Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
режим работы каз.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
180.22 Кб
Скачать

6.3. Фармация өндірісі жұмысшыларының денсаулық жағдайын және дәріхана қызметкерлерінің жеке бас гигиенасы.

Жеке бас гигиенасын сақтау әр дәріхана қызметкерлерінің міндетті және үйреншікті тәртібі болып табылады. Жеке бас гигиенасы сақталмаған жағдайда дәріхана ішілік инфекциялар өршіп, дәріханалардың ластануын тудырады.

Дәріхана қызметкерлеріне арналған санитарлық киімнің құрамында аяқ киім (халат, бас киім және т.б.) беріледі. Санитарлық киімді ауыстыру жиілігі аптасына 2 рет, қол сүртетін орамал күнделікті ауыстырылып отырады.

Антисептикалық блокта жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған санитарлық киімдер стерильді болуы қажет және стерильді бикстерде сақталады.

Дәріхана қызметкерлері арнайы киіммен жүреді, эжетханаға немесе сыртқа шығарында арнайы киімді шешіп кетіп, келген соң «персоналдың қолын өңдеу» инструкциясы бойынша қолын жуып, киімін киеді, шашын бас киімнің астына жинайды.

Тері жамылғысын, әсіресе тырнақ асты кеңістігін таза ұстаудың жеке бас гигиенасын сақтаудағы маңызы өте зор.

Асептикалық жағдайда жұмыс істейтіндер арнайы жабық халат, тығыз киілетін арнайы бас киім, стерильді таңғыш пен аяқ киім киюі қажет. Ал киімді асептикалық блок алдындағы шлюзға ауыстырып киеді.

Асептикалық жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлерді және қабылдау, оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Асептикалық блокта жұмыс істейтін қызметкерлер арнайы білімі мен тәжірибесінен басқа, гигиена және микробиологиялы негіздері бойынша білімді болып, барлық санитарлық талаптар мен ережелерді жауапкершілікпен оырндайтын, еңбек процесі кезінде болатын қолайсыз жағдайларға (қолды өңдеу жиілігіне, киім ауыстыру, оны кию тәртібіне, ауа өткізетін таңғыш тағуға, қолына резеңке қолғап киуге)дайын болуы қажет.

Жұмыстың соңында қолды жылы сумен жуып, теріні жұмсартатын ерітінділермен қолды өңдейді (бірдей көлемдегі глицерин, спирт, 10% аммиак ернітіндісі және су), бұл ерітіндіні қолданар алдында жақсылап шайқау қажет.

Асептикалық блок қызметкерлерінің арнайы киімдері 120 0С – та 45 минут бойы стерильдейді, стерильденген киім үлгісі бикстерде 3 күн ғана сақталады.

Персоналға арналған аяқ киім шлюзда дезинфекцияланып, жабық шкафтарда сақталады.

Дезинфекциялау әдісі: аяқ киімді сыртынан хлораминнің 1 % ерітіндісімен немесе 0,5 % жуғыш зат қосылған 0,75 % хлорамин ерітіндісімен жүргізеді. Кейбір жағдайларға аяқ киім тұрған пакеттің ішіне 40 % формальдегидті мақтаға сіңіріп тастайды.

Асептикалық блоктағы қызметкерлердің еңбек тәртібі дәріхана ұйымдарының санитарлық тәртібі бойынша инструкцияда көрсетілген (№ 30 – 21.10.1997 ж) бойынша жүргізіледі.

Өндірістік бөлмелерде қызмет ететін жұмысшылар үшін еңбек тәртібінің бекітілген инструкциясы ілініп тұрады. Жеке бас гигиенаның тәртібін сақтау, өндірістік бөлмелерге, жай келушілерге де қатысты.

Дәріхана қызметкерлерінің денсаулық жағдайы.

Дәріхана қызметкерлерінің еңбек гигиенасын зерттегенде еңбектің санитарлық гигиеналық жағдайы мен кәсіптік ерекшеліктері, қызметкерлердің денсаулық жағдайы мен байланысы өте зор екендігі анықталды.

Сырқаттанушылықтың құрылымында тыныс алу мүшелерінің, орталық нерв жүйесі, аллергиялық, иіс сезу мүшелерінің, гипертониялық ауру, әйелдердің жыныс мүшесінің ауруларыныңсаны жоғары болды.Осы сырқаттардың созылмалы түрі өте жиі кездеседі. Аллергиялық зақымдалудың ішінде дәріге аллергия жақсы дамыған.

Әр өндірістік бөлімнің еңбек бойынша әсер ету факторлары әр түрлі, осыған қарай денсаулығына тигізер әсері де бірдей болмайды. Сату залындағы (фармацевт, кассир) қызметкерлер арасында суық тию, яғни бактериалды табиғаты бар сырқаттар тән. Оның себебі, дәрігерлік заттардың әсерінен гөрі, тез өзгергіш микроклиматпен байланыстырылады. Сату залындағы, қызметкерлер ангина, жедел респираторлық инфекция, грипп, ревмотизм, тамырдың варикоздық созылуы сырқаттарымен жиі ауырады.

Дәріхананың дәрі дайындауымен айналысатын (провизор технолог, провизор аналитик, ораушы) қызметкерлерге үлкен эмоциалық жүктеме, кезеңінде химиялық құрамын өте күрделі дәрілердің шаңы әсер етеді. Жоғарыда көрсетілген бөлімдердегі еңбек көбінесе қолмен және көру анализаторларына жүктемені көп түсіреді.

Бұл топтарда кездесетін сырқаттар құрамында аллергиялық аурулар, гипертониялық ауру және орталық нерв жүйесінің зақымдалуы (невростения, невроздар) көп болады.

Әкімшілік – шаруашылық бөлімінде қызметкерлерге өндірістік факторлар өте аз әсер етеді. Оларға негізінен дәріханада жүргізілетін жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуына беретін жауапкершілігі жоғары болады. Бұл ұжымдарда ЖҚТ жүйесінің, сырқаттары жүректің ишемиялық ауруы, гипертония, невростения тәуелді болып келеді.

Дәрі дайындаумен айналысатын дәріхана жұмысшылары жұмысқа түсер алдында және жұмыс арасында кезекті медициналық тексерістен өтуі қажет. Дәріханаларға жұмысқа қабылдау алдындағы медициналық тексеріс нәтижесіне қатты назар аударылады, яғни жұмысқа қабылдауға қатаң тыйым салынатын сырқаттар: туберкулездің белсенді түрі, бронхиалды астма, ЖҚТ – жүйесінің органикалық ауруы, II дәрежелі гипертония, геморрагиялық диатездер, аллергиялық ауру (дәрімен байланысты), 0,6 коррекциясымен көру өткірлігі төмен (көз түбінің анамолиясы, астигматизм 2,0 – 5 жоғары), эндокринді жүйе аурулары.

Өндірістік ортаның зиянды әсерінің алдын алу шаралары.

  1. Технологиялық шаралар:

  • сұйықтықтарды үлкен ыдыстан кішкентай бөтелкелерг.е құю, сүзу, себу, сүрту сияқты жұмыстарды кіші механизациялау.

  • Қатты дәрілік заттарды езу кезінде ұрғыштың орнына әр түрлі конструкциясы бар кішігірім аппараттарды қолдану (Исламгулов диірмені) және т.б.

  • өндіріс бөлмелерінің ұтымды орналасуы жұмыс орнының ыңғайлылығын қамтамасыз ету.

  • Дәріхана қызметкерлері және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі және техника қауіпсіздігі инструкциясын өткізу.

  • Шу шығаратын құралдарды оқшаулау, шуды жұтатын материалдарды пайдалану.

  1. Санитарлық – техникалық: желдету, жарықтандыру, су көздерін гигиеналық бағалау.

  2. Санитарлық – гигиеналық және емдік – профилактикалық, ұйымдасытру шаралары:

  • кезекті медицианлық тексеріс

  • ұтымды еңбек және дем алыс уақытын ұзарту

  • тағамды витаминдеу т.б.