Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.51 Mб
Скачать

Тәуке ханның «Жеті жарғысы»

Жәңгірден кейін хан Тәуке, одан кейін Болат, Сәмеке, Ұлы жүзде Жәңгірдің шөбересі Жолбарыс хан болды. Орта жүзде Болаттың ұлы Әбілмәмбет хан болды. Осыдан кейін хандық Жәңгірдің балаларының басқа бұтағына көшті.

Ақыл парасатының арқасында Әз Тәуке атанған ханның тұсында «Жеті жарғы» атты қазақ әдет-ғұрып құқығының тамаша ескерткіші туды. Әз Тәуке шығарған «Жеті жарғыда» бұрынғы заң жобаларының жақсы жағы сақталып, жеке адамның бас амандығы, ар-намысы мен мал-мүлкін қорғау мәселелері баса айтылған. Тәлім-тәрбие беру мен ел ынтымағын сақтауға қатты көңіл бөлінген. «Жеті жарғыда» әдет-ғұрыптағы күрделі жеті мәселе қамтылған. 1) Тіл тигізу, балағаттау, ұрып-соғу, денеге зақым келтіру, әйел зорлауға берілетін жаза 2) Кісі өлімі. 3) Ұрлық-қорлық, барымта 4) Зайыбының көзіне шөп салу 5) Әдепсіздік, ата-ананы сыйламау, үлкендерді тыңдамау 6) Жеті ата ішінде қан араластыру 7) Көшіп-қону, жер дауы.

15-СОӨЖ :

Қазақ елі – кең байтақ ел.

Кең байтақ қазақ жері батыстан шығысқа қарай 3000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр. Қазақстан табиғаты алуан түрлі. Оның байтақ жерінде жазықтар да, қыраттар да, таулар да бар.

Қазақстан аумағының мұхиттардан алыс жатуы мен үлкендігі оның климатына қатты әсер етеді. Республиканың оңтүстігінде ыстық болса, солтүстікте ауа райы құбылмалы. Оңтүстікте қыс қысқа болса, солтүстікте қыс қатал және ұзақ. Ұлан ғайыр аумақты алып жатқан елімнің табиғаты әсем, жерінің үсті- өріс, асты- ырыс. Оңтүстігі жеміс- жидекке, бау- бақшаға бай болса, солтүстігі астықты, шығысы кенге, батысы мұнай мен газға бай.

Қазақ жері кенге бай. Мұнда Менделеев таблицасындағы 105 элементтің 99 табылған, 70 элемент қорына барлау жасалып, 60-ы өндіріледі. Қазақ жерінде минералды шикізаттың 1125 түрін қамтитын 493 кен орны анықталған. Әлем бойынша Қазақстан мырыш, вольфрам, барит өндіруден екінші, мыс пен флюариттен үшінші, молибденнен төртінші, алтыннан алтыншы орында.

Ал ТМД мемлекеттері ішінде Қазақтстан хром мен қорғасын өндіруден бірінші, мұнай, күміс, мыс, марганец, мырыш, никель мен фосфардан екінші, ал газ, көмір, алтын және қалайыдан үшінші орында.

Қазақстанның батысында мұнай мен газдың өте мол қоры бар болғандықтан, еліміз дүниедегі мұнай мен газды көп өндіретін елдер қатарында.

Бұл еліміздің эконмикасын дамытуға игі әсер етеді. Республиканың көлік- коммуникациялық кешені темір жол, әуе , теңіз, автомобиль жолдары және телекоммуникациялық жүйелер арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан темір жолдарының жалпы ұзындығы 14,5 мың шақырым. Жүктің көпшілігі теміржолмен тасылады. Автомобиль жолдарының ұзындығы 83,3 мың шақырым. Оның 17,7 шақырымы республикалық маңызы бар жолдар.

16 - СОӨЖ. Мемлекеттік рәміздер

Шаңырақ

Шаңырақ-киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Ол киіз үйдің ең маңызды, аса күрделі бөлшегі болып табылады. Шаңырақтың шеңбері көбінесе тораңғыдан немесе қайыңнан иіп жасалады да, қосылған жерлері жалтырауық металмен құрсауланады. Шаңырақтың дөңгелек шеңберін тоғын деп атайды.Оған уық сұғынатын төрт қырлы көз-қаламдықтар теседі. Шаңырақ тоғынның үстінен түндікті көтеріп тұру үшін және киіз үйдің төбесіне жауын-шашын іркілмеуі үшін айқастыра дөңестеліп бекітілген ағаштарды күлдіреуіш деп атайды. Күлдіреуіш арқылы үйге жарық түседі, түтін шығады.

17 – СОӨЖ.

«Қазақ тілі – мемлекеттік тіл»