Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ежелгі ТБ2.docx
Скачиваний:
46
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
92.58 Кб
Скачать

43 Билет Арал-Каспий далаларындағы сарматтар

Арал-Каспий далаларының тайпалары[1] – ерте темір дәуірінде осы өңірде өмір сүрген жартылай отырықшы және көшпелі халық. Олардың қалдырған мәдени ескерткіштерін 1989 жылдан бастап Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі З.Самашев) зерттеген. Бұл өңірде біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 7 ғасырдан біздің заманымыздың 2 – 3 ғасырна дейінгі кезеңде озық мәдениет нұсқалары мен жергілікті экологиялық ерекшеліктерге бейімделген шаруашылық жүйесін жасаған халықтар мен тайпалар өмір сүрген.

Аймақтың солтүстігін жайлаған скиф-сармат тектес тайпалар Еділ-Жайық өңірі, Орал өлкесі халықтарымен тығыз араласса, оңтүстікте – Хорезм, Парфия, Соғдиана,Маргиана, Бактрия тағы басқа елдермен байланысқан. Кейбір жазба деректерде (Геродот, көне парсы жазбаларыдах (дай, даг), каспи (гиркан), дербик деген тайпалардың аты жиі кездеседі, бірақ осы әдебиеттерде көптеген этникалық топтардың аттары мен мекендеген жерлері шатасып та жатады. Грек жазбаларында Каспий теңізінің шығысын, Сырдария өңіріне дейінгі аймақты жайлаған дайлықтар – апарн (парн), ксанфий, писсур, тағы басқа ру-тайпаларға бөлінген. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтың аяғында хорасми, дах, парн және массагет көшпелілерінің байлары Хорезмде жаңа әулеттің билікке келуіне, сол сияқты Кушан мемлекетініңқалыптасуына тікелей ықпалын тигізді.

Шаруашылығы[өңдеу]

Бұл халықтардың тұрмысының негізі көшпелі мал шаруашылық (қой, ешкі, ірі қара, түйе және жылқы өсіру) болды. Жылқы, мысалы, массагеттерде киелі күн құдайына құрбандыққа шалатын, күнге баламаланатын жануар болып есептелген. Тұрмысқа және соғыс ісіне керекті заттарды жергілікті шеберлер жасаған немесе жаугершілікте олжалап алып отырған.

45 Билет Ғұндардың әскери құрылымы

Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, 3 қанатқа (сол, орталық, оң) бөлінген. Ерлер жасаққа тіркелуге, әскери жаттығулармен шұғылданып, жебелі садақ , қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған.

. Қоян — қолтық шайқаста олардай ешкім қылышпен шебер соғыса алмайды. Жауының қашып құтылуына мүмкіндік бермес үшін, олар арқан мен тұзақ алып жүреді, сол арқылы ұстап алады.

Өздеріне қауіп төнсе, соғысуға шақырады. Соғысқан кезде жауын шеберлеріне құрсауға алып, қатты ашулы дауыстар шығарады, жеңіл және айлакер олар қасақана бытырап кетіп, бірақ майдан шебін бұзбаған күйі, жауларын оп — оңай қынадай қырады. Олардың жау бекінісін қалай алғанын бақылау мүмкін емес сияқты.

47 Билет Ғұндардың шаруашылығы, әлеуметтік - экономикалық жағдайы

Гұндар егіншілікпен де айналысқан. Олардың үйлерінен астық сақтайтын ұралар табылды. Ал еден, қабырғалар сылағынан, шикі кірпіштердің арасынан сабанның қалдықтары кездеседі.

 

Ғұн шеберлері ыдыс-аяқтарды ағаштан, теріден, қыштан жасаған. Cүт, қымыз, айран сияқты сұйық тағамдар құятын ыдыстар қыш пен ағаштан жасалды.

 

Аммиан Марцеллин ғұндар туралы: “Ғұндар жақсы шыныққан, олар отты да қажет етпейді. Олар тау мен орманда көшіп жүреді, жас кезінен ыстық-суыққа, шөлге үйренген” деп жазған.

 

Ғұндар - көшпелі патриархалды ел. Билеушісі-шаньюй, билік мұрагерлікпен қалдырылып отырған. Ғұндарды ақсақалдар кеңесі басқарған. Өзіндік құқық қорғау жүйесі болған. Ауыр қылмыс пен опасыздық жасағандар өлім жазасына кесілген, ұсақ қылмыстар үшін бетін тілу жазасы берілген.

 

Көшпелілер алтын әшекей жасауда тамаша жетістіктерге жеткен. Ғалымдар б.з.б.7 ғасырға жататын безендірілген алтын заттар тапқан. “Полихромдық стиль” өнерінде әшекейлеудің бірнеше түрі кездеседі. Бұйымдарды безендіру үшін жабайы аңдардың бейнесі қолданылған. Ғұндар алтын, күміс сияқты бағалы заттардан әшекей бұйымдарын жасаған.

 

Бұйымға сәндік үшін түрлі-түсті заттар жапсыруды безендіру дейді. Ал бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеуді зерлеу деп атаған.

 

Ғұндар көшпелі өмір сүрген. Римдіктер мен гректерге ғұндардың өмір салты өзгеше болып көрінген. Сондықтан тарихи деректерден көшпелілер туралы әр түрлі көзқарасты кездестіруге болады.

 

Рим тарихшысы Аммиан Марцеллин: “Ғұндар төзімді келеді. Күні-түні ат үстінен түспейді, сауда-саттығын да ат үстінде жүріп жасайды, ат үстінде ішіп-жейді, ат үстінде қалғып ұйықтайды, тіпті түс де көреді”деп сипаттап жазған.

 

Ғұндардың қалалары болған. Прииск ғұн әмірінің сарайының әсемдігі туралы жазды: “Сарай шеберлікпен өңделген бөренелер мен тақтайшалардан салынып, әсем безендірілген. Биік мұнаралар патша сарайының сәнін келтіріп тұр”.