Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
режим работы каз.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
180.22 Кб
Скачать

6.2.Дәріхана ұйымдарындағы өндірістік орта туралы түсінік.

Дәріхана қызметкерлері қолайсыз микроклимат жағдайының, қоршаған орта факторлары, үлкен нервтік – психикалық белсенділіктегі интенсивтілігі аз еңбектің әсеріне ұшырайды. Дәріхана қызметкерлерінің жұмысы орташа ауыртпалықтан аспайды, дегенмен көзге түсетін ауыртпалық, стереотипті емес жағдайларды шешудегі нервтік – эмоционалдық жүктеме (дәрілерді жеке рецепт бойынша дайындау, дайындалатын дәрі үшін үлкен моралдық жауапкершілік, науқас адамдармен қатынас және т.б.) бұл кәсіпке үлкен көңіл аударуды қажет етеді.

Дәріханалардың еңбек жағдайын бағалау үшін жүргізілген гигиеналық зерттеулер нәтижелері бойынша микроклимат, емдік заттардың шаңы, улы газдар мен булар, шу, микробты фактор сияқты өндірістік зияндылықтар факторлардың бар екендігі анықталады.

Дәрі дайындаудағы ең қолайсыз фактор дайындау кезіндегі дәрілік заттардың әсекрі болып табылады. Технологиялық проценттің санитарлық – гигиеналық тәртібі және жеке бас гигиенасын сақталмаған жағдайларда ауада пайда болған дәрі шаңы және аэрозоль түрінде өкпе, тері және шырышты қабаттары жұмысшының организміне түседі.

Санитарлық тәртіп бұзылған дәріханаларда, әсіресе ассистентік бөлме және қоймаларда сульфаниламидті препараттардың, димедролдың, антипиретиктердің, панкреотин, витаминнің шаңыанықталған, ал майларды дайындайтын бөлмелерде – тальк және цинк тотығының шаңы байқалады.

Жұмысшыларға дәрілердің әсер етуін спецификалық әсер деп ерекше көңіл аудару қажет. Бұл тек қана дәріханалар мен фармацевтік өндірістерге ғана тән. Құрамында биологиялық және физикалық белсенді заттары бар дәрілік шаң бөлінетін технологиялық процестер ерекше қолайсыз процент болып саналады. Мұнымен оның ерекше өзіне тән сипаты көрсетіледі.

Шаңның организге әсері оның дисперстілігіне байланысты екендігі бәрімізге белгілі. Осыған орай, дәрілік заттардың дисперстілігі өте ұсақ болып табылатындығын айта кеткен жөн. Дәрілік шаңның 90 – 98 % пайызынан көбі 5 мкм көлемдегі шаң түйіршіктерінен тұрады. Яғни, барлық дәрілік аэрозольдар ауада жоғары тұрақтылықта болып және өкпеге терең өте алады.

Дәрі аэрозольдары теріге, шырышты қабатқа, дем алу жүйесіне қонып, улы, тітіркендіргіш, аллергия және тағы басқа да қолайсыз арнайы әсер береді. Кейбір жағдайларда бір ғана дәрілік заттың шаңы улы, тітіркендіргіш, аллергиялық әсер беруі мүмкін. Мысалы, кең спектрлі әсер ететін антибиотиктер осындай қасиеттерге ие болып, дисбактериоз тудырады.

Фармация өндірісінде дәрілік заттардың шаңымен ұзақ уақыт қатынасқа түсетіндер провизор – технолог, фармацевтер, бөлушілер, провизор – аналитиктер болып табылады. Сонымен қатар, қоймаларда және ассистент бөлмесінде болатын шаңның концентрациясы өте жоғары болады.

Никотин қышқылы, салицил қышқылы және оның тұздары, барбамилді орау кезінде пайда болады. Шаң жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабатын тітіркендіреді.

Эфир, хлороформ, камфора, формалин, нашатыр тамшысы, йод, аммиак ерітінділерін дайындау кезінде қоршаған орта ауасына улы заттардың буы немесе газ түрінде ауаға түсуі байқалады, кейбір жағдайларда олардың шектеліп рұқсат етілген концентрациясынан жоғарылап кетеді.

Дистиляторлық – стерилизациялық, сату залында санитарлық тәртіптің бұзылуы (пештің ұзақ уақыт қосылуы, ыдысты жуу процесінің созылуы, ыдыстың ауалық ыстықпен кептіру және т.б.) дәріхананың микроклимат жағдайларының төмендеуіне әкеледі.

Ылғалдылықтың жоғарылауы және ауа температурасының жоғарылауы адам организміне келесі түрде қолайсыз әсер етеді:

  1. жылу реттелунің бұзылуы

  2. тер арқылы ыстықтың берілуі төмендейді

Жуу бөлмесінде желдету жүйесінің тиімсіз жұмысы байқалған жағдайда, терезе, есік, желдеткіштер, фрамугаларды ашу арқылы бөлме желдетіледі. Мұндай жағдайлар жұмысшылардың арасында суық тию, созылмалы аурулардың қозуына әкеледі.

Ендігі бір өндірістік зиянды факторлардың бірі болып шу есепке алынады. Шудың оңтайсыз әсері есту анализаторының ерекше патологиясы түрінде байқалады. Шудың әсерінен организмде шаршау пайда болады, еңбектің өнімділігі, жұмыс қабілеттілік төмендейді, көру өткірлігі нашарлайды, психикалық реакция жауабы тежеледі.

Дәріханада анықталатын шу сыртқы және ішкі болады. Аэропорттарға 3 – 8 км қашықтықта орналасқан дәріханалардағышу деңгейі 70 – 85 дб, ал 15 км қашықтықта 60 дб – ға дейін жетеді.

Дәріхана ішіндегі шуды желдету қондырғылары, су және канализациялық жабдықтар, электроваккумды насостар, мотрлы қондырғылар мен жуу машиналары тудырады. Жоғарыда айтылған құралдар 40 – 49 дб деңгейде шу береді.

Дәріханалардың өндірістік топтарындағы жұмыс көбіне жекеленген мүшелерге ауырпалық түсірумен байланысты. Әсіресе көру мүшесінің ауыртпалығы өте ерекше байқалады, себебі дәріхана қызметкерлері (кішкентай объектілерді анықтау, дәрілік шикі заттың және дайын дәрілік өнімнің түсін, микстураның майлылығын, қосындылардың бірегейлігін анықтаумен, рецепттер мен жапсырмаларды оқумен байланысты) кең көлемдегі технологиялық операциялар орындайды. Сондықтан дәріхананың өндірістік бөлмелерін гигиеналық нормативтердің талабына сай жарықтандыру қажет.

Жарықтандыру жеткіліксіз болған жағдайларда дәріхана қызметкерлерінің арасында көру мүшесінің тітіркенуі анықталады. Мұндай жағдайларда адам ашуланшақ болып, қозғалыс координациясы бұзылады, жақыннан көру төмендейді. Әсіресе ол провизор – аналитик, аналитик – технолог, фармацевт. Жақыннан көрудің төмендеуі бөлменің жарығы жеткіліксіз болған жағдайда затты көзге қатты жақындатып қараудан пайда болады. Көздің бұлшықеттері тартылып, соның салдарынан көзішілік қысым жоғарылайды, көз алмасы деформацияланады да, артқы орта бағытта созылады. Жарығы жоғары жақтан жарығы аз затқа көзді аударғанда немесе керісінше болған жағдайда беткі жарыққа көз бейімделеді.

Ал әр деңгейдегі жарыққа көзді аудура берген жағдайда, олардың шаршауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайлар көбіне фармацевтер мен провизор – аналитик, технологтардың ерітінді ішіндегі қалқындыларды қарау, аналитикалық таразыда өлшеу, пипетканың өлшемдерін есептеу, өткір жарықпен қамтамасыздандырылған бюреткалық ұршықтан басқа заттарға көзін аудару жағдайларында пайда болады. Бұл уақыт өте келе астенопия – көздің тез арада шаршауына әкеліп соғады. Мұндай жағдай көз аймағындағы ауырсыну, көру өткірлігінің төмендеуі, жалпы әлсіздік және бас ауруға әкеледі. Осыған орай, дәріханада орындалатын жұмыстың сипатын және көзге ауыртпалық түсірмей – ақ бөлшектерді анықтау жағдайын қамтамасыздандыратын жасанды және табиғи жарықтандыру жүйесі жүзеге асырылуы қажет, соның ішінде жарықтың бірегейлі тарылуының маңызы зор.

Дәріхана бөлмелерін жарықтандыруға қойылатын талаптардың қатаң орындалуы дәріхана қызметінің денсаулығын қорғау және еңбек өнімділігін арттырудағы маңызы өте зор.

Дәріхана қызметкерлері технологиялық процестерді орындауда денесін ұстауда ыңғайсыздыққа ұшырайды, аяғынан тік тұрып фармацевттер, санитарка – жуушылар болса, дәрі дайындаумен айналысатын жұмысшының еңбек позасы – бір орында отыру.

Аяғынан тік тұрып жұмыс істейтін қызметкерлер жалпақ табандылыққа ұшырайды да, аяқ ауырады, ісінеді, аяқ бұлшықеті тез шаршайды, балтыр бұлшықеті тартылады, ал ұзақ уақыт еңбек етушілерде көк тамырдың варикоздың созылуы, тромбофлебит дамиды.

Ал ұзақ уақыт бір орында отырып омыртқа жотасының қисаюы, құрсақіші қысымның жоғарылауы, іш құрсағы мен тік ішек көп тамырының бойында қанның жиналуы, ішектердің функциясының бұзылуы (атония мен іш қату) және геморройға әкеліп соғады. Қолдың және саусақ бұлшықеттерінің жекелеген топтарына күш түсетін, аз қозғалысты талап ететін және бір текті жұмысты орындау (өлшеу, ұнтақтарды орау, бюретка мен пипеткада сұйықтықтарды өлшеп алу).

Миозитке – кейбір жағдайларда – координаторының невроздарға соқтырады.

Өндірістік зияндылықтар денсаулық жағдайының төмендеуімен өлім, жедел сырқаттар, жарақаттанулардың себебі болып табылатын еңбек процесі мен ортасы болып табылады. Организмге өндірістік фактордың әсерінен пайда болатын сырқаттар кәсіптік аурулар деп аталады.

Мұндай аурулардың қатарына діріл ауруы, сәуле ауруы, пневмокониоздарды (шаңның әсерінен пайда болатын өкпе ауруы) және т.б. жатқызуға болады. Бұл аурулардың кейбіреуінің ағымы өте ауыр өтіп, өмірлік маңызды функцияларды бұзып, мүгедектікке әкелуі мүмкін.

Ұзақ уақыт өндірістік факторлардың әсерінен жұмыс қабілетінің төмендеуі, инфекцияларға қабылдаушылық жоғарылайды, қоршаған орта факторларының әсеріне қарсы тұруы төмендейді, созылмалы ауру өршиді. Жетілдірілген әдістер арқылы зерттеген кезде жұмыстың тұқымына және күнделікті жұмыс уақытында (аптасына 40 сағаттан аспайтын), барлық еңбек еткен жылдарымен қоса жұмысшының денсаулығында ауытқулар немесе сырқаттанушылық тудырмайтындай зиянды өндірістік факторлардың деңгейіне (еңбек жағдайының гигиеналық нормативтері – шектеліп рұқсат етілген концентрация, шектеліп рұқсат етілген деңгей) бекітіледі. Еңбек жағдайының қауіпсіздігі түсінігіне жұмысшының денсаулығына зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың болмауы немесе болған жағдайдың өзінде гигиеналық нормативтердің бекітілген деңгейінен аспайтын еңбек жағдайы кіреді. Жұмысшыларға әсер тететін өндірістік фактордың гигиеналық нормативтерден ауытқу деңгейіне байланысты еңбек жағдайы 4 класқа бөлінеді:

1 класс – оңтайлы еңбек жағдайы.

2 класс – организмде функционалдық ауытқулар тудыратын, бірақ регламенттелген дем алыс уақытынан кейін жұмысшының организмі қалпына келе алатын еңбек жағдайы.

3 класс – гигиеналық нормадан жоғары зиянды өндірістік факторлармен сипатталатын зиянды еңбек жағдайы. Мұндай жағдайлар жұмысшының өзіне және оның тұқымына қолайсыз әсер етеді.

4 класс – ауыр формадағы жедел кәсіптік зақымданулар, барлық жұмыс уақытында өміріне қатер тудыратын өндірістік факторлармен сипатталатын қатерлі (экстремалды) еңбек жағдайы.

Шаң. Фармация өндірісінде дәрілік заттардың шаңының әсері дәрілік заттарды дайындау және аяқтау кезеңдерінде жоғары болады. Ауада шаңның пайда болуына дәрілік заттарды езу, бөлу, себу, тасу, түсіру және өндірістік шикізаттың, синтетикалық заттардың компонеттерін езу әсер етеді. Бұл кезеңдерде ауадағы шаңның көлемі рұқсат етілген деңгейден 3 – 5 есе асуы мүмкін.

Дәрілік заттарды алудың аяқтау кезеңінде пайда болатын шаң көбіне дайын дәрілік заттарды таблеткалау, дражелау, кептіру, езу, себу және бөлу, орау әсер етеді. Осы кезде пайда болған дәрілік шаңның әсерін өндірістік фактор ретінде қарап, өндірістік улы заттардың әсері деп есепке алынуы қажет. Дәрілік заттарды дайындау және дайындық кезеңнің аяқталу процесінде пайда болатын шаңның көлемі нормадан 5 есе асып түседі. Соның ішінде қолмен бөлу кезінде жұмысшының тыныс алу аймағында пайда болатын шаңның концентрациясы 100 мг/м3 – тан асады. Шаңның организміне әсері және оның биологиялық организмге ұшырау деңгейі оның дисперстілігне байланысты анықталады. Дәрілік шаңдардың 85 – 98 пайызы 5 мкм көлемінде болады (1 кесте). Ол тыныс алу жолдары мен ас қорыту жүйелеріне еш кедергісіз енуіне мүмкіндік береді.

Өндірістік микроклимат. Химиялық фармация өндірісінде өндірістік бөлменің микроклиматы 2.2.4.548-96 СЕменН - мен бекітілген талабына сай болуы қажет. Кейбір зерттеулердің нәтижесінде қосылып тұрған аппараттың жылу қорғанышы жеткіліксіз болған жағдайда жұмысшыларға химиялық факторлармен қоса жоғары температура әсер етуі мүмкін. Өндірістік бөлмелердің ішінде жоғары температура кептіру бөлімдерінде, көп жылу бөлу арқылы жұмыс істейтін аппараттардың бөлмесінде және (кристаллизатор, ерітінділер, гидролиздер) жоғары температурамен қатысы бар процестерді жүргізген кезде пайда болады. Жылдың жаз мезгілдерінде бөлме температуралары 40 – 60 % ылғалдылықта 34 – 38 0С – қа дейін жетеді.

Осының салдарынан, фармацияның өндірісінде өндірістік бөлмелердің жылулық микроклиматы химиялық факторлардың әсерін одан сайын қоздыратын қосымша фактор болып табылады. Дәрілік заттарды дайындауда қолданылатын барлық технологиялық аппаратттар өндірістік шу көзі болып табылады. Оларға: компрессор, вакумм – сүзгіштер, барабанды сүзгіштер, центрифугалар, езгіштер, виброелектер, вакумм – насостаржәне т.б. кіреді. Кейбір жағдайларды шудың деңгейі рұқсат етілген деңгейден асып түседі, ал центрифугага рұқсат етілген шу деңгейі 5 дб, вакумм – насос – 5 – 6 дб, компессор – 14 – 17 дб құрайды. Шудың ең қайнар көзі болып машиналы бөлім табылады, олардың құрайтын шу деңгейі 20 – 25 дб – ді құрайды. Өндірістік шу басқа факторлармен қосылып өндірістік зиянды әсерін жоғарылатады.