Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.51 Mб
Скачать

Дәрілік өсімдіктерді пайдалана білесіз бе?

Әдетте, аздап сырқаттансақ немесе суық тиіп тұмауратсақ, дәрігерге қарай жүгіреміз, оның қолынан алған қағаз арқылы дәріханаға келеміз. Қазір қалада не көп, дәріхана көп. Айнадай жарқыраған тап-таза, қазіргі заманға сай жабдықталған дәріханадан іздеген дәріңізді табасыз. Әрине, ол дәрінің қасында бағасы жазулы тұр. Баға сізді ойлантады. Басқа бір ретін іздей бастайсыз.

Әрі қымбат, әрі шетелден келген дәрілерге қарағанда, дәрілік өсімдіктер мен шөптер, сөз жоқ, арзан. Тек оны дұрыс пайдалана біліңіз. Халық медицинасында қандай да болмасын сырқаттан айығуға көмектесетін дәрілік өсімдіктер мен шөптер бар. Мәселен, шүйіншөпті алайық. Оның орысша атауы-«валериана». Шүйіншөп Қазақстанның көп аймағында өседі. Шүйіншөп-биіктігі бір жарым метрге жететін көпжылдық шөптесін өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде оның тамыры мен тамырсабағы алынады. Дәрілік шүйіншөптің тұнбасы мен қайнатындысы жүрек-жүйке аурулары үшін, ұйқы қашқанда, кейде қан қысымы көтерілгенде, ауыр мен асқазанның ауруларында пайдаланылады.

Сіз, мүмкін «Алтай лекарственный» деген шөптің атын білетін боларсыз. Оның қазақша аты-жалбызтікен. Жалбызтікен көп аймақтарда өседі, биіктігі бір немесе бір жарым метрге дейін баратын өсімдік. Гүлдері өте әдемі. Жалбызтікен маусым айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді. Ал дәрілік шикізат ретінде оның тамыры мен шөбі алынады. Жалбызтікеннің тұндырмасын және сығындысын тыныс жолдары ауруларына, асқазан мен бауырдың ауруларына пайдалануға болады. Оның тұндырмасымен тамақты шаюға, көзді жууға болады.

Жалбызтікеннің шөбінен қазіргі медицинада қолданылып жүрген «мукалтин» деген дәрі жасалады («Денсаулық» журналынан).

СОӨЖ . 8-тақырыбы: Бүгінгі киім үлгілері

Францияны таң қалдырған қазақ үлгісі

Францияның Канн қаласы – өнер мен мәдениеттің, жалпы шығармашылық адамдарының бас қосып, пікір таластырып, жұмысын жұрт назарына ұсынатын орталық. Ол киноның ғана емес, сән әлемінің соңғы жаңалықтарын күллі дүниеге паш етеді. Дүние жүзінің ең белгілі дизайнерлері мен модельерлері осы салтанатты арнайы көру үшін әлем кеңістігін алыссынбай-ақ ұшып келіп, бағасы жоғары бес жұлдызды қонақ үйлерге тоқтап, осы фестивальға сән үлгілерін ұсынуға келген меймандардың үш жүзден астам дүкендерін аралаумен күн өткізеді. Міне, енді, сол әйгілі Cannes ghopping Festival ұйымдастырушыларының шақыруымен белгілі модель – Құралай Нұрқаділова Қазақстанның атынан қатысып қайтты. Канның бір кереметі – мұндай мерекелерде ең қымбат киімнің де бағасы арзандайды. Құралай Salvatore Ferragamo, Valentino, Christian Lacroix, Eskada Jiki, Aline, Buffet haute couture секілді сән әлемінен ойып тұрып орын алған белгілі сән брэндтерімен бірге қатысты. Құралай Канн фестиваліне әр түрлі коллекциясынан 70-ке тарта эксклюзив дүниелерін апарыпты. Оның 25-і аса сәнді көйлек. Модельердің айтуына қарағанда, киім үлгісіне бүгінгі сән әлемінің ,әсіресе, Еуропаның, Батыстың ең соңғы жетістігін қосалқы аксессуар ретінде пайдаланып, ең жаңасын алып жапсырғанымен де, одан бәрібір Шығыстың иісі аңқып тұратын көрінеді. Сондықтан да өз бағытыңды ұстай білген және оны жоғалтпаған абзал. «Kuralai»-дағы бір бұйымның бағасы – 2000 доллар. Бұл сән дүниесіндегі қарапайым әрі қалыпты баға болып есептеледі

СОӨЖ 9-тақырыбы: «Туған қалам көрікті»

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: өзара пікірлесу, әңгімелесу, ой толғау,бақылау

Талқылауға арналған сұрақтар:

    1. жерлес ақын-жазушылардың шығармаларынан Қызылжар туралы қосымша

мәлімет алып,сол үзінді-мәтіндермен жұмыс жасау;

2) мәтінге қатысты сөздік құрастыру;

3) жер-су, ықшамаудан атауларын теріп жазып, шығу тарихын жазыңыз;

4) рөлдік ойын. Қаланың көрнекі жерлеріне саяхат.

5) ситуативтік тапсырма: «Туған жердің қадірін шетте жүрсең білесің».

6) қаланың жаңа салынып жатқан үйлері мен ғимараттары туралы әңгімелеу.

7) «Менің көшем- менің мақтанышым» тақырыпқа альбом, слайд жасау.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. А.Т.Мұхамеджанова, Ғ.Қ.Қожағұлова, Т.А.Сауытова, Б.Ы.Батырова, Д.Б.Сансызбаева. «Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (кәсіби-бағдарлы деңгей).

2. Жоғары оқу орындарына арналған «Практикалық қазақ тілі», Алматы, 2006ж.

3. Саутова Т.А. Қазақ тілі. Бастауыш және жалғастырушы деңгей. Петропавл: Северный Казахстан,2011.

4. «Солтүстік Қазақстан облысы» энциклопедиясы.

  1. 10 – СОӨЖ. І. Табиғат байлықтары

І. Қызыл кітап

Жер бетіндегі хайуанаттар мен өсімдіктер миллиондаған жылдар бойы даму барысында қалыптасты. Адамдардың шаруашылық әрекетіне байланысты жер бетіндегі ағзалардың тіршілік жағдайы тез өзгере бастады. Әсіресе жабайы жануарлар көп қырылды, себебі адам баласы аң аулаудың неше түрлі тәсілін қолданды. Мысалы, ХІХ ғасырда жер бетінен жануарлардың 10 түрі жойылса, ХХ ғасырдың бірінші жартысының өзінде-ақ 40 түрі құрып кетті. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында 1962 жылы Халықаралық табиғат пен табиғи ресурстарды қорғау одағы құрылды. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар, айырықша қорғау шараларын қолдануды қажет ететін жануарлар мен өсімдік түрлері тіркелген арнайы кітап «Қызыл кітап» деп аталады. Алғаш рет Халықаралық «Қызыл кітап» 1966 жылы басылып шықты. «Қызыл кітапқа» енген түрлер екі категорияға бөлінеді. А тобы жойылып кету қаупі төнген түрлері, Б тобы сирек кездесетін түрлерді қамтиды.

Қазақстан ғалымдары да республикамыздың «Қызыл кітабын» жазды. Бұл «Қызыл кітап» екі бөлімнен тұрады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі 1978 жылы жарық көрді. Кітапта сүтқоректілердің 31 түрі, құстың 43 түрі, балықтың 4 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі енгізілген. Ал екінші «Қызыл кітап» 1981 жылы жарық көрді. Оған құрып кету қаупі бар 308 түрлі өсімдік тіркелген.

ІІ. Қазақстан қорықтары

Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын қызметі мен негізгі бағыты әр түрлі. Сондықтан қорғауға алынған жерлерді қорықтар, қорықшалар, резерваттар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері деп бөледі. Қазір дүние жүзінің 124 елінде 2600 –ден артық ірі қорық бар екен. Олардың ішіндегі ең үлкені Гренландия ұлттық паркі. Оның жер көлемі 7 млн гектар. Біздің республикамыздың жалпы 784,1 мың гектар жерді алып жатқан 7 қорық бар. 50-дей аңшылық қорықша, 42 зоологиялық және 24 ботаникалық бақтар мен қорықша, 24 табиғат ескеркіші бар.

Қорық- ерекше қорғауды қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер. Мысалы, Барсакелмес қорығы-құланды, Қорғалжын қорығы –қоқиқазды, Үстірт қорығы – дала қойын, Алматы қорығы –Тянь-Шань шыршасын сақтап, көбейту мақстаныда құрылған.

11 – СОӨЖ

Пойызбен саяхат жасау

Менің атым Ксения. Мен Семейденмін. Мен медицина академиясының екінші курсында оқып жүрмін. Жазғы демалыста ата анама барып тұрамын. Олар Семейде тұрады. Семейге дейін ұшақ, пойыз және автобустар барады. Студент болған соң. ұшаққа отырмаймын. Билеті қымбат болғандықтан пойызбен жүремін. Өткен жолы да пойызға отырдым. Темір жол бекетіне кіріп, ең алдымен анықтама бюросына бардым.

- Кешіріңіз, Семейге дейін қандай пойыз жүреді? Қай кассадан билет сатып алуға болады? Қай платформаға шығуым керек? Қай жолдан жүреді? Купелі вагонға билет бар ма?

- Семейге екі жолаушылар пойызы жүреді. Біреуі жүрдек пойыз. Кестені қараңыз. Пойыздың келуі де, кетуі де анық көрсетілген. Бесінші кассадан билет сатып алыңыз. Купелі вагонға да, плацкарт вагонға да билеттер бар. Пойызыңыз екінші вагонға тоқтайды. Бірінші жолдан жүреді.

Келесі күні мен досыма билет алғыздым. Ол мені шығарып салуға темір жол бекетіне келді. Менің қол жүгім ауыр еді. Перон басы ығы-жығы халық: жүк көтерушілер, жолаушылар, шығарып салушылар, қарсы алушылар өте көп. Алтыншы вагонды іздеп келе жатырмыз.

- Мынау алтыншы вагон ба?

- Иә, алтыншы вагон. Мен жолсерікпін. Билетіңізді көрсетіңіз. Жолаушы кім?

- Мен. Билетім міне. Менің орным қай купеде? Орным жоғарыда ма, әлде төменде ме?

Жолсерік бәріне жауап берді. Мен төсек орын алып, төменгі орынға орналастым. Пойыз дәл белгіленген уақытында жүріп кетті. Жолаушылар бір-біріне сәтті сапар тіледі.

Сөйлесу үлгілері және сөздік

Саяхат жасау

Мен әуежайда қашан болуым керек?

Әуежайға қалай жетуге болады?

Ұшақ билеті қай жерде сатылады?

Бұл тура жететін рейс пе?

Біз қай әуежайға қонамыз?

Міне менің ...

  • билетім

  • төлқұжатым

  • жүгім

Артық жүкке қанша төлеуім керек

Қауіпсіздік белдігін тағуға көмектесіңізші

Біз ..қашан жетеміз?

Сөздік

әуежай – аэропорт

хабарлау – обьявлять

... келу – прибывать в ...

келуі – прибытие

отырғызу– посадка

белдік – ремень

билет тапсыру – зарезервировать билет

тіркеу – регистрация

тура баратын рейс – прямой рейс

әуесерік – стюардесса

қону – приземляться

жүк – багаж

артық жүк-перевес

орын – место

жүк қойма терминал

Темір жол станциясы

Біз қай темір жол станциясына жақындадақ?

Біздің поезд қай станциядан жүргелі тұр?

Үшінші көлік алаңына қалай жетуге болады?

Алматыға тура баратын поезд бар ма?

Мен алдын – ала билет алып қояйын деп едім.

Маған бір бағытты билет беріңізші.

Жүк тасушы, міне, менің жүктерім.

Біздің купе қайда?

Поездің жүруіне қанша уақыт қалды?

... қайда?

  • мейрамхана вагоны

  • темекі тартуға болатын вагон

  • әжетхана

Маған ... әкеліңізші

  • бір шыныаяқ шай

  • жастық, көрпе

Бұл қай станция?

Бұл жерде қанша бөгелеміз

Сөздік

аттану, жүру – отправляться

мейрамхана вагоны-вагон - ресторан

бір бағыттағы билет – билет в один конец

көлік алаңы – платформа

жүк тасушы - носильщик

темір жол – железная дорога

бару және қайту билеті – билет туда и обратно

12-СОӨЖ. Қазіргі жерлес ақын-жазушылар. (М.Қанғожин, З.Әлімжанов)

1 тапсырма. Мүталап Қанғожиннің өмірбаяны туралы мәлімет.

2 тапсырма. З.Әкімжановтың өмірбаяны туралы мәлімет.

3 тапсырма. М.Қанғожинның шығармаларынан өлке табиғатын суреттейтін үзінді

4 тапсырма. М.Қанғожинның өмірі мен шығармашылығына презентация жасаңыз

5 тапсырма. З.Әкімжановтың шығармашылығы жөнінде әңгіме.

13 СОӨЖ