Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция каз - 4.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
152.58 Кб
Скачать

4 Кесте.

Мектепке дейінгі топтарда тәуліктік уақыттық тарамы

(жылдың суық мезгілінде)

Күн тәртібінің сіттері.

Жасқа байланысты ұзақтығы

2-3

3-4

4-5

5-6

6-7

Дербес іскелік ойындар, еңбек, жеке гигиенасы т.б.

4 сағ.

5 сағ.

5 сағ.

4 сағ.

4,5 сағ.

Тамақтану

2 сағ.

2 сағ.

1,5 сағ.

1,5 сағ.

1,5 сағ.

Сабақтар (үзілісімен)

30 мин

40 мин

45 мин

1-1,5 сағ.

2 сағ.

Серуендеу

4 сағ.

4 сағ.

4 сағ.

4-4,5 сағ.

4 сағ.

Күндізгі ұйқы

2,5 сағ.

2 сағ.

2 сағ.

2 сағ.

1,5 сағ.

Түнгі ұйқы

11 сағ.

10,5 сағ.

10 сағ.

10 сағ.

10 сағ.

Ойын іскерлігі –тәрбие жұмысының тиімді құралы. Балалар ойын арқылы қоршаған әлеммен танысады. Ойын балалардың сезім органдарының дамуын, ой-түйсігінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Дидактикалық ойындар оқу сабақтарын алмастырып тұрады. Бірақ бұл ойындар аз қимылмен беріледі. Ал қимылды ойындар организімнің нығайуына ықпал жасап, оның шыдамдылығын арттырады, қимыл түрлерін, ептілікті, күштілікті, жылдамдықты, ұйымдықты, кеңістекте бейімделуді және тежеу процестерінің жаттығуын жетілдіреді. Қимыл ойындарын, таңертеңгі уақыттарда, ал қимылсыз ойындарды сабақтар алдында немесе аралығында өткізу ұсынылады. Жүргізу ойындары, секіру, өрмелеу т.б. серуендеу мезгілінде міндетті түрде болуы қажет.

Қимылды ойындарды ұйқы алдында, тамақтану алдында ойнамаған дұрыс, сыебебі: көпшілік балаларда ойыннан соң қорыту сөлдерінің түзілуі төмендеп, тәбетінің төмендеуіне және ас қорыту мен тағамның сіңуінің нашарлауына әкеп соқтырады.

Балалардың ойын уақыты кезінде ойыншықтармен ойнауы міндетті жағдай, әсіресе олардың іс-қимылға тартатын ойыншықтардың болуы (құрылыс материалдары, доптар т.б.) ерекше орын алады.

Осындай ойын бұйымдары балалардың белсекнділіктерін арттырып, қимыл дәрежесін шынықтырады.

Балдырғандар ойынына еңбекті қатыстыруы да маңызды, олар 5-6 жастан ойын мен еңбекті ажырату шамасына жетеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу негізінен өзіндік қызмет көрсету дағдыларын үйретуге арналады (өзі киіну, шешіну, жуыну, тамақтану, өсімдіктерді, жануарларды күтуде көмек көрсету).

6,7 жастағы балалардың еңбегі әр қилы және күрделене түседі. Бұл өздік қызмет, шаруашылық жұмыстары (ойыншықтарын жуу, үй тазалауда, ауланы күтуде), табиғаттағы еңбек (жер еңдеу, гүл отырғызу, өсімдіктер мен жануарларды күту), қол еңбегі (қағаздан, маталардан, жіптерден алуан түрлі ойыншықтар жасау т.б.).

Тамақтану-негізінен белгіленген ас қабылдау сағаттарын қатаң түрде орындау болып табылады, бұл асқорыту сәлдерінің белсенді белінуін және қоректік заттардың ұтымды сіңірілуін қамтамасыз ететін, шартты рефлекторлық тітіркендіргіш болып табылады. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ас қабылдаудың өзі тәрбиелік сәт болып есептелінеді, себебі оның барысы гигиеналық дағдыларды меңгеруге жүктейді. Мысалы: ас алдында қол жуу, ас қабылдау құралдарын қолдану, асты толық шайнау.

Күн тәртібі барысында ас қабылдау үшін арнаулы уақыт бөлінеді: таңертеңгі асқа 10-15 мин, түске 20-25 мин, сәскелікке 10 мин, кешкі асқа 10-15 мин.

Сабақ оқу-балалар бақшасындағы өткізілетін оқу-тәрбиелік процестерінің негізгі түрі. Балаларды оқыту арнаулы жүйеде, олардың жастық ерекшеліктерін ескере отыра, сабақты біртіндеп күрделендіруді талап етеді. Жасқа байланысты аптасына 10-нан 19 сабаққа дейін жоспарланады.

5 жасқа дейінгі балаларға арқайсысы 15-20 мин күнделікті 2 сабақ өткізіледі. Жоғары топтарда (5,6 жас) аптаның 4 күнінде, ұзақтығы үзілісімен қосқанда 1 сағ 25 мин-ң 3 сабақ және 1 күн жалпы ұзақтығы 1 сағаттық 2 сабақ өткізіледі.

Дайындық тобында – аптасына 4 күн 4 сабақтан (жалпы ұзақтығы 1 сағат 50 минут), және 1 күн 3 сабақ өткізіледі (жалпы ұзақтығы 1 сағат 25 минут).

Сабақтар балаларға қойлатын талаптардың күрделігіне байланысты бөлінеді:

  1. Қиын сабақтар (оның ұзақтығы ыкіші топтарда 10 мин аспауы қажет, жоғарғы топтарда 25 минут).

  2. Жеңіл сабақтар (10,15 минут, 25,30 минут).

  3. Қимылдық сабақтар 15-30 минут аралығында ( дене тәрбиесі, ән-күй).

Күрделі сабақтарды құруда, алғашқы 5 мин баланың қалыптасуына қажеттігін ескерген жөн, сондықтан да сабақ басында өткен тақырыпты қайталау ұсынылады, содан соң жаңа тақырып түсіндіріліп, бекітіледі.

Сабақтың соңғы 5 мин, шалдығу кезеңінде жүреді, сондықтан да сабақтың 2-шщі жартысында 2,3 минутың физкульт үзіліс жасау қажет. Соңғы жылдардағы зерттеулер көрсеткендей 5-7 жастағы балалар миының қабілеттерегенің физиологиялық көрсеткіштері, көрнекті құралдары қосымша қолданған жағдайда шартты рефлекстердің тиімді түзілуін қамтамасыз етеді.

Серуендеу-сауықтандырудың организмді білектендірудің және шалдығудың алдын-алудағы тиімді құрал.

Бөбектер бақшасының күн тәртібінде міндетті түрдегі серуендеу қарастырылады, ал үшіншісін жанұяда өткізу ұсынылады. Серуендеудің жалпы уақтыты 4 сағаттан кем болмауы қажет. Серуендеуді дұрыс ұйымдастыруда және қажетті ұзақтыққа болғанда, балалардың белсенді қимыл қажеттілігінің 45% ӨТЕЛЕДІ. Серуендеу жай қимылсыз болмай, белсенді ойындармен өткізілуі керек. Егер серуендеу алдында статикалық сабақтар жүргізілсе, онда серундеуді қимыл рекетімен бастаған жөн. Дене тәрбиесі немесе ән-күй сабақтарынан кейін серуендеу оның басында бәсең түрде болып, ал қимылды ойындар серуеннің орта мәніне сәйкес келуі қажет. Серуен топтық немесе дербес баяу ойындармен аяқталады.

Ұйқы мектеп жасына дейінгі балалар үшін күндізгі ұйқының ұймдастырылуы, оладың сергектік күйге 5,5-6 сағатта алмасуына байланысты. Шектен тыс сергектік – олардың нерв жүйесіне артымды жүктеме болып табылады. Ұйқыны тежеуінің таралуын ми қыртысындағы көтеріңкі қозу ошаған тежейді.

Сондықтан да ұйқы, тамақтанар алдында қимылды ойындарды ойнау тиімсіз. Ұйқы бөлмесінде тыныш, ыңғайлы, қолайлы төсек орын, ауа температурасы 18-19 град. Шамасында болуы қажет. Сонымен қоса бұл бөлме жақсы желдетілуі тиіс, себебі ұйқы мезгілінде оттегі қажеттілігі артады. Ең маңызды мәселе, ұйқыға бір мезгідле жатқан жөн, себебі уақытқа қалыптасқан рефлекс тез ұйықтауына ықпал жасайды.