Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.51 Mб
Скачать

Нан тағамдары

«Нан бар жерде - ән бар» деп қазақ қауымы астық егуді, оның дәндерінен, жармаларынан, талқандарынан алуан түрлі тағамдар жасауды меңгергенін IV-VI ғасырлық мұраларда кездесетін дән түйгіштер (келі-келсап), дән тазартқыштар (елеуіш), қол диірмен сияқты еңбек құралдары дәлелдейді. «Дәнді шашпа, нанды баспа», «Жерде жатқан бидай дәнін көрсең, түйенің үстінен еңкей де теріп ал!» деп халқымыз нанды аса құрметтеген.

Жанышқан тары. Ақтаған тарыны келіге салып сүтке, майға қаймаққа жанышады. Кейде жанышқан тарыға қант, мейіз қосады.

Ақ бауырсақ. Ең жоғарғы сапалы ақ ұннан май қосып илеп құйрық майға қуырылады. Көлемі өріктің үлкендігіндей. Ақ бауырсақ көбінесе арнаулы сый қонақтарға, дәрежелі адамдарға арнап пісірілген. Мұндай бауырсақты сүт пен майлы сорпаға илеген, кейде жұмыртқа қосып илеу түрі де бар.

Бәліш. Қамыр жаймаға малдың, құстың етін немесе балық орап пешке пісірген бүкпе нан. Оны да тұздықтап, бұрыштап, дәмдендіріп жасайды. Көне тілімізде бәлішті бүйрек, бүйрекше нан деп атаған сөздер кездеседі.

7- СОӨЖ. Денсаулық – зор байлық.

Дәрумендер

Дәрумендер — ерекше органикалық заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ дәруменсіз біздің денеміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Дәрумендер ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында дәрумендер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдықтырады. Дәрумендер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық -түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті дәрумендерді алып отырады. Дәрумендер латын алфавиті А, В, С, Д және т. б. әріп термен белгіленеді. А дәрумені ағзаның өсуіне және дамып жетілуіне әсерін тигізеді. Ол дененің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А дәрумені треска балығының бауырында, теңіз ала-бұғасында, сары майда, сәбізде, қызанда кездеседі. В дәруменінің түрлері өте көп, В1,В2,В6,В12,В15. Сондықтан оларды В дәрумендер тобы деп атайды. Олар нанда, жемістерде және әсіресе ашытқыда болады. В дәрумендерінің тобы бұлшықет пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бұл дәрумен жеткіліксіз болғанда адам тез шаршап-шалдығады, жүйкесі тозады және ашуланшақтық байқалады. В12 дәрумені жілік майында қызыл қан түйіршіктерінің жетіп, қанға түсіп, оттегін тасымалдауға әсер етеді. Бұл дәрумен жетіспесе, қан аздық ауруының тууына себеп болады. ВІ5 дәрумені жүрек қан тамырларының жұмысына, ағзаның жұмысына әсер етеді. С дәрумені ағзаның түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады, сүйек пен тістердің мықтылығын жақсартады. Ол ағзаға қыста және көктемде көбірек қажет. Бұл дәрумен ағзада жеткілікті болу үшін көкөністер мен жемістерді, ашыған орамжапырақты тағамға көбірек пайдаланған жөн. Д дәрумені денемізде күн сәулесінің әсерімен түзіледі. Бұл дәруменнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел ауруымен ауырады. Мешел ауруы мен ауырғанда ұйқысы нашарлап, қаңқасы дұрыс қалыптаспай, аяқ сүйектері қисайып, басы мен іші үлкен болады. Бұл аурудан сақтану үшін баланың таза ауада, күншуақта көбірек болуы және ішетін тамақ құрамында қажетті дәрумендері жеткілікті мөлшерде болу керек. К дәрумені қанның құрамындағы қанның ұюына қатысатын заттарға әсерін тигізеді. Сондықтан, бұл дәрумен жетіспегенде жарақаттанған адамның қаны ұйымай, қан көп кетеді. К дәрумені орамжапырақта, қызанда, бауырда болады. Оны ішектегі микроорганизмдер түзеді.

Біздің дәрі-дәрмек жасайтын өндірістеріміз тәттімен қапталған дайын дәрумендер жасайды. Бірақ дәрумендерді дәрігердің рұңсатынсыз өз бетімен ауру және дені сау адамдардың ішуіне болмайды. Дәруменді дұрыс пайдаланбай, оны көп мөлшерде пайдаланса, қатты ауруларға шалдығып, денсаулыққа зиян келуі мүмкін.