Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 планировка аптек каз.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
155.14 Кб
Скачать

Асептикалық блоктың бөлмелері мен жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар.

Асептикалық блок ғимаратының бір қанатында жеке орналасады. «Сау» және «лас» ағындардың қосарлануы болмайды.

Асептикалық блоктың жеке кіретін есігі болуы қажет немесе басқа өндірістік бөлмелерден шлюз арқылы бөлінуі қажет. Санитарлық эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау үшін кіретін есіктің алдында дезинфекция ерітіндісімен дымқылданған резинкалы немесе қуысты төсеніш қажет.

Бөлмені жинау ауысымда бір рет жұмыс соңында, дезинфекциялық құралдарды пайдалану арқылы жүргізіледі. Аптасына бір рет толығымен жуып – шаю жүргізіледі. Жуып жинау кезінде тізбекті сақтау қажет, мыс: есік, қабырға, құрал жабдықтар, еден жуылады. Жуу материалдары ретінде поролондық губка, шеті тегістелген материалдарды пайдаланады.

- 5 -

Асептикалық блоктың шлюзында персоналдың аяқ киімін, киімін ауыстыруға арналған шкафтар болады. Шкафтағы бикстерде стерильді киімдер сақталады. Қол жуғыш (шынтақпен ашатын немесе педальді), ауалық электрлі кептіргіш және айна, қолды өндейтін гигиеналық құрал жуынатын бөлмеде орналастырылады. Қол жуу және киіну, асептикалық блокта жүру тәртібінің инструкциясы ілінген.

Асептикалық блоктың жұмысының ерекшелігін ескере отырып, өндірістік бөлме және коридорлардан лас ауа кіруін болдырмау қажет. Сондықтан сорып – шығару желдету жүйесін + 4 – 2 қатынаста орналастырамыз. Себебі, таза ауа келу ағыны басқа бөлмелерден жоғары болуы қажет. Бөлме жабдықтарын дезинфекциялау үшін 2 % хлорамин ерітіндісімен жуады. Ал бөлме ауасын дезинфекциялау үшін ашық және

экрандалған бактериоцидті шамдар қолданылады. Бактериоцидті шамдардың саны 1 м 3 бөлме ауданына 2 – 2,5 Вт қуатына қарай есептелінеді, ал экрандалған шамдар үшін 1 м 3 бөлме ауданына қуаттылығы 1 Вт болады.

Асептикалық блоктағы персоналдың жұмысқа дайындалуы.

Қолын жуу. Қолды дәріхана ыдысын жууға арналған қол жуғышта жууға болмайды. Механикалық қалдықтардан тазалау үшін бірінші сабынмен 1 – 2 минут жуады. Одан кейін сабынды кетіру үшін сумен жуып, кейін дезинфекциялық ерітінділермен қолын өңдейді.

Шлюзда стерильді киім киіп, қайтадан қолын өңдейді. Егер жұмыс 4 сағат артыққа созылса, өңдеу қайталанады. Қолды дезинфекциялау үшін 70 % спирт, йодопирон және т.б. рұқсат етілген ерітінділер пайдаланылады.

Санитарлық – тұрмыстық бөлмелерге қойылатын гигиеналық талаптар.

Дәріхананың санитарлық – тұрмыстық бөлмелері дәріхана қызметкерлері үшін келесі таллаптар бойынша жабдықталуы тиіс:

  1. гардеробтағы шкафтар саны қызметкерлер тізімі бойынша 100 % қамтамасыздандыру.

  2. сырт киім үшін гардеробтың жалпы ауданы бір адамға шаққанда 0,88 м2 – тан кем болмауы тиіс (1 киім ілгіш).

  3. жұмыс және үй киімін сақтау шкафтарын 1 адамға 0,4 м 2 кем болмауы тиіс деп алынады.

Гардеробтағы шкафтар 2 есікті болады, желдеткіштермен жабдықталынады, бір бөлігінде үй киімі, екінші бөлігінде санитарлық жұмыс киімі сақталады.

  1. 15 қызметкер санына 1 себезгі есебі алынады.

  2. санитарлық бөлме әр персоналға есептелінеді.

  3. ас ішетін және дем алатын бөлмелер жеке орналасады.

Санитарлық – тұрмыстық бөлмелерді жууға, күтуге қойылатын талаптар.

  1. Еден күніне 1 рет жуылады.

  2. Гардеробтағы шкафтар 0,5 % хлорамин ерітіндісімен аптасына 1 рет дезинфекцияланады.

  3. Санитарлық – техникалық жабдықтар күніне 1 % хлорамин ерітіндісімен жуылады.

  4. Бөлмелерді жууға арналған жабдықтарды сақтайтын бөлмелерді 1 % хлорамин ерітіндісімен жуу.

  5. Гардеробта сақталатын қызметкерлердің аяқ киімі 1 % хлорамин Б ерітіндісімен жуылады.

Меншікті формасына қарамастан дәріханалардың қызметтік бөлмелерінің инструкцияда көрсетілген тізімі:

  1. меңгеруші бөлмесі;

  2. бухгалтерия;

- 6 -

  1. гардероб;

  2. жуу жабдықтарын сақтау;

  3. персонал бөлмесі;

  4. дәретхана;

  5. себезгі бөлмесі;

  6. жеке бас гигиенаны сақтау бөлмесі;

  7. архив;

  8. персоналмен жұмыс жүргізу бөлмесі;

Дәріхана бөлмелерін, жабдықтары мен құралдарын күтуге қойылатын гигиеналық талаптар.

Дәріхананың өндірістік бөлмесінде барлық құрал-жабдықтарды жуып – шаю кезінде кедергі келтірмейтіндей етіп орналастыру қажет. Дәріхана жабдықтарының беттері дәрінің тікелей әсеріне, жууға және дезинфекциялауға шыдамды болатын заттардан жасалады. Жұмыс үстелдерінің беттерін жұмыс алдында дезинфекциялық ерітіндімен сүрту қажет. Ол бөлме ауасының, дәрілердің микроорганизмдермен ластануын болдырмауға бағытталатын шаралар. Құрғақ сүртуге қатаң тыйым салынады.

Генералды жуып – шаю аптасына 1 рет жүргізіледі, яғни, қабырға, есік, құрал жабдықтар және еден жуылады. 1 ай сайын төбе, терезе арасының шаңы, рамалар ыстық сабынды сумен жуылып отырады.

Материалдық бөлме аптасына 1 рет тазаланады. Гардеробтағы шкафтарды тазалап жуып, 0,5 % хлорамин ерітіндісімен сүртеді.

Қол жуғыштарды 0,5 % хлорамин Б ерітіндісімен дезинфекциялайды, санитарлық бөлме күніне 1 рет жуылып, залалсыздандыралады.

Өндірістік қалдықтар арнайы контейнерлерге жиналып, ауысымда 1 рет шығарылады.

Бөлмені жууға арналған құралдарға белгі қойылады және олар өзінің бағыты бойынша пайдалануы қажет. Әр құралды жуып, кептіріп, залалсыздандырып жеке арнайы шкафтарда сақтайды, ал асептикалық блокты жинауға арналған жуғыш құралдар жеке сақталады.

Жүргізілген санитарлық – гигиеналық шаралардың тиімділігін мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау департаменті қадағалайды (МСЭҚД).

Дәріханадағы эпидемияға қарсы тәртіптің сақталуын бағалау үшін бактериологиялық зерттеу жүргізіледі. 1 кварталда, яғни 3 айда 1 рет өткізіледі. Микробтық тұқымдануға тексеретін объектілер:

    • өндірістік бөлме ауасы

    • жабдықтар, ассистенттік, провизор – аналитик үстелі, дәрілік заттардың сақталу қоймасы, дәріхана ыдысы, таразы және дәрі дайындауда пайдаланылған құралдар

    • дәрі дайындаушының қолы

    • дистилденген су, таза өнім, шикі зат, жартылай дайын өнімдер

Дәріханадағы барлық бөлмелер өзінің тағайындалуы бойынша пайдаланылуы қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]