Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
режим работы каз.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
180.22 Кб
Скачать

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Мамандық: 051105 «Фармация»

№1 гигиена (жалпы гигиена) кафедрасы

Студенттерге арналған

әдістемелік нұсқау

Тақырып: Дәріхана жұмыскерлердің еңбек жағдайын гигиеналық бағалау және дәріхананың жұмыс тәртібі.

Курс:1

Қарағанды 2006ж

Кафедра отырысында талқыланды

Хаттама №____ «__» ________ 2006ж

Кафедра меңгерушісімен

Бекітілген, м.ғ.к._________________________________М.Г. Калишев

1.Тақырып:Дәріхана жұмыскерлердің еңбек жағдайын гигиеналық бағалау және дәріхананың жұмыс тәртібі.

2.Оқу сағатының саны: 90 мин

3.Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі): еңбек адамның қоғамдық дамуының қалыптасуының және құнды зааттарды тудыруының негізі болып табылады. Ұтымды ұйымдастырылған еңбек адамның дене дамуын, интелектісін жетілдіреді.

Еңбек заңды актілермен регламенттеледі, яғни Қазақстанда еңбекке құқық Қазақстан Республикасы конституциясы және еңбек туралы заңмен регламенттеледі.

Қандай жұмыстың түрі болса да мүшелер мен жүйелердің фукционалдық жағдайын өзгеріске ұшыратады. Сондықтан еңбек контактісіне қол қояр алдында, жұмысшы еңбек жағдайыжәне еңбекті қорғау, денсаулығына тигізер зияндылықтар, өндірістік факторлардан қорғайтын бекітілген зиянды шараларды әкімшілік тарапынан ақпаратталады. Жұмысшылардың денсаулық жағдайына еңбектің берер қатерін төмендету үшін гигиеналық нормалар мен заңды құжаттарды өңдеу гигиенаның алдына үлкен міндет қояды.

4.Сабақтың мақсаты: еңбек процесі мен өндірістік орта жағдайының организмге әсерін зерттеу және жоғарғы еңбекке қабілеттілік пен жұмысшының денсаулығын қорғауға бағытталған емдік – профилактикалық және гигиеналық шараларды өңдеу әдістемесін үйрету.

Студент білу керек:

  • өндірістік зияндылықтар мен кәсіптік аурулар;

  • алдын алу шараларын;

Студент істей алу керек:

  • дәріхана қызметкерлерінің еңбек жағдайын бағалауды;

  • әр кәсіп түріне санитарлық сипаттама беруді;

  • мөлшерленген тапсырма беру арқылы орталық жүйке жүйесінің жұмыс қабілетін бағалау.

5.Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:

Негізгі білім бойынша:

  1. Өндірістік улар туралы түсінік. Өндірістік улардың қауіптілік кластары.

  2. Улы заттармен улану, себептері. Улы заттардың организмге түсу жолдары.

  3. Улы заттардың әсерінің химиялық құрамына, физико – химиялық қасиетіне, экспозициясына, концентрациясына және басқа факторларға тәуелділігі.

  4. Улардың жергілікті және жалпы әсері. Улардың организмдегі кумуляциясы (жинақталуы). Организмнен уларды шығару жолдары.

  5. Улы заттардың әсерінен пайда болатын аурулар (сынап, қорғасын және т.б.).

Осы сабақтың тақырыбы бойынша:

  1. Жұмысшының денсаулығын бұзатын қатерлі факторлар және еңбек жағдайы.

  2. Дәріханалық ұйымдардағы өндірістік орта туралы түсінік. Өндірістік зияндылықтар мен дәріхана қызметкерлерінің арасындағы кәсіптік аурулар.

  3. Фармацевтика өндірісіндегі жұмысшының денсаулық жағдайы және дәріхана қызметкерлерінің жеке бас гигиенасы.

  4. Сауықтандыру және алдын алу шаралары.

6. Ақпаратты-дидактикалық блок.

6.1. Жұмысшының денсаулығын бұзатын қатерлі факторлар және еңбек жағдайы.

Дене және ой еңбегі кезінде орталықтардың тепе – теңдікке келтіретін нерв клеткаларының қоздыру процесінің деңгейі жоғарылайды, көру, есту және басқа да анализаторлардың функционалдық жағдайы өзгереді. Бір мезгілде тежелу процестері тереңдетіледі, салық салдарынан қозу және тежелу арасында тепе – теңдік бекітіледі. Жеңіл жұмыс барысында мұндай жағдай тәулік бойына сақталады. Ауыр жұмыс кезінде белгілі бір уақыт өткеннен кейін тежелудің қорғаныштық процестері басым бола бастайды. Бұл кездерде шартты және шартсыз рефлекстердің әлсізденуі байқалады.

Орталық жүйке жүйесіне түсетін нерв импульстарының әсерінен бұлшықеттердің жиырылуына әкелетін биохимиялық және биофизикалық процестер өтеді. Бұлшықет қызметінің процесі барысында мүшелер мен жүйелердің функционалдық өзгерістері байқалады.

Жұмыс аяқталғаннан соң жоғарыда айтылған өзгерістер қалпына келе бастайды. Жұмыс аяқталған мезгіл мен организмнің қалпына келу уақыты арасын қалпына келу уақыты деп аталады.

Шаршау. Жұмысты орындау барысында жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі басталады, ол субъективті қажу болып саналады да, ал объективті шаршау болады. Шаршау кезінде көңіл – күй, жүрек соғысы, қозғалыс координациясы бұзылады. Кейбір жағдайларда жүрек соғады, дем алу қиындайды, бұлшықеттері ауырады. Шаршау өндірістік және тұрмыс жағдайында жарақат алудың жоғарылауына әсер етеді. Қозғалыс координациясының бұзылуы өнімнің сапасының төмендеуіне, санасыз заттың шығарылуына әсерін тигізеді. Шаршау дегеніміз – ол физиологиялық қайтымды ?????? Шаршаудың негізінде бас ми қыртысы ортасының афференті клеткаларының жұмыс қабілеттілігі төмендеу жатыр. Яғни, шаршаған кезде жұмыс жасайтын бұлшықеттер мен ішкі мүшелерден (нерв ортасына түсетін) жиі және ұзақ импульстардың салдарынан шаршау басталады.

Ақыл - ой еңбегін атқарған адамның шаршауы ауыр еңбек еткен адамның шаршауымен тең болады. Ақыл – ой еңбегінің ерекшелігі оның творчествоның сипатында, өз ойын іске асырып, оны қарай дамыту жаңадан жаңалықтар ашудан тұрады. Ондай еңбек кезінде бас ми қыртысының маңдай бөлімдеріне әжептәуір жүктеме түседі. Бір жақты ғана ауырпалық нерв клеткаларының функционалдық ????? әкеледі де, организмнің қорғаныштық тежелуі дамиды (қозғалыс реакцияларының жылдамдығы, ұйқышылдық және т.б.). Сонымен қатар, қан тамырларының тонусы өзгереді, әсіресе жүрек және ми қыртысының, зат алмасу пайызы жоғарылайды және т.б. Өте ұзақ уақыт әсер ететін ақыл – ой еңбегі физикалық жұмысқа кететін энергия шығынын қажет ете қоймады. Дегенмен, интелектуалды жұмыстан кейін шаршау физикалоық жұмысқа қарағанда тез басталады, ал интенсивті ақыл – ой жұмысы шаршау мен қажудың пайда болуы тез әсер етеді.

Шаршау процесінің дамуына ұзақ және интенсивті ақыл – ой еңбегі немесе монотонды, эмоциялық ауырпалық, технологиялық процестердің механизациялану және автаматтандыру деңгейі, қолайсыз микроклимат, шу, ұтымсыз еңбек және дем алу уақыты бар физикалық еңбек әсер етеді.

Қажу – жұмыс қабілетінің тұрақты төмендеуімен сипатталатын патологиялық жағдай ретінде қарастырылады. Көбіне қажу тұрақты шаршаудың зеңінде пайда болады, яғни күнделікті организмнің жұмыс қабілетінің қалпына келе алмауы. Қажу жағдайындағы адамдардыа есте сақтау қабілеті және назар аударуы, ұйқының бұзылуы, тәбеттің және қоршаған орта факторларына организмнің қарсы тұру функциясының төмендеуі байқалады.

Қажуды жою үшін ұзақ уақыт дем алу қажет, кейбір жағдайлар емді қажет етеді.

Оңтайлы эмоциялар жұмыс қабілетінің жоғарылауына едәуір әсер етеді. Еңбек жағдайында жұмысшы өндірістік ортаның әртүрлі факторларының әсеріне физикалық және химиялық табиғаты бар ұшырайды. Мұндай факторлар, егер алдын алу шараларының жүруі дұрыс болмаса, жұмысшының жұмыс қабілетіне, денсуалығына кері әчерін тигізеді. Ал мұндай факторларды өндірістік зияндылықтар деп атау қабылданған. Өзінің пайда болу жағдайына байланысты, мұндай факторлар 2 – топқа бөлінеді. Бірінші топқа кіреді: еңбек процеснің дұрыс ұйымдастырылмауы, еңбек тәртібінің бұзылуы, жұмыс позасының бұзылуымен, шектен тыс физикалық және нервтік – психикалық жүктеме кіреді.

Екінші топ өндірістік процесс факторларының әсерімен байланысты болады. Оған қолайсыз микроклимат (қыздыру, суыту), жоғары және төмен атмосфералық қысым, шектен тыс шу мен діріл, әр түрлі электромагниттік сәулелену (жылулық, көзге көрінетін, ультрокүлгін, иондық және т.б.), өндірістік шаң және улар, механикалық факторлар және патогенді микроорганизмдер. Сонымен қатар, жұмысшылар еңбектің жалпы санитарлық қолайсыз жағдайының әсеріне ұшырауы мүмкін (жеткіліксіз жарық, жел орайы (сквозняк), қажетті жұмыстың санитарлық жағдайының мүлдем болмауы, жобалануының қателігі және т.б.).

Тірек – қимыл аппаратына үлкен ауыртпашылық түсіретін жұмыс буындардың деформациясына, созылмалы артритке, тендовагинитке әкеледі. Мұндай өзгерістермен қатар миалгия, миозит, невралгия және невриттер дамиды. Аяқ және қол невриттері бұлшықет күшінің, бұлшықет тонусының төмендеуіне, сезімталдықтың бұзылуына әкеледі.

Көп уақыт отыруды талап ететін жұмыстан соң дененің бұлшықетінің кейбір топтары жүктемені көп қабылдайды да, омяртқа жотасының қисаюы байқалады. Ұзақ уақыт аяғынан тік тұрып істейтін жұмыс жалпақ табандылыққа әкеледі. Жалпақ табандылық фармацевтер арасында қолмен сататын, жүк түсірушілер, текстильщиктерде көп кездеседі. Жұмыс стажы өскен сайын ауру адамның саны да көбейеді.

Қалдық саусақтарына түсетін жүктеменің салдарынан координаторлық невроз ауруы туындайды. Үйреншікті қимылдар кезінде мұндай ауру бұлшықет тартылып қалу сипатына ұшырайды.

Ұзақ уақыт отыруды талап ететін еңбектің салдарынан геморрой, әйелдерде менструальдық циклдіңбұзылуы, колит және созылмалы іш қажу түрінде ас қорытудың бұзылуы пайда болады.

Көзге көп ауыртпалық түсіретін жұмыс (ампуланы бақылау кезінде) жарықты қабылдау, көздің қозғалыс аппаратының шаршауына әкеледі де, жұмыстың соңында көру функциясының бұзылуы байқалады.

Мұндай жағдайларда көбіне астенопия, көздің қарашығының ауырсынуы, бұлдырау, көздің түйіліп ауыруы, бас ауруы пайда болады. Астенопия асқынған кезде акканадация бұзылып, миопия басталады (жақыннан көру).

Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жұмыс орнын жеткілікті жарықпен қамтамасыз ету қажет. Жоғары миопиясы бар адамдарға көзге ауыртпалық түсетін жұмысқа шығуға болмайды.