Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ежелгі ТБ2.docx
Скачиваний:
46
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
92.58 Кб
Скачать

41 Билет Сарматтар: шаруашылығы, қоғамдық құрылысы және мәдениеті

1. Сарматтардың тұрмысы. Көне деректерде б.з.б. III ғасырдан бастап «Сармат» атауы кездеседі. Б.з.б. ІІ ғасырда олар қазіргі Батыс Қазақстан жеріне еніп, Қара теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жеткен. Мәдениет негізі тұрмыста көрініс табады. 

2. Кесте арқылы түсіндіру: Сарматтардың шаруашылығы. 

                     Сарматтардың шаруашылығы

Сарматтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты Жылқының тебіндеуге үйренген түрі және жорықтарға мінетін қазанаттар өсірілді

Батыс сарматтар отырықшылық салтқа көшті Сарматтар өмірінде аңшылық үлкен рөл атқарады

Еділ- Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын мекендеген көп бөлігінің шаруашылығында малшылықпен қатар егіншілік те маңызды орын алды.

                                Зергерлік өнер жоғары дамыды

3. Сарматтардың заттай мәдениеті. Савромат-сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырды.

Зерттеушілер Бесоба қорымынан абыз әйелдер жерленген обаны тапты. Обаның ішкі құрылысы бөренеден салынып, үстіне тал, шөп төселіп, топырақпен жабылған. Бұл қабірге жерленген екі әйел де шалқаларынан жатқызылып, бастары оңтүстік-батысқа қаратылған. 

Грек мәдениеті - сармат қоғамының дамуына әсер еткенін көрсетеді.

 

Савромат ескерткіштерінің зерттелгені  Елек өзені бойындағы — Сынтас қорымы

Қорымдағы бұл обаның ішіне үш савромат жауынгері жерленген. Екі жауынгердің ортасындағысы әскербасы болуы керек. Жауынгерлердің жанында жебелердің қола ұштары, темір қанжарлар, темір ауыздықтар, қыш ыдыстар т.б. заттар қойған. 

Табылған жері- Атырау облысы Жылыой ауданы  Сармат көсемі қазақ жерінен табылған екінші алтын адам Қару-жарақ, жебе, қанжар сынықтары абыз асатаяғының бөліктері табылды.Көсемнің киім-кешегі өте бай, асыл бұйымдармен, алтын әшекейлермен безендірілгенҚорытынды – Сарматтар жауынгер тайпа, өнерлі хылық.    

42 Билет Батыс казакстан сармат мадениети

Батыс Қазақстандағы савромат-сармат мәдениеті —- ертедегі темір ғасырының ескерткіштері Батыс Қазақстанныңұлан - байтақ жерінде аймақтың гидрографиялық және табиғи-климаттық ерекшеліктеріне сәйкес тіпті де біркелкі орналаспаған. Жалпы алғанда, олардың мейлінше ірі өзендер (Жайық, Елек, Жем, Сағыз) ағып жатқан, ылғалдылығы жоғары, демек, малдың жайлауы мен адамдардың өмірі үшін жақсы жағдай бар солтүстік далалық аумаққа көп шоғырланғаны байқалады. Аймақтың сазды және құмды Атырау шөлейті бар оңтүстігі мен Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде, Маңғыстау облысының тастақ шөлейтінде көненің көздері азырақ. Ескерткіштердің көпшілігі — обалардағы қабірлер, бұл орайда топырақ үйінділері жер бетіне шығып жатқан тастары аз Батыс Қазақстанға ғана дағдылы болып келеді. Аймақтың қалған аудандарындағы обалары тастан немесе тас аралас топырақтан үйілген. Бүкіл аумақта обалардан басқа іс жүзінде жерден қазылған қабірлер белгілі, олар әсіресе жел эрозиясына ұшыраған құм топырақты жерлерде жиі кездеседі. Атырау облысының онтүстік-шығысындағы теңіз жағалауы аудандарында (шамаменСарықамыс ауылынан Құлсары ауылына дейінгі аралықта) әдеттен тыс үлгідегі ескерткіштер таралған, бұл жерде қиылып өтетін жер балшықты сорлар бөліп жатқан сазды-топырақ төбелердің тұтас тізбегі болып табылады. Жел жалаңаштап тастаған дөңестердің беттерінде адамдар мен жануарлардың сүйектері, керамика сынықтары мен өзге де заттар жатыр, олар түрлі кездерде жерден қазылып, қираған зираттар мен уақытша тұрақтардан шығып қалған. «Бөр дөндері» деп аталып кеткен жақын үлгідегі ескерткіштер Қазақстан шегінен тыс жерлерде, Астраханның Еділ бойындағы шектес аудандарында да мәлім. Айтпақшы, сырттай қарағанда бөр дәуіріндегі ескерткіштер таралған осы екі бөлек-бөлек ауданды Каспий маңы ойпатының жағалау өңірі қосып жатыр, онда да көбінесе ертедегі темір ғасырынан келе жатқан жердің жоғары қабатынан табылған материалдарға бай.

Савромат ескерткіштері. Батыс Қазақстанның тарихи савроматтармен байланыстырылатын ең жарқын әрі айқынархеологиялық кешендері Ақтөбе облысы шегінде, Елек өзенінің орта ағысы аңғарында шоғырланған. Мәдени-типологиялық және хронологиялық жағынан алғанда бұл ескерткіштер Елек өзенінің төменгі бойындағы кешендермен біртұтас шағын топ құрайды. Бірқатар айқындамалары бойынша оларға Оралдың арғы жағындағы ескерткіштер жақын. Батыс Қазақстан облысының ескерткіштері өз сипаттамалары бойынша Төменгі Еділдің сол жағалауының кешендеріне жақындайды.

Електе көне ескерткіштер өте сирек. Олардың біреуі 100-ден астам үйіндісі бар және Орал өңіріндегі ең ірі Целинный-1 қорымында зерттелді. Дөңгелек қабір шұнкырға екі қабат етіп адам жерленген. Үстіңгі жерленген адам басын батысқа қаратып, шалқасынан қойылған, оның қасында қой жілігінің сүйектері, жапсырма қыш ыдыс, шакпақтас жаңқасы мен жебеге толы қорамсақ, қола каңылтыр мен темірден жасалған қорамсақ ілгіші жатыр. Астыңғы жерленген адам да осылай қойылған, оның қасына да қой жіліктері, даланың ірі кұсының еті және сопақша тақтатас қойылган. Бірінші өліктің үстінен мола шұнкырларының айнала жиналған топырағына төменгі ұшы тіреліп, екінші, үстіңгі өлік жерленгенге дейін өртеп жіберілген әлдебір ағаш құрылыс салынғаны анықталды. Жебелердің ұшына қарай отырып, оба б. з. б. VII ғасырдың екінші жартысында үйілген деп белгіленді. Електегі обалардың басым көпшілігі осы мәдениеттің гүлдену кезеңіне — б. з. б. VI—V ғасырлардың аяғына жатады.

Сынтас қорымының 1-обасында ертедегі жер бетінде, боренелерден сальшған шатыр тәрізді кұрылыста бастары батысқа және оңтүстікке каратылған үш өлік (олардың екеуі жауынгер) жатыр, олар бейне бір өздерінің арасына салынып, тайыз қабірге жерленген «әскербасын» қоршап жатқан сияқты. Өліктерге қоса салынған саймандар — кару (жебелердің қола ұштары, темір қанжарлар мен қорамсақ ілмектері), ат әбзелдері (темір ауыздыктар мен тоғалар, қола айылбастар, өткермелер және т. б.), тұрмыс заттары (қыш ыдыстар, темір пышақтар және басқалар). Сынтаста басын артқа қаратып, аузын ақситып жатқан қасқыр мүсінімен және киіктің басымен, текелердін мүсінімен және жыртқыш андардын басымен шебер безендірілген сүйек қасықтар ерекше.

Бесоба қорымының 3-обасының қабірі едәуір бай болып шықты, оның биіктігі 2 метрдей болатын үйіндісі боренелерден, тал мен шөптен жасалған шатыр сияқты құрылыспен жабылған, диаметрі 6 метрден асатын, терең дөңгелек аланды жауып тұр. Шұңкырдың солтүстік жартысында басы оңтүстік-батысқа қаратылған абыз-әйелдердің қаңқасы шалқалай жатқызьшған, оның қасына алуан түрлі көп заттар, соның ішінде алқызыл құмтастан жасалған, тістері аксиған қасқыр басынын түрінде соғылган үш аяқты, құрбан шалатын үстел, қола айна, жасыл және қызыл бояу, т.б. қойылған.

Алтыннан жасалған бұйымдар жиынтығында ірі қуыс түйірлермен әшекейленген сырғалар, алқа, моншақтар және т. б. бар.

Нагорный қорымында көп адам жерленген дромостық қабірлер тобы ерекше көрінеді. Көлемі 200—250 шаршы метрге дейін жететін орасан зор үлкен ағаш кұрылыстардың астында кейде op казып нобайланган, 10—15 өлікті орналастыруға жететіндей көлемдегі төрт бұрышты құрылыстар бар, өліктер мазарға бөренеден жасалған арнаулы дөліз арқылы біртіндеп енгізілген. 2-обага он екі өлік жерленген, олардың 11-і — жауынгерлер де, біреуі — жасөспірім қыз, оларга арнаулы табыну құрылысын жапқан бөренелерге салынған 12 аттын бас сүйегі мен терісі сәйкес келеді.

Батыс Қазақстан облысында мүндай алып жерлеу құрылыстары әлі толық зерттелген жоқ. Мұнда бұрыштары иілген, кең көлемді тікбұрыш түріндегі обалар астынан жерден қазылган, савроматтарға дағдылы кабір шұңқырлары көп. Мәселен, Алебастрово-2 қорымынын түбінен бастап тас калап бекітілген үйіндісі бар 7-обасынан тікбұрышты, батыстан шығысқа қаратылған, көлемі 2,2x1,8 м, терендігі 1 м бір қабір шұңқыры табылды. Түбінде басы шыгысқа қаратылып, шалқасынан жатқызылған әйел сүйегі жатты. Ұрылар ақтарған жерлеу саймандары үлкен екі қабыршақтан, көзді және жылтыраған моншақтардан, екі аяқты сопақша тас үстелшеден, тас ұнтақтагыштан және қой сүйегінен тұрады. Савромат кезенінің аяғына таман Батыс Қазақстан облысында үңгілген лақат қуыстарға жерлеу пайда болады.

Батыс Қазақстан савроматтарының жерлеу ғұрпы Оңтүстік Орал өңірі мен Төменгі Еділ бойынын савроматгық ескерткіштерінің бүкіл жиынтыгына дағдылы ерекшеліктермен сипатталады. Қарастырылып отырган аумақта біршама үлкен, кең, бірақ онша терең емес, әдетте басы батыстан шығысқа бағытталган, тікбұрышты сипаттагы қабір шұңқырларына жерлеу басым болып келеді. Өліктер әдетте жеке жерленеді, қосарлап жерлеу сирек кездеседі. Сүйектер әдетте шалқасынан, басын батысқа, кейде шығысқа каратып жатқызылады. Молалардан ақ бояу (бор) мен жанған нәрселердің іздері жиі кездеседі. Елек тобы ескерткіштерінің негізгі ерекшеліктері мыналар: ағаш құрылымдар пайызының көп болуы, олар кейде әдейі өртелген; жерлеу құрылыстарынын әр алуан үлгіде болуы (тікбұрышты, дөңгелек және сопақ шұңқырлар, дромостық молалар, жер бетіне жерлеу және т. б.), көп адам жерлеудің (соның ішінде — көп кабатты) көп кездесуі, басын оңтүстікке қаратып жерленгендер пайызының жоғары болуы.

Жерлеу саймандары заттардың негізгі топтары үлгілерінің тұрақтылығымен сипатталады. Тұрмыс заттары арасында құрал-саймандардың ен көп кездесетіндері — жапсырып істелген, жайпақ түпті ыдыстар, дегенмен б. з. б. V ғасырда Електе тегіс және дөңгелек түпті ыдыстар пайда болады. Дағдылылары — кішкене немесе керісінше, көрінеу ұзартылған, жүзі шағын темір пышактар, саздан немесе тастан жасалған ұршық бастары және т.б. Қару үстіңгі жағы жалпақ (кейде үшкір) және көбелек тәрізді, кейде алқымы дөңес темір семсерлер мен қанжарлардан тұрады. Б. з. б. V гасырдан бастап Електе жүзі доға тәрізді және алқымы күрт кесілген сияқты семсерлер болғаны мәлім. Жебелердің екі қырлы (ертеректегі жиынтықтар) және үш кырлы үңгылы қола ұштарынан тұратын қорамсак кешендері ерекше көп және типологиялык жағынан алуан түрлі; олардың арасынан «сақтардың» сапты ұштары да жиі кездеседі. Қорамсақ ілмектерінің темір болуы дағдылы. Қорғаныш жарақтарынын, қалдықтары өте сирек. Ат жүгендерінде тура немесе «S» тәрізді сулықтары бар темір ауыздықтар, қола айылбастар және түрі мен мақсаты әр алуан қаңылтырлар, еткермелер және т.б. көп. Заттардың көбісін ернектегенде аң стилі жиі қолданылған.[1]