Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология лекция 5В071200 Microsoft Word (3).doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
183.3 Кб
Скачать

2. Нарықтық жағдайда кәсіпорындар шаруашылық қызметінің ерекшеліктері

Жоғарыда айтылғандай, кез келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ең маңызды мақсаты - өз жұмысындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетудің күрделі жолы, бұған қосылатын, тек пайда тауып қана қоймай, сонымен қатар, пайда табуды тұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселел емес.

Кәсіпорын, егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе және қажетті бернесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негізгі міндеттеріне жататындар:

  • жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұрыныстарына сай қызмет көрсету;

  • өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты пайдалану;

  • кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;

  • ғылыми–техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені еңбекті ұйымдастыру және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу;

  • өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, оларды сыныптамаларының өсуін және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін арттыру, еңбек ұжымдарына қолайлы саяси – психологиялық ахуалды жақсарту;

  • кәсіпорынның шығарған өнімінің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;

  • баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру.

Қорыта айтқанда, ең маңыздысы, кәсіпорындардың барлық функциялары межелеген стратегияны іске асыруға және және алдарына қойған мақсаттарына жетуге бағытталғаны жөн.

Қазіргі заман жағдайында көптеген отандық кәсіпорындардың алдына кәмілдік басқа мақсаттар мен міндеттер тұр, ал пайда табу бірінші орында болмай отыр.

Көптеген кәсіпорындардың басшылары бұл кезеңдегі негізгі мақсаттары олар үшін - өнімді өткізу, кәсіпорындардың қызметкерлеріне жалақыларын уақтылы төлеу деп есептейді.

Ол кезеңдегі қиындық жағдай Қазақстан экономикасы үшін жақын арада бастан өтеді, кәсіпорындар бірте-бірте қалыпты жұмыс істейді, нарықтық экономикаға тән алға қойылған міндеттер шешіліп, мақсаттарға жетеді, үдемелі қоғамдық өндірісті ұйымдастыру формаларын, атап айтқанда, кәсіпорындарынды шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау және құрамдастыру жұмыстары іске асады деп үміттенуге болады.

3. Кәсіпорынның ұйымдастыру нысандарының түрлері

Қазақстанда «Меншік туралы» заңға сәйкес кәсіпорындар мемлекеттік, жеке меншіктік, сол сияқты меншіктің аралас нысанасы түрінде құралады және іс істей алады.

Мемлекеттік кәсіпорындар – мұнда негізгі құралдар мемлекеттің меншігінде болады. Мемлекеттік органдардың қарамағында болатын кәсіпорындарды қазыналық деп атайды.

Мемлекеттік холдинг –компаниясы – Холдинг деп үлкен корпорациялардың ортақ мүдделерінің сақталуына акциялардың бақылау пакеті арқылы бірыңғай бақылау жасасуды айтады. Алғашқы кезеңде Қазақстанда мемлекеттік акционерлік кәсіпорындарды құрылғанда халық шаруашылығы салаларында көптеген холдингтер көріне бастады.

Біздің республикада жеке меншік секторы мына төмендегі бөлімшелерден тұрады:

  • жеке кәсіпкерлік;

  • толық серіктестік;

  • командиттік (сенімгерлік) серіктестік;

  • жауапкершілігі шектеулі қоғам;

  • қосымша жауапкершілік жүктелген қоғам;

  • ашық акционерлік қоғам;

  • жабық акционерлік қоғам;

  • өндірістік кооперативтер

Жеке кәсіпкерлік – бұл жеке кәсіпкерліктің ең жай нысаны, мұнымен айналысуға әрекетті әрбір азаматтың құқығы бар.

Толық серіктестік – екі немесе одан көп тең құқықты адамдардың ұйымдасқан шаруашылық қоғамының бірлестігінің түрі. Олар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін бірігіп, жасасқан шарт негізінде өз мүліктерімен қоғам алдында жауапты болады. Толық серіктестіктің мүлкі оның қатысушылардың үлес (пай) жарнасы негізіндегі (ақшалай және басқа түрде) қалыптасады.

Командиттік (сенімгерлік) серіктестік – шаруашылық қоғамдарының бір түрі. Оған шарт жасасу негізінде екі, одан да көп кісі біріге алады. Алайда олар мүлікке деген жауапкершілігіне қарай екіге бөлінеді. Бірінші топқа жататындар толық үлесшілер (пайшылар) немесе коммандиттік серіктестіктің толық мүшелері деп аталады. Олар қоғамның борышы үшін өз мүліктерімен толық жауап береді. Ал командиттер, сенім бірлестігіндегілер деп аталатын екінші топтағылар қоғамға қосқан жарнасы көлемінде жауапты.

Жауапкершілігі шектеулі қоғам – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін екі, одан да көп адамды біріктіретін қоғамның түрі.

Жауапкершілігі шектеулі қоғамның оның мүшелері есебінен жиналған жарғы қоры бар. Жауапкершілігі шектеулі қоғам жабық қоғам, яғни қоғам мүшесі өз үлесін қоғамның басқа мүшелерінің келісімімен басқа адамға немесе үшінші кісіге бере алады. Қоғам акциялар шығармайды. Мұның өзі қоғам мүшелеріне сырт жақтан қаржы тарту мүмкіндігін шектейді.

Қосымша жауапкершілік жүктелген қоғам – қатысушылардың жарғылық қорға өздерінің міндетті салымдарымен жауап беретін қоғам, ал бұл қаражаттардың жетіспейтін кезінде – қосымша өздерінің мүліктерімен салған салымдарының үйлесімді мөлшері.

Ашық акционерлік қоғам бұл заңдық құны, жарғысы бар қоғам. Ол рұқсат ету жолымен құрылады, акциядан бірден үлесі бар, белгілі мөлшерде бір бөлшектенген негізгі капиталы болады.

Олардың негізгі капиталы акцияларға бөлінеді. Акцияның ақшалай сомасы негізгі капитал көлеміне сай келуі керек.

Жабық акционерлік қоғам – ашық акционерлік қоғамнан акцияларды таратудың ерекше әдісімен өзгеше. Оның мәні акционерлік қоғамның акциясын сатып алуды акционер басқаларымен салыстырғанда артық құқыққа ие болады. Міне, осыдан барып, акционерлік қоғамның өнеркәсіпте, саудада, банк және сақтандыру жүйесінде, экономиканың басқа да салаларында кеңінен дамуына әсер етеді.

Өндірістік кооператив – бұл қоғамның қызметі принципінде табыс табу емес, қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау. Кооператив кәсіпкерлік нысанына тән жағдай, оның мүшелерінің сол кооперативпен тығыз байланыс орнатуында. Кооператив –ол заңды иегер.