Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 тема почва.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
153.6 Кб
Скачать

2. Топырақтың физикалық қасиеттері.

Топырақ механикалық құрамы бойынша төмендегідей бөлінеді:

    1. құмды (80 % құм – 10 % саздан)

    2. құмайт (30 % құм – 50 % саздан)

    3. ұсақ балшықты (80 % саздан)

    4. сазды (80 % жоғары саздан)

    5. ізбесті (20 % ізбестен)

    6. қара топырақ (30 % гумустан)

Санитарлық тәжірибеде топырақтың қасиетін бағалау елді мекендерді салуда, ашық спорт кешендерін, құдықтарды орналастыру, қатты залалсыздандыру әдісін таңдауда өте қажет.

Топырақтың түріне байланысты оның физикалық қасиеттерінің өзгеруі гигиенистер үшін өте маңызды.

Топырақтың қуыстылығы: топырақ әр түрлі бөлшектерден, яғни түйіршіктерден және олардың арасындағы қуыстардан тұрады. Топырақ қуысының мөлшері оның түйіршіктерінің орналасуы мен мөлшеріне байланысты болады. Біркелкі топырақта түйіршік көп, сондықтан қуыстары да көп болады. Топырақтың қуыстылығы процентпен бағаланады және қуыстылығы 60 – 65 % топырақ биологиялық және химиялық ластардан тазалануы тиімді өтеді.

Топырақтың тығыздығы: құрғақ топырақтың бірлік көлемінде көрсетілген абсолютті массасы.

Топырақтың ауалық қасиеті. Бұл қасиет оның ауа өткізгіштігімен сипатталады. Өзінің бойынан ауа өткізе алу қасиеті топырақтың ауа өткізгіштік қасиеті деп аталады. Ауа өткізгіштігі жоғары болса, топырақтың өзіндік тазалану процесі де жақсы өтеді, яғни органикалық заттар тез тотығады.

Топырақтың сулық қасиеті:

а) ылғалдылық – зерттеген кезде топырақтың құрамында анықталған судың көлемі.

б) ылғалсыйымдылығы – топырақ өзінің қуысында суды ұстап қалу қабілеті. Ол топырақ түйіршіктерінің беті мен оларды шайып өтетін сүзілгіш су арасында пайда болатын беткі су (адсорбция) күшінен туындайды. Ылғалсыйымдылық (топырақтың сіңіру қасиеті) топырақ қуысының мөлшері азайған сайын жоғарылайды. Сондықтан топырақ ұсақ түйіршікті болған сайын, оның ылғалсыйымдылығы жоғары болады, яғни топырақтың бойынан су мен ауа өтуі төмендейді.

Мұндай топырақтар елді мекендерді салуда немесе қоқыстарды тазалау үшін пайдалануға жарамсыз. Ылғалсыйымдылығы жоғары топырақ сау емес және суық топыраққа жатады. Гигиеналық жағынан қарастырғанда мұндай топыраққа салынған үйдің дымқылдануы жоғары болып, фундаменттері жылдам бұзыла бастайды, грунт суларының тұру биіктігі өте жоғары болады.

в) Сүзгіштігі – топырақтың қуыстары арқылы суды өткізу қасиеті. Қиыршықты топырақтың сүзілу қасиеті өте жоғары. Гигиеналық жағынан мұндай топырақтарды елді мекендерді салуға пайдалану ұтымды.

г) капиллярлығы – төменгі горизонттардан суды өзінің қуыстары арқылы жер бетіне көтеру қасиеті. Ұсақ қуысты топырақтың капиллярлығы өте жоғары. Елді мекендерді салуда мұндай топырақ қолайсыз.

д) гигроскопиялығы – ауадағы су буларын өзінің қуысында қоюландыру қасиеті.

е) булану - өзінің бойындағы суды буландыру. Ол күн сәулесінің көмегімен, жер рельефіне, өсімдіктер, құрғақ ауаға байланысты жүреді.

3. Топырақтың бактериалды ластануымен байланысты жұқпалы аурулар мен инвазиялардың таралу жолы ретінде.

Топырақтың тірі организмі микробтармен беріледі; 1 грамм топырақта 2 млрд – қа дейін микробтар өмір сүреді. Олардың түрлері әртүрлі: саңырауқұлақтар, бактериялар, қарапайымдылар (насекомдар, шыбындар олардың қуыршақтары мен личинкалары арқылы беріледі), вирустар және т.б.

Топырақтағы микроорганизмдердің жағдайы күн сәулесімен, аэрация топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеруіне, температурамен тығыз байланысты.

Бұл микроорганизмдер топырақтың өзіндік тазалану процесінде алатын орны ерекше. Топырақтың өзіндік тазалану процесі эпидемиологиялық жағынанөте қауіпті органикалық заттардың топырақты микроорганизмдермен қатынасқа түсіп органикалық емес заттарға айналуы. Бұл процесс екі кезеңде өтеді: I кезең – минерализациялануы, бұл процесс анаэробты (оттексіз) және аэробты (оттекті) ортада өтеді, соңғы өнімдері су, аминқышқылдары мен аммиак болып табылады. Одан кейін бұл өнімдердің ыдырауының II кезеңі – нейрофикациялануы басталады. Бұл кезеңнің соңғы өнімі азот қышқылы мен нитраттар, гумус болып табылады.

Топырақтың өзіндік тазалану процесінің аэробты өтуі, гигиеналық жағынан ұтымды, себебі қатты сасық иіс және зиянды заттар пайда болмайды.

Топырақ арқылы әртүрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштары, гельминтердің личинкасы мен құрттары адамға беріледі. Топырақ құрамындағы микроорганизмдердің өмір сүру ұзақтығына байланысты шартты түрде II топ құруға болады.

I топ – топырақта тұрақты ұзақ өмір сүретін микроорганизмдер:

  1. Зоонозды жұқпалы аурулар қоздырғыштары: сібір түйнемесі, сап, бруцеллез.

  2. Вирустар: полеомиелит, вирусты гепатит.

  3. Спора құрушы микроорганизмдер: ботулизм, гангрена, сіреспе

  4. Шаң арқылы берілетін қоздырушылар: туберкулез.

  5. Кеміргіштер арқылы берілетін қоздырушылар: оба, туляремия, жұқпалы гепатит.

  6. Гельминтоздар: власоглов, аскарида, астрица, анкилостомы.

  7. Актиномикоздар.

II топ – топырақта уақытша өмір сүретін жұқпалы аурулар қоздырғыштары. Бұл топқа ішек таяқшалары жатады. Ішек таяқшаларының топырақтан суға түсіп, су арқылы таралу жолы да қарастырылады. Бұл топқа тән қасиет тұрғындардың арасында эпидемиялық өршу тудыруы. Мысалы іш сүзегінің қоздырушысының организге түсу жолы схема түрінде былай өтеді: тасымалдаушы немесе ауру организм -> топырақ -> өсімдіктектес азық түліктер -> қабылдағыш организм.

Іш сүзегінің қоздырушысы 100 күнге дейін ғана өмір сүре алады. Топырақ арқылы гельминттердің таралу жолының ерекшелігі өте зор.

Аскаридалар Биогельминттер (шошқа және өгіз цепені)

Науқас адам Науқас адам

Топырақ Топырақ

Көкөніс, су, шаң Өсімдіктер (ірі қара мал азығы)

Адам организмі Адам организмі

Тұрғындар арасында топырақ арқылы әр түрлі ауру қоздырғыштарының таралуын төмендету мақсатында гигиенистер елді мекендерді санитарлық тазалау бөліміне көп көңіл бөледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]