Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. «Компьютер» сөзі ағылшынша, латынша нені білдіреді?

2. «Компьютер» термині қашан пайда болды?

3. Компьютер қандай қызметтер атқарады?

4. Джон фон Нейман бойынша компьютер қандай құрылғылардан тұрады?

5. Тұңғыш компьютерді кім жасады?

6. Арифметикалық – логикалық құрылғы нені орындайды?

7. Басқару құрылғысы мен есте сақтау құрылғысы нені орындайды?

8. Сыртқы құрылғылар қандай қызмет атқарады?

9. Ақпаратты жіберу және қабылдау үшін қандай код пайдаланылады?

10. Байт арқылы неше символ өрнектеледі?

11. Функционалдық мүмкіндіктері бойынша компьютер неше топқа бөлінеді?

4. Мағынасына сәйкес сөзді тұсына жазыңыз және сол сөзбен сөйлем құраңыз.

Үлгі: баспа құрылғысы – принтер: Принтер қағаз шығаруға арналған.

Баспа құрылғысы монитор

Көп пернелі құрылғы сканер

Компьютер теледидары принтер

Жүйені басқарушы пернетақта

Экран нүктелерін аралағыш меңзер

Үлкен темір жәшік процессор

Аз батырмалы құрылғы жүйелік блок

Көрсеткіш әйнек тышқан

Оқығыш құрылғы монитор

5-жаттығу.Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз. Бастауыштың құрамын анықтаңыз.

1. А.В.Затаевич халық ән-күйлерінің жинағын құрастырып шығарды.

2. Абай – қазақ халқының ұлы ақыны, композитор және жазба әдебиетінің негізін салушы.

3. Алматы қаласы – ірі өндіріс пен экономика, ғылым мен мәдениет орталығы.

4. Парламент және бірнеше министрліктер ғимараттары Абай даңғылының бойында орналасқан.

5. Мен жиналыста баяндама жасап тұрмын.

6-жаттығу. Мәтінді оқып, логикалық мағынасы бар сұрақтарды қойыңыз. Бастауыш пен баяндауыштарды көрсетіңіздер.

Өнер мұражайында

Біз кеше Қастеев атындағы өнер мұражайына бардық. Мұражайда қазақтың ұлттық киімдерінің көрмесі ашылды. Көрмеге ұлттық киімдердің сан алуан үлгілері қойылған. Көрмеден сыртқы киімдер, бас киімдер мен аяқ киімдер туралы және әртүрлі зергерлік бұйымдар туралы жан – жақты, әрі пайдалы мәлімет алуға болады. Маған ер адамдар мен әйел адамдардың белдіктері өте ұнады. Белдіктердің де бірнеше түрі қойылған. Белдіктер былғарыдан немесе қымбат маталардан тігілген.

V сабақ. Жаңа ақпараттық технологиялар.

1. Етістіктерді орыс тіліне аударыңыз.

Дайындау, жинау, өңдеу, жеткізу, жинақтау, түрлендіру, өсу, безендіру, сақтау, табу, тарату, даму, елестету, пайдалану, алу, қолдану, толықтыру, арттыру, ақпараттандыру, автоматтандыру, қайта құру, құрастыру, ұйымдастыру, үйрену, танысу, оқып үйрену.

2. Сөздікпен танысыңыз.

желі – сеть

құрылғы – устройство

мәтін –текст

талас – спор

жылдамдық – скорость

шағын баспалық жүйе – настольная издательская система

ыңғайлы жабдық – удобное оборудование

жады– память

мәліметтер базасы – база данных

байланыс желісі – линия связи

ақпараттық қор – информационный ресурс

өндіріс технологиялары – производственная технология

  1. Мәтіңді оқыңыз, аударыңыз.