Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
режим работы каз.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
180.22 Кб
Скачать

Кейбір дәрілік заттар шаңының дисперстілігі

Дәрілік заттар

Ауадағы заттардың көлемі, %

1 мкм- ге дейін

1 – 5 мкм

Одан жоғары

Химиялық фактор. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде химиялық фармация өндірісінің зиянды органикалық және органикалық емес заттармен ауаның, жұмысшы киімі мен тері жамылғысының ластануы негізгі қолайсыз өндірістік орта факторы болып табылады.

Технологиялық тәртіптің бұзылуы, көптеген операциялардың жетілдірілмеуі, тасымалдау, түсіру, жүк арту процестері, герметизацияланбаған жабдықтарды пайдалану, аппараттарға құю кезінде химиялық заттарды төгіп алу сияқты факторлар. Өндірістік бөлме ауасында зиянды заттардың болуына негізгі себеп болып табылады.

Дәрілік заттарды өндіретін өндірістік бөлмелердегі ауаның ластану құрамы өте күрделі сипатта болады, ол аэрозоль, бу және газ түрінде болатын көптеген химиялық ингредиенттердің бір мезгілде ауада болуымен түсіндіріледі. Технологиялық процестердің стадиясына және өндірілетін дәрілік заттың түріне байланысты өндірістік бөлме ауасы химиялық синтездеудің, аралық және дайын дәрілік заттардың өнімімен ластанады. Бұл кезде зиянды заттар организмге көбіне тыныс алу жолдары арқылы, ал тері жамылғысы және асқазан – ішек жолымен аз түседі.

Антибиотиктер өндірісі ауаға дисперстілігі жоғары антибиотик шаңының түсуімен, өндірісте қолданылатын химиялық заттардың буы мен газдарының ауамен араласуымен, артық жылудың бөлінуімен сипатталады. Ферментациялау кезеңдерінде жұмысшылар продуцент шаңымен, бөлме мен жабдықтарды стерилизациялауда қорлданылатын фенол мен формальдегидтің әсеріне ұшырайды.

Терінің қышуы, жиі бастың ауруы, көздің шаңшуы, шаршаудың жиілеуі, тамақтың ауырсынуы мен құрғауы антибиотиктердің организмге улы әсерін сипаттайтын белгілер болып табылады. Кейбір жағдайларда жұмысшының естуі нашарлайды, жүрек аймағында ауырсыну байқалады (стрептомициннің кері әсері).

Антибитиктердің асқазан – ішек жолына тигізетін кері әсері аппетиттің төмендеуі, жүрек айнуы, іштің кебуі, іштің ауруымен сипатталатын асқынуларға әкелетін симптомдар байқалады. Ол көбіне бауырдың зақымдалуы, бүйрек функциясының бұзылуы, орталық жүйке жүйесі жұмысының бұзылуына әкеліп соғады.

Қазіргі кездерде антибиотиктердің қан жүйесіне әсері анемия, агранулоцитоз, лейкопения, витаминдердің алмасуының бұзылуы сияқты өзгерістер анықталған.

Сонымен қатарантибиотиктердің сенсибилизаторлық әсері бар аллергендерге жатқызуға болады, олар ЖТА жүйесі және тері арқылы аллергеиялық әсер береді де, тері арқылы әсеріндетері жамылғысының бұзылуына әкеліп соғады.

Ал ЖТА жүйесіндегі шырышты қабаттардың гиперемиясы мен атрофисы дамиды. Ауру асқынған жағдайларда астмонды бронхит пен бронхиалды астмаға ұласады.

Антибиотиктердің әсерінен болатын асқынулардың бір түрі организмнің қалыпты микрофлорасының бұзылуы – дисбактериоз деп аталады. Антибиотиктердің өндірісіндегі жұмысында екі реттік миоз (көбіне кандидамикоз), асқазан ішек жолдары және тыныс алу жүйесі жұмысының бұзылуы, табиғи иммунитеттің төмендеуі көп байқалады.

Фармация өндірісі жұмысшылары арасында байқалатын мұндай өзгерістер науқастардың емделуі кезінде болатын қолайсыз әсерімен бірдей екендігін еске түсіреді. Сонымен бірге, жұмысшылар арасында гриппен, жедел респираторлық вирусты инфекциямен, әйелдер арасындағы жыныс ауруларымен сырқаттану жағдайы жоғарылайды.