Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз.яз. 2012уч.год..doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
8.44 Mб
Скачать

Қазақтың өнері мен мәдениеті

Қазақтың өнері мен мәдениеті үнемі бірлікте дамыды. Өнердің түр- түрін айтуға болады.Соның бірі - музыка өнері. Ауылдарды аралап жүретін әнші, күйшілер, ақындар мен жыршылар ертеден дәстүрлі музыка өнерін таратушылар болып саналады.

Музыка өнерінің дамуына XIX, XX ғасыр ортасындағы белгілі халық композиторлары мен әншілерінің әсері ерекше болды. Олардың арасында А.Құнанбаев, Біржан Қожағұлов, Жаяу-Мұса Байжанов, Дәулеткерей Шығаев, Құрманғазы Сағырбаев, Ақансері, Тәттімбет, Мәди, Дина Нүрпейісова, Кенен Әзірбаев және басқаларды атауға болады.

Қазақтың халық әндерін мәтіні мен мазмұнына қарай эпикалық, еңбек, отбасы-тұрмыстық, лирикалық, тарихи, әлеуметтік әндер деп бөлуге болады.

Қазақтың музыка өнері-нде дирижер, композитор, жетекші, домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің орны ерекше. Нұрғиса Тілендиев «Отырар сазы» фольклорлы-этногра-

фиялық оркестрін құрған. Оркестрде ерекше кең таралған музыка ежелгі музыкалық аспаптармен орындалатын болған.

Қазақстан – Р. Бағланова, Е. Серкебаев, Б.Төлегенова, Ә.Дінішев, Р.Рымбаева, Г.Есімова Ж.Әубәкірова, А.Мұсаходжаева, сияқты халықаралық деңгейдегі орындаушылар отаны.

7 - тапсырма. Мәтінді қайталап оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Халықтың әнші, күйшілері, ақын, жыршылары

музыка өнеріне қандай үлес қосқан?

2. Музыка өнерінің дамуына XIX, XX ғасыр

ортасындағы белгілі халық композитор, әнші-

лерінің әсері қандай болды?

3. Оларды атап бере аласыз ба?

4. Қазақтың халық әндері қандай тақырыптарды

қамтыған?

5. Н.Тілендиев туралы не білесіз?

6. Егеменді елдің мәртебесін көтеріп, өнерін, мәдениетін басқа елдерге танытып жүрген өнер қайраткерлерінен кімдерді білесіз?

8- тапсырма. Сұхбатты толықтырып, көршіңізбен сөйлесіңіз.

- Достым, бүгінгі сабақта «қазақтың өнері» деген тақырыпты талдадық. Өнердің түрлері көп. Жеке-жеке айтып бере аласың ба?

-. . . .

-Дұрыс айттың. Халық әндерін ел ішінде кімдер таратқан?

-. . . .

- Қазіргі ақын, әншілерден кімдерді білесің?

-. . . . . . .

- Өзіңнің сүйікті әншің бар ма? Ол саған несімен ұнайды?

-. . . .

- Жастардың көбі жеңіл музыканы ұнатады: поп, рок, диско, рэп, техно және т.б. Орта жастағы өнерсүйгіштер көбіне джаз, рок, поп деген бағыттарды ұнатады. Рок музыкасының негізін салушылар кімдер?

- ....

- Қазақстанда эстрада жұлдыздары көп. Оларға кімдерді жатқызамыз?

- ...

- Өнер, мәдениет дегенде мәдени орындарды еске түсіреміз. Өзің білетін Қазақстандағы ірі театр, мәдени орындарды атап берші.

-. . . .- Музыка өнерінің дамуына үлес қосатын оқу орындары туралы не білесің?

9- тапсырма. Омонимдік жұптарды аударып, қай сөз табына қатысты екенін ажыратыңыз. Омонимдерді сөз табына сәйкес талдаңыз. Омонимге қатысты мысалдарды толықтырыңыз.

1. Сағаттың тілі үшті көрсетіп тұр. 2. Айтуға тіл жетпейді. 3. Олар тіл табысты. 4. Оған тіл тигізді. 5. Асан тілге жүйрік. 6. Анардың тілінен бал тамған. 7. Сен тілінді тарт. 8. Ол қиярды жіңішке етіп тілді. 9. Мен қолымды тіліп алдым.

10 - тапсырма. Омонимді табыңыз.

1. Менің ана тілім, туған тілім, яғни қазақ тілі. 2. Ана бөлмеде ағам тұрады. 3. Мен алғашқыда қазақша түсінбедім. 4.Алғашқы ұстазым әлі есімде. 5. Ана тілі –бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы. 6. Ақан өнерлі жігіт. 7. Ол өнерімен бізді таң қалдырды. 8. Өнері тасыды. 9. Саматтың анасы келді. 10. Ана жолы біз кездесе алмадық.

UpRibbonSharp

Денсаулық – зор байлық

Жіктік жалғауы

  1. тапсырма. Жіктік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыз.

Салауатты өмір сүру үшін денешынықтыру жаттығуларын жасау керек. Мен күнде таңертең денешынықтыру жаттығуларын жасаймын. Мен денсаулығыма аса көңіл бөлемін. Бақытты болу үшін денсаулық керек. Дені сау адам қандай адам? Ауырмаған, ауырмайтын, дені сау, таза адам. Жану ауруы дегенді қалай түсінесің? Жан саулығы деген не? Ол – тілеп алған ауру. Өзің де, өзгені де азапқа салатын –дерт, ондай аурулар адамның ойлауға мұршасын келтірмейді, өзін де өзгені де қажытып, шаршатып жүйкенің жұқаруына, жан ауруына душар етеді. Жан ауруына шалдықтыратын не? Арақ, темекі, нашақорлық, өтірік, өсек, ұрлық, күншілдік, ұрыс-керіс. Бұндай ауруларды халқымыз кесел дейді, Темекі тарту, ішімдіктер ішу денсаулыққа зиян. Денсаулықтың кепілі – салауатты өмір сүру. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты.

2-тапсырма. Отан, ел, жер, денсаулық сөздеріне тәуелдік жалғау-

ларын жалғаңыз.

3-тапсырма. Студент, азамат, қызметкер, маман сөздерін жіктеңіз.

4-тапсырма. Берілген сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

Салауатты өмір сүру - ... Ішімдік ішу - ...

Дене шынықтыру - ... Бақытты болу - ...

Темекі шегу - ... Денсаулыққа зиян - ...

Денсаулық кепілі - ...

5-тапсырма. Мына сөздермен танысып, аудармасын жаттаңыз.

денсаулық – здоровье нашар – плохой

негіз – основа тірегі – опора

қоғам – общество отбасы – семья

мықты – крепкий мақсат – цель

жағымсыз – неприятный себеп – причина

темекі - сигарет мәлім – известно

улы – ядовитый көру қабілеті – зрение

екі есе – два раза больше әлденеше есе - несколько раз

әлеуметтік жағдай – социальное положение

қан тамырлары ауруы – болезнь кровеносных сосуд

6 - тапсырма. Мәтінді тыңдап, өзіңізге таныс сөздерді жазып отырыңыз. Мәтінді аударыңыз.

Денсаулық – зор байлық

Денсаулық - адам өмірінің негізі, тірегі. Денсаулығы нашар адам қоғамға да, отбасына да жайсыз екені белгілі. Денсаулығы мықты адам ғана алдына қойған мақсаттарына қол жеткізеді. Бүгінгі таңда қоршаған ортаның ластануы, әлеуметтік жағдайдың төмендігі, жұмыс орнында және отбасындағы келеңсіз жағдайлар, дұрыс, уақытымен тамақтанбау адам денсаулығын бұзатын себептер болып отыр.

Жеке адамның бойындағы жағымсыз қылықтар да денсау-

лықтың бұзылуына әкеледі. Атап айтсақ, темекі тарту, ішімдікке жақын болу. Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, шылым шегушілердің арасында қан тамырларының ауруы екі есе, ал өкпе ауруы әлденеше есе көп болады. Темекіде «никотин» атты улы зат бар екені мәлім. Темекі құмарлар күніне бір қорап темекі шегеді. Сонда ол адам 30 жыл ішінде үш жүз мың тал темекі жұмсайды немесе бір жарым килограмдай никотин жұтады. Никотин осы мерзімде мысқылдап кіріп, жүрек, жүйке, өкпе тәрізді адамның ең жанды жерлеріне ақау салып үлгереді. Осыдан адам денсаулығы нашарлап, жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Ендеше, әр адам өз денсаулығы үшін күресіп, салауатты өмір сүруге талпыну қажет.

7 – тапсырма. Мәтінді бірнеше рет оқып, төмендегі сұрақтарға толық жауап беріңіз.

1. Денсаулығы нашар адам қоғамға, отбасына жайлы ма?

2. Қандай адам өз мақсаттарына қол жеткізеді?

3. Бүгінгі таңда денсаулықтың бұзылуына әсер ететін қандай себептерді білесіз?

4. Темекі тартудың зияны бар ма?

5. Темекі тартуда адам ағзасы қандай улы затпен уланады?

6. Салауатты өмір сүру үшін не істейсіз?

8 – тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыз.

- Достым, салауатты өмір сүру дегенді қалай түсінесің?

- ………………….........................

- Бүгінгі таңда өзің осы бағдарлама шарттарын орындап жүрсің бе?

- .........................................................

- Сенің досың шылым тарта ма? Сен оған шылым тартудың зияны туралы айттың ба? Шылым тартудың зияны туралы өзің қаңдай ақпараттар оқыдың?

- ...........................................................

- Мен де салауатты өмір сүруге талпынамын. Үнемі денемді шынықтырып, темекі, алкогольды сұйықтардан бойымды аулақ ұстаймын. Басқаға да осындай тілек айтар едім.

-Дені сау адам қандай адам?

- ...................................................

9 – тапсырма. Төмендегі етістіктерді аударып, жіктік жалғауында түрлендіріңіз.

Мен үнемі (бегать). Сол себепті денемді (закалять). Таңертең сен

салқын сумен (умываться). Біз темекі (не курить). Мен қажет болса, (спать). Ол дұрыс (питается). Дене шынықтыру кезінде сен күнде (прыгать). Сіз үнемі (плавать).

10- тапсырма. Жіктік жалғаулы сөздерді табыңыз.

Мен салауатты өмір салтын ұстанамын. Көп қимылдау, шамадан тыс тамақ жемеу, дұрыс демалу, көңілді жүру денсаулықты сақтаудың алғышарты. Ол темекі тарту мен алкогольді ішімдіктер адам өміріне кері әсерін тигізетінін жақсы біледі.

Сен денсаулығыңды үнемі күтуің керек. Олар таңертең ерте тұрып, дене жаттығуларын жасап, таза ауада серуендейді.

Халықтың денсаулығы мен рухани саулығы мемлекеттің жарқын болашағының кепілі.

11 – тапсырма. Мұны білген жөн. Оқыңыз.

Біз әлі күнге дейін салауатты өмір салтының шын мәніндегі мағынасын дұрыс түсініп, дұрыс ұға алмай келеміз. Қазіргі ресми тұрғыда айтылып жүрген «салауатты өмір салты» сөзі бұл тек денсаулыққа байланысты. Ал, шын мәнісінде салауатты сөзінің ұғымы кең мағынада жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның ой-санасын, мінез-құлқын, іс-әрекетін жан-жақты қамтитын парасатты ұғым. Cалауатты өмір салтын имандылық негізінде оқушылардың бойына сіңіруде ислам дінінің парыздары мыналарды міндеттейді:

- әрбір мұсылман қолынан келгенше бір-біріне жақсылық қылуы керек. Ісімен болсын, сөзімен болсын, мейлі тілімен. Ең болмағанда, жақсылық тілеп тұруы абзал;

- қанағатшылыққа, инабатқа, сабыр, ар сақтауға, уағадашылық пен ынсаптылыққа ұмтылдыру;

-еңбек етіп өз отбасын асырауы;

-адам рухына, түр-түсіне, нәсіліне, байлығы мен дәрежесіне қарамай, Алла алдында тең, демек, жер бетінде де тең;

-білім алуға, бейбітшілікті сақтауға міндетті;

-адам мінезіне қызғаншақтық емес, жомарттықтың үш түрін ұсынады: көз, қол, көңіл жомартығы;

-маскүнемдік, есерткі, ұрлық, өтірік айту-иманның, мұсылманның жауы;

-ата-ананы, ұстазды құрметтеу, көрші-ағайынмен тату-тәтті өмір сүру,т.б.

UpRibbonSharp

Қоғам және жастар

Септік жалғауы

1-тапсырма. Сұраққа берілген сөз тіркестерін қатыстырып жауап беріңіз.

мемлекет болашағы

тіл жанашыры

1. Жастар кім? мемлекет тірегі

ертеңгі басшы

болашақ қаржыгер

білім алу үшін

2. Жастар қалаға не үшін келеді? жұмысқа орналасу үшін

өз орнын табу үшін

2- тапсырма. Қоғам, жастар, студент сөздерін септеңіздер.

3 - тапсырма. Қоғам, жастар, қоғамдық жобалар, болашақ сөздерін қатыстырып сөйлем ойлаңыз.

4 – тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын жаттаңыз.

жастар қаласы – город молодых

үміт – вера

үлкен мүмкіндіктер – большие возможности

болашақ әлемі – мир будущего

жазғы демалыста – на летних каникулах

қаражат – деньги, финансы

бағдарлама – программа

қоғамдық – общественные

мамандық жәрмеңкесі – ярмарка

түйіндеме – резюме

жастар саясаты – молодежная политика

қоғамдық жобалар – общественные проекты

жастардың күші – сила молодых

5–тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз, өзіңізге таныс сөздерді жазып отырыңыз. Мәтінді қазақша мазмұндаңыз.

Қоғам және жастар

Негізгі деректерге сүйенсек, қазір жастардың көпшілігі - Астана қаласында. Сол себептен, Астана «жастар қаласы» деген атқа арқау болып отыр. Мыңдаған қыздар мен жігіттер Елордаға үміт арқалап, үлкен мүмкіндіктер мен болашақтың әлемінен өз орнын табу үшін келді. Астананың әрбір оныншы тұрғыны – білім алушы жастар өкілі.

Жастардың басым көпшілігі оқу мен еңбекті қатар алып жүреді. Қазір жазғы демалыста шетелдерде жұмыс істеп, қаражат табуға бағытталған халықаралық бағдарламалар кеңінен таралуда.

Оқу бітірушілер мен студенттердің жұмысқа тұруын «Жастар еңбек биржасы» қоғамдық бірлестігі қолға алды. Жыл сайын мұнда мамандықтар жәрмеңкесі өтеді. Жұмыс берушілер жастардан түйіндеме қабылдап, әңгімелесу өткізеді.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында қоғамдық жобалар әзірленіп, өндірілуде. Өткен жылы жас белсенділер «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.

Бір жазда жастардың күшімен Астананың сол жағалауындағы

500 гектар жер жасылдандырылды.

«Ғашықтар» саябағы мен әкімші-

лік ғимараттың жанына жүздеген ағаш отырғызылды.

Жастар әңгімелесу, пікір сайыстар, ғылыми-практикалық конференциялар жүргізуде. Олар өздерінен кіші буынға үлгі боларлық істер көрсетіп жатыр.

6 – тапсырма. Мәтінді қайта оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

1. Астана неге жастар қаласы деп аталады?

2. Астанаға мыңдаған жігіттер мен қыздар қандай мақсатпен келді?

3. Жастар жазғы демалыста шетелдерге не үшін барады?

4. «Жастар еңбек биржасы» қандай қызмет атқарады?

5. Мамандықтар жәрмеңкесінде не істейсіз?

6. «Жасыл ел» бағдарламасы туралы не білесіз?

7 – тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыз.

  • Сәлем, достым!

...................................................

- Болашақ бағдарламасы туралы не білесің?

- Біріншіден, «Болашақ» бағдарламасына бақ сынау үшін кепілдікке қоятын үйің болуы керек. Екіншіден, жасыңыз 18-ге толмаса, бағдарламаға қатыса алмайсыз. Үшіншіден, 11 жылдық мектепті бітіргеннен кейін аттестатыңыздағы орташа бағаңыз 4,5-тен кем болмауы тиіс. Және ҰБТ-дан жинаған балыңыз 90-нан кем болмауы керек. Таңдаған еліңіздің тілін білу керек.

  • Мен жазда қаражат табу үшін, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыс істеймін. Сен қатысасың ба?

  • ...................................................

  • Қазір жастар ісіне, белсенділігіне мемлекет тарапынан үлкен қолдау жасалып отыр. Ондағы мақсат не?

  • ....................................................

  • «Жастар – Қазақстан болашағы» дейді. Осы жөнінде сен не айтар едің?

  • ....................................................

  • Достым, қазір жастарды жұмыспен қамтамасыз ету біршама реттеліп қалды. Дегенмен, сен осы мәселеге қатысты қандай пікір айтар едің?

.....................................................

8 - тапсырма. Төмендегі суреттерге қарап жастар ұйымының атын атаңыздар, олар қандай мәселелерді қарастыратынын айтыңыздар.

9 – тапсырма. Сөйлемдерді аударып, септік жалғауларының қызметін салыстырыңыз.

Алдыңғы аға буын кейінгі буынға осындай мұраларды қалдырған. Жастар өз тілін, салт-дәстүрін дамытады. Мемлекет жастарды ел билеуге араластырады. Бүгінгі күні жастардың белсенділігі артып отыр. Ауылда жастардың еңбегі бағаланады. Болашақ іскерлер де жастардан шығады. Қоғамда жастардың орны бар. Жастар - ертеңгі қоғамның айнасы. Оларға қарап ертеңгі қоғамның қандай болатынын болжаймыз.

10 – тапсырма. Сөздерді аударып, қай септік жалғауын қолданып тұрғаныңызды түсіндіріңіз.

Ол (наш) досымыз. (В гостях) өзіңді сыпайы ұстауың керек. (В лесу) осындай ағаштар өседі. (С природой) үнемі сырласамын. Орманды (с нами) аралайсың. (Со своим) көршісімен театрға барды. Ол (на улицу) асығып шығып кетті. Мен (музыку) сүйіп тыңдаймын. Мен (во дворе) Райханды кездестірдім. Кішкентай бала (к окну) жақындады. Кешке мен (в сад) шығамын. Оның анасы (в аптеке) жұмыс істейді.

11 – тапсырма. Берілген сөйлемдерден септік жалғауларын ажыра-

тыңыз.

Қазақстан азаматтарының басым көпшілігі –жастар. Жастар ертеңгі үмітіміз. Әрбір қоғамның келбеті жастардың қалай өсуіне байланысты. Жастар қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан өздерін оқшау ұстамағаны жөн. Жастар мемлекеттік саясатқа араласа алады. Жастар – мемлекет болашағы. Жастар –елдің келешегі. Ата жолын жалғастыратын мұрагер. Бүгінгі аяқталмай жатқан істерді мәреге жеткізетін солар. Сол үшін де жастарға белсенділік, сергектік пен кәсібилік өте керек.

UpRibbonSharp

Тәуелсіз Қазақстан

Тәуелдік жалғауы

1 - тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

  1. Қазақстан қандай мемлекет?

  2. Қазақстан қай жылдан бастап тәуелсіз мемлекет болып есептеледі?

  3. Қазақстанның тәуелсіздігін білдіретін белгілерді атаңыз.

  4. Қазақстан ТМД құрамына қашан енді?

  5. ҚСР-і қай жылдан бастап, Қазақстан Республикасы деп аталды?

  6. Қазақстан Республикасын бірінші таныған елді атаңыз.

  7. Қазан айының 25-і қандай күн?

2 – тапсырма. Қазақстан, Отан, мемлекет сөздерін тәуелдеңіз.

3 - тапсырма. Берілген сөйлемнен тәуелдік жалғауын табыңыз.

1. Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан. 2. Мен Қазақстан азаматы-мын. 3. Тәуелсіз Қазақстанның өз Ата Заңы бар. 4. Біздің Мемлекеттік Елтаңбамыз, Туымыз және Әнұранымыз бар. 5. Мен Отанымды қорғауға әрқашан дайынмын. 6. Қазақстан жері кең-байтақ. Ол жерінің үлкендігі жөнінен дүние жүзінде тоғызыншы орында тұр.

4 – тапсырма. Төмендегі сөздерді қайталап, жаттап алыңыз.

тәуелсіздік - независимость

дейін - до

одағы - союз

ел -страна

бір-бірімен - друг с другом

тығыз- тесно

байланысты – связано

қайта құру – перестройка

өміріне – в жизнь

өзгеріс – изменение

егемендігі туралы – о независимость

саяси – политический

қуаныш – радость

жеке ел – независимая страна

төте – прямой

терезесі тең – равноправно

ұйым – организация

5 - тапсырма. Мәтінді тыңдап, өзіңізге таныс сөздерді жазып отырыңыз. Белсенді етістіктердің қолданысын ажыратыңыз.

Тәуелсіз Қазақстан

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін алғанға дейін, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы деп аталған ірі империяның құрамында еді. КСРО-ның құрамында Қазақстаннан басқа 14 ел болды. Бұл елдер «Одақтас республика» деп аталды. Бір-бірімен тығыз экономикалық байланыста өмір сүрді. Сексен -

інші жылдардың екінші жартысынан басталған демократиялық қайта құрулар Кеңес Одағының құрамындағы республикалар өміріне үлкен өзгерістер әкелді.

1990 жылы 25 қазанда Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл оқиғаның Республика өмірінде үлкен саяси маңызы болды. 1991 жылдың 10 желтоқсанынан бастап қазақ ҚСР-і Қазақстан Республикасы деп аталды. Азаттық алған елдер тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып, оны орасан зор қуаныш үстінде қарсы алды.

Бодандықтан құтылып, өз алдына жеке ел болып, бөлініп шығу біздің елдің тарихындағы теңдесі жоқ ұлы оқиға болды. Тәуелсіздік алған соң, Қазақстан мемлекеті әлемдегі мемлекеттермен төте араласуға, олармен терезесі тең ел ретінде қатынас жасауға, дүниежүзілік ұйымдарға мүше болуға қол жеткізді.

6–тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, төмендегі сұрақтармен бекітіңіз.

1. Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан Республикасы қандай ірі империяның құрамында еді?

2. КСРО-ның құрамында неше ел болды?

3. Қазақстан мемлекеті өз тәуелсіздігін қашан алды?

4. Тәуелсіздік алғаннан кейін, Қазақстан мемлекеті қандай байланыстарға қол жеткізді?

7-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша, мына сұхбатты жалғастырыңыз.

- Достым, Қазақстан мемлекеті бұған дейін қандай империяның құрамында болды?

- .........................................................

- Мемлекетіміз өз егемендігін алғаннан кейін. елтаңбасы, туы және

әнұранында өзгерістер болды ма?

- .........................................................

- Елтаңбада және мемлекет туында не бейнеленген?

- .........................................................

- Ал әнұранымызды айтып бере аласың ба?

- .........................................................

- Сонымен, Қазақстан Республикасы деп қашаннан бастап аталды?

- .........................................................

- Тәуелсіздік күні деп қай күн белгіленген?

- .........................................................

8–тапсырма. Берілген сөйлемді үлгі бойынша қайта өңдеп айтыңыз.

Үлгі: Ол мектепті 2009 жылы бітірді. – Қазір 2012 жыл. Ол мектепті 3 жыл бұрын бітірді. Ол мектепке 2010 жылдан бері бармайды.

1. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін 1991 жылы алды.

.............................................................................................................................

2.Ұлттық валюта 1993 жылдың қараша айынан бастап айналысқа енгізілді.

............................................................................................................................. 3. 1 теңгеде - әлемдік философияның атасы Әбу Насыр әл-Фараби бейнесі салынған.

.............................................................................................................................

4. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы қабылданды.

............................................................................................................................. 5. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.

.............................................................................................................................

9–тапсырма. Жаттығудан дұрыс қолданылмаған тәуелдік жалғауын тауып, қатесін түзетіңіз.

Біздің елім тәуелсіздікке қол жеткізді. Мемлекетте адамдардың өмірің қадағаланып отырады. Біздің елтаңбаңыз бекітілді. Тудың түсің көк түсті. Әр ұлттың өкілі Қазақтан мемлекетімнің дамуына үлес қосады. Сіздің үлесің де бар. Менің осындай арманың бар. Сенің ойыңыз маған түсінікті болды. Сенің мақсатыңыз бізге ұнайды.

10-тапсырма. «Менің Қазақстаным» тақырыбына шағын мәтін жазыңыз.

UpRibbonSharp

Мінез және келбет

Сын есім

1 - тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

1. Адамның мінезіне қатысты қандай сөздерді білесіздер?

2. Қызғаншақ жақсы мінез бе?

3. Қайсар, өжет, батыл адам деп кімдерді айтар едіңіз.

4. Сіздің ойыңызша идеал деген кім? Ол қандай адам болуы керек?

5. Сіз құрбыңызды топпен таныстырыңыз.

  1. тапсырма. Сөйлемді аяқтаңыз.

1. Оның мінезі ..., ... . 2. Менің досым ..., ... . 3. Ол әріптестері арасында ..., ... . 4. Самат ..., ..., ... маман. 5. Біздің старостамыз ... .

3- тапсырма. Сәйкестігін табыңыз.

қарапайым милосердный

қайырымды приятный

сүйкімді скромный

келбетті уравновешенный

сезімтал ревнивый

қызба статный

байсалды горячий

4 - тапсырма. Мына сөздермен танысып, қайталаңыз.

адам мінезі - характер человека

әр түрлі - разное

сабырлы - спокойный

шыдамсыз - нетерпеливый

қызғаншақ - ревнивый

қоғам - общество

ұжым - коллектив

байсалды - спокойный

көпшіл - общительный

ақкөңіл - чистосердечный

кешірімді – простительный

жомарт - щедрый

жағымсыз – неприятный, противный

сабырсыз – нетерпеливый

кекшіл - злопамятный

көңілсіз – без настроения

қылық – выходка

сырлас – близкий

5 - тапсырма. Мәтінді тыңдап, өзіңізге таныс сөздерді теріп жазы - ңыз.

Мінез және келбет

Адам мінезі әр түрлі болады. Біреуі – сабырлы, біреуі – шыдамсыз, енді біреуі – қызғаншақ. Кез-келген адам қоғамда, ұжымда өмір сүреді. Сондықтан, мінезіне қарай басқа адаммен тіл табысып, мінезі арқылы ұжымға танылады. Егер адам мінезі байсалды, сабырлы, көпшіл, ақ көңіл болса, басқа адамдар да онымен дос болып, сырласуға, ақыл-кеңес сұрауға жақын тұрады. Кешірімді болу, адам бойындағы жомарттық, кішіпейілдік те мерейіңді өсіріп, алғысқа бөлентеді.

Кейбір адамдардың сыртқы келбеті әдемі болғанымен, жағымсыз мінездерімен ортасын жалықтырып, өзгемен тіл табысуын қиындатады. Шыдамсыз, сабырсыз, қызғаншақ, кекшіл болсаң, сен достарыңнан алыстап кетесің. Үнемі жалғызсырап, көңілсіз өмір кешесің. Сондықтан жаман қылықтан аулақ болып, неғұрлым мейірімді, сабырлы мінез көрсетсең, саған өкпесі бар адамдардың өзі сырлас досыңдай болып кетеді. Жұмсақ мінез, ұстамдылық, сыпайылық - өзіңді де, отбасыңды, досыңды да бақытқа бастар жолдың тетігі. Халқымызда «Жақсы адам – қазына» деген нақыл сөз бар. Оның астарында адам мінезі жайлы ой айтылған.

6 - тапсырма. Берілген мәтінді оқып, аударма жасаңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Адам мінезі қандай болады?

2. Адам мінезі арқылы басқа адамдармен тіл табысып, ұжымға танылуға бола ма?

3. Байсалды, сабырлы, көпшіл, ақ көңіл адаммен сырласуды жақсы көресіз бе?

4. Адамның қандай мінезі тіл табысуды қиындатады?

5. Өзіңді, отбасыңды, досыңды бақытқа бастар жолдың тетігі неде?

6. «Жақсы адам – қазына» нақыл сөзін қалай түсінесің?

7 - тапсырма. Сұхбатты жалғастырып, екінші нұсқасын құрыңыз.

- Асхат, сенің ең жақын досың бар ма?

- ...................................................................

- Досыңның қандай мінезі саған ұнайды?

- .....................................................................

- Досыңның мінезінде қандай кемшілік бар?

- ......................................................................

- Сен ашулансаң, досың не істейді?

- ......................................................................

- Ал досың ашуланып, ренжитін жағдайлар бола ма?

- .......................................................................

- Ондай жағдайда сен қандай мінез көрсетесің?

- ........................................................................

- Жақсы. Сенен үйренетін мінез-құлықтар көп екен.

- Ия, адам адамнан жақсы мінезді, жағымды әдетті үйрену керек.

8 - тапсырма. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз. Адам мінезін, келбетін сипаттайтын сөздерді жазыңыз.

1. Менің жолдасым ...(қандай?)

2. Оның анасы ...(қандай?)

3. Менің анам ...(қандай?)

4. Сенің әкең ...(қандай?)

5. Оның жолдасы ...(қандай?)

6. Сәкеннің атасы ...(қандай?)

7. Досанның әпкесі ...(қандай?)

8. Мараттың қарындасы ...(қандай?)

9. Еркебұланның ағасы ...(қандай?)

9 – тапсырма. Қажетті сөздерді аударып, сөйлемді толықтырыңыз.

Мен (вкусный) тамақ әзірледім. (Красивая) қыздың (вежливый) мінезі бәрімізге ұнады. Атамның (доброе) жүрегі бізді мәпелейді. (Хорошое) іс істесең жан-жағыңнан алғыс аларсың. (Большая) достық сыйластықтан басталады. (Умный) адам қателік жасамайды. (Хитрый) адам сені алдап кетеді.

10 - тапсырма. Сіз өзіңіздің портретіңізді жазыңыз. Ол үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сіздің жеке дара қасиетіңіз қандай?

2. Қызығушылығыңыз.

3. Қолыңыздан келетін өнеріңіз.

4. Жетістіктеріңіз бен нәтижелеріңіз.

5. Мінез құлқыңыз.

UpRibbonSharp

7 – сабақ

Бос уакыт және қызығушылық

Сан есім

1-тапсырма. Берілген сұраққа сөз тіркестерін қатыстырып жауап беріңіз.

дем алу

кітап алу

Сен бос уақытта не істер едің? концертке бару

досымен кездесу

ата-анаға көмектесу

шахмат ойнау

саяхатқа бару

Сені не қызықтырады? сурет салу

спортпен айналасу

бассейнге бару

балық аулау

2- тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің баламасын табыңыз

дем алу –

кітап оқу –

концертке бару –

досымен кездесу –

ата –анасына көмектесу –

шахмат ойнау –

саяхатқа шығу –

сурет салу –

спортпен айналысу –

бассейнге бару –

балық аулау -

3 - тапсырма. Берілген сөйлемдерден сан есімді тауып, мағыналық жағынан ажыратыңыз.

Біз экономика мамандығында 102 топта оқимыз. Біздің топ ұйымшыл. Топта 2 мемлекеттік грант иегері бар. Топтың үштен бірі қыз балалар. Топ басшысының есімі – Данияр. Оның жасы он сегіздерде. Сабақта біз екі-екіден отырамыз. Ертең сағат 3-те қазақ тілі курсына қатысамыз. Күнде 7-8 жаңа сөз үйреніп қайтамыз. Топтың тең жартысы қазақша еркін сөйлей алады.

4 - тапсырма. Төмендегі сөздердің аудармасына назар аударыныз.

уақыт кестесі – расписание времени

тыңғылықты - исполнительный

өзіне - себе

бос уақыты – свободное время

рухани - духовный

жүйке – нерв

қуаты - сила

қызығушылық – интерес, забава

тау - гора

кесте - вышивка

тоқыма - вязать

мәдени орындар – культурные места

жаныңызға - душе

жылылық - тепло

5 - тапсырма. Мәтін бойынша мағынасы түсінікті сөздерді жазып алыңыз. Аудармасын еске түсіріңіз.

Бос уақыт және қызығушылық

Уақыт кестесін дұрыс пайдалана алатын адамның іс-әрекеті жүйелі болады. Кестесіне сәйкес жоспарлаған жұмыстарын да тыңғылықты орындайды. Ондай адамның өзіне көңіл бөлетін бос уақыты да табылады. Мұндай жағдайда, әрине, өзің қызығатын, рухани ляззат алатын іспен шұғылданған пайдалы. Бұдан адамның бір мезгіл болса да, жүйкесі тынығып, күш-қуаты артады.

Әр адамның қызығушылығы әр түрлі. Бірі – тауға шығып серуендеуді қаласа, енді бірі – сүйікті спорт түрімен айналысады. Кітап оқу, кесте тігу және тоқыма тоқу да кейбір адамның қызығушылығын арттырады.

Бос уақытта мәдени орындарға барып, әнші, биші, күйшілердің өнерін тамашалаудан жаныңызға жылылық ұялайды.

6- тапсырма. Мәтінді қайталап оқып, сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.

1. Сіз уақытыңызды дұрыс пайдалана білесіз бе?

2. Бос уақытта немен шұғылданған пайдалы?

3. Қызығатын іс-әрекетпен айналысқанда, қандай күйде боласыз?

4. Адамдардың қызығушылығы әр түрлі. Сипаттап беріңіз.

5. Бос уақытта мәдени орындарға баруды ұнатасыз ба?

7 - тапсырма. Сұхбатты жалғастырып, еркін сөйлесуге дағдылан-

ыңыз.

- Сәлем, достым. Жағдайың қалай?

-...

- Жексенбі күні бос уақытым бар. Сондықтан көл жағасына барып, балық аулап, тынығып қайтқым келеді. Саған ұнаса, бірге барайық.

-Жоқ .....

- Сен сурет салуды ұнатады екенсің ғой. Сурет салуды қашаннан бастадың?

-...

- Қандай тақырыптарда суреттер саласың?

-...

- Сенің ата-анаң, бауырларың да сурет салумен айналыса ма?

-...

8 – тапсырма. Сан есімдерді дұрыс қолданып, бір тәуліктегі кестеңізді толтырыңыз.

Мен таңертең сағат .......................... тұрамын.

Сағат ......... ......... денемді сергітер жаттығуларды орындаймын.

Сағат ....... ........ жуынып, таранамын.

Таңғы асымды сағат ............... ................ ішемін.

Бізде сабақ сағат ............... басталады.

Күніне біз сағат .............. оқимыз. Яғни таңертеңгі ..... .......... -дан кешкі ..... ......... дейін университетте боламыз.

Бір сабақ ............ минутқа созылады.

Үлкен үзіліс кезінде, яғни, сағат ............ -да, біз түскі тамақ ішеміз.

Сабақтан шыққан соң, сағат ............. жатақханаға барамыз.

Сағат ............... -да кешкі тамақ ішіп, сабаққа дайындаламыз.

9 – тапсырма. Сан есімдерге дұрыс жалғанбаған қосымшаларды тауып, қатесін табыңыз.

Мың тоғыз жүз тоқсанінші жылдың жиырма бесыншы қазанында мемлекеттің тәуелсіздігі туралы декларация қабылданды. 1991 жылға желтоқсанның 16-ыншы тәуелсіздік туралы заң қабылданды. Бір сабақ сағат сегіз жарым басталады. Жарыста алтау бала озып келді. Енді судың үшке бір бөлігін құясың. Екі – екінің отырыңдар.

10- тапсырма. Берілген сөйлемдерден сан есімдерді тауып, мағыналық жағынан ажыратыңыздар.

Бірінші байлық – денсаулық. Жігітке жеті өнер де аз. Ақыл – алтау, ой – жетеу. Ердің екі сөйлегені – өлгені. Кітапты бес-бестен тарату керек.

Ә.Қастеев мұражайында үш мыңнан астам жәдігер сақталған. Қайырымдылық қоры алпыстай баланы қамқорлығына алған. «Ана тілі аруы» байқауын тамашалауға тобымыздың төрттен бірі жиналды. Былтыр бітірген түлектердің төрттен екісі өз мамандығына байланысты жұмысқа орналасты.

UpRibbonSharp

Бурабай табиғаты

Есімдік

1 - тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

1. Айдос, сен демалыс күні Бурабайға барғың келе ме?

2. Бурабайдың табиғатын бұрын көрдің бе?

3. Биші қайыңдар қай жерде көп кездеседі?

4. Сұлу Көкше туралы поэманы кім жазған?

2 - тапсырма. Берілген сөздердің қазақша аудармасын жазыңыз.

Земной рай - …

Необычная природа - …

Танцующие березы - …

Оздоровительные центры - …

Прекрасное Кокше

3 - тапсырма. Жақша ішіндегі сөздерді аударып, оқыңыз.

Бурабай – (вторая Швейцария) деп аталады. Тамыз айында біз Бурабайға (поедем отдыхать). Демалушылар Бурабайға (приезжают из зарубежа). Бурабай, Зеренді, Шалқар жерлерінің (удивительная природа). Ғажайып табиғат баурайында (оздоровительные центры) орналасқан. Жолдың екі жағында биік қарағайлар (выстроились в ряд) Көкшетау жерінде (восемьдесят озер) бар.

4 - тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

табиғат- природа

таңғажайып – удивительный, изумительный

ауа - воздух

керемет - прекрасно

бейнелі – образный

сұлулық - красота

тарихи - исторический

шыңдары - вершины

саяхатшы - путешественник, турист

5 – тапсырма. Мәтінді тыңдап, орыс тіліне аударыңыз.