Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 тема почва.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
153.6 Кб
Скачать

1. Топырақ адам организміне улы және радиоактивті заттардың қоры және берілу звеносы ретінде.

Топырақ өзінің химиялық құрамы бойынша минералды және органикалық заттар кешенінен тұрады. Минералды құрамын кремнезем, глинозем, әк және магнезия сияқты химиялық заттардың қиыршықты компоненттері құраса, органикалық бөлігін макро және микроорганихмдер, өсімдік және жануар тектес заттардың ыдырау өнімдері құрайды.

Химиялық элементтер жер шарында біркелкі бөлінбеген, кейбір аудандарда химиялық заттар мүлдем жоқ немесе өте жоғары көлемде болуы осы аудандардың биогеохимиялық провинцияларды құруына себеп болды. Жиі кездесетін мәселелер йод, кобальт, фтор, молибден, марганец, цинк, бор, стронций, селен т.б. сияқты химиялық элементтерге тән. Топырақта, суда кейбір химиялық элементтердің жетіспеуі немесе көп болуы адамдар мен жануарлар арасында геохимиялық энднмия немесе микроэлементоз атты спецификалық аурулар тудырады.

Химиялық элементтердің ішінде провизорлардың көңілін микроэлементтер алаңдатады. Олар организмдердің, витаминдердің, гормондардың, ферменттердің, тыныс алу пигменттерінің құрамына кіре отырып, олардың биологиялық белсенділігін жоғарылатады. Микроэлементтердің органикалық әр түрлі зат алмасу процесінде алатын орны ерекше. Қазақстанда жылына бірнеше млрд. тонна қалдықтардың пайда болуы көңіл алаңдатады. Айрықша қауіп тудыратын медициналық қалдықтар болып отыр. Мысалы, бір ғана Москва қаласында 5 тонна сынап сынған термометрлерден пайда болады екен.

Ауыл шаруашылық мақсатында жер қыртысын өңдеуде қолданылатын химиялық тыңайтқыштар, пестицидтер, өндірістік қалдықтар жасанды геохимиялық провинциялардың пайда болуына әкеледі. Мұндай жағдайларда топырақтың қасиеті мен құрамы өзгеріп, ол деградацияланады.

Топырақтың қалыптан тыс және ұзақ уақыт бойы ластануы топырақта тұрғындардың денсаулығына зиян келтіретін химиялық заттар: сынап, қорғасын, мышьяк, фтордың және улы химиялық заттардың жинақталуна әсер етеді. Сонымен бірге, ашық атмосфера астында ядролық қаруларға сынау өткізу, планетаның жасанды радиоактивті изатоптармен ластануын тудырып отыр.

Топырақты ластаушы заттардың зиянды әсерін, сол жерде өсірілген көкөністердің тағамдық құндылығының төмендеуімен салыстыруға болады. Топыраққа түскен өндірістік қалдықтар оның физикалық және химиялық қасиеттерін әлсіретеді, қышқылдылығы жоғарылайды, топырақтың буферлік қасиеті төмендейді.

Соның салдарынан топырақтағы қалыпты микроорганиздердің функциясы әлсіреп, өзінді тазалану қасиеті төмендейді, яғни топырақтың антибиотикті белсенділігі нашарлайды.

Ластанған топырақтың өсімдік және жануарлар әлеміне зиянды әсерінің топырақ - өсімдік – жануар – адам алқасы арқылы берілетіндігі дәлелденді. Химиялық пестицидтердің қоршаған орта факторларының әсеріне тұрақтылығы, топырақта ұзақ уақыт жинақталуы гигиенистердің алаңдаушылығын тудырып отыр. Пестицидтердің топырақ арқылы көшуінің қысқаша схемасы:

Топырақ + химиялық пестицидтер

Азотты Жер беті және жер Өсімдіктер Шөптер пестицидтер асты су көздері

Көкөністердің Судың флорасы Жануарлар Дәрілер

тағамдық дәмі мен фаунасы қоректенеді

төмендейді бұзылады

Сүт, ет құрамында Адам ор- Адамның денсау- ганизмі

лығына әсер етуі

Топырақтың ластану деңгейінің маңызды көрсеткіші санитарлық сан болып есептелінеді, ол дегеніміз топырақтың жалпы органикалық азотының гумустық азотына қатынасы. Топырақтың өзіндік тазалану процесі кезінде гумус азотының саны көбейеді.

Топырақтың қатты ластану деңгейі мен сипаты фармацевтердің де алаңдаушылығын тудыруда, себебі көптеген дәрілік заттар шөптерден дайындалады. Ал топырақ арқылы улы заттар емдік шөптердің құрамына енуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]