Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция каз - 5.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
114.69 Кб
Скачать

3. Шынықтырудың негізгі принциптері және оны ұйымдастыру.

Шынығу-барлық зиянды ықпалдардың әсерлеріне организмнің қарсылығын көтеруге бағытталған процедуралар жүйесі.

Суық тию ауруларына шалдығу, шынығудың ең басты мақсаты,

сондықтан шынықтыруға химиялық және физикалық термореттеу процестерін жетілдіру процесі деген анықтама беріледі. Шынықтырудың спецификалық ролі-ол қолайсыз метеорологиялық факторларының әсерлеріне ,әсіресе төменгі температураға, термореттеуші апараттың тез және адекватты реакциясын тудыру.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың организмі , жылу комфорттық жағдайын демеуші физиологиялық жүйелерінің жеткіліксіз функционалдық дамуымен сипатталады. Өзінің морфологиялық құралу ерекшеліктеріне байланысты ересектерге қарағанда, балалар терісінің оқшаулаушы қасиеті әлі жетілмеген. Ол кең тармақталған капиллярлармен қамтамасыз етілген, сол себептен оның бетінің жылуы және ылғалдылығы жоғары келеді, және де ересектерге қарағанда тері беті салыстырмалы үлкендеу келеді (нәрестелерде дене салмағының 1кг-707 см.кв, 1 жаста-528см.кв/кг,

10 жаста-423 см.кв/кг). Осыған байланысты балалардың жылу жоғалтуы өте жоғары және олар суыққа өте сезімтал болады. Сондықтан термореттеу функциясын жаттықтыру кіші және мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше қажет.

Шынықтыруды ұйымдастыруда мына шарттарды орындау қажет:

1.Шынықтырушы әсерді әрдайым қолдану.

2.Тітіркендіргіштердің күшін біртіндеп жоғарлату.

3. Денсаулық жағдайын, шынығу дәрежесін ескеріп шынықтырушы әсерлерді балаларға жекелеп белгілеу.

4.Балалардың оңтайлы жылулық жағдайда болуы.

5. Эмоционалдық жақсы көңілмен шұғылдануы.

Шынығудың осы принциптері ХХ ғсаырдың басында Г.Н.Сперанскиймен жасалып, классикалық деп танылған.Қимыл дағдыларын жетілдірудегідей , қолайсыз температураның әсерлеріне тұрақтылықты туғызу негізінде ле бейімделу құбылысы жатыр. Бірақ шынықтырудың дәстүрлі тәсілдерін қолданғанда , суыққа төзімділікті жетілдіру процесі өте ұзаққа созылады. Сондықтан, қәзіргі уақытта оны тездету тәсілдерін жасауға ерекше көңіл аударылуда.

Осындай кең тараған әдістердің бірі – температурасы (суық әсерлері )күрт өзгермелі, бірақ әсерлеу уақыты бойынша қысқа шынықтыруларды қолдану. Бірақ мұнда күнделікті өмірде ең жиі кездесетін ауадағы температуралық ауытқуларына емес, басты түрде әсері бойынша күшті және уақыты бойынша шектелген термиялық өзгерістеріне стереотип пен тұрақтылық туады, яғни мұнда бейімделудің құбылысы байқалмайды.

Бейімделу процесі әлсіз суықтық тітіркендіргіштері арқылы да шынықтыруда жүргізеді:мұнда бейімделу процесі қатты суықтарға да пайда болып организмнің тұрақтылығын (төзімділігін) жоғарылатады. Сонымен, бейімделудің ауысу эффектісі бір бағытты болады. Осы эффектінің механизмі әлі анықталмаған. А.К.Подшибякиннің ұйғарымы бойынша әлсіз суықтық тітіркендіргіштерінің ерекше ақпараттық қасиеті бар. Күнделікті тіршілікте барлық биологиялық объектілерге, оның ішінде адамға да, организм жауап беретін, әр түрлі тіітіркендіргіштер үздіксіз әсер етеді. Қорғаушы компенсаторлық механизмдерді қосу, энергетикалық шығындармен байланысты жүреді де, экономикалық тиімді болмайды.Бірақ осы тітіркендіргіштерге талдау жүргізіп келешекте осыған ұқсас немесе одан да күшті әсерлерге адекватты жауап беру ұшін оны есте қалдыру керек. Осылайша ақпарат механизмдері тиесілі жаттығады- бұл шынығудың ақпараттық формасы деп аталған.

Мүмкін әлсіз тітіркендіргіштің эволюциялық ежелден генетикалық есте қалған, жауап реакция іздерін қалыптастыру қасиеті бар шығар.

Шынығудың классикалық жаңа анықталған принциптері, оның ішінде бейімделудің ауысу құбылысына және де ақпараттық шынығуына т.б. негізделіп, А.К. Подшибякин шынығу негізіне мынандай тапсырмалар қойған:

  1. Полиградациялық принцип,күші бойынша күшті, әсер ету уақыты бойынша қысқа, баяу және орташа салқындарға организмді шынықтыру, яғни температураның кең диапазонды өзгерістеріне организмнің оңтайлы жауап беруіне дайындығын тудыру.

  2. Организмнің жылу өндіру деңгейін регламенттеу принципі – ол тыныш жағдайда минимальді бұлшықеттің жылу өндіруде және де әрқилы қимылдық белсенділікке шынықтырушы процедураларды орындауды қарастырады.

  3. Жалпы және жергілікті шынықтыруды қосарластыру принципі . Осы принцип бойынша дененің бір бөлімінің жергілікті бейімделуі, суыққа немесе ыстыққа организмнің жалпы бейімделгенін көрсетпейді. Организмнің тұрақтылығы физикалық агенттің әсеріне төзімсіз келетін дененің бөлімдері (табан , мойын, бел т.б) мен жалпы дененің шынығуында ғана жетіледі.

  4. Организнің алдында атқарған еңбегін ескеру принципі.

  5. Үзіліс принципі- бір күн ішінде бірнеше шынықтырушы агенттерді қолданғанда шамадан тыс салқындаудың немесе ысып кетудің алдын алу мақсатымен олардың араларында жеткілікті үзілістерді жасау қажет. Келесі процедураларды организмнің температурасы толық қалыптасқанда ғана жасау керек.

Шынықтырушы процедураларын жоспарлау шынықтыру режимінен шығу керек:

  • бастапқы режимі- организмнің ақпараттық функциясын жаттықтыру және одан әрі жетілдіру; бұл режимде термиялық әсерлер химиялық термореттеуді іске қоспай, көбіне физикалық термореттеу жұмысын қосуына бағытталған;

  • неғұрлым оңтайлы физмкалық термореттеуді және аз шамада химиялық термореттеуді жаттықтыру;

  • арнаулы термореттеу режимі физикалық формасын неғұрлым (барынша көп ) жаттықтыру және оның химиялық формасының физикалық белсенділігін жоғарлату

Шынықтырудың бастапқы режимінде ауа ванналары, ауа ағымы, ысқылау, сумен шайыну т.б сияқты индиференті, әлсіз салқындатқыш немесе әлсіз жылыту процедураларын қолдану керек. Оңтайлы режимде шынықтыруда қолданылатын процедуралардың жинағы мен диапазондары кеңейтіледі. Ал арнаулы режим немесе кәсіптік сүңгуірлерде (водолаз) , биікке шығушыларда ( верхолаз) және басқа да кәсіптерге арналған, және де бұл режим қыста суға түсушілерге де арналады.

Шынықтыру заңына сәйкес салқындату процедураларын бұлшықеттің белсенді жұмыс кезеңінде жүргізу керек. Қарқынды бұлшықет жұмысы кезінде күшейген жылу өндіру процесі салқындаудағы жылу шығындарын жабады. Ол тыныш күйіндегіге қарағанда организм үшін ешқандай зиян келтірмеуіне мүмкіндік береді.

Мектепке лейінгі мекемелерде қабылданған шынықтырушы процедуралардың далпы схемасы мынадай:

1.Міндетті жүргізілетін денемәдениет- сауықтандыру сабақтарына («ойын сағатында») және жоспарлы дене шынықтыру сабақтарында күнделікті ауа ванналарын қабылдау;

2.Дене мәдениет сауықтандыру сабақтарын жүргізуде күнделікті жалаң аяқ жүргізу, соңынан аяқты жуу және сумен жаю, содан кейін оларды кептіру;

3. Температурасы біртіндеп төмендетілген сумен аяқтарды шаюға бейімделгеннен кейін, аптасына 3 рет контрасты аяқ ванналарын қабылдау және аптасына 2 рет ( жоспарлы дене мәдениет сабақтары жүргізілген күндерінде) – ыстық сумен ысқылау,соңынан оларды кептіру;

4. Тамақ ішіп болғаннан кейін әрдайым суық сумен ауыз бен тамақты шаю, соңынан тамақ бездеріне (миндалиналарына ) нүктелі массаж жасау;

5. Түскі ұйқыға дейін және одан кейін бетті және мойынды су құбырының суық суымен жуу, сулгімен жеңіл сүртіну , соңынан кептіру;

6. Дене мәдениет –сауықтандыру жұмыстарын жүргізу уақытында қимылды ойындарды немесе эстафеталарды жүргізу кезінде желдеткіштің «жағымсыз режиміне ауа душтарын қолдану;

7. Топтық бөлмелерде әрдайым ауа алмастыру арқылы ырғақты микроклиматты жасау, және де балаларды мезгіл-мезгіл жылыту және салқындату әдістерін қолдану;

8. Ересек балаларда (5-6 жас) мөлшерленген ауа душтарын қолдану әдісі бойынша «желге» төзімділікті тудыру.

Оқушыларға арналған шынықтырушы процедуралар кешені ауа ванналарынан, күн-ауа ванналарынан, ысқылаудан, аяқтарға су құюдан, ашық су қоймаларында шомылудан, серуендеуден, ауадағы ұйқы мен ойындардан тұрады.

Балалардың шынығуына ағымды санитарлық қадағалауды жүргізуде, санитарлық дәрігер интернаттарға және сырқаттанушылық көрсеткіштері жоғары болған мекемелерге ерекше көңіл аударуы керек.

16