Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нанотехнология негіздері.docx
Скачиваний:
473
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
3.06 Mб
Скачать

23. Атомдық күштік микроскопия қалай жүзеге асырылады?

Контилевердің өткір ұшы үлгі және бетпен тікелей контактіде (байланыста) болады. Сканирлеу, қайтымды байланыс жүйесі кантилевердің тұрақты майысу өлшемімен

байланысып тұрғанда тұрақты күш режимінде орындалады. Атомды-күштік микроскоптың «жартылайконтактілі» жұмыс режимі: Жартылайконтактілі

жұмыс режимінде де кантилевердің ауытқуы туындайды. Ауытқудың төменгі жартылай периодында кантилевер үлгінің бетін жанап өтеді. Мұндай әдіс толық контактілі және толық контактілі емес жұмыс режимдерінің аралық әдісі болып табылады. Атомды- күштік микроскоптың артықшылықтары мен

Кемшіліктері. Артықшылықтары (растрлы электронды микроскоппен салыстырғанда):Беттің шынайы үшөлшемді бейнесін береді; Ток өткізбейтін беттерді де зерттей алады;Ауада немесе сұйықта жұмыс істей алады;Рұқсат етуі жоғары.Кемшіліктері: Сканирлеу өрісінің размерінің кіші болуы;Бейненің сапасы зондтың қисықтық радиусына тәуелді(егер зондты дұрыс таңдамасақ, бейне анық, сапалы болып шықпайды); Үлгі бетін сканирлеуге көп уақытжұмсайды.

Атомды-күштік микроскопия әдісі микроскоптың өлшеуші элементі – ине (сезімтал элементтің көлемі 1-10 нм) және зерттелетін макромолекуланың беткейін сканирлеу арасындағы Ван-дер-Ваальс күштерін мониторинг жасауына негізделген. Байланысуын талдауда макромолекуланың суретте көрініс алуға болады, оның көлемін анықтауға және ауру маркерлерімен зонд молекулаларымен құралған кешенді табу: мысалы, фермент-субстрат, антиген-антидене және т.б. кешендерді.

Нанотехнология in vitro-дағыдиагностикада екі бағытта дамиды:

- нанобөлшектерді биологиялық молекулалар маркерлері ретінде қолдану;

- инновациялық нанотехнологиялық өлшеу тәсілдерін қолдану.

24. Кеуекті материалдардың меншікті беттік ауданы қалай анықталады.

Меншікті беттік ауданды анықтау әдісі-қатты денелердің меншікті бетін анықтау жөніндегі хромотографилық әдістердің ішінде дәлдігі бойынша статистикалыққа жуық келетін әдіс. Бұл әдіс Нельсон мен Эгертсонның өңдеген инертті газдың жылулық десорбциясының әдісі болып табылады. Өлшенетін үлгімен түтікше арқылы өтетін, газ ағынының (аргон қосылған гелий)жылуөткізгіштігінің өзгеруі бойынша, оны сұйық азотпен салқындатқан кезде газ қоспасындағы үлгі бетімен адсорбцияланған және үлгіні бөлме температурасына дейін қыздырған кезде десорбцияланған, аргон мөлшерін анықтауға негізделеді. Газ ағынының қоспасы 94% гелий, 6% аргоннан тұрады.

Үлгінің меншікті бетін есептеу координаталарға тұрғызылған, калибрлеуші графикті пайдалана отырып, десорбцияланған шыңның ауданы бойынша жүзеге асырылады: шың ауданының салмаққа қатынасы және меншікті адсорбциялаушы бет (м2/г). Меншіті беттің мәні эталон мен үлгінің десорбциясының шыңдарының аудандарын салыстыру әдістерімен анықталады.

Есептеулер үлгілердің жалпы беттеріне пропорционал болып келген десорбциялаушы шыңдардың аудандары бойынша жүргізіледі: S/Sa=Sүлгі/Sэт*gэт

Осыдан: Sүлгі=S*Sэт/Sa*gэт.

Мұндағы: S-десорбциялаушы шыңның ауданы, см2. Sүлгі-үлгінің меншікті беті, м2/г.

g-үлгі массасы г.