Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.51 Mб
Скачать

Халықтық қолөнер. Қолөнер түрлері.

Қазақ халқының асыл мұрасы, үлкен өнерінің бір түрі –қолөнер туындылары. Қолөнер бұйымдарын жасауда шеберлер артына көптеген мұра қалдырып кеткен. Халық таланттарды қолөнер жұмыстарына биік талғаммен қарап, қолданылатын орнына қарай өзіндік нақыштарын дәлме-дәл таба білген. Қазақ халқының арасында дамыған қолөнер салалары–киіз басу, тоқыма тоқу, зергерлік өнер күнделікті тұрмыста басты орын алады.

Зергерлік өнер –өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Оны барлық халықтар жоғары бағалап, ең қалаулы өнер етті.Он саусағынан өнер тамған шебер, алуан түрлі сәндік бұйымдар мен әшекей заттарды (сақина, сырға, білезік, қаптырма т. б.) алтынмен аптап, күміспен қаптап, зерлеп, ажарын, сәнін кіргізіп, айшықтап жасаушы адамды зергер дейді. Күміс жұмсақ, оңай өңделетін металл және жарқыраған ашық түсімен көз тартады. Оның осы қасиеттерін зергерлер пайдаланады. Әйелдерге, қыздарға арналған шолпы, білезік, қапсырма, жүзік, сырға, түймелер, алқа, сәнді заттар, киіз үйдің керегесін, уық, шаңырағын, есігін әшекейлеу ерекше орын алды.

Киіз үй –Орталық және Орта Азияны қоныстанған мал өсірушілердің негізгі баспанасы. Соңғы 7-8 ғасыр бойына киіз үйге жөнді өзгеріс еңгізілмей, малшылар үшін ең қолайлы баспана болып қалды. Киіз үйдің негізгі қаңқасын (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық) сүйегі деп атайды. Киіз үйдің сүйегі жасалатын үй ағашты алты ай немесе бір жыл бұрын дайындайды. Кереге киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды. Уық–кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш. Ол сыр талынан жасалады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау, имектеу болып келеді, мұны уықтың иіні дейді. Уықтың жоғарғы түзу жағын қары, шаңырақ көзіне сұғынатын төрт қарлы ұшын қаламы дейді. Уықтың кереге басына байланатын жағын тесіп, бау өткізеді, оны уық бау (балақ бау) деп атайды. Шаңырақ–киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастыратын тұратын күмбез. Шаңырақтың шеңбері – 3-5 м шамасында. Шаңырақтың дөңгелек шеңберін тоғын дейді. Оған уық сұғынатын төрт қырлы көз-қаламдықтар теседі. Сықырлауық (жарма есік) киіз үйге кіріп шығатын есік қызметін атқарады. Ол табалдырық пен маңдайшадан, қос босағадан және жарма беттен құралады.

Қай қолөнер түрін алсақ та, барлығы да атадан балаға беріліп отыратын құнды қазына. Осы құндылықтардан өнер түрлерінің қаншалықты дамығандығын айқын көреміз.

14 - СОӨЖ.

Қазақ хандығының құрылу жүйесі

XV-XVI ғасырларда Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы жеті сатыдан қаланды:

Ауыл – туыстас, қандас, жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралған. Әрбір ауылдың басқаратын адамы болды. Оны ауылбасы деп атаған. Ауылбасы білгір, тәжірибелі, саяси беделге ие, ауқатты адам болған. Ауылбасының атқаратын міндеттері: ауылдастарының шаруашылығын басқару, маусымдық көші-қон уақытын белгілеу, дау-жанжалдарды әділ шешіп отыру, жоғарыдан келетін жарлықтарды орындау т.б.

Ата-аймақ – жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралды. Оны басқаратын адамды ақсақал деп атады. Ата-аймақтағы адамдар ақсақалдың ақыл-кеңестерін тыңдап, ол кісінің шешімін екі айтқызбай орындап отырған.

Ру – негізінен он немесе он бес аймақтан құралатын болған. Руды басқаратын басшыны рубасы деп атады. Рудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланысты болған.

Арыс – бірнеше рудан құралады. Осы бірнеше рудан құралған арысты басқаратын адамды би деп атады. Бүкіл қауым бидің шешімін орындауға міндетті болды.

Ұлыс – бірнеше арыстан құралды. Ұлыстың билеушісі сұлтан деп аталды. Сұлтандар әдетте хандар мен ақсүйектердің әулетінен шыққан адам болды. Көбінесе хандар өздерінің ұлдарын және туыстарын ұлыстарға сұлтан етіп тағайындайтын болған. Сұлтандар ханды сайлауға қатысып, ханмен тікелей қарым-қатынас жасай алатын болған.

Жүз – бірнеше ұлыстардан құралды. Жүздің билеушісін Хан деп атады. Әрбір жүз өзінің ханын сайлайтын. Жүзді билейтін хандар тек қана хандар әулетінен шыққандар болуы талап етілді. Басқа жол заңсыздық деп табылды. Мысалы, жиырма жеті мемлекетті жаулап алып, бағындырған барлас руынан шыққан Ақсақ Темір билікті Шыңғыстың ұрпағы Тоғылық Темірден тартып алса да, өзін ханмын деп атай алмаған, өмір бойы Әмір болып өткен.

Хандық – үш жүзден тұрды. Хандықтың ең үлкен әміршісі Қаған (ұлы хан, яғни хандардың ханы) болды. Хандарды ақсүйек шонжарлардан сайлау қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ежелгі ата дәстүрі болды.

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ!