Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология лекция 5В071200 Microsoft Word (3).doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
183.3 Кб
Скачать

3. Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты

Кәсіпкерлік жоғарыда айтылғандай, кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді. Соңғысын мына жағдаймен түсіндіруге болады: кәсіпкерлік өзінің мәнін жете түсіну негізінде (әрбір азаматтың өзінің материалдық жағдайын одан әрі жақсартуға талаптануы) шағын және орта бизнесті дамыту формасы арқылы жалпы жағдайды тудырады.

Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы рөлі аса үлкен. Біздің республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90-ға жетеді.

2000 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша республикадағы 372 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, олардың ішіндегі жұмыс істейтіндері -329,1 мың болды. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 2,4 млн адамды құрады.

Шағын бизнес өкілдері 2000 жыл ішінде 532,6 млрд теңгенің өнімін өндірді және қызмет көрсетті. 1999 жылы олар бюджетке төленетін 33,7 млрд теңге құраса, 2000 жылы – 45,9 млрд теңгеге жетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Оның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айқындалған және олар мыналар:

  • халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

  • қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселелеріндегі рөлін күшейту;

  • шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;

  • шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.

Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы – бұл әлеуметтік аспектілігінде. Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасайды, сөйтіп, жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа халықтық жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі. Ең алдымен бұған қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтары және бұған бейімділіктерінің сай болуына қарай өзлерінің жеке «ісін» ашу, өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай –ақ шағын кәсіпорындардың дамуына қажеттілігін тудырады.

Сонымен, тағы да баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа өтуінде шағын кәсіпорындар «жанама» өнім ретінде болмайды.

Олар еліміздің ажырамайтын саяси – экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады. Біріншіден, нарықтық қатынастардың тұрақтылығы, солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден, рыноктық жағдайда олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең мамандандыруды іске асыруды және өндірісті тармақтанған кооперацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді; үшіншіден, шағын кәсіпорындар рөлінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың қызмет етуіне жиек болады.

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті реттейтін негізгі заңдық актілер тізбесі:

  1. ҚР Азаматтық кодексі. 27.12.94 жыл. (Жалпы бөлім), 16.12.98 ж. өзгерістер енгізген.

  2. «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы» ҚР заңы. 190.97 ж.и №131-1 (26№07№99 жылы өзгерістер енгізілген).

  3. «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР заңы. 19.06.97 №135-1 (29.11.99 ж. өзгерістер енгізілген).

  4. «Жұмыстардың жеке түрлері және қызмет рыногын дамыту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы. 31.03.99 ж. №343 (14.02.2000 ж. енгізілген).

  5. «Шағын кәсіпкерлікті қорғау мәселелері бойынша заңдық актілерге бірсыпыра қосымша өзгерістер енгізу туралы» ҚР заңы. 29.11. 99ж. №489-1.

  6. «Адамдар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметіндегі бостандық құқығын қорғау туралы» ҚР Президентінің жарлығы. 27.04.98ж. №3928.

  7. «Қазақстан Республикасы Агенттігінің шағын бизнесті қолдау мәселелері жөніндегі» ҚР –сы Үкіметінің қаулысы. 26.04.99 ж. №475.

  8. «Шағын кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» ҚР Үкіметінің қаулысы 08.04.97 ж. №499.

  9. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». ҚР –сы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығы.

Қортынды.

  • Кәсіпкерлік – кәсіпорынның басшылары мен мамандарының шаруашылық қызметінің бір тұтас бөлігі. Ол экономиканың қызметінде ең белсенді нысанының бірі болып табылады.

  • Кәсіпкерлік қызметінің көптеген түрлерінің ішінен негізінен төртке топтастыруға болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, консультативтік.

  • Өндірісті кәсіпкерлік өнімді өндіруге, жұмыс істеуге және қызмет көрсетуге, жинауға, өңдеуге және ақпарат беруге, рухани байлықты жасауға бағытталған қызмет.

  • Қызметтің коммерциялық түрінің мазмұны тауар –ақша қатынасы, сауда-айырбас операциясынан тұрады. Оны өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы сол, мұнда өнімді шығаруға байланысты едәуір өндірістік ресурстарды қажет етпейді.

  • Қаржы кәсіпкерлігі коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады. Солай болғандықтан оның объектісі сатып алу, сату айрықшылығы тауарға шығады: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акция, облигация, вексель, ваучер), яғни тікелей және жанама нысаны түрінде бір ақшаны басқа ақшаларға сату шығады.

  • Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдайлар жасалу қажет.

Қайталау сұрақтары

    1. Кәсіпкерліктің мәні неден тұрады?

    2. Кәсіпкерлік қызметтің нысаны мен ұйымдастырушылық әдісін айтыңыз.

    3. Кәсіпкерліктің қандай түрлерін білесіз?

    4. Өндірістік кәсіпкерліктің негізгі мазмұны және қызметтің өрісін не атқарады?

    5. Коммерциялық кәсіпкерліктің атқаратын негізгі қызметі.

    6. Қаржылық кәсіпкерліктің қызмет саласы және оның басқа кәсіпкерліктен айырмашылығы.

    7. Кіші кәсіпкерліктің алатын орны қандай?

    8. Қазақстанда кәсіпкерліктің даму барысы.

    9. Кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдауы қалай?

    10. Жеке кәсіпкерліктің басты ерекшелігі неде?

СРСП 4 - тақырып. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы

  1. Өндіріс және өндірістік құрылым жайлы түсінік. Өндіріс құрылымының түрлері

  2. Өндірісті ұйымдастыру түрі

  3. Өндірістік құрылымның даму жолдары

Өнеркәсіптік кәсіпорындағы өндірістік құрылымның 3 түрі (типі) бар:

Заттай құрылымды қолданған кезде кәсіпорынның негізгі цехтары мен учаскелерінің әрқайсысы белгілі бір өнімді, не болмаса белгілі бір бөлшектерді өндіруге маманданады. Заттай құрылымның көптеген пайдалы көрсеткіштері болады. Өйткені ол цехтардың арасындағы байланысты дамытады, өндіріс циклын азайтады, жұмысшылардың өнім сапасын көтеруге деген көзқарасын жақсартады. Соның арқасында өнім өндіру ұлғаяды, өндіріс шығындары азаяды.

Технологиялық құрылым қолданылғанда технологиялық процестің ретіне байланысты жұмыс орындалады.

Өндірістік құрылымның бұл типі цехты не болмаса учаскені басқаруды оңайлатады және өндірістің бір номенклатуралы өнім шығарудан келесі номенклатуралы өнім шығаруына ықпал жасайды. Кемшіліктері: цехтардың арасындағы өндірістік қарым-қатынастардың күрделенуі, жоғарғы өнімді құрал–жабдықтар мен құралдар қолданудың мүмкіншілігінің жоқтығы жатады. Бұлардың бәрі еңбек өнімділігінің төмендеуіне, шығындар көлемінің өсуіне әсерін тигізеді.

Ал өндірістік құрылымның аралас түрі, заттар құрылымның да элементтерінен тұрады және бұл тип цехаралық тасымалдардың көлемінің азаюына, өнім өндірудің өндірістік циклының қысқаруына, еңбек жағдайын жақсартуға еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын азайтуға әсерін тигізеді.