Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Норма контроль диплом.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
3.69 Mб
Скачать

1.2 Қар тазалау машиналары бойынша патенттік ізденіс нәтижелері

Ойлап табу коммуналдық шаруашылыққа жатады және қарды тазалау үшін қолданылуы мүмкін. Қар тазалаушы машинада жинап алушы мүшесі, транспортер мен тиеу терезесі бар бункері орнатылған базалық шасси бар. Бункердің ішінде қалақшалары бар бос білігі орнатылған және төменгі жағында тығыздайтын механизмдері бар төрт тығыздау камералары орнатылған, олар өзінің жылжытылу жетегімен бекітілген плунжерден құралады. Плунжерлер қарды тығыздау кезінде өзінің жоғарғы шегімен саңылауды жауып тұратындай орындалған, ол саңылау арқылы қар бункерден тығыздайтын камераға түседі. Техникалық нәтижесі – қарды тазалау өнімділігін арттыру.

Ойлап табу қарды жинап бір жағына қарай тастау немесе көлік құралына тиеу құрылғысына жатады.

Жинап алу мүшесі мен тасымалдау механизмінен құралған, қарды тазалау құрылғысы белгілі. Тасымалдау механизмі механикалық немесе пневматикалық әдіспен көлік құралының кузовына немесе бір жағына қарай лақтырылады.

Бірақ берілген құрылғылар қар массасын тек жұмсақ, қопсытылған түрде ғана лақтыруды қамтамасыз етеді. Содан, белгілі бір қолданыста бар құрылғылар қардың желмен қайтадан жолға ұшып түсуін болдырмауды қамтамасыз етпейді, нәтижесінде оның тиімділігі мен өнімділігі өте төмен. Қар брикеттерін беру үлкен үзілістермен жүзеге асырылады.

Жинап алушы мүшесі, транспортер мен тиеу терезесі бар бункері орнатылған базалық шасси бар қар тазалаушы машинасы белгілі. Оның төменгі жағында сыртқы қабырғасы және тығыздайтын механизмі бар тығыздау камерасы орнатылған, ол жылжыту жетегі бар плунжерді, сонымен қатар, қар брикеттерін беру механизмін қосады.

Аталған машина көлік құралына қарды тиемес бұрын, оның тығыздалуын жүргізуге мүмкіндік береді, бірақ оның жеткілікті өнімділігі жоқ, яғни брикеттерді беру процесі үлкен үзілістермен орындалады. Содан басқа, аталған машинада тығыздаудың тиімділігі жеткіліксіз. Механизмге түсетін ірі тастар мен басқа да заттардың лақтырылу жүйесі қарастырылмаған, өйткені ондай ірі заттар механизмге түскен кезінде оны істен шығаруы мүмкін. Сонымен қатар, тиеу саңылауының ашылып-жабылудың механизмдері мен тығыздаудың түрлі механизмдердің бар болуы машинаның конструкциясын күрделіндіреді. Берілген машинаның кемшілігі – лас қар плунжерді әрекетке келтіретін гидроцилиндрлер орналасқан плунжер мен тығыздау камераның қабырғасы арасындағы қуысына түседі де гидроцилиндр мен плунжердің тез тозуына алып келеді.

Ұсынылатын қар тазалаушы машина жел қатты соғатын ашық кеңістіктегі көлік жолдарының қардан тазалануы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Ойлап табуды жүзеге асыру кезінде қойылған міндет қарды тазалау процесінің өнімділігін жоғарылатуға бағытталған техникалық нәтижесіне жетуі есебінен шешіледі.

Аталған техникалық нәтиже жинап алушы мүшесі, транспортер мен тиеу терезесі бар бункері орнатылған базалық шассиіндегі қар тазалаушы машинаның көмегімен жүзеге асырылады. Бункердің ішінде қалақшалары бар бос білігі орнатылған және төменгі жағында тығыздайтын механизмдері бар төрт тығыздау камералары орнатылған, олар өзінің жылжытылу жетегімен бекітілген плунжерден құралған. Аталған плунжерлер қарды тығыздау кезінде өзінің жоғарғы шегімен саңылауды жауып тұратындай орындалған, ол саңылау арқылы қар бункерден тығыздайтын камераға түседі. Сонымен қатар, бос білікте қосымша қопсытушы тістер мен пышақтар бар. Жылу сақтағышты қар массасына енгізуді қамтамасыз ету үшін бос білік саңылаулармен бірге орындалған. Ірі өлшемді материалдардың (тастар, мұз кесектері) тығыздаушы камераға түсуін болдырмау үшін тиеу терезесінің үстінде тор орнатылған (сурет 1.18).

1 – базалық шасси; 2 – жинаушы мүшеі; 3 – транспортер; 4 – бункер; 5 – тор; 6 – ауа өткізгіш; 7 – гидроцилиндр; 8 – сыртқы қабырғалар; 9 – қар брикеттері; 10 – трап; 11 – плунжер;

Сурет 1.18 – Қар тазалайтын машина

Машина келесідей жұмыс істейді: Жинап алу мүшесімен 2 қармап алынатын қар массасы транпортер 3 бойынша жіберіледі және бункердің 4 терезесіне лақтырылады, содан бункердің 4 тиеу терезесінде орнатылған тор 5 ірі өлшемді материалдың (тастар, мұз кесектері) тығыздайтын камераға 13 түсуіне мүмкіндік бермейді. Содан бункерге 4 түскен қар оның барлық ені бойынша қалақшалармен 8 үлестіріледі және тістермен 9, пышақтармен 10 қосымша қопсытылады, сонымен қатар, бір уақытта ылғалдандыруды ыстық ауа немесе шығарылған газбен ауа өткізгіші 12 бойынша бос білікке 6 саңылаулар 7 арқылы берілу жолымен жүзеге асырылады, ол онда қар массасына әсер етеді, жылытып, ылғалдандырады. Қандай-да бір тығыздайтын камераға 12 қардың берілу реттілігі плунжерлердің 16 ауыспалы қозғалысымен жүзеге асырылады. Қандай-да бір тығыздаушы камераға қардың ауысып түсуі қардың тиелу үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Бір плунжердің 16 қабырға 14 жағына қарай қозғалысы кезінде ол қар бөліктерін тасымалдайды және жұмыс жүрісінің соңында оны тығыздайды, сондай-ақ плунжердің жоғарғы шегі қар бункерден 4 тығыздаушы камераға 13 түсетін саңылауды жауып тұрады. Қарға керекті қысым күшіне жеткізген кезінде гидроцилиндр арқылы 15 әрекет ететін сыртқы қабырға 14 ашылады жән телескопиялық гидроцилиндр 17 қар брикетін 18 сыртқа ығыстырып шығарады, содан кейін телескопиялық гидроцилиндр 17 реверстеледі және плунжер 16 бастапқы қалпына келеді. Бірінші плунжер бастапқы орнына келген кезінде екінші плунжер қар массасын 18 сыртқа ығыстырып шығарады, үшінші плунжер қарды тығыздайды, ал төртінші плунжер тығыздайтын камераны толтыруға мүмкіндік беретін бастапқы қалпында тұрады. Қар брикеті сыртқа плунжермен шығарылғаннан кейін ол трапқа 19 келіп түседі және трап бойынша сырғанап кетеді, ал сыртқы қабырға 14 жабылады. Осындай плунжер жұмысының схемасы машинаға қар брикеттерін 18 үздіксіз берілуін қамтамасыз етеді. Төртінші плунжер қозғалысты бірінші плунжер бастапқы қалпына келгеннен кейін ғана бастайды.

Алынған қар брикеттері қар-мұзды жолды, аэромдромдардың құрылысы үшін пайдаланылады. Сонымен қатар, олар жол қоршаулары мен жаңа қардың жолға лақтырылуға кедергі жасайтын қоршауларды құрастыруға пайдаланылады. Қар қалашықтары мен қар тауларын құрастыруға арналған қар брикеттері қолданылады. Сонымен қатар, қарға бояғыш қосып және брикеттерді жылдың қысқы мезгілінде жол белгілері үшін пайдаланылуы мүмкін.

Ойлап табу формуласы:

1. Қар тазалаушы машинада жинап алушы мүшесі, транспортер мен тиеу терезесі бар бункері орнатылған базалық шасси бар. Бункердің ішінде қалақшалары бар бос білігі орнатылған және төменгі жағында тығыздайтын механизмдері бар төрт тығыздау камералары орнатылған, олар өзінің жылжытылу жетегімен бекітілген плунжерден құралады. Плунжерлер қарды тығыздау кезінде өзінің жоғарғы шегімен саңылауды жауып тұратындай орындалған, ол саңылау арқылы қар бункерден тығыздайтын камераға түседі.

2. Қар тазалаушы машина бос білікте қосымша қопсытушы тістер мен пышақтар бар болғанымен ерекшеленеді.

3. Қар тазалаушы машина қар массасына жылу ұстағышты енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін бос білік саңылаулармен орнатылуы бойынша ерекшеленеді.

4. Қар тазалаушы машина бункердің тиеу терезесінің үстінде тордың орналасуымен ерекшеленеді.

Ойлап табу жол-құрылыс және коммуналдық машина жасау саласына жатады. Машинада автогрейдер шассиінде (1) орнатылған соқалы қар тазалағыш (15), машинаның алдында орнатылған, және соқалы-роторлы қар тазалағыш (8), шассилер осі арасында орнатылған және бұрылуға, көтеру мен тік жазықтықта қиғашталуы мен шасси осіне қатысты шығарылуына мүмкіндік болатын бұрылыс шеңберінде (3) бекітілген тарту рамасы орнатылған. Ойлап табу тазалаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ойлап табу жол-құрылыс және коммуналды машина жасау саласына жатады, яғни, көлік жолдарын, аэродромдары мен қала объектілері мен тұрғын пункттерді қардан тазалауға арналған құрылғыға жатады.

Т-25А доңғалақ тракторы базасында КО-718 тротуар тазалайтын машина белгілі, онда доңғалақты трактор мен екі ротордан тұратын соқалы-роторлы типті қар тазалаушы жабдығын қосады, екі жақтан соқамен қардың берілуі, жоспарда бұрышпен және екі шығатын саңылауы бар науа түріндегі бағыттаушы құрылғымен орнатылған. Ротордың айналуы трактор қуатын таңдаудың кардан білігімен қамтамасыз етіледі. Қар тазалаушы құрылғы трактор алдындағы рамада ілінеді және гидроцилиндрмен көтеріліп түсіріледі.

Аталған машинаның кемшілігі жұмыс мүшесінің қармаудың ені мен биіктің үлкен болмауы және көлік құралына қарды тиеуге мүмкін болмауы, алдыңғы соқалы қар тазалағыштың болмауы.

Аталған конструкци жұмысының негізгі кемшілігі - жұмыс мүшесінің қармаудың ені мен биіктің үлкен болмауы, автогрейдерлік шасси емес, көлік шассиін пайдалану, алдыңғы соқалы қар тазалағыштың болмауы. Сонымен қатар, қардың жоғары биіктігінде конструкциясындағы соқалы қар тазалағыштар қарды жол төсемінен алыс ара-қашықтыққа лақтыра алмайды. Қар шеті бойынша үйіндіні жасап, тазалау кезінде жолдың артына кішкене түседі, содан жүретін жол ені кішірейе береді, ал көліктің қозғалысы күрделі және қауіпті болады (сурет 1.19).

Автогрейдер шассиде орнатылған соқалы және соқалы-роторлы жұмыс мүшелері бар қар тазалаушы машина (сурет 1.20).

Машинаның тиімділігі төмен. Ойлап табу тазалау процесінің тиімділігін арттыруына байланысты техникалық міндетті шешеді. Қойылған міндет автогрейдер шассиіне соқалы және соқалы-роторлы қар тазалағыштар орнатылған қар тазалаушы машинамен жүзеге асырылады. Соқалы қар тазалағыштар машинаның алдында орналасқан. Соқалы-роторлы қар тазалағыштар шасси осьтері арасында орнатылған және бұрылуға, көтеруге және тік жазықтықта қисаю мен шасси осіне қатысты шығарылуына мүмкіндігі болатын тарту рамасының бұрылыс шеңберінде бекітілген (сурет 1.21).

1 – базалық автогрейдер шассиі; 2 – гидроцилиндр; 3 – тарту рамасы; 4 – гидроцилиндр; 5 – бұрылыс шеңбері; 6 – тарту рамасы; 7 – гидроцилиндр;

Сурет 1.19 – Машинаның жалпы схемасы, бүйірінен көрініс

1 – шеңберді бұру механизмі; 2 – ротор жетегі; 3 – берілетін соқа; 4 – соңғы тарату; 5 – соқалы қар тазалағыш; 6 – тоқтатушы; 7 – соқалы қар тазалағышты бұру шарнирі;

Сурет 1.20 – Машинаның жалпы схемасы, жоғарыдан көрініс

1 – козырек; 2 – жұмыс мүшесін көтеру гидроцилиндрі; 3 – қарды тиеу құрылғысы; 4 – бағыттаушы құрылғысы; 5 – ротордың қаптамасы; 6 – ротор;

Сурет 1.21 – Машинаның жалпы схемасы, алдыңғы көрініс

Аралас қар тазалаушы құрылғысы бар қар тазалаушы машина келесідей жұмыс істейді.

Қар тазалаушы құрылғы автогрейдер шассиіне 1 ілінеді. Қарды тазалау үш жұмыс мүшесімен жүзеге асырылады: машинаның алдында бұрышпен орнатылған соқалы қар тазалаушысы, ротормен және роторға қарды жіберетін екі соқамен. Қар жамылғысының биіктігі үлкен болмаған кезде тазалау бір алдыңғы соқалы қар тазалағышпен орындалады. Егер қар жамылғысының биіктігі неғұрлым үлкен мәнге жетсе онда жұмысқа соқалы-роторлы қар тазалағыш немесе барлық жұмыс мүшелер бір уақытта кіріседі. Көп қар түскен кезде көлік жолдарының патрульді тазалауы үлкен жылдамдықта орындалу керек, онда соқалы және соқалы-роторлы қар тазалағыштың төменгі жиектері қайырмаға бекітілген тозуға төзімді резеңкеден орындалған. Тазалаудың үлкен жылдамдығы кезінде ірі кесектер жұмыс мүшесіне тап болса онда ол сынып кетуі мүмкін. Аз жылдамдық және тығыздалған, басылып қалған қарды тазалау кезінде металл пышақтар орнатылады. Барлық жабдықтармен тазалау кезінде гидроцилиндрмен 7 бірге арқ рамасы соқалы қар тазалағышпен 15 жоспарда солға және оңға автогрейдер шассиінің 1 артқы арбасына қатысты жылжытылып кетеді. [6]

Тарту рамасының 5 шығарылудың көтеру гидроцилиндрі 14 көмегімен және бұрылыс механизмімен 4 соқалы-роторлы қар тазалағыш қардың үйіндісімен соқалы қар тазалғыштың 15 өтуі кезінде соқалы-роторлы қар тазалағыштың түсетін соқаның 12 арасындағы қақпаққа түседі.Қар соқалармен роторға келіп түседі, қалақшаның айналу кезінде көлік жолының, көшенің және басқа да объектілердің шегінен бағыттаушы құрылғы арқылы лақтырылады. Ротордың жетегі 11 гидромотормен орындалады.

Соқалы-роторлы жұмыс мүшесі машинаның осінен соқалы қар тазалағышы бар арқа рамасының бұрылысына байланысты солға немесе оңға шығарылады, қар үйіндісі алдыңғы белдіктің осінен оң немесе сол жағында пайда болады. Сондай-ақ аз уақыттың ішінде алдыңғы соқалы және соқалы-роторлы қар тазалағыш тез алынып-салынатын тартудың есебінен басқа жақтарға орнатылады.

Көлік құралына қарды тиеу кезінде соқалы-қар тазалағышқа бағыттаушы құрылғының 13 орнына тиеу құрылғысы 10 орнатылады. Онда биік науасы бар және науа көлік құралының кузовына қар белгілі бұрышпен түсу үшін иілген.

Көлік-самосвалының кузовына тиеу кез-келген жақтан жүргізілу үшін тиеу құрылғысы 10 ротордың 8 қаптамасына 8 оны бекіту фланецінде өзінің осінің айналасында бұрылады.

Сонымен қатар, тиеу құрылғысында көлік құралының кузовына лақтырылатын қардың мөлшері реттелетін жапқышы болады.

Ойлап табу формуласы. Автогрейдер шассиінде орнатылған соқалы қар тазалағыш, машинаның алдында орнатылған, және соқалы-роторлы қар тазалағыш, шассилер осі арасында орнатылған және бұрылуға, көтеру мен тік жазықтықта қиғашталуы мен шасси осіне қатысты шығарылуына мүмкіндік болатын бұрылыс шеңберінде бекітілген тарту рамасы орнатылған. [6]