Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ

АХМЕТОВА А.А., АЙДАРБЕКОВА С.М.

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Компьютерлік жүйелер және кәсіптік оқыту факультетінің мамандықтарына арналған

АСТАНА, 2007

С. Сейфуллин атындағы БЕКІТЕМІН

Қазақ агротехникалық Әдістеме кеңесінің төрағасы университетінің әдістемелік __________ А.М. Әбдіров

кеңесінде қаралып, мақұлданды «_2____» _09_____2007ж.

Хаттама № 7 «2» шілде 2007ж.

Қ а з а қ т і л і

КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ КӘСІПТІК ОҚЫТУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ мамандықтарына арналған

Құрастырған: Ахметова А.А., Айдарбекова С.М.

Пікір жазғандар:

С.К.Кенжемұратова С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың

қазақ тілі кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

Қ.Қ. Сарекенова Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің

қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

«Қазақ тілі» оқу құралы қазақ тілі кафедрасының отырысында хаттама №__10___ «___31.05______» 2007 жылы қаралып, мақұлданды.

Кафедра меңгерушісі _____________ Қ.Ж. Серғазина

қолы

«Қазақ тілі» оқу құралы гуманитарлық кафедралар бөлімі әдістемелік комиссиясы отырысында хаттама №__10___ «__14.06_______» 2007 жылы қаралып, ұсынылды.

Әдістемелік комиссияның төрайымы _________________________

қолы, аты-жөні

Алғы сөз

Бұл оқу - әдістемелік кешен компьютерлік жүйелер және кәсіптік оқыту факультеті мамандықтарының бастауыш және жалғастырушы топтарына арналып, студенттердің кәсіби лексикасын тереңдетуді, мамандықтарына байланысты терминдерді меңгертуді көздейді.

Аталмыш оқу-әдістемелік кешеннің негізгі мақсаты - студенттердің өз бетімен тіл байлығын тереңдетуіне, бұрын алған білімдерін одан әрі жетілдіруіне мүмкіндік беру.

Қазақ тілі заңдылықтарын естеріне түсіру мақсатында берілген жаттығулар мен тапсырмалардың, сөйлемдер мен сөз тіркестерінің танымдық маңызы зор. Грамматикалық тапсырмаларды игеру мақсатында қысқаша ережелер берілген. Сонымен қатар студенттердің ойлау қабілетін арттыру үшін сөзжұмбақтар да берілген. Студенттердің білім деңгейін ескере отырып тапсырмалар жоғары және орташа деңгейлерге сай орналастырылған.

Оқу-әдістемелік кешеннің ерекшілігі - компьютерлік жүйелер және кәсіптік оқыту факультетінің мамандықтарына арналған мәтіндермен жұмыс істеу.