Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция каз - 5.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
114.69 Кб
Скачать

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

2 гигиена кафедрасы

Дәрістің тақырыбы: «Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесін дәрігерлік бақылау және гигиеналық негіздері. Балалар мен жасөспірімдерді шынықтыру».

Дәріскер: оқытушы Мукашева Г. Б.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәні

«051102- Педиатрия» мамандығы

III – қысқартылған оқу түрі, IV курс

Уақыты (ұзақтығы): 2 сағат

Қарағанды 2005 ж.

Курстың әдістемелік мәжілісінде бекітілді

«______» ______________2005 ж. №____ Хаттама

Курс меңгерушісі _______________ м.ғ.д. Приз В.Н.

Дәрістің оқулық мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер мекемелеріне дене тәрбие сабағының дұрыс жүргізілуі мен ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар. Сауықтандыру шараларының негізгі принциптері мен ұйымдастырылуы.

Дәрістің жоспары:

  1. Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінің гигиеналық негіздері.

2. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі сабағының ұйымдастырылуы.

3. Шынықтырудың негізгі принциптері және оны ұйымдастыру.

Әдебиеттер:

  1. Гигиена детей и подростков. Руководство для санитарных врачей.

/Под.ред.академика АМН СССР Г.Н. Сердюковской и профессора А.Г. Сухарева.-М.Медицина. 1986г. с.496.

2. Гигиена детей и подростков. /Учебник для студентов мед. институтов. /Под.ред, В.Н. Кардашенко.-Медицина,1983г.,с.438.

3. Избранные лекции по гигиене детей и подростков под ред. профессора А.Г. Швецова-г.Караганда,1997г.,с.147.

4. Чусов Ю.Н. Закаливание школьников. М.,1985г.,с.128.

  1. Попов С.В. Валеология в школе и дома ( о физическом благополучии школьников). Санкт-Петербург «Союз». 1998г.,с.256.

6. Жасқа сай физиология жєне мектеп гигиенасы. Авторы К.Дуйсембин, З. Алиакбарова

Алматы 2001 ж.

7. Гигиена детей и подростков. Учебник для студентов медицинских вузов . Под ред.

В.Р. Кучма Москва « Медицина» 2001 г.

  1. Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінің гигиеналық негіздері.

Альберт Энштейннің пікірі бойынша, табиғаттың зұлымдығы дене белсенділігінің байлығы мен жетілгендігін тек осы белсенділікті үздіксіз жүзеге асыру жолымен меңгеріп алу мүмкіндігін беруде. Басқаша айтқанда,ауырды көтеруді-оны көтермей үйренуге, ал шаршамай шаршауға қарсы тұруға. ыстыққа немесе суыққа шыдауды олардың әсерлеріне ұшырамай үйренуге болмайды. Дене тәрбиесінің мәдениеті және ардайым шынығуды игерту ол қимыл функцияларын ғана емес, сонымен қатар организімнің қоршаған күштеріне сай дамып, жетілдіріп ортаның жағымсыз әсерлеріне қарсы тұруға мүмкіншілік беретін педагогикалық процесс.

Денені тәрбиелеу құралдары:массаж, жаттығу,қимылды көңілді ойындар; табиғи локомация, (жүру,жүгіру), табиғи факторлардың (күн, ауа және су) әсері,дене еңбегі. Балалардың дене тәрбиесін күн тәртібін сақтаудың маңызы зор.

Айтылған құралдарды түрлі формада (нысанда) қолдануға болады. Балалар ұжымындағы дене тәрбиесінің негізгі формасы-дене мәдентеті сабақтарымен шұғылдану. Балалар мен жасөспірімдердің функционалдық мүмкіншіліктерін және негізгі дағдалы қимылдар мен ептілігін жетілдіруге (шапшаңдық,күш,шыдамдылық,шеберлік), қайраттық пен моральдық қасиеттерін дамытуға маңызы зор, бірақ олардың ішінде ең маңыздысы-сауықтандырушы әсерлері. Дене тәрбиесін сауықтандыру функциясы:

-ол балалар мен жасөспірімдердің қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсеріне организмнің бейспецификалық қарсылығын жоғарылату;

-организмнің қалыпты іскерлігін және қимыл анализаторларын толық жетілдіру;

-дене дамуындағы туа немесе кейін пайда болған мүмкіндіктерді коррекциялау;

-психикалық саулығын сақтауға және нығайтуға ықпал етуші мидың тонусын көтеру;

-жайлы көңіл күйін жасау болып саналады.

Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастырудың негізгі гигиеналық принциптері:

-өсуші организмге қимылдық қажеттілікті және функционалдық мүмкіншіліктерін ескеріп, оңтайлы қимылдық режимін жасау;

-балалар мен жасөспірімдердің жасына, жынысына, денсаулық жағдайына және дене дайындығына байланысты дене тәрбиелеу құралдары мен түрлерін дифференциялы қолдану;

-гармониялық дамуына, денсаулығын қорғауға және нығайтуға ықпал етуші дене тәрбиесінің әртүрлі құралдары мен формаларын кешенді қолдану, шұғылдану сабақтарын үздіксіз жүргізу және түсетін күшті біртіндеп жоғарлату;

-дене мәдениетімен және спортпен шұғылдану уақытында ортаның жағымды жағдайларын жасау.

Адамның жетіліп дамуы оның эволюциясының кезеңдерінде жүрген белсенді бұлшық ет жұмысымен тығыз байланысты болған.

Қимыл-ол тек өмірдің белгісі емес, ол қоршаған әлемді тану, адамның биологиялық қажеттілігін қанағаттандырушы құрал.

Қимылдың белгілі бір уақыт ішіндегі (тәулік, сағат) қосынды саны қимыл белсенділігі деген түсінікті береді. Тәуліктік қимыл белсенділігі организмен реттеледі. Оның орташа шамасы денсаулыққа оңтайлы, ал шектен тыс шамасы –жағымсыз тіптен зиянды болып келеді. Оңтайлы қимыл белсенділігінің шекаралары адамның жасына, жынысына, денсаулығына, жұмыс жағдайына және жеке мүмкіншіліктеріне байланысты әр адамда әртүрлі болады.

Сергектеу сағаттарындағы қимыл белсенділігі біркелкі таралмаған:оның жоғарылауы күннің бірінші жартысында 7-8 және 12-15 сағаттарында байқалады. Күнн.ің екінші жартысында қимыл белсенділігі15-16, 17-18және 20-21 сағаттарда көтеріледі. Қыс уақытында күзбен және көктеммен салыстырғанда қимыл белсенділігі

30 пайызға дейін төмендейді.

Қимыл белсенділігі жас өскен сайын жоғарылайды, ұл балалардың қимыл белсенділігі өсу жасының барлық кезеңдерінде қыз балалардан жоғары келеді.

Қимыл белсенділігінің жетіспеуі гипокинезия терминімен белгіленеді.

Синоним ретінде тағы гиподинамия терминін қолданады, бірақ бірінші термин дәлірек. Шамадан тыс қимыл белсенділігі гиперкинезия терминімен айтылады.Сыртқы бейнесі бойынша гиопкинезияға тән келетін организмнің физиологиялық қайта құрылуы, әдетте организмнің қалыпты жағдайына әсер етпейді. Организмнің резервтік мүмкіншіліктерін жедел жұмылдыруды қажет етуші төтенше (экстремальді) жағдайларда, гипокинезияның әсерлері айқын байқалады. Организмнің жалпы бейспецификалық резистенттілігінің төмендеуі, денеге түседі тез шаршауы ,қимылдың қасиеттерінің дамуының тежелуі және функционалдық мүмкіншіліктерінің төмендеуі байқалады.

Гипокинезияда кейбір жағдайларда астениялық синдром пайда болады, қан қысымын реттеу және жүрек жұмысысның ырғағы бұзылады, орталық нерв жұмысында және зат алмасу процесінде ауытқулар пайда болады. Гипокинезияның пайда болу себебі-шамадан тыс жаттығулар кезінде денеге қатты күштің түсуі . Осының нәтижесінде гипофиздің алдыңғы бөлімінің және бүйрек бездерінің жұмысы күшейеді. Гиперкинезияның пайда болуының бірінші кезеңінде («дабыл кезеңі») адреналин мен норадреналин бөлінүі күрт жоғарылайды, осының нәтижесінде зат алмасу процесі күшейіп, жүрек-тамыр жұмысы өзгереді, гематологиялық ауытқулар пайда болады, әсіресе қанның ақ түйіршіктері жағынан.

Гармондардың тұрақты көп бөлінуі тітіркендіргіштердің шамадан артық зиянды әсеріне организмнің қарсыласуын жоғарылатып, организмнің физиологиялық қайта құрылуына келтіреді ( 2 кезең-«қарсыласу»). Егер қандай да бір себептердің әсерінен организмнің мүмкіншілігі қажыса, ал стрессордың әсері жалғаса берсе, 3 кезең-«қажу» кезеңі басталады.

Организмнің дезадаптациясы айқын байқалады: резистенттілігі төмендейді, сырқаттанушылығы жоғарлайды, гиперкинезияның алдын алуы (профилактикасы),ең алдымен жаттығу сабақтарын дұрыс ұйымдастыруды қарастырады,әрине мұнда үлкен ролді баланың жасы, яғни баланың әрдайым жаттығуды бастау уақыты атқарады.

1 Кесте

Спорт түрлері

ТОПҚА АЛУ ЖАСЫ

БЖСМ-нің бастаушы топтары(ДЮСШ)

БЖСМ-нің арнаулы топтары(ДЮСШ)

Жалпы білім мектебінің спорт сынып-ы

Спорттық мектеп интернаттары

Баскетбол

Бокс

Күрес

Волейбол

Спорттық гимнастика

Көркем-өнер гимнастика

Таушаңғы спорты

Шаңғы спорты

Жеңіл атлетика

Жүзу

Суға секіру

Конькиде мәнерлеп сырғанау

Ауыр атлетика

Шайбамен хоккей

10-12

12-14

10-12

10-12

8-9

7-8

7-9

10-11

10-12

7-8

7-8

7-8

13-14

10-11

12-14

14-15

12-14

12-14

10-11

9-10

10-11

12-13

13-14

9-10

9-10

9-10

14-15

12-13

10-14

13-14

10-14

10-11

9-11

9-10

9-10

10-11

10-11

9-10

9-10

9-10

13-14

10-11

12-13

13-14

12-13

12-13

10-11

10-11

10-11

13-14

12-13

10-11

10-11

10-11

14-15

12-13

Дене тәрбиелеудің негізі болып организмді жаттықтыру саналады. Жаттығу-ол организмге қимылдық әсерлеу жолымен немесе шынықтырушы процедуралармен организмді үздіксіз жаттықтыру процесі. Жаттықтыру нәтижесінде организмде жаттығу пайда болады, яғни әсер ету тітіркендіргішке адекватты жауап реакцияларының пайда болуымен сипатталатын күйі. Жаттықтырудың негізгі тәртібі- жаттығушы организмнің қазіргі күйінде денелік және термальдық күштерінің сай келуі керек және оның қимылдық және термореттеуші функцияларының дамуымен сәйкес өзгеруі керек, яғни түсетін күштер баланың шамасына сай келу керек.

Барлық жаттығу процесінің биологиялық негізі, яғни оның басты механизмі-ол әсер ету күштерге бейімделу. Мұнда негізінен кумулятивті бейімделу жүреді. Ол сыртқы әсерлердің әрдайым қайталануынан болатын бейімделуші өзгерістермен сипатталады. Кумулятивті бейімделу нәтижесінде пайда болған қасиеттер тұрақты болып келеді және сыртқы әсерлердің серияларын тоқтатқаннан кейін біраз уақыт сақталады.

Егер кумулятивті бейімделу процесі ұзақ уақыт осындай тітіркендіргіштердің жаңа серияларымен нығайтылмаса, организм жаңа алған қасиеттерін жоғалтып, «тыныш» өмірдің жаңа жағдайларына бейімделеді. Сонымен, жаттықтыру процесі ұзақ уақытқа үзілмеу керек, серияларының арасындағы дем алу үзілістері неғұрлым аз болу керек . Кумулятивті бейімделу нәтижесінде организм өзінің физиологиялық мүмкіншіліктерін прогрессивті жоғарылатып оның дамуы жетіле түседі.

Дене мәдениетімен және шынығумен әрдайым шұғылдануының екінші ерекшелігі , біртекті әсерлерді үнемі қайталай беретін болса, оларға белсенді бейімделу тоқтайды, яғни жаттығу эффектісі жоғалады. Организм оларға қатаң белгілі, әдетті реакциямен жауап беріп , олардың жаттықтырушы маңызы жоғалып, организмнің одан әрі жетілуі жүрмейді.

Сондқтан, шұғылдану процесінде денеге түсетін салмақты және әсерлеуші агенттің күшін үнемі жоғарылатып отыру, олардың әсерлесу сипаты мен оның әсерлесу бағыты біркелкі болуы қажет.

Организмнің бейімделу мүмкіншілігіне сүйене отырып күштің жиілігін, оның қарқындылығын, ұзақтығын және қайталану санын реттей отырып, қажетті әсерлесу түрлерін тілекке сай таңдап алып, ойдағыдай жаңа қсиеттерді құруға, яғни баланың дене дамуын және организмнің қарсыласуын белгілі бағытта бағдарлауға және жүзеге асыруға болады.

Дене мәдениетімен және шынығумен әрдайым шұғылдану процесінде баланың организмінде өтетін өзгерістер екі кезеңде жүреді:өткінші және орнықты (стационарлы) кезеңдері. Бірінші кезеңде бейімделу процесінің өзі өтеді (бейімделудің пайда болуы), екінші кезеңі беімділіктің қалыптасқан күйі(организмнің барлық жүйелерінің орнықты жағдайы).Егер организмге жаңа әсерлер жасалмаса немесе оған түсетін күштің шамасы жеткіліксіз болса, бейімделген күйі қайтадан кейін қайтып, организмнің барлық жүйелері біртіндеп бастапқы функциялық деңгейіне оралады.