Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Норма контроль диплом.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
3.69 Mб
Скачать

4.1 Қар тазалауышпен жұмыс істейтін адамның жұмысына әсер ететін негізгі қауіпті факторлар

Қар тазалау үшін шығарылған әрбір көлік қалыпты жұмыс істейтін жағдайда болу керек. Жұмысқа шығарылуға тыйым салынады, егер қар тазалауыштың:

  • рульдік басқарудың люфті 360-тан жоғары және басқару қысылып байланса;

  • рульдік колонкасының бекітілуі әлсіз болса және бекітетін детальдардың зақымдануы болса;

  • рульдік колонкасының майысуы және иілуі немесе рульдік біліктің еркін айналуына кедергі жасайтын басқа да зақымданулар болса;

  • білікте рульдік сирағы бекітілуі әлсіз болса, бойлық және көлденең рульдік тартудың және оның детальдарының ақаулығы болса;

  • қар соқасының аспасында зақымданулар болса немесе соқаның бекітілуі әлсіз болса;

  • қол және тұрақтандыру режимінде соқаны көтеруге және түсіруге кедергі жасайтын деформациялардың болуы.

Әрбір техникалық байқау кезінде тежегіштердің жағдайына көп назар аудару керек. Қар тазалайтын машинаның жетегі барлық доңғалақтардың алғашқы және ақаусыз тоқтатылу алдындағы біруақыттылығын қамтамасыз ету керек. Гидравликалық жетектің негізгі тежегіш цилиндрі резервуарындағы сұйықтық деңгейі 10-нан 15 мм дейін шегінде толтырылған саңылау ұшынан төмен болуы керек. Пневматикалық жетектің компрессоры қалыпты жағдайда болу керек және жүйеде талап етілетін ауа қысымын қамтамасыз ету керек.

Тежегіш жүйесінде рұқсат етілмейді:

  • механикалық жетекте қажалу, оның қандай да бір детальдарының сызаттары мен сынуы;

  • гидравликалық жетек жүйесінен сұйықтықтың жиналуы немесе оған ауаның кіруі;

  • зауыт-өндірушінің орнатылған техникалық талаптарынан тыс ауа баллонында қысымның кемуін шақыратын пневматикалық жетек жүйесіне ауаның кіруі;

  • тым болмаса бір доңғалақ тежегішінде колонкалардың қажалуы;

  • тежегіш сұйықтығының орнына минералды немесе басқа да майларды, баламалы өнімді пайдалану;

  • қол тежегіші 120 еңісінде толтырылған қар тазалауышты толығымен сенімді ұстап тұру керек.

Жылдамдығы 30 км/сағ кезінде қатты жабындылы құрғақ тегіс жолында толығымен жүктелген ЗИЛ 433362 МДК 3-тен 17 аралығында көлігі үшін тежегіш жолының ұзындығы 13,5 метрден аспауы тиіс.

Көлік машинасының кабинасы келесі талаптарды қанағаттандыру керек:

  • жел және бүйір терезелері көріністі нашарлататын сызаттар мен қараңғылататын жерлері болмауы тиіс;

  • бүйір терезелері қолдан немесе терезе көтеретін механизмдері көмегі арқылы бірқалыпты қозғалуы керек;

  • қосылған терезе тазалайтын щеткалары еркін, қажалусыз қозғалуы керек және жел терезесінің қардан қалыпты тазалауын қамтамасыз ету керек;

  • отыратын орынның арқасы мен жастығында серіппелер мен өткір ұштары болатын ойыстары болмауы тиіс; отыратын орын бағыты бойынша еркін қозғалуы тиіс және конструкцияда қарастырылған қалпында сенімді бекітілу керек;

  • кабина есігінің құлыптары қалыпты жағдайда болу керек, қар тазалайтын машинаның қозғалысы кезінде өздігінен ашылып кету мүмкіндігі болмауы тиіс.

Машина кабинасында зиянды газдар концентрациясы санитарлық нормадан жоғары болмауы тиіс. Кабинада жылыту құрылғылары тоөтап қалуынсыз жұмыс істеуі керек; кабинаны жылыту үшін жұмыс істеліп біткен газды пайдалану рұқсат етілмейді.

Қар тазалаушыны жұмысқа шығару алдында жалпы техникалық жағдайынан басқа тайғанаққа қарсы құралдар үшін кузовтың дұрыс жұмыс жасауын, көтеру механизмін, платформаның өздігінен аунап кетуін болдырмайтын бекітетін құрылғылардың жағдайын, қар соқасын бекіту сенімділігін, мұзды бұзатын құрылғылардың жағдайын тексеру керек.

Қар тазалайтын машинаны басқару үшін сәйкес категориялы көлікті басқаруға құқығы көрсетілген куәлігі бар азаматтар рұқсат етіледі.

Қар тазалау кезінде бірігіп жұмыс жасайтын бірнеше қар тазалауыштардың ретті қозғалысы кезінде қозғалыстың жұмыс жылдамдығы кезінде бір-бірінен 20 метрден кем болмайтын қашықтықта болуы тиіс.

Қар тазалауыштар әдетте жеткіліксіз көрініс шартында (қар жауып тұрған кезінде) жұмыс жасайтындықтан, онда оның тік және жалпы жарық құралдарының, сонымен қатар, сигнал жарықтандырудың жұмыстары қалыпты жағдайда болу керек.

Жол қозғалысының ережелерін бұзған жағдайда келесі апаттар пайда болуы мүмкін: машинаның жылжып, басқа жаққа кетіп, аунап кетуі, соқтығысуы, кюветтерге құлап кетуі. Аталған апаттар көп жағдайда машинаның тұрақтылығы жоғалғанда, қозғалыс жылдамдығын арттырғанда, тежелудің жеткіліксіздігі, жүктердің дұрыс орналастырмауы, жол ақаулары, көлік құралдарының ақаулығы салдарынан болады. [14]

Жол-көлік оқиғасы кезіндегі жарақаттар көп жағдайда авариялық жағдайда пайда болатын инерция күштерінің салдары болып табылады.

Қар тазалауыштың бойлық орнықтылығы еңісі мен көтеріңкі жерлердің тежелген көлік аунап кетпеуі кезінде шекті бұрышын асырмайтын кезде қамтамасыз етіледі. Машина ұстап тұратын ауырлық күш моменті аунап кету моментінен көп болған жағдайда оның тұрақтылық қалпы сақталып тұрады.

Іс жүзінде көліктер сирек аунап кетіледі; әдетте олардың жетекші доңғалақтары тұрып қалады, нәтижесінде машина жылжып түседі.

Көліктің көлденең орнықтылығы машинаның еңіске көлденең қалпы қозғалысы кезінде шекті бұрышымен сипатталады. Орнықтылықты қамтамасыз ететін есептік бұрыштар көліктің түсуі кезінде жүргізуші кенеттен тежелсе, ал көтерілу кезінде орнынан кенеттен қозғалған кезде мәні едәуір аз болады. Жолдың бүйір көлбеу бұрышы бұрылыста центрден тепкіш күштің пайда болуынан немесе қар басып қалу кезінде кенеттен тежелу кезінде мәні аз болады. Күшті біртекті үлестірмегендіктен көліктің көлденең орнықтылығы едәуір азаяды. [13]

Көлік машинасын бірқалыпты тежеу керек. Егер тежелу тез орындалса, онда апаттың болуына себепші инерция күштері пайда болады.

Машинаның қозғалысы кезінде діріл адам организміне зиянды әсер тигізеді. Дене бөліктерінің салыстырмалы орын ауыстыруы оның арасында буындардың кедергісіне және сәйкес соғылуы мен басып қалуға алып келеді.

Адамның жиілігі 3-тен 5 Гц дейін болатын үздіксіз тербелістері вестибулярлық аппаратқа, қан-тамыр жүйесіне зиянды әсер етеді және бас айналу синдромын туғызады. Жиілігі 5-тен 11 Гц дейін тербелістер бастың, іштің,барлық дененің резонанстық тербелісі нәтижесінде аурулар пайда болуы мүмкін. Жиілігі 11-ден 45 Гц дейін тербелісі кезінде көздің көруі нашарлайды, жүрек айну, құсу пайда болады және басқа да мүшелердің қалыпты жұмысы бұзылады. Жиілігі 45 Гц көп болатын тербелістер кезінде бас ми тамырының бұзылуы байқалады; қанның айналымы және жүйке әрекеті бұзылғанда діріл ауруы пайда болады. Адамның денесіне жолдың кедір-бұдырлығы, қозғалтқыштың орнықсыздығынан және машинаны басқару мүшелері арқылы діріл беріледі.