Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ежелгі ТБ2.docx
Скачиваний:
46
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
92.58 Кб
Скачать

38 Билет Сақтардан қалған археологиялық ескерткіштер

ұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері.

Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан

Сақаларкөсемініңкатафрактсауыт-сайманына бейнелі алтын қабырышақпен оқаланған терісауыты, Есік обасы.

Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар — Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды.

Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-1 ғғ.).

Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар — диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ.

Шығыс Қазақстан

Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады.

Орталық Қазақстан

Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә. Марғұлан, М. Қадырбаев жүргізді.

Бұл обалардың ерекшелігі — оларда тас жалы, «мұрты» болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.

Арал өңірі

Арал өңірі сақалар мәдениеті Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары.

Батыс Қазақстан

Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері — Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады.

39 Билет Бесшатыр обасы Бесшатыр[өңдеу]

Бесшатыр — көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Алматы облысы Іле өзенінің жағалауынан 3 км жерде, Желшағыр тауының бөктеріндегі Шылбыр қойнауында. 1957, 1959 — 61 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеді. Бесшатыр Қорым құрамында үлкенді-кішілі 31 оба бар. Олар батыстан шығысқа қарай 1 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км болатын алқапты алып жатыр. 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық тас араласқан топырақ үйінділермен жабылған. Қорым шартты түрде екі бөлікке (солтүстік және оңтүстік) бөлінеді. Солтүстік топқа Бесшатыр зиратының ең үлкен 2- және 3-обалары кіреді. Үлкендерінің диаметрі 45 м-ден 105 м-ге дейін, биіктігі 6 — 17 м-ге дейін, тиісінше орташаларынікі 25 — 38 м, 5 — 6 м, кішісінікі 6 — 18 м, 0,8 — 2 м. Ескерткіштердің көлеміне қарай жіктелуі ежелгі Бесшатыр тұрғындарының әлеуметтік даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында 18 оба қазылды. Олардың үшеуі үлкен, қалғандары орташа және кіші обалар. Алынған ғылыми деректер ежелгі сақтардың әлеуметтік топтарға жіктелуі, шаруашылығы, тұрмыстық салт-дәстүрлері, діни наным-сенімі, архитектуралық жетістіктері, тұтынған қару-жарағы мен құрал-жабдықтары жайлы құнды мәліметтер береді. Таспен жабылған 21 обаның алтауында шағын тастармен қоршалған ұзын тізбектер бар. Оларды жалпы саны 5-тен 94-ке дейін жететін тастардан тұрғызылған қоршаулар құрайды. Тізбектер кейбір обаны түгел орап жатса, қайсыбірінің тек шығыс немесе оңтүстік-батыс жағын ғана қоршап тұр. Осындай ұзын тізбекті тас қоршаулар Бесшатырдан басқа бірнеше зираттың маңайында да бар. Оның біреуі Бесшатырдан батысқа қарай 10 км жерде. Құрамында 45 жеке қоршау бар бұл тізбек 450 м-ге созылып жатыр. Тізбектердегі көптеген тас плиталардың беттеріне таутеке, қабан, қасқыр сияқты аңдардың суреттері салынған. Үлкен Бесшатыр обасының маңындағы кейбір қоршаудың плиталарына түрлі таңба іспеттес суреттер де түсірілген. Олардың арасында күн рәмізіне жақын тұрған немесе қазақтың “көз” таңбасына ұқсас дөңгелек бейнелер кездеседі. Мұндай тізбектер қорымның тек жерлеу орны ғана емес, сондай-ақ, діни салт-жоралғылар шерулерін өткізетін ерекше салтанат орны болғанын да көрсетеді. Ерекше құбылыстардың бірі — үлкен обалардың астынан арнайы қазылған катакомба түріндегі күрделі жер асты жолдары. 6-үлкен оба катакомбасының жалпы ұзындығы 55 м. Жолдардың биіктігі 1,68 м, ені 0,8 м. Олар жерлеу, ас беру ғұрпына байланысты діни жоралғылар өткізу мақсатында жасалатын болған. Обалардың сыртқы көлеміне қарай үшке бөлінуі олардың астындағы қабірлердің түрлерімен де сәйкеседі. Кіші обалардың қабірлері қарапайым шұңқыр түрінде, кейде лаһатталған немесе тас жәшікпен толықтырылған. Орташа обалардың қабірлері киіз үй тәрізді. Үлкен обаларға аса ірі ағаш қабірлер тән. Бесшатыр зиратының үлкен обалары көне дәуір архитектурасының сирек кездесетін айрықша ескерткіштері қатарына жатады.