Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция каз - 4.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
152.58 Кб
Скачать

3. Оқушылар күн тәртібі және оқу процесін үйымдастыру.

Мектепте және үйде негізінен оқу-білім алу іскерлігімен шұғылданатын, оқушылардың күн тәртібін құруда, олардың биологиялық, ырғағын және нерв жүйесінің қызметін ескеру қажет. Көптеген, жоғарғы мүмкіншілігі таң-ертеңгі және күндізгі уақыттарды белгіленген, длейді. Жұмыс қабілетінің алғашқы көтерілуі 8-12 сағатқа, ал екіншісі 16-18 сағатқа келеді. Оқушылардың күн тәртібі, олардың физиологиялық функцияларының қуатының көтерілуі мыен төмендеу кезеңдеріне сәйкес құрылуы қажет.

Күн тәртібінде негізгі 6 сәт белінеді:

  1. Ұйқы.

  2. Таза ауада серуендеу.

  3. Оқу жұмысы.

  4. Ойыны және қалауы бойнша дем алу.

  5. Тамақтану.

  6. Жеке гигиенасы.

Осы сәтердің мазмұны, олардың әрқайсысының ұзақтығы мен сипаты арнаулы жастық кезеңге байланысты заңды түрде өзгеріп отытады.

5 кесте.

Әр жастағы оқушылардың тәуліктік уақыт таралымы.

Күн тәртібінің сәттері

Жасы

6

7

8

9-10

11-12

13

14

15-16

Ұйқы түнгі

күндізгі

10

10-11

10

10

9

9

9

8-8,5

2

1

-

9

-

-

-

-

Таза ауадағы

демалу

4

3,5

3,5

3,5

3

3

2-2,5

2-2,5

Оқу мектепте

үйде

3

4

4-4,5

4-4,5

5

5

5-6

5-6

-

1

1,5

1,5

2

2,5

2,5

3

Қалауы бойынша

демалу

1,5

1,5

1,5-2

1,5-2

2

1,5-2

1,5-2

1,5-2

Тамақтану

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

Жеке гигиенасы

2

1,5

1,5

1,5

1-1,5

1-1,5

1-1,5

1-1,5

Ұйқы барлық физиологиялық жүйелердің, оның ішінде ми клеткалары функциясының толық қолпына келуін қамтамасыз етеді.

Алты жастан мектепке барған балалардың күн тәртібінде күндізгі ұйқы міндетті түрде болуы қажет, 7 жастағы оқушылардың күн тәртібіне 1 сағаттық күндізгі ұйқы қажет ұсынылады. Сол сияқты әр жастағы балалардың оқу жүктемелері артқан кезеңдерде, мысалы: емтиханға дайындалу уақыттарында күндізгі ұйқы дұрыс депұсынылады. Түнгі ұйқының ұзақтығы да балалардың жасына байланысты болып 17-18 жасқа келгенде ересек адамдардың нормасына жақындайды (8-8,5 сағ). Күндізгі, қысқы мусымдарда жасәспірімдердің ұйқы тапшылығы байқалады, сондықтан осы мезгілдерде ол 9 сағаттан кем болмауы қажет.

Әрдайым ұйқы қанбаса, балалардың жоғарғы нерв іскерлігі бұзылып, ой қабілеті төмендедйді.

Таза ауада серуендеу-организмде орын алған шадығудың әсуін төмендететін қысқа мезгілдегі ең тиімді темалу. Серуендеудің тиімділігі, қанның оттегінуінің артуына, тоттығу процестерінің және тіндік тынысының жақсаруына, ми қыртысына және қыртыс асты бөлімдеріне оңтайлы әсер беруіне байланысты.

Таза ауада серуендеу-организмді шынықтыру құралы, ультрокүлгін сәулелердің тапшылығын және гиподинамикалық алдын алу болып табылады.

Оқу сабақтары біртіндеп, оқушылардың тәуліктік салмақты үлесін ала түседі. Даму сатасындағы организмнің функционалдық мүмкіншілігінің артуы заңды құбылыс, дегенмен де көптеген көрсеткіштері жағынан ересек адамдардан лаыс қалады.

Осы жағдайдағы байланысты, оларға берілетін ой және дене жүктемелері, өзінің сипаты және ұзақтығы жағынан біртіндеп өсуі керек. Бұл тиімді оқу тәртібінің бірден бір міндетті жағдайы.

Оқушылардың оқу сабақтары мектептегі сабақ және үй тапсырмасын орындау екіге бөлінеді. Әр сабақтың және үй үзілістің ұзақтығы орта мектептер Уставында белгіленген және барлық жастағы балаларға біркелкі. Сондықтан, күндік оқудың жалпы ұзақтығы сабақ соңымен анықталады. Оқушылардың оқу жүктемесі мынадай:

1 сыныпқа аптасына

20 сағ.

2 сыныпқа аптасына

22 сағ.

3-4 сыныпқа

24 сағ.

5-8 сыныпқа

30 сағ.

9-11 сыныпқа

31 сағ.

Мектептің біркезектік зұмысында сабақтың басталуы таңертеңгі 9- дан ерте болмауы қажет, кей жағдайларда 8- ден ерте болмауы, ал екінші кезктің сабақ соңы 18.00 көп болмауы қажет.

Бірінші және жоғарғы (8-11 сынып) мектеп бітіруші сыныптар тек бірінші кезекті оқуы керек, қалғандары бірінші және екінші кезекте ауысып отырады. Оқу шалдығуының алдын алуда, басты орын сабақтың дұрыс ұйымдастырылуына беріледі, әсіресе басауыш сыныптарда, себебі балалар бақшасында қалаптасқан стереотип елеулі дәрежеде сақталып қалған, және оларда ұзақ уақыт зейін қою дағдылары қалыптасқан. Орта мектептердегі сабақ уақытының ұзақтығы 45 минуттан белгіленген, бірақ педагогикалық кеңестің шешімі бойынша сабақ ұзақтығы бастапқы сыныптарда 35 минутқа,

ал бүгінгі таңда төменгі сынып оқушыларының сабақ ұзақтығын қысқаратып, үзіліс уақытын ұзатру даму сатысындағы балалардың шалдығуының алдын алуындағы ең тиімді шара болып табылады. Оқу просін ұймдастыруда, балалар мен жасәспірідердің жұмыс қабілетінің өзгеру принципін міндетті түрде ескеру қажет.

3 сүрет. Жұмыс қабілетінің физиологиялық өзгеру қисығы.

Басында жұмыс қабілеті көтеріледі, содан соң жоғары деңгейде болады да (жоғары қабілеттік кезең), біртіндеп төмендейді (шалдығу бастамасы). Қисықтың соңғы белігі 3 бөлімнен тұрады:

1 – толық емес компенсация.

2 - соңғы ( жұмыстың аяқталуына байланысты, көңіл – күйі жақсарып, жұмыс қабілетінің уақытша артуы).

3 – прогрессивті құлдырау.

Сүреттегі жұмыс қабілетінің осы типтік қисығы оқу-іскерлігінің бар түрін құрудың, негізі болып келеді, яғни сабақты, оқу күйін, оқу аптасын, жылдық және оқу тоқсанын құру осы қисыққа сәйкес жүргізілеуі керек.

Осы қисыққа сәйкес алсақ, сабақтың басы апта басындағы және тоқсан, жыл басы ауыртпалықтары жеңіл болуы қажет, басқаша айтқанда бұл кезеңдерде оқушылардың жұмыс қабілеті төмендеген. Оқушыларға орналған күрделі талапты жоғары жұмыс қабілетінің аорту зеңінде берген дұрыс; сабақ күн, апта, тоқсан орталарында. Осы мезгілдерде сабақтың факультативтік сабақтардың, үйірмелердің ең көлемді түрлері жоспарлануы қажет. Жұмыс қабілетінің күрт төмендеген мезгілінде, ауыр жүктеме орындауды талап ету тиімсіз, бұл жағдайда организмнің энергетикалық қоры азайып, оқушы денсаулығына кері әсерін тигізеді.

Сабақ құрлымы барлық сыныптарда біркелкі болады, олар мына сәттермен айқындалады: сабақ процесіне микроүзілістер берілуі өзінің жоғарғы шегіне жетуі керек, ал соңына қарай төмендетіледі. Осы талаптарға сай сабақ барысында шартты түрде үшке бөлінген:

  1. кіріспе

  2. негізгі

  3. қорытынды бөлімі

Кіріспе бөлімі сабақты ұйымдатыру шараларына және оқушыларды сұрауға, негізгі бөлімі-жаңа жақырыпты түсіндіруге, ал қорытынды бөлімі-материалды қайталауға арналады. Оқу процесінде техникалық құралдары қолдану сабақты біркелкілігін өзгертіп, сабаққа деген қолайлы көңіл-күй туғызып, оқушылардың жұмысқа қабілетін арттырып, олардың үлгерімін жақсартады. Бірақ, техникалық оқу құралдарын пайдалану барасында оқушыларды отралық нерв жүйесіне ауырлықта болады.

Сондықтан да диофильмдерді, кинофильмдерді, телехабарларды көру, компьютермен жұмыс істеу гигиеналық тұрғыдан шектеліп нормаланады. Мектеп кестесін тиімді құруда гигиенистер пәннің ауырлығын, сабақ уақытындағы статистикалық және динамикалық құрылымдардың басымдылығын ескеруді басшылыққа алады.

Сабақты бағалауда, бірден-бір әдіс болып табылатын қиындықтың рангты шкаласын алуға болады (И.Г. Сивкова, 1975).

Математика, орыс тілі

(ұлттық мектептерде)

11 балл.

Шет тілі

10 балл.

Физика, химия

9 балл.

Тарих

8 балл.

Ана тілі және әдебиет

7 балл.

Табиғат тану, география

6 балл.

Дене тәрбиесі

5 балл.

Еңбек

4 балл.

Сызу

3 балл.

Сурет

2 балл.

ән-күй

1 балл.

Едәуір күрделі пәндерді күндік кестеде екінші немесе үшінші сабақтарға қойған дұрыс. Екі күрделі сабақтарды қатар қою ұсынылмайды, оларды жеңіл пәндермен кезектестіріп қою керек. Математикалық немесе гуманитарлық пәндерді, дене тәрбиесі мен еңбек, ән-күй, сурет сабақтарымен кезектестіріп өткізгенде оқушылардың ойы, олардың ой іскерлігі, дене іскерлігімен алмасып, жұмыс қабілетін арттыруда өте тиімді әсер береді. Мектеп кестесін пәндер қиындығының рангтық шкаласы бойынша гигиеналық бағалауда мына түрде болады: егер рангтық шкаласының қимылдық қисығы бір көтеріліммен (сенбі немесе бейсенбі), немесе екі көтеріліммен (сейсенбі және жұма) берілсе, онда тиімді дұрыс деп бағаланады. Ал мектеп кестесінде бір қалыпты бөлінетін болса, онда қолайсыз, тиімсіз болып табылады.

Өте маңызды жайдың бірі ол үзілістердің ұзақтығын және сипатын қадағалау.

Үзлістің ең, аз шегі- 10 мин. Бастаушы сыныптарда екі – 10 мин-тан, және бір - 20 мин, үзіліс ұйымдастырылған оңтайлы әсер береді. Ал жоғарғы сыныптарды ұзақтығы 30 мин кем болмайтын үзіліс 3-ші сабақтан соң ұйымдастырылады, немесе екі – 20 мин үзілістер 2-ші және 3-ші сабақтардан соң болуы керек.

Үзілістердің тиімділігі тек олардың ұзақтығымен шектелмей, олардың мәні дұрыс ұйымдастырылуында. Барлық үзілістерді мүмкіндігінше міндетті түрде, және жыл мезгіліне қарамастан таза ауада, төменгі сынып оқушылары үшін қимылды ойындар ұйымдастырып өткізген тиімді болып табылады. Үй тапсырмасын орындау (өздік дайындық) бұл уақыт жұмыс қабілетінің физиологиялық көтерілісіне сай келу керек, 1-ші кезекте оқитындарда – 16-18 сағат, ал 2-ші кезекте оқитындарда -9-12 сағат аралығында күн тәртібінде, өздік дайындық таза ауада белсенді демалу, ал 6-7 жастағы оқушыларға күндізгі ұйқы ұйымдастырылуы қажет. Өздік дайындық құрылымы мектеп сабақтарының құрлымымен бірдей болады. Орта және жоғарғы сынып сабақтарының құрлымымен бірдей болады. Орта және жоғарғы сынып оқушыларының үздіксіз сабақ дайындау уақыты – 45 мин, ал бастауыш сынып оқушылары 30-35 мин дайындалып арасында 5-10 мин үзулус жасайды.

Үзіліс уақытында дене жаттығуларын жасау өте тиімді.

Сабаққа дайындық мезгілінде белмеде алаңдататын заттар болмай, тыныштық сақтау қажет.

Тиімді жарықпен қамтамасыз ету міндетті жағдай. Тбиғи және жасанды жарық көздері балалардың қолдарын көлеңкелеу үшін сол жақтан түсуі қажет. Оқушы үстелінің жанындағы терезеге ештеңе ілмеу керек, тезере алдына биік гүлдер қоюға болмайды. Бөлмені жиі желдету керек. Сабаққа дайындалу орта мектептер Уставы бойынша, жасқа байланысты 1 мен 4 сағат арасында. Оңтайлы ұзақтығы – 45 минуттан 3 сағатқа дейін.

Ойын және қалаулы дем алу-балаларда қолайлы көңіл-күйдің қалыптасуына әсер береді.

Әр қилы мектептен тыс, сыныптан тыс ойындар, олардың қалаулары бойынша аланса, жұмсалған күштің нәтижесін көріп, өз-өзіне қанағаттану сергектік қуатын арттырады дәне одан арғы қиындықты деңуге деген талпынысын жоғарлатады. Демалудың осы түрі балалардың индевидтік оңтайлығын дәне қабілетін анықтап, арттыруға мүмкіндік жасап, олардың болашаққа әлеуметтік бейімделуін жеңілдетеді.

Тамақтану және жеке бас гигиенасы-әр қилы жастағы балалардың күн тәртібінің міндетті құрамы.ү Бұл құрамдар балалардың гигиеналық, мәдени дағдыларын, білім және іскерлігін дамытады. Ал кейбір гигиеналық құрамдар сонымен қоса шынықтыру элементі болып табылады.

Ас қабылдау, таңертеңгі және кешкілік жуыну, балаларды киіндіру тыныш жағдайда, асықлай өткізілуі керек. Бірақ басқа күн тәртіп сәттерінің қысқаруын болдырмау керек.

Уақыт жинағының негізгі компоненттерінің ұзақтығының нормасын сақтау, күн тәртібін ұймдастыруға міндетті жағдайда болғанмен, шалдығудың алдын алу тәсілін толық шеше алмайды.

Сондықтан да күн тәртіп сәттерінің тиімді кезектесуі, басқаша айтқанда күн тәртібін дұрыс құру маңызды мәселе, іскерлікті тиімді кезектестіру организмге әсер ету жағынан принципті түрде айырмашылығымен кезектестіру қажет.

Бұл жағдайда әрбір жаңа күн тәртіп ішіндегі сәт алдыңғы істеп болған шалдығуды жолтын демалысқа айналады.

Тәуліктік тәртіпті (режимді) құрудағы көрсетілген принциптер балалар мен жасәспірімдердің жастық анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сай болуы қажет. Осы жағдайда ғана тәуліктік тәртіп (режим) балаларды тиімді оқытуға, тәрбиелеуге, олардың дене және ой ерісінің дамуына септік тигізеді.

14