Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция каз - 4.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
152.58 Кб
Скачать

3 Кесте.

Әр жастағы балалардың ұйықтау уақытының ұзақтығы.

Жастары

Ұйқы сағаты

Өмірнің бірінші айлары

22-20

1-ден 2 жасқа дейін

14-13,5

2-ден 4 жасқа дейін

13,5-13

4 – тен 5 жасқа дейін

13-12

6-дан 7 жасқа дейін

12

8-ден 9 жасқа дейін

11-10,5

10- нан 11 жасқа дейін

10,5-10

11- ден 12 жасқа дейін

10-9,5

13 – тен 14 жасқа дейін

9,5-9

15- тен 17 жасқа дейін

8,5-8

Баланың жасы кіші болған сайын, сыртқы тітіркенддіргінштердің әсерінен олардың орталық нерв жүйесі тез шаршайды, сол себептен ұйқы қажеттілігі арта түседі. (3 кесте)

Қажудың алғашқы белгілері баланың мінез – құлқының өзгеруімен білінеді. Олардың қаблеттілігі төмендейді, тәбеті жойылады, кейбір функционалдық тұрғыдан нервтік – психикалық өзгерістер байқалады.

Қажу кезінде білінетін басты белгілер мыналар:

  1. Ой мен дене жұмысы қаблеттілігінің ұзақ мезгілге күрт төмендеуі.

  2. Нервтік- психикалық ауытқу (ұйқының бұзылуы, қорқыныш сезімнің пайда болуы).

  3. Организмнің вегетативтік қызметінің реттелуінің тұрақты өзгеруі (аритмия, гипертониялық және гипотониялық тұрғыдағы вегетативтік – тамырлық дистония).

  4. Организмнің қолайсыз факторлар мен патогендік микробтарға организмге қарсы тұру дәрежесінің төмендеуі.

Осы аталған өзгерістер қысқа мезгілдегі демалыстан кейін жойылмайды, тіпті ұзақ түнгі ұйқының өзінен соң қалпына келмейді. Бұл жағдайда дәрі-дермектерді және физиотерапевтік амалдарды қолдану арқылы кешенді түрде емдеу қажет. Г.Н. Сперанский, балалар мен жасәспірімдерде болатын патологиялық жағдайлардың басты себебі- «қажу» деп саналады.

Адам организміне физиологиялық процестердің ырғақтық қасиеті тән. Мысалы: сергектік пен ұйқы, жүрек бұлшығының ауыспалы түрдегі жиырылу және босау ырғағы т.б. тамақтану, ұйқы, жұмысқа кірісу мезгілдерінде түзілген күрделі шартты рефлекстер-динакалық, стереотип сипатында қалыптасады. Оның түзілуі уақытты үнемдеп, дұрыс қолдануды, жұмысқа тез кірісіп, нәтижелі орындауды және парасатты тиімді деп алуды қамтамасыз етеді.

Стереотип – дегеніміз организм мен орта арасында түзілген тепе-теңдік шартты және шартсыз рефлекстердің уақыт бойынша арнаулы тәртіппен орындалуы қалыптасқан рефлекстердің арқасында, балалардың организмі әр сәтте болатын іске дайыдн болып, сәтті қабылдайды, уақытты іскерлікттің барлық түрлеріне, демалысына белу-күн тәртібі деп аталады, бұл балалардың - өмірдіндегі міндетті заң болып табылады.

2. Бөбек және мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібі.

Бөбек жастағы балалардың күн тәртібіндегі басты құрамалар: ұйқы-тамақтану-сергектік – ұйқы. Алғашқы айлық жастағы балалар тамақтандыру мезгілінде тез тамақтанудан іс-қимылға ауысады да, күн тәртібінің сәтерінің алмасуы мына түрде болады:

Ұйқы-сергектік-тамақтану – сергектік – ұйқы. Сергектік уақыт бастапқы мезгілдерде тәрбиенің басқаруымен орындалатын күрделі іс-қимыл ойындармен толықтырылады. БҰл ойындар баланың психикалық, тіл, қимылдың жағдайлары дамыту мақсатында, өздерін күтудің қарапайым амалдарын үйрету болып табылады.

Сергектік уақыты ұзарған сайын, ұйқының ұзақтығы қысқарып отырады: (бірінші 3 айдағы 22-20 сағаттан 1-3 жастан 13-14 сағатқа дейін). Сонымен қоса тамақтану саны да қысқарады: (3-3,5 айлардағы бөбектерге тәулікте 6 мәрте болса, 1 жастан 4 мәртеге жетеді)

Балаларды бөбектер бақшасында боған мезгілде олардың күн тәртібі әр бір 3-4 айда өзгеріп тұрады.

Мысалы: 1,5 жасқа дейінгі бөьектерге тәулігіне 2 мәрте күндізгі ұйқы, ал 1,5 жастан соң ұзақтығы 2,5-3 сағаттық 1 мәртелік күндізгі ұйқы ұйымдастырылады.

1,5 жастан бастап 10-11 дейін жалпы дамыту сабақтары жүргізіле бастайды, оның ішінде 4-уі тілді дамыту және қоршаған әлеммен таныстыру, 3-уі дидактикалық ойындар, 2-уі қимылды дамыту, және де 2-уі ән-күй сабақтары. Күнделікті түске дейін және түстен кейін ұзақтығы 8-10 мин. 2 сабақ жүргізіледі. Бөбектер бақшасындағы балалардың дербес іскерлігін ынталандыру мақсатында, алуан-түрлі көрнекті ойыншықтардың болуы міндетті.

Егер күн тәртібі дұрыс, тиімді қойылып денсаулығында ауытқуы бар балаларға арнайы тәртіппен жүргізілсе, онда балалар әрқашанда белсенді, қимылды және арқилы ойындармен шұғылданады. Мінез-құлықтағы өзгерістер, сыебепсіз жиі жылау, тамақ ішпеуі, ерегізсуі және уақытында тез ұйықтамауы, осы балаларға арналған күн тәртібінің олардың жасына, орталық нерв жүйесінің функционалдық мүмкіншіліктеріне сәйкес келмеуін көрсетеді және осы күн тәртібін өзгертіп қайта қарауды талап етеді.

Мектеп жасына дейінгі балалар өздерінің іс-қимылға деген құштарлығымен ерекшеленеді, оларға қимылдық белсенділік, тілді жетілдіру, ой әсерін кеңейту және күрделі қимыл дағдыларын меңгеру тән қасиет болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу процессі бас жастың топқа арналған күн тәртібі негізінде құралады. Оның құрылымы күн тәртәбә сәттерінің кезектігі және ауысуы. Оның құрылымы күн тәртібі сәттерінің кезектігі және ауысуы бар жастық топтарға ыңғайлы ұйымдастырылуы керек.

Олардың негізгі айырмашылықтары осы сәттердің ұзақтығында. Мысалы: жас ұлғайған сайын сабаққа бөлінетін уақыт ұзарып күндізгі ұйқы, тамақтану, сабаққа және сереундеуге арналған уақыттары қысқарады. Балдырғандардың күн тәртібінде 10 сағат түнгі ұйқыға бөліндеі, ал уақыттың тәуліктің таралуы олардың жасына байланысты ұзақтығы әр қилы 6 сәттен тұрады.