Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 планировка аптек каз.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
155.14 Кб
Скачать

Студенттердің өздік жұмысы. Дәріхана гигиенасы тақырыбына жағдайлық есептер шешу.

1 – есеп. Тараз қаласындағы жаңадан салынып жатқан № 134 максималды жұмыс орнының тізімі бар дәріханада мемлекеттік санитарлық ұйымның қызметкерімен жоспар бойынша тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында келесі жағдайлар анықталды: халыққа қызмет көрсету залында желдету жүйесі жобада қарастырылғанмен, құрылыстау кезінде мүлдем жүзеге асырылмаған. Асептикалық блокта дәрілерді бөлу – орау жұмысын өткізетін бөлме біріктірілген. Санитарлық – тұрмыстық бөлмелерде жұмысшыларға арналған 2 себезгі ауданы қысқартылған. Оның орнына әкімшілік бөлмесінің ауданы үлкейтілген. Тексеріс нәтижесі бойынша гигиеналық іс – қимылы қандай?

Жауап:

2 – есеп. Жоспар бойынша Қарағанды қаласының № 66 дәріханасын тексеру кезінде төмендегідей кемшіліктер анықталды: асептикалық блокта жұмыс істейтін қызметкердің медциналық тексерістен өту уақытының асып кеткеніне 1 жыло болған. Бөлмелерді күніне 1 рет таза сумен жуып – сүртеді. Блокты жууға арналған құралдар басқа бөлмелерді жуатын құралдармен бірге сақталады. Өткен айда дистилденген судан, ауадан алынған сынамалардың нәтижесі: дистилденген суда 120 әртүрлі микроорганизмдер, ауада шартты патогенді микроорганизмдер анықталған. Берілген ұсыныстарға дәріхана әкімшілігі еш мән бермеген. Сіздің іс- қимылыңыз:

Жауап:

- 10 -

3 – есеп. Аудандық санитарлық – эпидемиологиялық мекемеге жаңадан салынатын дәріхананың жобасы сараптамаға өткізілді. Сараптау барысында төмендегідей жағдайлар анықталды: болашақта дәріхана өндірістік бағытта жұмыс істейді, жобада асептикалық блоктың шлюзы қарастырылмаған, жұмыс үстелінің бетіне тікелей су көзі құбыры орналастырылған, желдету жүйесінің сорып – шығару механизмінде + 4 – 4 шамасы көрсетілген. Жобаның түсініктеме жазбасында канализация жүйесінің лас суларын тазалау жөнінде нұсқауы жоқ. Жобаға беретін сіздің қорытындыңыз қандай?

Жауап:

Қосымша 3.

Қорытынды білім деңгейін бағалау.

  1. Асептикалық кешен бөлмелерінің өзара орналасу схемасын көрсет:

Жауабы:

  1. Дәріханаларды лицензиялау ұзақтығы неше жылға созылады:

А) 1

Б) 2

В) 3

Г) 4

Д) 5

  1. Дәріханалардың негізгі қызметіне төмендегілердің қайсысы жатпайды:

А) дәрі дайындау

Б) таңғыш материалдар сату

В) дәрілік шикізаттарды дайындау

Г) науқасты емдеу

Д) тұрғындарға жүргізу

  1. Дәріхана жұмысының негізі қандай функциялардан тұрады:

А) шикізат дайындау

Б) стерильді дәрі дайындау

В) халық арасында санитарлық – ағарту жұмыстарын өткізу

Г) жұмысқа түсушілерді медициналық тексерістен өткізу

Д) тұрғындар денсаулығын болжау

  1. Дәріханалардың жұмысын реттейтін заңды құжаттарды ата:

А) санитарлық ережелер мен нормалар

Б) кредит төлеу тәртібі

В) мемлекеттік стандарт

Г) дәріхана ұйымдарының санитарлық тәртібі бойынша инструкция

Д) құрылыстық ережелер мен нормалар

  1. Ауылдық елді мекендердегі дәріханалардың түрлері қандай?

А) максималды жұмыс орнының тізімі бар

Б) минимальді жұмыс орнының тізімі бар

В) дайын дәрілерді сататын дәріханалар

Г) медициналық пунк

Д) жас нәрестелерге арналған дәрілерді дайындайтын стерильді бөлме

  1. Емдеу – профилактикалық мекемелердің арнайыландырылған I категориялы дәріханасы қанша койка санына есептелінген:

- 11 -

А) 400

Б) 500

В) 600

Г) 700

Д) 800

  1. Дәріханаларды салуға таңдалған жер территориясына қойылатын талаптар:

А) құрғақ, көгалдандырылған

Б) мал өлекселері жерленбеген

В) іркінді суларды залалсыздандыруға пайдаланған

Г) 1 кг топырақ сынамасынан 100 құрт жұмыртқасы анықталған

Д) рельефі ыңғайлы, жердің инсоляциясы жоғары

  1. Өндірістік дәріхананың қандай бөлмесінде қатаң санитарлық тәртіп сақталады:

А) қызмет көрсету залы

Б) қойма

В) асептикалық

Г) орау

Д) шлюз

  1. Қандай бөлмеде су және канализация құбырын тарту қарастырылмайды:

А) санитарлық бұрыш

Б) жуу бөлмесі

В) әкімшілік

Г) асептикалық

Д) дистиллятор

  1. Дәріхана бөлмелерінің микробтармен ластануының алдын алу әдістерін ата:

1.

2.

  1. Дәріханада қолданылатын бактериоцидті шамдардың түрлері:

А) төбелік

Б) қабырғалық

В) едендік

Г) қабырға аралық

Д) жылжымалы

  1. Дәріханаларды дезинфекциялау үшін қолдануға рұқсат етілген заттар:

А) 0,5 – 3 % хлорамин

Б) иодопирон

В) 0,5 % перегидроль

Г) спирт

Д) су

  1. Дәрілердің пирогенділігін жоғарылататын микроорганизмдер тобы:

а)

б)

  1. Пирогенділігі жойылған суды қандай дәрі дайындауда қолданылады:

А) иньекциялық дәрілер

Б) паста

В) май

Г) көз тамшылары

Д) ұнтақ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]