Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 тема Вода каз.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
154.11 Кб
Скачать

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы.

Мамандығы: «Емдеу ісі»

№ 1 гигиена кафедрасы (жалпы гигиена)

Студенттер үшін

Әдістемелік нұсқау.

Тақырыбы: Сумен қамтамасыз ету және су гигиенасы. Судың сапасын нормалау. Судың санитарлық-химиялық зерртеу схемасы. Судың органолептикалық физикалық, химиялық, бактериологиялық көрсектіштерінің гигиеналық маңызы және зерттеу әдістері.

Курс: 3

1.Тақырыбы: Сумен қамтамасыз ету және су гигиенасы. Судың сапасын нормалау. Судың санитарлық-химиялық зерртеу схемасы. Судың органолептикалық физикалық, химиялық, бактериологиялық көрсектіштерінің гигиеналық маңызы және зерттеу әдістері.

2.Оқу сағатының саны: 2 сағ. (90 минут).

3.Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі): Су – сыртқы ортаның негізгі факторы болып табылады. Судың адам үшін физиологиялық, гигиеналық, тұрмыстық және эпидемиологиялық маңызы өте зор.

Судың организмде өтетін барлық тіршілік ету процесіне әсер етеді организм 75 – 78 % судан тұрады деуге болады (қан, лимфа, тін аралық сұйықтық, ликвор т.б.). Ал гигиеналық маңызы бойынша адамның жеке бас гигиенасын сақтау, сауықтандыру шаралары, денсаулықты нығайту мақсатында үлкен орын алады.

Су арқылы берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын ұйымдастыру үшін судың сапасына, оның физикалық және химиялық қасиеттеріне көп көңіл бөлінеді. Егер ауыз су үшін пайдаланылатын су арқылы іш сүзегі, холера, жұқпалы гепатит, лептоспироз және т.б. аурулардың эпидемиясы туындайтын болса, ол тұрғындардың денсаулығына орасан зор зиян тигізеді.

Осы талаптарды ескере отырып, дәріханада дәрілерді дайындау үшін қолданылатын суларға ерекше талап қойылады. Себебі, бұл судың көмегімен стерильді инъекциялық және көзге тамызатын дәрі – дәрмектер жасалынады.

Су фекальды – шаруашылық ағындарымен ластануы, инфекциялық аурулардың пайда болуына себеп болуы мүмкін. Су көздерінің патогенді микроорганизмдермен ластануының алдын алу мақсатында қатаң санитарлық қорғау қойылған.

Ашық су қойнауларынан шаруашылық – ауыз су мақсатында қолданатын болсақ су құбырының станцияларында суды тазалау және залалсыздандыру қолданылады.

Суды тазалау және залалсыздандыру жұмысының тиімділігі халықтың денсаулығын қорғау және сақтауға негізделген.

Судың сапасын жақсарту әдістеріне тазалау және залалсыздандыру кіреді, олар тазалау принциптеріне қарай физикалық және химиялық болып бөлінеді.

4.Сабақтың мақсаты: Студенттерді санитарлық ережелер мен нормаларға сай ауыз су сапасына қойылатын талаптарды, судан микробиологиялық зерттеуге сынама алу әдістемесіне, судың физикалық және химиялық қасиеттерін бағалау, судың сапасын жақсарту әдістеріне үйрету.

Суды тазалау және залалсыздандыру әдістерін, ауыз суды залалсыздандыруды гигиеналық бағалау әдістерін меңгеру маңыздылығын түсіндіру.

Студент білуге тиіс:

    • ауыз су сапасына қойылатын гигиеналық талаптарды;

    • судың гигиеналық және эпидемиологиялық маңызын;

    • судың органолептикалық, физико – химиялық қасиеттерін;

    • судың сапасын бағалау және зерттеу әдістемелерін;

  • су құбырында суды тазалау схемасын

  • тұндыру, коагуляция, сүзу туралы түсініктерді

  • суды залалсыздандыру және оны бағалау әдістерін

  • хлорлау тиімділігін бағалау әдістерін

Студент істей білуі керек:

    • судан сынама алып, оны лабораторияға жөнелтуді;

    • су арқылы берілетін жұқпалы және жұқпалы емес ауруларға гигиеналық баға беруді;

    • судың органолептикалық, физико – химиялық қасиеттерін анықтау әдістерін;

  • коагулянттың оптималды дозасын есептеуді

  • судың хлорқажеттілігін анықтауды

    • залалсыздандырылған судағы бос қалдық хлор мөлшерін бағалауды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]