- •Қазақстан республикасы
- •2. Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу уақытын бөлу
- •5. Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •6.1. Практикалық – зертханалық сабақтарының тізбесі
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •8. 1. Негізгі әдебиеттер:
- •8.2. Қосымша әдебиеттер:
- •10. Білімнің бағалануы туралы ақпарат
- •Пән бойынша білім бағалау кестесі
- •Глоссарий
- •Қазақтың өнері мен мәдениеті
- •Бурабай табиғаты
- •Мен және қоршаған орта
- •Мамандық туралы
- •Қазақстан - әлемдік кеңістікте
- •Қазақстанның білім беру жүйесі
- •Адам және заң
- •Халықаралық қатынастар
- •Қазақ драмасының діңгегі
- •Денсаулықты жетілдіретін не?
- •1. Тілдер туралы Заңға өзгерістер қашан енгізілді?
- •13. Қажетті қосымшаны жалғаңыз. Көзілдірік атам...
- •9. «Мировые сообщество» сөз тіркесінің қазақша аудармасы
- •Мазмұны
Қазақстан республикасы
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.СЕЙФУЛЛИН атындағы ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қ.Ж. Серғазина, Ж.А. Құсайынова
Оқу-әдістемелік кешен
Жоғары оқу орындарындағы барлық мамандықтардың бастауыш топ студенттеріне арналған
Астана, 2012
«Сейфуллин атындағы ҚАТУ БЕКІТЕМІН
әдістемелік кеңесінде «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ
қаралды және баспадан әдістемелік кеңесінің төрағасы
шығаруға мақұлданды __________ Е.Т.Тазабекова
Хаттама №1 «21» 09 2012ж « 21 » 09 2012ж
ҚАЗАҚ ТІЛІ
(ПОӘК)
Құрастырушылар: аға оқытушы Қ.Ж.Серғазина,
ф.ғ.к., доцент Ж.А. Құсайынова
Пікір беруші: ф.ғ.к Н.К.Насиева
Оқу - әдістемелік кешен глоссарий, практикалық сабақтар, өздік тапсырмалар, аралық және қорытынды бақылау сұрақтары және әдебиеттер тізімін қамтиды
«Қазақ тілі» оқу-әдістемелік кешені қазақ тілі кафедрасының отырысында хаттамада_№ 10 «10» сәуір 2012 жылы қаралып, мақұлданды.
Кафедра меңгерушісі _______ С.К.Кенжемұратова
(қолы, аты-жөні)
«Қазақ тілі» оқу-әдістемелік кешен гуманитарлық кафедралар бөлімі әдістемелік комиссиясы отырысында хаттамада №11 «14» маусым 2012 ж. қаралып, ұсынылды.
Әдістемелік комиссияның төрайымы _________ А.А.Ахметова
(қолы, аты-жөні)
Алғы сөз
Жоғары оқу орындарының типтік бағдарламасын негізге ала отырып жасалған бұл оқу-әдістемелік кешен бастауыш топтың студенттеріне арналған. Оқу-әдістемелік кешеннің құрылымы бір-бірімен байланыста алынған 15 мәтіннен, мәтінді бекіту жаттығуларынан, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастырып, сөздік қорын молайтуға бағытталған сұхбаттан тұрады.
Оқу-әдістемелік кешеннің лексикалық және грамматикалық тақырыптары бір мақсатты жүйемен беріліп сабақ мазмұнының сабақтастығын сақтайды. Өзге ұлт өкілдерінің деңгейін ескеріп, әр сабақ сайын теориялық материалдарды меңгерту мақсатында жаттығу жұмыстары қоса беріліп отырды. Бұл ерекшелік студенттің салыстыру әдісі арқылы өз бетімен ой түю дағдысын қалыптастыруға тірек болады деген ойдамыз.
Оқу-әдістемелік кешенде мәтінмен жұмыс істеуге көп көңіл бөлінді. Осы мақсатта мәтінге сүйене отырып түрлі сызба, кесте, жаттығулар да берілді.
Тіл үйрету, тіл дамыту студенттің ойлау қабілетімен тығыз байланысты болғандықтан, олардың ойлау процесін жан-жақты дамыту, кеңейту көзделді.
1. Оқытушы туралы мәлімет: аға оқытушы Серғазина Қарашаш Жәкенқызы, ф.д.к., доцент Құсайынова Жайнагүл Айтмағанбетқызы
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ
тел : 38 -97 -15 , К 0700, дәрісхана 0713, 0709, 0814.
Қабылдау сағаттары: кестеге сәйкес.