Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология лекция 5В071200 Microsoft Word (3).doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
183.3 Кб
Скачать

2. Өндірісті ұйымдастыру түрі

Өндірісті ұйымдастырудың түрі – дегеніміз -өнеркәсіптік кәсіпорынды ұйымдастыру ерекшеліктері мен техникалық жағдайының жалпы сипаттамасын беру.

Өндірісті ұйымдастырудың түрін көптеген факторлар әсер етеді:

    1. – мамандандыру деңгейі;

    2. - өндіріс көлемі;

    3. - шығарылатын өнім номенклатурасының күрделілігі және төзімділігі;

Өндірістің негізгі үш түрі болады:

  1. – жеке –дара өндіріс;

  2. – сериялық өндіріс;

  3. – жаппай өндіріс.

Жеке – дара өндіріс – алуан түрлі және тұрақты емес, номенклатуралы өнімдерді жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі. Мысалы: ірі трубиналар, кемелер, металургиялық, кен жабдығы және т.б. Сондай – ақ, жеке тапсырыстар бойынша жеке тұтыну заттарын шығаратын тәжірибелік заводтар, кәсіпорындар жеке дара өндіріске жатады.

Ерекшеліктері:

  1. - әр-түрлі номенклатуралы өнімдердің шығарылуы;

  2. - жұмыс орындарын технологиялық мамандандыру бойынша ұйымдастыру;

  3. - әмбебап құрал – жабдықтар мен технологияларды қолдану;

  4. - қолмен жинау жұмыстарының үлкен көлемі;

  5. - жоғарғы білікті әмбебап жұмысшылардың санының көп болуы;

  6. - өндіріс циклының ұзақтығы;

  7. - аяқталмаған өндіріс көлемінің көп болуы.

Сериялық өндіріс түрі кең номенклатуралы, біртектес өнімдерді бір уақытта сериялармен шығаруды көздейді. Сериялы өндіріске партиялармен енгізілген, конструкциялары бірдей өнімдерді бір уақытта шығару жатады.

Негізгі ерекшеліктері:

  1. - біртектес өнімдердің үлкен номенклатурасының тұрақты шығарылып тұруы;

  2. - жұмыс орнының бірнеше операцияларды орындауға мамандануы;

  3. - бөлшектер мен өнімдерді партиямен шығару;

  4. – мамандандырылған құралдар мен технологиялық жабдықтардың көп болуы;

  5. – қолмен жинау еңбегінің аз мөлшері;

  6. – орташа білікті жұмысшылар санының көп болуы;

  7. - өндіріс циклының ұзақ еместігі;

  8. - өнім сапасын бақылау процесінің автоматтандырылуы.

Түрлері – ұсақ сериясы, орташа сериялы, жаппай сериялы өндірістер, мысалы: самолет шығаратын, мотор шығаратын заводтар.

Жаппай өндіріс - өндірісті мамандандырудың ең жоғары сатысы. Мысалы: автомобиль, трактор заводы. Бұл түрі бойынша әртүрлі өнімдер бір уақытта үзіліссіз шығарылып отырады.

Ерекшеліктері:

  • тек қана аз номенклатуралы өнімдерді үлкен көлемде шығару;

  • жұмыс орнының тек қана бір операцияны орындауға мамандандырылуы;

  • жұмыс орындарының операциялардың ретіне қарай орналасуы;

  • арнайы және мамандандырылған технологиялық құрал –жабдықтардың үлкен көлемі;

  • механикаландырылған, автоматтандырылған технологиялық процестердің көп қолданылуы;

  • операцияларды дайындау және аяқтау уақытының аздығы;

  • қолмен жинау жұмыстары көлемінің азаюы;

  • ең төменгі білікті жұмысшылардың еңбегін қолдану.

  • өндіріс циклының қысқаруы;

  • өндірісті басқаруды және жоспарлауды шоғырландыру;

  • кәсіпорындарды басқаруда автоматтандыруды енгізу.

3. Өндірістік құрылымның даму жолдары

Өндіріс құрылымына мынадай факторлар әсер етеді:

  • кәсіпорынның халық шаруашылығының қай саласына жататындығы;

  • шығарылған өнімнің номенклатурасы;

  • оның конструкциялық ерекшеліктері;

  • қолданылған материалдар;

  • шикізаттар және оларды өңдеу түрлері;

  • өнімнің конструкциялық қарапайымдылығы және технологиялық төзімділігі;

  • өнім сапасына қойылатын талаптар;

  • өндіріс тұрпаты, оның мамандандырылуы және кооперацияландыруы;

  • технологиялық құралдар мен жабдықтардың құрамы;

  • өндірістің өзгертілген номенклатуралы жаңа өнім шығаруға қалыптаса алуы;

  • өндіріс процесінің негізгі, көмекші және қосалқы цехтардың ерекшеліктері.

Әрбір сала кәсіпорындарының өндірістік құрылымдар негізгі өндірістің жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктері оқшауланады. Тек, көмекші және қызмет етуші шаруашылықтар ғана барлық кәсіпорындарда бірдей болып келеді.

Өндіріс құрылымын әрі қарай дамытудың жолдары:

  • кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру;

  • негізгі, көмекші және қосалқы цехтардың арасындағы тиімді байланысты сақтау;

  • кәсіпорынды жоспарлаудың тиімділігін арттыру жолында тұрақты жұмыс жүргізу;

  • өндірісті ірілендіру арқылы (тұрақты) қуатты, ғылыми өндірістік ұйымдар ұйымдастыру;

  • техника ен жоғары сапалы технологияны тұрақты түрде дамыту, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру;

  • өндірістің тиімділігін арттыру.

Кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру арқылы жаңа жоғарғы өнімді техниканы кең көлемде енгізуге жағдай туады, технологияны дамыту, өндірісті ұйымдастыру жақсарады.

Қайталау сұрақтары:

  1. Өндірістік құрылымның мәні мен атқаратын қызметі.

  2. Өндірістік құрылымның түрлері.

  3. Өндірістік құрылымның басты көрсеткіштері.

  4. Өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары.

  5. Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері.

  6. Жеке –дара, сериялы және жаппай өндіру дегенге қалай түсінесіз?

  7. Өндірістік қуатты пайдаланатын факторлар.

  8. Өндірістік қуаттың экономикалық тиімділігі.