- •Қазақстан республикасы ауылшаруашылығы министрлігі
- •3. Пререквизиттері: қазақ тілі (мектеп базасы), қазақ әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы, география, сөйлеу мәдениеті.
- •5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:
- •6. Пәннің мазмұны
- •6.1. Практикалық сабақтарының тізбесі
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Менің Отаным
- •Тәуелсіз Қазақ елі
- •Соөж тапсырмалары
- •Қазақстан
- •Қазақстан жері
- •Лексикалық тақырып: Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •1. Тірек сөздермен танысыңыз
- •2. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің 1 бөлігіндегі мәліметтер қайдан алынған?
- •Грамматикалық минимум
- •Парламент. Үкімет
- •Лексикалық тақырып: Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы
- •Парламентінің және үкіметінің қорғаныс саласындағы өкілеттіктері
- •Қорғаныс саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдардың функциялары, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен міндеттері
- •Ерек туған ер Мәлік
- •Аэроұтқыр әскері – айрықша құрылым
- •Қазақстан – 2030
- •2. Тірек сөздерді теріп жазыңыз
- •3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз
- •Экономика
- •Банк жүйесі
- •Ұлттық банк
- •Ұлттық валюта
- •2. Тірек сөздерді теріп жазыңыз
- •3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз
- •2.Сөздікті жаттап алыңыздар.
- •3.Бірінші қатардағы антонимдердің сыңарын екінші қатардан көрсетіңіздер.
- •4.Мәтінді оқыңыздар. Халықаралық экономикалық қатынастар
- •5.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •12.Мәтіндегі етістіктерді көшіріп жазып, қай шақта тұрғанын айтыңыздар.
- •13.«Қазақстанның халықаралық қатынастары» тақырыбында реферат жазыңыздар.
- •Мемлекет – адамдық өркениет институты
- •1.Cіз өз құқығыңызды білесіз бе?
- •2. Адамдар өз құқықтарын дұрыс білмегендіктен, келеңсіз жағдайларға түседі ме, жоқ әлде кішіпейіл болғандықтан кешіріммен қарайды ма?
- •3. Сіз бір ыңғайсыз жағдайға түссеңіз, өз құқығыңызды айтып, мәселенің дұрыс шешілуін талап етесіз бе, әлде мені кейін сотқа шақырады, уақытым кетеді деп көзжұма қарайсыз ба?
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі
- •Салт-дәстүрлердің түрлері
- •Сөж тапсырмасы
- •Сөж тапсырмасы
- •Дені саудың – жаны сау
- •1. Пайдалы нәрселер 2. Зиянды нәрселер
- •Сөж тапсырмасы
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •Ұлттық тағамдар
- •1. Еттен жасалатын тағамдар 2.Сүттен жасалатын тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •«Астана-Арена» жабық стадионы
- •Сөж тапсырмасы
- •1. Суреттер бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •2. Қалай сұрап, қалай хабарлауға болады?
- •3. Мәтінді оқып, сөздікті пайдаланып, аударыңыздар. Шоқан Уәлиханов (1835-1865)
- •4. Мәтінге қатысты сұрақтар құрыңыздар.
- •9. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар жазыңыздар.
- •14. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар. Заманауи технология
- •15. Ал сіздер заманауи техникалық құралдарды қолданасыздар ма? Олардың пайдасы мен зияны туралы айтыңыздар.
- •16. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, полилог құрыңыздар. Рөлдерде ойнаңыздар.
- •17. Мәтінді оқып, тақырыпқа қатысты сөздерді теріп жазыңыздар. Интернет байланысы
- •18. Сөйлемдерге қажетті сөздерді анықтаңыз.
- •3. Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз.
- •3.Сәйкестендіріп жазыңыз.
- •5. Берілген сөздермен сөйлемдер құраңыз.
- •7. Көп нүктенің орнына тиісті етіс жұрнақтарын қойыңыз.
- •9. Мәтінді оқыңыздар. Мереке күндер
- •11. Мәтінді аударыңыз. Мазмұнын айтыңыз.
- •15. Мақал-мәтелдерді пайдаланып, сөйлемдер құраңыз.
- •Сөж тапсырмалары:
- •Адамгершілік, имандылық – тәрбие негізі
- •2. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыздар.
- •3. Мереке күніне құттықтау жазыңыздар.
- •Шілдехана тойы
- •2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •6. Мәтінді қазақ тіліне аударып, тақырып беріңіздер.
- •7. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
- •8. Сүндет тойда айтылатын тілекті оқыңыз. Көп нүктенің орнына тиістісөздерді қойыңыз.
- •9. Мәтінді ретімен орналастырыңыздар. Аударыңыздар.
- •10. Берілген сөздердің синонимін табыңыздар.
- •11. Мақал – мәтелдерді аударыңыздар. Жаттап алыңыздар.
- •2.Мәтінге сүйеніп сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •3. Ырымдардың себебін жазыңыздар.
- •Негізгі әдебиеттер
- •10. Білімнің бағалануы туралы ақпарат
- •11. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі
Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі
“Отбасы адамның өте маңызды, өте жауапты ісі. Отбасы өмірді кемеліне келтіреді, отбасы бақыт әкеледі, бірақ әрбір отбасы, ең алдымен мемлекеттік маңызы бар зор іс болып табылады”, - деп анықтама берген А.С. Макаренко. Яғни, отбасы – қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. Көп ұлтты мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады. Көне заманнан келе жатқан таным-түсінік, әдеп-тағылымдарын ұғыну, білу және өмірге үйлесімділерін қажетке жарату – жастардың туған халқына деген құрметінің артып және өнегенің рухани түлей түсуіне ықпал етеді. Былайша айтқанда, елінің тарихи өткен жолы мен бұраң бұлтарысы көп болмыс-білімін ұғыну халқына деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімінің қарқынды түрде жетіле түсуіне әсерлі ықпал етумен қатар, бұл нәтижелі сапаға айналады.
Қазақта “үйлену- оңай, үй болу- қиын” дегендей үйленіп, үй болу адам өмірінің ұмытылмас кезеңі. Оның да өзіндік қызығы мен қиындығы бар. Қазақ халқы қыз ұзатып, ұлын үйлендіріп келе жатқан, басқа халықтар сияқты думаншыл-сауықшыл халықтардың бірі. Ежелден бері қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша, қазақ халқында отау тігудің әр түрлі, рет-ретімен орындалатын салт-дәстүрлері өте көп. Отау тігу дәстүріне көрік беріп, қызықты әрі мағыналы ететін – салт-дәстүр. “Қызын қияға, ұлын ұяға” қондыру әке-шешенің ұл-қызына деген міндеті. Қазақ табиғатында отбасы иелері балаларының алдында өздерінің тіршілік әрекетінде барлық адамгершілік қасиеттерін, үлгісін көрсете білген. Оның басты себебі “ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде” деп бағалағандықтан. Сондықтан, ата-ана балаларын тұрмыс пен салтқа бейімдеп, шеше көріп тон пішуге, әке көріп оқ жонуға баулитын болған. Осылайша ұрпақтың отбасы тәрбиесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бұрынғы қазақ жастары тәрбиені мектеп пен медреседе оқып білмесе де қызы анадан, ұлы әкеден үлгі-өнеге алған. Қазақ халқының тарихы дәстүрге өте бай. Отбасы үшін ежелден тән қасиет балажандық, балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, үлкенді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілермен және ұлты басқа халықтармен достық, ізгілік қатынастар осының бәрі қазақ халқының тұрмыс қалпына байланысты болған. Қазақ қыз-келіншектері мен ер азаматтарының бойында өзге халық өкілдерінің бойынан көрінбейтін дара қазақы болмысы жарқырай көрініп, жүрекке жылы әсер еткен. Әсемдік пен әдептілік үйлесімдік тапқан. Мәселен, ата-ана құқықтары қыз беріп, қыз алу, құда түсіп, құдалы болу, қазақ некесінің ерекшеліктері, қалың мал мәселесі, бата бұзу, ажырасу, бала асырау, әмеңгерлік, мирас пен мұра т.б. ежелгі отбасы дәстүрлері мен соған қатысты қағида ерекшеліктері жайында мағлұматтардан қазақ халқының отбасына ерекше мән бергенін, шаңырақ шайқалып, босаға босамауына назар салғанын көреміз. Жас отаудың пайдасына асатын әдет-ғұрыптар келешегін, нәсілінің болашағын ескертуден туындап, халқымыздың ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы желісін үзбей жалғасып келген. Ата-анамыз екі жасты үйлендірмес бұрын оларға мынадай шарт қояды: біріншіден, қалыңдықты жеті атадан асырып іздеу қажет. Бұл талаптың мәнін халқымыз былай түсіндіреді: “қандас туыс адамдар үйленсе дұрыс бала туылмайды, туыла қалғанның өзінде ғұмыры қысқа болады.” Екіншіден, ағайын-туысқан арасында әдепсіз, жағымсыз қылықтар етек алып, ынтымақ бұзылады. Осылайша атақты қазақтар қашанда өзінің баласына басқа бір рудан, тайпадан барып, өзінің теңіндей адамдардың қызын айттыруға тырысады. Құда болудың бірнеше жолдары бар. Кейбір өмірдің ащысы мен тәттісін бірге өткізген адамдар достықтары артып, туыс болғысы келсе бала өмірге келмей жатып құдаласуға уәделеседі де “бел құда”; екі нәрестені бесікте жатқан кезінен айттырып “бесік құда” атанады.
Қазіргі таңда көп қолданылатын құдалықтың бір түрі қыз бен жігіттің келісімімен ұл жағы сырға тағып, құда түседі. Ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, әдеп сақтаудан хабарсыз кей жастардың қылығы әркімнің-ақ намысына тиері сөзсіз. Халық өнерін игеру – жастарды еңбексүйгіштікке, әсемдікке бағыттап, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, жақсы әдет, дәстүрлерін жалғастыруға баулиды. Атам заманнан жалғасып ар ұжданымызға ұялаған қанымызға сіңген қастерлі қазақ салтын ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мұра ретінде кейінгі ұрпаққа қалдыру – бәріміздің де борышымыз. Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген ата-бабамыз асыл сөздің кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой-санасын игі адамгершілікке жетелейді. Сондықтан кең байтақ ата жұрттан ертеден жас буынға жалғасып келген ар-ұят сақтау, мейірімді, шарапатты болу салтанатын құрды. Ұнасымды қарым-қатынас жасай білу. Бұл адамзат баласының әу бастан өз өміріне серік етіп, ұғыныса, сыйласа, тіршілік құру сапарында алға ұстап келе жатқан әдеп салттарының ең көкейкестісі. Адамдар өздерінің арасында тату, кішіпейіл, өресі деңгейлес қатынастардың тату болғаны жөн екендігіне ежелден-ақ ден қойған. Ата-бабаларымыздың, даналарымыздың, ақын жырауларымыздың ақыл-өсиеттері, ауыз әдебиеті үлгілерінде сақталған және халықтың ежелден келе жатқан салт-санасындағы, әдет-ғұрпындағы дәстүрлік тарих тағылымдарын өмірге үйлесімді пайдалану – ұл мен қызға берілетін тәлімді жетілдірудің тиімді жолы болуымен қатар, олардың бойына инабаттылықты, мейірімділікті, бір-бірін сыйлау, құрметтеу, адамдық қасиеттерді дарытуға игі ықпал ететін және оның өмірге тез сіңіп, болашақ отбасының тұрақтанып, бала тәрбиесін жақсартып, адамдар арасындағы қарым-қатынас жарасымын көркейтіп, жауапкершілікті өркендетуге ықпал етеді. Мұның нәтижесі түрлі кінәраттарға тосқауыл жасап, дөрекіліктер мен қатыгездіктен тыйылуға және әдептіліктің бойға даруына ынталандыратын тиімді тәсіл.