Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.51 Mб
Скачать

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

Мемлекеттік тіл дегеніміз – сол мемлекетте тұратын барлық халыққа ортақ, күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын тіл. Мемлекеттік тілдің 50 шақты қызметі болады. Басты қызметтері ретінде оқу тілі (оқулық тілі), оқыту тілі, ғылым тілі, іс – қағаздар тілі, газет – жорнал тілі, театр тілі, әдебиет тілі, ауызекі сөйлеу тілі т.б. тілдерді айтуға болады.

Өзін қазақ халқының өкілімін немесе осы мемлекеттің азаматымын деп есептейтін әрбір адам мемлекеттік тілді білуі керек. Сол тілде жазылған газет – жорналды, көркем әдебиетті, ғылыми еңбектерді оқымаса, онда оны өз Отанының азаматы деп айтуға болмайды. Өйткені, өз Отанының азаматы болу деген сол жер үшін аянбай еңбек етіп, оның ауыртпалығына төзу деген сөз – Республикамыздың экономикасын көтеру, өнеркәсібін, ғылымын, техникасын, мәдениетін арттыру деген сөз.

Тіл халықтың ең басты және ең үлкен белгісі. Кез келген халықтың өз тілі болады, өз тілі жоқ халық жоқ.. Сол себептен ғалымдар «Тіл халықтың жаны», «Халық бар жерде – тіл бар, тіл бар жерде халық бар, бірінсіз олардың бірі болмайды», -дейді.

(Н.Қ.Мұхамадиева, Н.Ә. Үстемір. Қазақ тілі, «Sansam»,2006, 9б.)

18 Соөж. Қазақстан және әлем

Қазақстан туралы халықаралық БАҚ-тарында.

«Қазақстан : Табысқа жету тарихы туралы әлемдік қоғамдастық көзімен» келіссөздерден, газеттерден үзінді

Герхард Шрейдер, ГФР канцлері: Қазахстан – ол екі себептен тартымды болып тұрған ел. Біріншіден, бұл ел осы бір Орталық Азиялық мазасыз аймақта маңызды тұрақтандырушы ролін атқарады. Екіншіден, бұл ел сан алуан табиғи бай ресурстарға ие.

Қазахстан Германия үшін маңызды экономикалық серіктес болып табылады.

Ричард Шелби, АҚШ сенатының басшысы: Қазақстан – үлкен болашағы бар тартымды ел және АҚШ үшін оның стратегиялық маңыздылығы аса мол энергетиялық қорларында.

«Вашингтон Пост» (АҚШ):Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып, өмір сүріп жатыр. Қазақстандықтар бейбітшілікті, ұлтаралық татулықты көздің қарашығындай сақтайды.

Юсуф Зия Гексу, Измир провинциясының губернаторы: Қазақстан қысқа мерзім ішінде, әсіресе қоғамды демократияландыру және әлеуметтік-экономикалық дамыту саласында сүйсінерлік табыстарға жетті.

«Хералд Трибуне Интернационал» (Евроодақ):«Қазақстан – ислам оппозициясы жоқ бірден бір мемлекет. Себебі олардың елге енуіне мемлекет тарапынан үлкен тосқауыл бар».

Пржемысла Соботка,Чехия Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының бірінші орынбасары: Қазақстан дамушы экономикасы және инвестициялық тамаша әулеметі бар саяси тұрақты мемлекет.

«Франс интер» (Франция):«Соңғы кезде Қазақстан экономикасы 10% артты. Бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы елдердің «Шоқ жұлдызына» айналды. Евроодақ пен АҚШ конгресі еркін экономикалық аймақ статусын беруге келісті. Бұл статусты басқа елдер әлі күтуде».

«Финанс жаңалықтары» (Ұлыбритания):«Соңғы жылдарда Кеңес Одағының құрамында болған мемлекеттердің ішінде үлкен қарқынмен дамып, алда келе жатқан мемлекеттердің бірі – Қазақстан».

«Капитал» (Германия):«Қазақстан қалаларының көшелеріндегі зырлаған түрлі маркалы Мерседес көліктерін, дүкен сөрелері толған бұйымдарды көргенде құтты Батыс Еуропа елдерінде жүргендей сезінесің».

«Агентс Пресс» (Италия):«Шетел компанияларының қомақты қаржыларының ел экономикасын көтеруге тартылуы, халықтың тұрмыс дәрежесінің жақсаруы, банк жұмыс жүйелерінің бір қалыпқа түсуі, Дүниежүзілік Банктің берген бағасы бойынша Қазақстан алдыңғы қатарлы 20 елдің санына енді».

«Тюркиш Дэйли Ньюс» (Түркия):«Қазіргі Қазақстан Одақтан бөлініп шыққан Қазақстанға мүлдем ұқсамайды. Қазір Қазақстан батыстағы дүниежүзілік ірі компаниялармен қоян-қолтық жұмыс істеуде. Ел ішінде халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында түрлі реформалар жасалып, оның ішінде азаматтарының жалақысы жөнінде (ТМД елдерінің ішінде) жоғарғы көрсеткішке жетіп, іске асуда».«Известия» (Ресей):«Қазақстан көрші елдердің қатарынан қалмай келеді. Келешекте Қазақстан аяғына тік тұрып, жаңа «Азия жолбарысына айналады».