Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Каз География шпор

.docx
Скачиваний:
38
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
46.7 Кб
Скачать

1---Қазақстан аумағы 2724,9 мың км²-ге тең. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. РесейКанадаҚытайАҚШБразилияАустралияҮндістан және Аргентинадан кейін 9-орын алады. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 13394 км, теңізбен (Каспий) 2000 км-ден астам. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 7591 км Ресеймен шектеседі , Түрікменстанмен - 426 км, Өзбекстанмен - 2354 км және Қырғызстанмен - 1241 км шектеседі. 

2----Қазақ жері туралы алғашқы деректерді б.з.б V ғ грек ғалымы Геродоттың «Тарих» атты еңбегінен кездестіреміз.Ол өз еңбектерінде Каспий теңізінің алып жатқан орнын, оның басқа сулармен жалғаспайтын тұйық алап екенін, Каспий теңізінің шығысында жазық дала жатқанын, Жайық өзенінен әрі қарай таулы жерлер Орал тауы мен Жалпы сырт қыраты жатқанын жазған.

П.П.Семенов еуропалық ғалымдардың ішінде Тянь-Шань тауын зерттеген алғашқылардың бірі. 1856-1857жылдары Орталық және Солтүстік Тянь -Шаньға бірнеше саяхат жасап, Хан-Тәңірі шыңының бөктеріне жеткен. Тянь -Шань тауындағы биіктік белдеулілікті,

мұздықтарды анықтаған.

К. Птолемей (б.з.б. 90-160 ж, ІІ ғ). СырдарияӘмудария Каспийге құяды деген. Арал теңізін (Оксиан) картаға түсірген.[7]

Страбон (б.з.б. 63-24 ж) Каспий теңізін тұйық алап емес, Солтүстік мұхиттың шығанағы деп, ал Арал теңізін Каспийдің шығанағы деп есептеген. Сырдария менӘмудария туралы дұрыс мәлімет қалдырған.[8]

3---Қазақстан Шығыс Еуропа платформасының оңт.-шығыс шетін (Каспий маңы синеклизасын) және Орал-Моңғол қатпарлы белдеуінің батыс бөлігін алып жатыр. Қатпарлы белдеу өзінің оңт.-батысында Тұран ойпатына (тақтасына) жалғасады.

4---Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Еуропақоңыржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа субтропиктік климатымен ерекшеленсе, Қазақстан шұғыл континенттік климатымен көзге түседі. Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінін, екінші шетінен айырмашылығы үлкен. Мысалы, оңтүстіктегі тау етектерінде шие мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық, қарлы боран соғып тұрады. Қазақстан жерінде қатаң Сібір мен капырық Орта Азия тоғысып жатқандай. Географиялық орнына қарай республика жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан.

5---

11-ші ғасырдың оралу және кітабын, Махмуд «Диван лұғат-ат түрк» қарастырайық. Бұл кітапта, Махмуд, ол Еуропадан Қытайға түркі тайпаларының тұрғылықты барлық өңірлер дөңгелек картасына енгізілген деп қауіптенеді, ол түріктердің тұрғылықты аймақты көрсету үшін аударды, атап өтті.

Бұл карта Шығыс, Батыс, Солтүстік пен Оңтүстікті көрсетілгендей, сондай-ақ өзен және теңіз кейбір болды. Батыста аталған орындар олар қыпшақтар мен Franks өмір сүрген ITIL, дейін ұзартылды.

Эфиопия оңтүстік-батысында, Үндістан солтүстігінде, шығысында Қытай мен Жапонияны анықталды. Ал қала Түркі Yarkent, Қашғар, Barsgan, Balasogun, Yafruk, Ikiokus, Asbuali, Kumi және Талас орталығында орналасқан.

Азия, батыс, солтүстік және шығыс бөліктері карта шығыс аймақтарда туралы ақпарат дұрыс болып шықты, қателерді, толық болғанына қарамастан, жасалады және жоқ.

Махмуд оның картасында Ұлы қабырға көрсетті және қабырға және жоғары таулар қытай тілін оқуға жолында табиғи тосқауыл ретінде қызмет атқарды деп атап өтті. ол Азияның шығыс бөлігінде арал болды, өйткені ол, Жапония туралы айтқан бір нәрсе.

Мәтін басында айтылғандай, Жапония картасы 14 ғасырда жасалды және бірінші 15 ғасырда әлемнің атластар енгізілді. Және біз бұл қате болды және жай өрескел сызу болды 11 ғасырда Махмұд Kashngari құрылды болғанына қарамастан ақпарат назарға Махмуд Қашқари, Жапония бірінші картасын, егер.

6----Қазақстан өзі орналасқан географиялық ендігі бойынша климаты ылғалды субтропиктік Жерорта теңізі елдеріне және қоңыржай континентті орталық Еуропаға сәйкес келеді. Бірақ еліміз орасан зор Еуразия құрлығының ортасында орналасқандықтан климатының шұғыл континенттігімен ерекше. Өйткені Дүниежүзілік мұхиттардан мыңдаған километр кашық жатқандықтан олардың климат жұмсартарлық әсері өте аз.Кең байтақ Қазақстан жерінде оның географиялық орнына (яғни атмосфералық ылғалдықтың негізгі көзі – мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді.

7---Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы,тарихшыфольклоршыэтнографгеографағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы – қазақтың ұлы ғалымы:1858 — 1859 жылдардағы Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қашғария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Саудагер ретінде Қашғарияға құпия барған Шоқан, өлкенің экономикалық саяси құрылымын зерттеп, оның тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқарияға сапарынан «Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан лу уәлаятының шығыстағы алты қаласының жайы»атты еңбегі дүниеге келді. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, әлеуметтік құрылысына арналып, сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы еді.

8---Палеозойдың аяғына таман жүзеге асқан герциндік тау түзілу процесі кезінде Алтай және Жетісу Алатауы, Сарыарканың шығыс бөлігі және Мүғалжар өңірлері көтерілді. Бұл кезеңде Қазақстанның едәуір бөлігі жер қыртысының тұрақтаған бөлігіне айналып біршама көтерілген соң, оны екінші қайтара теңіз суы басқан жоқ. Осы кезеңде республиканың батысындағы Шығыс Еуропа платформасы мен Еуразияның солтүстік-шығысындағы Сібір платформасы көтеріле бастады.

11---Мезозой эрасында теңіз тек Батыс Қазақстанды басып жатқан. Осы эраның аяғында көптеген шығанақтар пайда болып, теңіз Сарыарқаға дейінгі аралықты қамтыған. Онда өзендердің қүрлықтан ағызып алып келген шөгінділері жиналған. Мезозой эрасы жер кыртысының салыстырмалы түрде тыныш кезеңі болған:бұл кезде тектоникалык козғалыстар баяу болған, бірде-бір тау жүйесі түзілмеген. Палеозойда құрылған тау жүйелері сыртқы күштердің әсерінен үгіліске ұшырап, мезозойдың аяқ шенінде Қазақстан жері біршама тегіс аймакка айналған.Кайнозой эрасының басында (палеоген) мезозойдың аяғындағы геологиялық жағдай сол калпында сақталған. Бірақ неоген дөуірінде теңіз суының тартылып таяздауының нәтижесінде Қазақстан жері бірте-бірте біртұтас құрлыққа айналды. Неогеннің аяғында әлденеше рет болған күшті тектоникалық қозғалыс әсерінен альпілік таулар түзілген. Альпілік тау тузілу кезеңінде жер қыртысында жарықтар пайда болып, бұрыннан бар қатпарлы аймақтардын, бірі төмендеп, екіншісі көтерілген. Осы қозғалыстардың нәтижесінде қатпарлы-жақпарлы биік таулы жүйелер қалыптасқан.

12----Қазақстанның жері негізінен қуаңшылықты болып келеді. Мұнда жауын-шашын аз түседі және әркелкі таралған. жауын-шашынның таралу мөлшеріне оның Атлант мұхитынан қашық жатуы және Еуразия материгінің орталығында орналасуы зор әсерін тигізеді.Қазақстанда жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 130-1600 мм аралығында. Әсіресе, Арал теңізінің солтүстік-шығысына іргелес жатқан аудан мен Балқаш көлінің батыс бөлігінде жауын-шашын небары 100 мм, кейбір жылдары одан да аз түседі. жауын-шашынның ең көп түсетін жері Батыс Алтай.

13----Орталық Қазақстан (КөкшетауҰлытау, Шыңғыс тауы), Солтүстік Тянь-Шань, Солтүстік Жер аралдары, т.б. Каледон қатпарлығы КордильераБогемияБретанОрал, ОрталықТянь-Шань тауларында да байқалады. Бірақ кейіннен өткен герцин, альпі қатпарлықтарының жаңғырту әсерінен оларды жеке бөліп көрсету қиын. Каледон қатпарлығы кемелге жетпей, толық аяқталмай келесі герцин дәуірімен ұштасты. Каледон қатпарлығы көне таулар болғандықтан жатаған келеді.

14---Тұран - Қазақстанның оңтүстігін батысынан шығысына дейін созылып жатқан кең жазық. Оған МаңғыстауҮстіртТорғай үстірті, Арал маңы, Сырдария бойы,ҚызылқұмБетпақдалаМойынқұмБалқаш-Алакөл аймағы түгел кіреді.  Аймақтың негізгі тұғырын палеозойда қалыптаскан эпигерциндік платформалық құрылым - Тұран тақтасы құрайды.  Ең биік тауы - биіктігі 350-450 м, ұзындығы 130 км болатын қаратау. Оның ең биік нүктесі - Бесшоқы (556 м) Оның биіктігі 200-300 м. Ауданы 170 мың км². Ұзындығы 600 км, ені 300-400 км.

15---Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Казақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғат, әлеуметтік, экономикалық жөне экологиялық жағдай. Каспий теңізі — әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйык, су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі желқума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5 — 1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1837 — 1990 ж. жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізнің су деңгейімөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 — 90 ж. аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 - 41 ж. су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 ж. бұл көрсеткіш ең төменгі абс. мөлшері не (29,01 м) жетті. 1978 95 ж. су деңгейі 2,35 м қайта көтеріліп, 1995 ж. көрсеткіш -26,66 м болды.

17-Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерінен кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоник. қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Республиканың орт. бөлігінде болған варийлік (герциндік) тау жүйелері жоғ.палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырау салдарынан, қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды

19---П.П.Семенов-Тян-Шанский(1827-1914) - еуропалық ғалымдардың ішінде Тянь-Шань тауын зерттеген алғашқылардың бірі. 1856-1857 жылдары ол Ортальщ жәнә Солтүстік Тянь-Шаньға бірнеше экспедиция жасап, Хан Тәңірі шыңының бөктеріне дейін жеткен. Соның нәтижесінде ол биік таудағы қар белдеуінің биіктігін, ондағы мұздықтарды анықтап, бүл тау жүйесінде жанартау құбылыстарының жоқтығын дәлелдеді. Сол кезде Еуропа ғылымында қалыптасқан Тянь-Шань жанартау әрекеті нәтижесінде пайда болған деген ұғымды теріске шығарады. Ол Тянь-Шань тауларының бітімі мен геологиясына қатысты бакылаулар жасады. Осы саладағы ұлы еңбегі үшін ғалым СеменовТян-Шанский деген атақка ие болды.

21---Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбіҚазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында ерекшеліктер бар. Оның бірінші ерекшелігі көлдер Қазақстанның табиғат зоналарында біркелкі таралмаған. Әсіресе республиканың солтүстік бөлігінде көлдер көп. Мысалы, солтүстікте ормандыдала және дала зоналарында 25 287 көл бар, ал шөлейт және шөл зоналарында 20 000 жуық көлдер кездеседі.

22---1857 ж. Арал-Каспий атырабына императорлық Санкт-Петербург Ғылым Академиясы ұйымдастырған экспедицияға И.Г. Борщов пен Н.А. Северцов қатысты. Экспедиция жұмыстарының қорытынды деректерінің маңызы өте зор болды. Экспедиция жүмысының нәтижесінде Батыс Қазақстанның жер беті, геологиялық құрылысы, климаты, флорасы және фаунасы туралы нақты деректер кеңейді. Борщов “Материалы для ботанической географии Арало-Каспийского края” (“Арал-Каспий өлкесінің ботаникалық географиясына арналған деректер”) деген классикалық монографиясында Батыс Қазақстанды ландшафтылық-географиялық облыстарға бөлді.

24---Топырақ — табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған. Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы - жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев - топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады. Қазақстанның жазық бөлігі аумағының 86%-ын алып жатыр. Негізінен үш топырақ зоналарына бөлінеді: қара топырақты зона (52° с.е. солтүстігінде); қара қоңыр топырақты зона (52°-48° с.е. аралығында); қоңыр, сұр қоңыр топырақты зона (48° с.е. оңтүстігінде).Қара топырақты зона республиканың солтүстігінде тараған. Қара қоңыр топырақ зонасы қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан. Қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр. Т,б

25---Семенов-Тян-Шаньский (1827-1914) Еуропалық ғалымдардың ішінде Тянь-Шаньды зерттегендердің алғашқысы, 1856-1857 жылдары Орталық және Солтүстік Тянь-Шаньға Хан-Тәңірі массивіне дейін барды. Н.А. Северцов (1827-1885) 1857-1867 жылдары Арал теңізінСырдарияның төменгі ағысын және Қаратау жоталарын зерттеді. Н.А. Северцовтің Қазақстанды зерттеу жұмыстары П.П. Семеновтың Тянь-Шаньды зерттеуімен тұстас келді. Ол әуелде Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі сағасына сапар шекті. Одан соң Тянь-Шаньда,ЖетісуҚызылқұмҚаратау өңірлерінде зерттеу-бақылау жұмыстарын жүргізді, Үстірт пен Мұғалжарды зерттеді. Осы зерттеулер нәтижесінде Н.А. Северцов Қазақстан жерінде жануарлардың таралуы жайында ғылыми ой-пікірлерді кеңейтті.

И.В. Мушкетов (1850-1902) Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауының кұрылысын зерттеген. Әулиеата (қазіргі Тараз) қаласының маңын, Ыстықкөлді зерттеді. Сонымен қатарІленіКүнгей және Теріскей Алатауды бірнеше жерден басып өткен. И.В. Мушкетов Орта Азияның физикалық географиясы мен геологиясына арналған «Түркістан» (1886-1906) еңбегін жазды. Мушкетовтың Түркістан монографиясының негізгі бөлігі Тянь-Шань тауларының жүйесін, оның мұз басуын, сондай-ақ тау етектеріндегі жазық жерлер мен жота аралық аңғарлар мен ойыстарда сары (лесс) топырақты және саздақ балшықты жерлердің пайда болуындағы метеорологиялық жағдайын зерттеді. Ол шекараларды анықтап, алғашқы геологиялық қартасын (1881) жасады. 1887 жылы Верныйда (Алматы) болған жер сілкінудің себептері мен шөлді аудандардағы жел әрекеті туралы құнды деректер жинақтадыЛ.С.Берг (1876-1950) Солтүстік Қазақстандағы тұзды көлдерді, Арал теңізін зерттеген. Берг Арал теңізі мен Балқаш көлі балықтарын зерттеді. Алынған ғылыми мәліметтері оның үш томдық «КСРО және көрші елдер тұщы су балықтары» (1948–49) деген кітабына енді.[14]

26---Үстірт Солтүстік және солтүстік-батысында Каспий маңы ойпатымен, батысында Маңқыстау жазығымен шектесе . Оның Қазақстанға солтүстік-батыс бөлігі ғана қарайды.Үстірт - теңіз деңгейінен биіктігі 200 м-ге жуық биіктік үстіндегі жазық. Қазақстан жерінде ең биік тұсы - Мұзбел жоны, биіктігі 340 м. Солтүстік-шығысқа қарай аласара береді.

Торғай үстірті шығыстағы Сарыарка, батыстағы Мұғалжар және Оңтүстік Оралдың аралығында жатыр. Солтүстігі Батыс Сібір жазығына, оңтүстігі Шалкартеңіз ойысына жалғасады. Үстірттің орталығында солтүстіктен оңтүстікке созылып жатқан ойыс — Торғай қолаты бар, оны Торғай бұғазы немесе Торғай какпасы деп те атайды. Ол Батыс Сібір жазығын Тұран ойпатымен жалғастырады. 

Орал алды (Жем) үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тау аралығында жатыр. Үстірттің абсолюттік орташа биіктігі 100 м-ден 300 м-ге жуық. Ол солтүстік-шығы- сында 400-450 м-ге биіктейді де, солтүстікке, батысқа жәнө оңтүстікке қарай аласарып, төбелі-жонды жазыққа ұласып кетеді. Үстірт кей жерлерінде фосфоритсазқұм шөгінділерінен түзілген. Орал алды үстіртінің оңтүстік бөлігін Жем өзені салалары мен бірнеше ұсак өзендер кесіп өтеді.

Жалпы Сырт Орал тауы мен Еділ өзені аралығындағы үлкен қырат. Қазақстанға оның қиыр оңтүстік шағын бөлігі ғана кіреді. Жалпы Сырт солтүстік-батыс бағытта жатқан аласа қыраттарды түзетін әктастан, бордан, т.б. шөгінді жыныстардан түзілген.

Бетпақдала үстірті Шығысында Балқаш көлі, батысында Сарысу және оңтүстігінде Шу өзені, солтүстігінде Сарыарқа аралығында жатқан аймақ. Үстірт беті біркелкі жазық, тек кейбір жерлерінде ғана сорлар мен көлдері бар құрғақ сайлар мен ойыстар кездеседі. Үстіртте ағын су жоқтың қасы. Жер бедерінің абсолюттік орташа биіктігі 300- 350 м. Сарыаркаға ұласатын солтүстік-шығыс бөлігі биіктеу (400-700 м) келеді.

27-- Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Соңғы ондаған жылдар бойында халық санының көбеюі, суармалы жерлер аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы, Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды. Әмудария мен Сырдария сулары ағымының күрт азаюы (1960 жылдардағы 50—60 км3-ден 1990 жылдардағы 5-7 км3-ге дейін) садцарынан оның деңгейі 1960 жылғы 53 метрден 1987 ж. 40,3 метрге дейін жоне 1992 ж. 37,2 метрге дейін төмендеді.

29--Алтай[өңдеу]

Алтай тауларындағы Қатын өзені

Сібірдің оңтүстігіндегі ең биік таулы өлке. Негізгі бөлігі Ресей жерінде жатыр. Қазақстан жеріне Алтай тау жүйесінің оңтүстік-батыс бөлігі ғана кіреді. Оны Оңтүстік Алтай, Батыс немесе Кенді Алтай және Қалба жотасы деп үшке бөлуге болады.

АлтайАлтай тау жүйесі - Азия құлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені менЗайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады,Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гобь шөліне дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады. Алтай таулары 4 мемелекеттің шекараласқан территорияларында орналасқан: Қазақстан (Кенді Алтай — Шығыс Қазақстан облысы), Моңғолия (Гобь Алтайы — Баян-Өлгей аймағыХовда аймағы, Алтай аймағы, Увс аймағы ) Ресей (Алтай өлкесі, Алтай Республикасы), Қытай (Шыңжаң-Ұйғыр аутономиялы өлкесініңАлтай аймағы).

52---Адам баласы пайда болғанға дейін  жер бетінде геологиялық төрттік дәуір кезеңінде бірнеше рет мұз басу жүрді. Төрттік мұз басу жер бетінің барлық бөліктерін тұтас  қамтиды, мұз тек Орталық Азия мен Қазақстан аумағының биік таулы аудандарын ғана жапты. Тұран ойпаты мен Каспийдіңдалалы аудандарында ауа райы алғашқы адамдардың өмір сүруіне қолайлы болған. Сонымен қатар өмір сүруге аса қолайлы саналған Қаратау аймағында алғашқы адамдардың тұрақтары ежелгі тас дәуірінен бастап  неолитке   дейін ешбір үзіліссіз кездесіп отырады

53--Атмосфера әрқашан қозғалыста болады. Атмосфераның төменгі бөлігі тропосферада ауа ағындары пайда болады. Ауа ағындарын құрайтын ауа массалары қозғалысқа түскенімен ұзақ уақыт өз қасиеттерін сақтай отырып, сол келіп жеткен аумақтың ауа райын қалыптастырады. Қазақстан атмосфералық циркуляциясының ерекшеліктері ғаламшарлық циркуляцияның әсеріне байланысты болады. Мысалы солтүстік жарты шардың үстіндегі ауаның зоналық циркуляция ағындары мұхиттық ауа массаларын батыстан шығысқа қарай қозғап, 2-2,5 тәулікте біраз өзгеріске ұшырай Қазақстанға жетеді. Осы кезде республика жеріде материктің орталығында орналасқанына қарамастан климаттың континенттігі азаяды. Сөйтіп, Қазақстанның жер бетіндегі атмосфералық циркуляциясы-жалпы циркуляцияның бір тармағы болып табылады.

Қазақстанның климаты шұғыл континетті келеді,оның солтүстік аймағының қысы суық,жазы қоңыржай,ал оңтүстігінде қыс онша қатты болмайды,жазы ыстық қуаң.Ол температураның тез ауысуынан,ауаның құрғақ болып,жауын-шашынның аз түсуінен байқалады.Жалпы климаттың қалыптасуына географиялық ендік,күн радиациясымен қатар атмосферада жүріп жататын күрделі үрдістер әсер етеді.Қазақстанның климатына Солтүстік мұзды мұхит үстінде қалыптасатын арктикалық ауа массалары,көктемнің соңғы,жаздың алғашқы айларында бау-бақшаға үсік әкеледі.орта Азия үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массасы жаз айларында Қазақстан жерінде температурасы жоғары,өте құрғақ ауа райын қалыптастырады.Қазақстан климатына Азия антициклонының әсері мол.Қазақстанның аумағына бүкіл қыс бойы антициклонның өрісі басым болады.Желтоқсан,ақпан айларында антициклонның өріс барлық күндердің 60-70 % құрайды.Қыс кезінде Орталық Азияда қалыптасатын антициклонның әсерінен ауаның жоғарыдан төмен қозғалуына байланысты бұлт азайып,жер беті суып,аязды ауа-райы орнайды.Сондықтан Қазақстанда Сібірдің қысы,Азияның жазы болады

54---Жануарлар дүниесінің дамуы жағынан Қазақстан палеоарктикалық-зоогеографиялық облысқа кіреді. Ондағы жануарлар дүниесінің пайда болуы мен қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Палеоген дәуірінде Қазақстанды тропиктік және субтропиктік жануарлар мекендеген. Олар Үндістан және Африка жануарларының түрлерімен ұқсас болған. Ал мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударған. Олардың кейбір түрлері Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақта (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы, Ұзынқара (Кетпен) жотасы) сақталып қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, аққұтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады. Мұз басу дәуірінде Қазақстанға материктің солтүстігінен суыққа төзімді жануарлар ауысқан. Олардың кейбір түрлері таулы аудандарда әлі де сақталған. Оларға тундра кекілігі, жапалақ, т.б. жатады. Мұз дәуірінен кейін Қазақстанға Орталық Азияжануарлары мен құстары өткен. Оларға құр, тоқылдақ, самыр- құс, ор қоян жатады. Кейін олар дала және шөл зоналарына ауысқан.

56--Тұран ойпаты

Тұран ойпаты Орта Азияның солтүстік-батысы және Қазақстанның оңтүстік-батысындағы едәуір жерді алып жатқан ойпаң өңір. Қазақстанға оның тек солтүстік бөлігі ғана кіреді, ойпат негізінен Орта Азия республикалары жерінде орналасқан. Ойпаттың шеткі жағалаулары теңіз деңгейінен 200 м-ге дейін көтеріледі де, ортасындағы ойыс Арал теңізіне қарай төмендейді. Тұран ойпаты көл, теңіз және өзендердің шөгінді жыныстарынан (лесс тәрізді саз, саздауыт, құм мен құмайт) түзілген. Тұран ойпаты солтүстік-батысында Торғай қолаты арқылы Батыс Сібір жазығымен жалғасады.

Сырдария өзені Тұран ойпатын Қазақстан жерінде екі бөлікке - солтүстікке және оңтүстікке бөледі. Оңтүстігін Қызылқұм, солтүстігін (Арал маңы) Қарақұм, Үлкен жәнө Кіші Борсық құмдары алып жатыр. Қызылқұмның жер бедерінде құмды төбелер мен кырқалар басым, ара-тұра тақырлар да кездеседі. Өсімдіктер өскеннен кейін құмдар бекіген, әйтсе де кей жерлерде сусыма шағыл түзетін құмдар да бар.

Каспий маңы ойпаты

Солтүстігінде Жалпы Сырт қыраты, шығысында Орал алды үстірті, оңтүстігінде Каспий теңізінің аралығында жатыр.

Оңтүстік-шығысында ойпат Үстіртке және Маңқыстау өңіріне жалғасады. Ол теңіз және өзен шөгінділерінің құм, саз және тұнба қабаттарынан түзілген. Каспий теңізі жағасындағы ойпат теңіз деңгейінен 27 м төменде жатыр. Теңізден кашықтаған сайын, оның биіктігі бірте-бірте көтеріліп, 100 м-ге дейін барады. Каспий маңы ойпатының жалпы жер бедері тегіс. Ол бірнеше рет теңіз табаны болғандықтан кейде ондаған шақырым бойы көтеріңкі жер көре алмайсың. Ойпатта көбінесе тегіс сазды жазыктар мен құм жондары кездеседі.

Ойпатта Нарын, Батпайсағыр, Бозанай, Қосдәулет, Мыңтеке, Тайсойған, Қаракұм құмдары бар. Аумағы жағынан ең үлкені Жайық өзенінің батысындағы Нарын құмы. Беті ойлы-белесті құм төбелер қырқалы ойыстармен алмасады. Өсімдіктер өсіп, бекіген құм жондарының кей жерлерінде көлдері мен сорлары бар кішігірім құмды адырлар мен ойыстар ұшырасады.

Каспий маңы ойпатында күмбез тәрізді қыраттар да кездеседі. Олардың кейбіреулерінің биіктігі 100 м-ге көтеріліп, тегіс жазықтардың арасынан құм төбелер көрінеді. Мұнай, гипс, ас тұзы, т.б. пайдалы казбалардың кен орындары осы тұз күмбездерімен тікелей байланысты.

Ойпаттың оңтүстік бөлігінде биіктігі 10-45 м, ұзындығы 25 км, ені 200-300 м, ара кашықтығы 1-2 км шамасындағы бэр төбешіктері кеңінен таралған. Жер беде- рінің бүл пішінін алғаш сипаттап жазған академик К.М. Бэр, сондықтан оның есімімен аталады.

Бэр пікірі бойынша жартылай дефляция нәтижесінде (желдің әрекетінен) және жартылай эолдық аккумуляция (ұшқан құм көшкіндері алыс кашықтықтарға кетпей жақынырақ жерлерде орнығуы) нәтижесінде пайда болған.

57---Биік тау белдеулері – Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Алтай, Сауыр – Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Тянь-Шань тауларына тән биіктік белдеулілігі. Қазақстантауларында Биік тау белдеулері Алтай тауынан оңтүстіктегі Батыс Тянь-Шаньға қарай біртіндеп биіктей береді. Тау орманы Оңтүстік Алтайда 700 – 900 м, Жетісу Алатауында 900 – 1100 м, Іле Алатауында (Тянь-Шаньда) 1200 – 1400 м биіктікте өседі. Бұл таулы өлкенің география орнына, ендігіне, биіктігі мен беткейлерінің сипатына, ылғалды желдің мөлшеріне, т.б. байланысты.Алтай тауына Сібір мен батыстан келетін ылғалды жел, Тянь-Шань тауларына Ауғанстан мен Иран жақтан соққан аңызақ жел әсер етеді. Сондықтан Қазақстан тауларындағы Биік тау белдеулерінің өз ерекшеліктері (топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі) бар. Айналасындағы жазықпен салыстырғанда тау табиғатының өзгеше болуына температураның биіктеген сайын суынып, ылғалдылықтың көбеюі ықпал етеді, оның климатындағы айырмашылықтың себебі осында. Қазақстан тауларында 6 Биік тау белдеулері бар. Бұл биіктік белдеулер тек Іле Алатауында ғана түгел кездеседі, басқа тауларда 5 белдеу бар, яғни альпі шалғыны белдеуі болмайды. Тау етегіндегі шөлейт белдеу Іле Алатауы,Жетісу (Жоңғар) Алатауы және Оңтүстік Алтай тауларының етегінде анық байқалады. Ол Алтайдың солтүстің-батысында далаға, Тянь-Шаньның батысында шөлге ұласады. Бұл белдеудің абсолютiк биіктігі 1300 м, негізінен кайнозойдың лëсс-құмдақ шөгінділерінен түзілген, еңіс келген жазық. Климаты шөлейт, қысы жылы, жазы ыстық, жауын-шашын мөлш. 200 – 300 мм. Өсімдігі селдір, сұр топырақта қау, жусан, бетеге, бұйырғын,итсигек, баялыш, ебелек, теріскен өседі

58---И.В.Мушкетов[өңдеу]

И.В.Мушкетов(1850-1902) тамаша геолог болуымен қатар, физикалық география саласындағы ірі маман еді. Оның геологиялық зерттеулері физикалық географияның көп мәселелерін шешуге, табиғат құбылыстарының пайда болуы мен заңдылығын анықтауға көмектесті.