасы және басқа да экономикалық ғылымдармен байланысы.

  3. Пәннің мазмұны.

1. Экономика – бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру, бөлу сату және пайдалану жөніндегі қоғамдық ғылым, яғни адам қызметінің саласы болып, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етеді және барлық экономикалық ғылымдардың жалпы объектісі болып табылады. Шаруашылық өміріндегі көкейтесті, ең маңызды процестерді танып білу және реттеу бағытында көптеген экономикалық ғылымдардың ішінде теориялық және қолданбалы экономиканы бөлуге болады. Олардың жиынтығы қысқаша «Қазақстандағы экономика», ал батыста «Экономика» деп аталады.

Теориялық және қолданбалы экономиканың негізі болып саналатындар:

  • экономикалық дамуды зерттеу;

  • жалпы халық шаруашылығы саласының жұмыс істеуін және жекелеген кәсіпорындарды (фирмаларды) зерттеу;

  • экономикалық саясаттың негізгі принциптерін алдын ала әзірлеу.

Кәсіпорын экономикасы пәнін түсіндіру үшін ең алдымен негізгі экономикалық проблемаларды шешуде кәсіпорындардың алатын орны мен рөліне сүйенуіміз қажет.

2. Кәсіпорын экономикасы және басқа да экономикалық ғылымдармен байланысы

Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен -өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан - өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.

Кәсіпорын экономикасы микро және макроэкономикамен тығыз байланысты. Микроэкономика – бұл сала, кәсіпорындар, отбасылар, яғни жекелеген экономикалық құбылыстарды қамтитын экономикалық ғылымның бір бөлігі. Осы салалардағы тауарлар және қаржы рыноктарын, банкілерді, түрлі фирмалар мен кәсіпорындарды, тағы басқаларды зерттейді. Микроэкономика сол сияқты жекелеген тауарларды өндірудің көлемін қалай тағайындайтынын және олардың бағаларын, халықтың жинақ ақшаларына салықтар қалай ықпал ететінін т.б. зерделейді. Ол кәсіпкерлік қызметінің экономикасы мен ұйымдастыру мәселелерін де зерттейді. Бұған жататындар: 1) бизнестің ұйымдық нысаны және құқықтық негізі, 2) фирмалардың қаржы және шаруашылық мәселелерін жоспарлау, 3) бизнестің дамуы үшін капиталды жұмылдыру тәсілі, 4) рынокты монополиялау деңгейін бағалау әдісі, 5) баға белгілеу мәселесі және өнімдерді сатудағы өндіріс шығындарын есептеу, т.б.

Микроэкономикалық талдау тек жеке кәсіпорынға ғана тиісті емес, сонымен бірге, жеке кәсіпорынның рыноктағы ықпалын және ақиқатында, кәсіпорын деңгейіндегі экономиканы және өндірісті ұйымдастыруды зерттеу болып табылады.

Макроэкономика – бұл экономиканы бірыңғай тұтас ретінде қарайды және сұраныс пен ұсыныстың жиынтық процестерін қалыптастыруды зерттейді. Мұнда сұраныс – белгілі баға бойынша тұтынушылар сатып алудағы дайын тауар саны, ал ұсыныс – бұл тауарды және қызмет көрсетуді жеткізу.

Макроэкономика, сол сияқты ұлттық табысты, жалпы өнімді зерттейді, үкіметтің бюджет саясатының, ұлттық банкінің ақша саясатының экономиканы дамытуға ықпалын, инфляцияны, жұмыссыздық деңгейін және т.б. талдайды.

Макроэкономикалық талдау деңгейі жалпы экономика бойынша немесе, олардың құрамдық бөліктері ұлттық экономиканың салаларына жатады. Бұл салаларды зерделей отырып, макроэкономика экономика құрылымының жалпы көрінісін және халық шаруашылығының салалар арасындағы өзара қатынастарын көрсетуге өзінің алдына мақсат етіп қояды.

Әр елдің ұлттық экономикасы макроэкономика деп аталады.

Қазақтың макроэкономикасы аралас экономика болып табылады. Аралас экономикада экономикалық механизмдер кеңінен пайдаланылады, себебі мемлекеттік емес кәсіпорындарды макро – дәрежеде басқару қажеттілігі және микродеңгейде ұйымдастыру және басқару рөлінің өзгеруі экономикалық механизмін кеңінен пайдалануды талап етеді. Өйткені, аралас экономикада өндірістің өнім көлемін жоспарлау арқылы мемлекет белгілей алмайды. Қанша, қандай және қайда қызмет көрсету қажеттілігін рынок анықтайды.

«Кәсіпорын экономикасы» пәні «Кәсіпкерлік экономикасы», «Менеджмент», «Маркетинг», «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау», «Қаржы», «Статистика» және т.б. пәндермен тығыз байланысты.

Кәсіпорын экономикасы үшін берілетін шама бар, ол әр уақытта есепке алынады. Халық шаруашылығындағы кез келген өзгерістер, мысалы қажеттілік құрылымының өзгеруі, демографиялық ілгерлеу, халық табысының өзгеруі, ғылыми –техникалық жетістіктер және т.б. кәсіпорынның жағдайын өзгертуге әкеліп соқтырады. Керісінше, кәсіпорын экономикасын зерделеу объектісі, мысалы, өндіріс шығындары, макроэкономиканың мәліметтері болады, сондықтан да зерттеулерде осыларды ескеру қажет.

Сонымен, кәсіпорын экономикасы дербес экономикалық пән болып табылады, пәннің мән – мағынасын зерделеу кәсіпорынның іс -әрекетін, әзірлеу процесін және шаруашылық шешімдерін қабылдау.

Кәсіпорын белгілі бір кәсіпкерлік ортада қызмет атқарып, оның барлық іс-әрекетіне ықпал көрсетеді. Кәсіпкерлік орта қалыптасқан экономикалық және саяси-ахуалды, құқықтық, әлеуметтік мәдени, технологиялық, географиялық ортамен, экологиялық жағдаймен, сонымен бірге инистуционалдық және ақпарат жүйелерін сипаттайды.

Қайталау сұрақтары:

  1. Кәсіпорын экономикасын қалай түсінеміз?

  2. Кәсіпорын экономикасының басқа экономикалық және әлеуметтік ғылымдармен байланысы.

  3. Экономикалық проблемаларды шешуде кәсіпорынның алатын орны.

  4. Пәннің басты міндеттері мен бағыттары.

  5. Зерттеудің қандай әдістері кәсіпорын экономикасы үшін маңызды болып саналады?

  6. Кәсіпорын экономикасын зерделеудің негізгі объектілеріне жататындар.

  7. Кәсіпорын үшін қандай маңызды экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар жасалады?