Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция каз - 4.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
152.58 Кб
Скачать

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

№2 Гигиена кафедрасы

Дәрістің тақырыбы: «Балалар мен жасөспірімдердің күн тәртібінің физиолого-гигиеналық негіздері. Мектептегі оқу жұмыстарын ұйымдастырудың гигиеналық принциптері.»

Дәріскер: оқытушы Мукашева Г. Б.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәні

«051102- Педиатрия» мамандығы

III – қысқартылған оқу түрі, IV курс

Уақыты (ұзақтығы): 2 сағат

Қарағанды 2005 ж.

Курстың әдістемелік мәжілісінде бекітілді

«______» ______________2005 ж. №____ Хаттама

Курс меңгерушісі _______________ м.ғ.д. Приз В.Н.

Дәрістің оқулық мақсаты: Мектеп жасындағы балалардың күн тәртібіне және тәрбиелік

процестерінің ұйымдастырылуына қойылатын негізгі

талаптарды мазмұндау.

Дәрістің жоспары:

  1. Оқу тәрбиелік процестерді гигиеналық нормалаудың негізгі принциптері.

  2. Бөбек және мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібі, оқу пресінің үйымдастырылуы.

  3. Оқушылар күн тәртібі және оқу процесін үйымдастыру.

Әдебиеттер:

  1. Гигиена детей и подростков. Руководство для санитарных врачей. Под. ред. Академика АМН Сердюковской Г. Н. И проф. А. Г. Сухарева, М. Медицина, 1986г. стр.183

  2. Руководство для врачей школ. Под ред. Г. Н. Сердюковской М. Медицина. 1983 – стр.302

  3. Сердюковская Г. Н. Социальные условия и состояние здоровья школьников. – М. Медицина, 1979 – стр.496

  4. Гигиена детей и подростков. Учебник для студентов мед.институтов. Под ред. В. Н. Кардашенко. М. Медицина,1983-стр438.

  5. Шарманов Т. Ш. «Развитие здравоохранения в Казахстане» А-Ата 1980 – стр.41 – 44.

  6. Сердюковская Г. Н. Гигиенические проблемы охраны здоровья подрастающего поколения. Гигиена и санитария. 1992 ном.4, стр.24 – 28.

  7. Буре В. М. Колесин Н. Д. Анализ влияния социальных факторов на динамику заболеваемости в период экономической нестабильности. Гигиена и санитария. 1999 – ном.2 стр. 62 – 63.

  8. Жасқа сай физиология жєне мектеп гигиенасы. Авторы К.Дуйсембин, З. Алиакбарова

Алматы « Медицина» 2002 ж.

  1. Гигиена детей и подростков. Учебник для студентов медицинских вузов . Под ред.

В.Р. Кучма Москва « Медицина» 2001 г.

1. Оқу тәрбиелік процестерді гигиеналық нормалаудың негізгі принциптері.

Балаларды оқыту-тәрбиелеу принциптерінің негізінде сипаты, құрамы және ұзақтығы жағынан алуан түрлі болып келетін олардың іс-қимыл әрекеттері алынды. Іс-қимылдар өзінің энергетикалық шығыны дәрежесіне және қимыл құрамының сипатына байланысты ой (энергия шығыны 100 ккал/сағ.) және дене (энергия шығыны 100 ккал/сағ. Аспайды) іскерлігі болып шартты түрде екіге бөлінеді. Балалардың әліне, мүмкіншіліктеріне сай дене және ой-іскерлігі, нерв жүйесінің, тілдің анализаторлардың қызметі: ынталандырады, және де қалыпты өсіп дамуына мүмкіндік жасайтын органидзімнің энергетикалық процесстерін жылдамдатады. Бірақ та балалардың белсенділігі шексіз уақытқа созылмайды, бұл жағдай организмнің функционалдық шаршауының салдарынан, әсіресе мидың қыртыс клеткарарының қажуына байланысты, физиологиялық шалдығу жағдайымен алмасады.

Шалдығу әрқилы мерзімдегі жұмыстан соң пайда болады. Бұл жағдай қысқа мержімдегі арнаулық демалыстан қалпына келетін, жүктелген органдар функциясы немесе бүкіл организмнің қабілетін уақытша төмендетеді. Егер де арқилы себептердің артық, жүктеме, толық демалмау, сырқаттың салдарынан қалыптағы функция өз қалпына келмесе, онда организмді патологиялық сипаттағы болдыруға әкеп соқтырады. Жалпы жағдайда шалдығу өздік сезім болып табылатын шаршаумен сипатталады, бұл екі жағдай уақыт шеңберінде арқашанда бір мезгілде келмейді. Егер жұмыс көтеріңкі көңіл-күй зеңінде, қызғалықты жағдайда өтсе, балалар өздерінің шаршағанын өлемейді, ал бірақ боъективті тұрғыдан шалдығудың белгілері біліне бастайды. Ал керісінше қызықсыз, бірсарынды жұмыста әлі физиологиялық функцияның қарқыны төмендемегеніне қарамастан, олар тез шаршайды.

Шалдығуды, жергілікті теория тұрғысынан қолдайтындар, оны оқшауланған, организмдегі өзгерістерге қатыссыз және органдарда болатын процесс деп мәлімдейді.

И.П. Сеченов, Н.Е. Введенский, А.А. Ухтомский, И.П. Павловтар шалдығудың себебін орталық нерв жүйесіндегі өзгерістермен байланыстыра отыра дәлелдеп берді.

Орталық нерв жүйесі – оның жоғарғы бөлігі болып табылатын ми қыртысы адамдар мен жоғарғы сатыдағы жануарлардың бар органдарымен жүйелері жұмысын келістіріп, оларды қоршаған ортамен байланыстырады.

Организмнің жауап реакциясы, қоршаған ортадан және организмнің өзінен келіп түсетін сигналдарды біріктіріп, күрделі талдау процестермен өткізу барысында тығыз байланысты. Ми қыртысының клеткаларына жоғарғы сезім талды, ауқымды функционалдық өзгеріс және тез шалдығу тән қасиеттер, Шалдығу жағдайындағы ми қыртысында орын алатын қорғаныс тежегіші, нерв клеткасының функционалдық жағдайы қатерлі шамадан қорғайтын, қорғаныс реакциясы болып табылады, сонымен қоса баланың жұмыс қабілетін көтеретін зең болып есептелінеді.

Міне, сондықтан да балалар мен жасәспірімдердің оқу-еңбек іскерлігін ұйымдатыруға қойылатын басты гигиеналық талап, олардың шалдығуына жол бермеумен шектелмей, оның бастамасынан алшақтатып, организмді қатерлі шалдығудан қорғап, оның қажу процесіне етуіне кедергі жасау.

Балалардың шалдығуының бастамасы мына белгілермен сипатталады:

  1. Жұмыстың сапасы төмендейді (қателер саны, тапсырманы орындау уақыты ұхарады);

  2. Ішкі тежеу бәсендейді (тиянақсыздық, жиі елеңдеу, ой тұрақтылығының азаюы байқалады);

  3. Физиологиялық функциялардың реттелуі нашарлайды (жүрек соғысы және қимыл тәртібі);

  4. Шаршау сезімінің пайда болуы.

Осы көрсетілген белгілер тұрақсыз, демалғаннан соң тез арада қалпына келіп, ми қыртысы функциясының жұмысын бастапқы қалпына келтіреді.

Бірақ демалу дегенімізді таза қимылсыздық, іссіздік деп түсіну дұрыс емес. И.М. Сеченов өзінің жүргізген тәжірибе жұмыстарына сүйене отырып «Белсенді демалыс» ұғымын кіргізген болатын. Осы ұғым бойынша, шалдыққан органдардың демалысын реттеуші орталық нерв жүйесі арқылы басқа органдар жұмысы зеңінде өткізген тиімді әсер береді. Мұндай демалыстың тиімділігі ми қыртысының басқа беліктерін әсерге алумен және жұмыс істеген бөліктердегі қорғаныс тежеуін тереңдете түсуімен құнды болып табылады. Функциялардың қалыптасуы толық қимылс ыздыққа қарағанда, бұлшық ет жұмысы арқасында тез қалыпқа түседі. Сонымен қоса, организмге келіп түсетін оттегінің мөлшері де үлкен орын алады, себебі ми қыртысы клеткаларна арқашанда оттегі қажеттілігінде болады.

Сондықтан да демалуды таза ауада немесе жақсы желдетілген бөлмеде белсенді қимыл режимінде өткізген дұрыс. Организімнің толық демалуы ұйқы уақытында жүрдеі – Ұйқы ми қыртысының шадыққан бөлімдерінде пайда болып, қыртыстың басқа бөлімдеріне және қыртыс астына тарайтын-терең ішкі тежелу процессі.

Осы кезеңде ми қыртысы сыртқы ортадан келіп түскен тітіркенддіргіштерді қабылдамайды, осының салдарынан, жаңа тежеу процессі артпайды, ал бастапқы тежеуі біртіндеп баяулайды, орталық нерв жүйесінің функционалдық жұмыс қабілеті қалпына келеді.