Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК В1 - Студ.docx
Скачиваний:
562
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

Қазақстан республикасы ауылшаруашылығы министрлігі

«С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

Жоғары оқу орнының бакалавриат бағытында

В1, В2 деңгейі бойынша оқитын

барлық мамандықтардың студенттеріне арналған

ҚАЗАҚ ТІЛІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Астана, 2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

БЕКІТЕМІН

______________

Гуманитарлық факультет деканы

Х.Ә. Әубәкірова

« _____» ________ 2015 ж.

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

(Силлабус)

Астана, 2015

1. СИЛЛАБУС

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ: Абдрахманова А.Е. – қазақ және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты

2. ПӘН ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Қазақ тілі (В1, В2 үшін )

1 курс

кредит саны - 3/3

практикалық сабақтар - 45/45

СОӨЖ – 22,5/22,5

СӨЖ – 67,5/67,5

семестр 2

оқытылатын орны - қазақ тілі кафедрасының дәрісханалары

Модуль түрі: жалпы міндетті модуль

БОЛЖАМАЛЫ ОҚУ УАҚЫТЫН БӨЛУ

  1. семестр

Семестр аптасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Бар

лы

ғы

Практи

калық

сабақ

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

45

СОӨЖ

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

22,5

СӨЖ

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

67,5

Барлығы

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

135

  1. семестр

Семестр аптасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Бар

лы

ғы

Практи-

калық

сабақ

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

45

СОӨЖ

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

22,5

СӨЖ

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

67,5

Барлығы

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

135

3. Пререквизиттері: қазақ тілі (мектеп базасы), қазақ әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы, география, сөйлеу мәдениеті.

4. ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ: қазақ тілінің сөйлеу мәдениеті, практикалық стилистика, шешендік өнер, қазіргі қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы.

5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:

Қазақ тілі пәнінің мақсаты: мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілінің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру. Қазақ тілін оқытудың қарастырылып отырған деңгейлеріне сәйкес лингводидактикалық үлгі негізінде, бірыңғай әдістемені жүйелі жетілдіру. ЖОО-да қазақ тілін қарым-қатынас құралы деңгейіне айналдыру дағдыларын қалыптастыру. ЖОО түлектерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, тілдік біліктілігі жоғары маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасау. Пән бойынша білім игертіп қана қоймай, өмірлік проблемаларды шешуге қажетті білік-дағдыларды меңгеруге бағыттау.

Пәннің міндеті қамтылған тілдік деңгейлер аясында қатысымдық (коммуникативтік) және танымдық (когнитивтік) міндеттердің орындалуы барысында жүзеге асырылады. Атап айтқанда:

  • орта көлемді және көлемді мәтіндерді жатық әрі шапшаң түсініп оқу;

  • тұрақты сөз тіркестері, кәсіби сөз мағыналары мен салалық терминдер ұғымын түсініп қолдану;

  • монолог, диалог, полилог түрінде (хабарлама, таныстырылым (презентация), баяндама, дискуссия және т.б.) әңгімелеу, сұхбат жүргізу;

  • жазба жұмыстарын (эссе, аннотация, түйіндеме, жоспар, тезис, мәлімдеме, пресс-релиз, өтініш, хат, аударма, реферат, мақала және т.б.) орындау;

  • қазақ тілінің функционалдық грамматикасы аясында тілдік дағдыларды шыңдай отырып, тілдік тұлғаның қазақ тілінде жүйелі талдау жасауға, өз ойын еркін жеткізуге және ұсынылған материалдар бойынша сипаттама, салыстырма, қорытынды жасай білу сияқты т.б. тілдік біліктіліктерін жетілдіре дамыту:

  • әлеуметтік және кәсіби маңызды ақпаратты жеткізу, болашақ қызметінде қазақ тіліндегі деректерді қолдану дағдысын қалыптастыру.

Пәннің әдіс-тәсілдері: «Қазақ тілі» пәнін жүргізу барысында тіл үйретудің әлемдік деңгейде танылған заманауи үлгілері, отандық және шетелдік ғалымдардың авторлық озық әдіс-тәсілдері басшылыққа алынады. Жұмыс барысында уақыт көлемі, тақырып ерекшелігі, тіл үйренушінің қабілет-қарымы, оқытушының шеберлігі сияқты т.б. маңызды факторлар есепке алынып, соған сәйкес ақпараттық әдіс, түсіндіру әдісі, практикалық әдіс, кейсәдісі, ізденіс әдісі, жобалау әдісі сияқты т.б. әдіс түрлері мақсат-міндетке сәйкес қолданылады.

Деңгейлік дескрипторлар:

1) тілдік жүйе мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдык әрекеттер арқылы меңгерту;

2) дайын күйіндегі сөйлесім мен қатысымды төмендегідей әрекеттер арқылы жүзеге асыру:

  • өнер мен мәдениет (театр, фильм, кітап, музыка және т.б.) мәселелеріне байланысты өтілген тақырьштарды баяндау, мақұлдау, алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіру, дәлелдеу;

  • белгілі бір тақырыпты (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени салада) талкылауға өз қабылдауы бойынша баға беру;

- күнделікті тұрмыстық сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау және талкылау (нақты, өзіне таныс жағдаяттарға дайындықсыз араласып, әңгімені қолдау, қажет жағдайда қайта сұрау, өз көңіл күйін білдіру (өкіну, мұнаю, қызығушылық таныту немесе танытпау);

3) ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:

- мәліметтерді беруте дайындығы мен қабідеттілігі, әңгімелесушіге жеткізе алуы; қызығушылық танытуы, мәліметтерді сұрау, қайталап сұрау; кеңес беру, нұсқау беру; нандыру, байқампаздық таныту; көңілі толуын-толмауын, қызығушылығын, немқұрайлылығын білдіру.

  1. Сұхбат кезінде әріптесінің әңгімесіне көңіл аудару; қызығушыдық таныту.

  2. Монолог түрінде:

  • әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және кәсіби оқу саласында жағдаяттарды немесе оқиғаларды рет-ретімен өз көзқарасы бойынша сипаттау;

  • кітап немесе фильм сюжетін мазмұндау және дәлелдер арқылы өз көзқарасын білдіру;

  • берілген тақырып бойынша алдын ала дайындалған, аса күрдені емес баяндама жасау.

3.3. Жазбаша түрде:

-қарапайым өзара байланысты мәтіндерді;

  • тақырыптар мен тақырыпшалар аясындағы нақты жағдайларды немесе таныс заттар/объектілерді сипаттау;

  • белтілі бір тақырып бойынша қыска, аса қиын емес эссе жазу;

-күнделікті өмірдегі фактіге құрылған мәліметтер мен оны түсіндіруге кажетті әрекеттерге қысқаша баяндама жасау.

3.4. Тыңдалым дағдыларын түсінуі керек:

  • кәсіби өмірден алынған қарапайым хабарламаларды;

  • өтілген тақырыптағы әңгімені анық айыра білуді;

  • әңгімелесушінің сөзін аңдай алу;

  • дыбысталуы нақты жүйеленген радио-және телебағдарламалардағы мәліметтерді;

-радиодан берілген жаңалықтардың негізгі хабары ментаныс тақырыптағы қарапайым баяу берілген мәтіндерді (интервью, қысқа дәрістер, репортаждар).

3.5. Оқылым дағдылары:

  • электронды және қағаз түріндегі мәтіндерді қарап, қажетті мәліметті ала білу;

  • күнделікті материалдардан (хат, қысқа ресми құжаттар) қажетті ақпараттарды табу және түсіну;

  • мәтін тақырыбындағы негізгі идеяны табу:

  • газет материалындағы таныс тақырып бойынша негізгі ережелерді көрсете білу;

  • қызығушылык танытқан тақырыбы бойынша қарапайым мәтіндегі нақты ақпараттарды оқу және түсіну:

- қарапайым тілде жазылған техникалық ережелердің (қауіпсіздік техникасы) мазмұнын түсіну;

- буклет, каталог, даңғыл, ас мозірівдегі, кестедегі кажетті мәліметтерді оқи алу және оны қолдана алу.

Курс аяқталғанда студенттер төмендегі көрсетілген талаптарды білуі және түсінуі қажет:

А. Білуі және түсінуі: Тілдік қарым-қатынас теориясының негізін білу; ойын нақты және айқын білдіру; қазақ және орыс тілдерінің ережелері.

В. Түсіну қабілеттілігі және білімін тәжірибеде қолдануы: Ауызша және жазбаша түрде өз ойын еркін және дұрыс жеткізу; өз көзқарасын дәлелдеу; қазақ және орыс тілдерін үйрену барысында өз ойын еркін түрде тұжырымдап, айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен жауап беріп, әр түрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білу.

С. Қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру, өз идеясын, ойын айта білу қабілеттілігі: Тұжырымдау тәсілдерін игеру, қазіргі әдеби тіл нормаларын білу; таңдап алған мамандығы бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырту; тілдік және қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыру.

Д. Қарым-қатынас жасау саласында білуі тиіс: Логика, тұжырым жасау теорияларының негізін, қазақ және орыс тілдерінің негізгі ережелерін, сөйлеу әдебі мен қазақ және орыс әдеби тілдерінің нормаларын білу; қазақ және орыс тілдерінде сөйлесу дағдысын қалыптастыруы керек және оны практикада қолдана білу.

Е. Оқыту саласында: Игеру, студенттердің мамандығы бойынша тілдік және қарым-қатынас құзыреттілігін дамыту.