Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.51 Mб
Скачать

Адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациялар. Университеттің ішкі тәртіп ережелері.

1.Оқу тәртібі

1.Университетте сабақтар сабақ кестесі бойынша жұмыс оқу жоспарына, бағдарламаларға, оқу үрдісі кестесі мен мамандықтың академиялық күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі.

2. Мемлекеттік тапсырыстан басқа оқу ақысын университет ректоры белгілейді, содан соң оны ҚР БҒМ бекітеді және ол келісілген шарттармен реттеледі.

3.Студенттерге қоңыраудан соң аудиторияға кіруге тыйым салынады.

4.Сабақ басталған соң барлық оқу ғимараттарында сабақ өткізу үшін қажетті тыныштық пен тәртіп орнауы керек. Сабақты бөлуге, сабақ кезінде аудиторияға кіріп, шығуға тыйым салынады.

5.Оқу тәртібін бұзғаны, сабақты себепсіз босатқаны (семестрде 40 сағаттан аса) және студенттердің оқу үлгерімі рейтингісінде аттестацияланбағаны, университеттің мүлкіне зақым келтіргені (материалды және материалды емес құндылықтарды қоса), бұйрықтарды орындамағаны, университет пен студенттік жатақханалардың ішкі тәртіп ережелерін орындамағаны үшін студенттерге келесі тәртіптік жаза қолданылады:

-ескерту;

-сөгіс жариялау;

-университеттен шығару;

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны, адамгершілікке жат қылық көрсеткені, оқытушылар мен қызметкерлерге тіл тигізгені үшін студент СҚМУ-ға қайта түсу құқығынсыз оқудан шығарылады.

6.Бұдан басқа, студент оқудан шығарылуы мүмкін:

-өз еркімен;

-басқа жоғары оқу орнына ауысуына байланысты;

-оқу ақысын төлеу бойынша келісімшарт міндеттемелерін бұзғаны үшін.

7.Студенттер ұжымының ішкі өмірі мәселесін университеттің студенттік кеңесі шешеді. Оның құрамына таңдап алынған кеңес мүшелерінен басқа, келесілер кіреді:

-факультеттердің студенттік кеңестерінің төрағалары;

-жатақханалардың студенттік кеңестерінің төрағалары;

-студенттік кәсіподақ төрағасы.

8. Әр топта оқу үлгерімі, тәртібі жақсы, белсенділер қатарынан староста тағайындалады.

9. Топ старостасы факультет деканы (институт директоры) мен топ кураторына тікелей бағынады және топпен барлық өкімдер мен тапсырмаларды орындайды.

2.Университет ғимараттарындағы тәртіп

1. Университет ғимараттарында тыйым салынады:

-сабақ кезінде аудитория мен дәлізде шулауға, қатты сөйлеуге;

-сырт киім мен бас киім киіп жүруге;

-арнайы белгіленбеген жерлерде жарнамалар және т.б. ілуге;

-қабырға, парта, үстел, орындықтарға сурет салуға, жазуға;

-сабақтан тыс уақытта әкімшіліктің арнайы рұқсатынсыз жұмыс істеуге;

-кітапхана қызметін қолдану ережелерін бұзуға;

-спирттік ішімдіктер ішуге, құмар ойындарын ойнауға;

-сабақ, емтихан кезінде мобильді телефон қолдануға;

-арнайы белгіленген орындардан басқа, университет ғимараттарында шылым шегуге;

2. Аудиториялар мен зертханалардан соңғы шыққан қызметкер, оқытушы немесе студент электр шамдарын сөндіріп, суды тоқтатып, терезелер мен желдеткіштерді жабуы керек.

3.Ішкі тәртіп ережелерімен әр жұмыскер және студент таныстырылады.

4. Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер университетте ректорат рұқсатымен және жұмыс жарғысы, бағдарламасы және жоспары болған жағдайда ғана жұмысын жүргізе алады әрі олардың жұмысы заңнамаға, университет Жарғысына, университеттің жоғары білімді мамандар даярлау бойынша қазіргі Ережелері мен жалпы міндеттеріне қайшы келмеуі керек.