Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 тема почва.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
153.6 Кб
Скачать

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы.

№ 1 гигиена (жалпы гигиена) кафедрасы.

Студенттер үшін

Әдістемелік нұсқау.

Тақырыбы: «Топырақты санитарлық – гигиеналық бағалау. Елді мекендерді тазарту жөніндегі шаралар».

Курс: 3

1.Тақырыбы: Топырақты санитарлық – гигиеналық бағалау. Елді мекендерді тазарту жөніндегі шаралар.

2.Оқу сағатының саны: 2 сағ. (90 минут).

3.Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі): Топырақ органикалық заттармен әрқашан ластанады, ол өсімдік және жануарлар организмінің қалдығын және бөлінуін көрсетеді. Ең үлкен гигиеналық көзқарас топыраққа енген жануарлар тектес органикалық заттардың кіруіне байланысты, онда патогенді микробтар болуы мүмкін. Топырақ органикалық заттарды эпидемиялық тұрғыдан қауіпті, органикалық емес заттарға ауысуы бізге күрделі процесс өзін - өзі тазарту деп аталады. Азотты және азотсыз,,,,,,,, органикалық заттардың бөлінуі, топырақты минерализация процесін көрсетеді. Белоктық амин қышқылдарға ыдырау процесі, одан азот пен аммиак түрінде бөлінеді. Топырақтың қышқылдығымен бірге азотты және азотты қышқылға тотықтанады. Бұл жерде нитрификация процессі немесе селитраның пайда болуы мүмкін.

Жануарлар тектес ағзалардың органикалық ластануының көрсеткіштерінің дәрежесі жеке топырақтың өзін - өзі тазалау процесінің интенсивтілігіне жатады. Органикалық азоттың саны және оның бөлінуі – аммиакқа, нитритке, нитратқа, хлоридке және сутекті күкіртке, органикалық көміртекке, жалпы микробтық санға Е. Соli және Cb.perfringens титрін, топырақтың 1 кг – да гельминт жұмыртқаларының болуына байланысты. Н.Н. Хлебников таза топырақ 0,98 болу керек деп анықтаған.

4.Сабақтың мақсаты: Топырақтың гигиеналық маңызын зерттеу. Топыраққа жүргізілетін физико – механикалық және химиялық сынамаларды өткізу әдістерін меңгеру.

Студент білуге тиіс:

  1. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың таралуындағы және пайда болуындағы топырақтың ролі.

2. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін гигиеналық шараларды қолдану.

Студент істей білуі керек:

  1. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың дамуындағы топырақтың ролін бағалау.

  2. Алдын – алу шараларын жүргізу.

5. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар: Негізгі білім бойынша:

  1. Ауыз суының сапасын нормалау.

  2. Судың сапасын анықтайтын радиобелсенділік көрсеткіштерінің, органолептикалық, химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерінің талап етілетін критерилерге сәйкес келуін анықтау.

  3. Ауыз суының сапасының белгілері. Жер беті және жер асты су көздерінің санитарлық қорғау аймақтары.

  4. Судың сапасын көтерудің негізгі тәсілдері: тазалау және залалсыздандыру.

Осы сабақтың тақырыбы бойынша:

  1. Топырақтың санитарлық жағдайын зерттеу әдістері.

  2. Топырақтың эпидемиологиялық қауіпсіздігінің көрсеткіштері және олардың гигиеналық маңызы (коли – титр, анаэробтар титрі, личинкалар мен қуыршақтарының саны, Хлебниковтың санитарлық саны).

  3. Топырақтың органикалық ластануының көрсеткіштері, олардың топырақтың ластану дәрежесін бағалаудағы маңызы.

  4. Қалдықтардың санитарлық – эпидемиологиялық маңызы.

  5. Елді мекендерді сұйық және қатты қалдықтардан тазалау жүйесінің гигиеналық сипаттамасы.

  6. Ақпараттық – дидактикалық блок.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]