Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Норма контроль диплом.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
3.69 Mб
Скачать

4.3.1 Орнықтылыққа есептеу

Қар тиегіш жұмыс режимінде қозғалғанда жалпы кедергі мынаған тең:

Wр =( Gс – Gл )·(f1 + i) + Gл (.μ2 + i) + kр·Вз·h1, Н, (4.1)

мұнда Gс – қар тиегіштің салмағы, Gс = 75000 Н;

Gл – күректің салмағы, Gл=16300 Н;

f1 – доңғалақтардың шайқалуға кедергі коэффициенті, жабынның түріне байланысты қабылданады; қар жамылғысы үшін 0,025-тен 0,03-ке дейін қабылданады;

i – жергілікті жер еңісі, i = (0,07-ден 0,09-ға дейін) қабылданады;

μ2 – қардың болатқа үйкелу коэффициенті, μ2 = (0,02-ден 0,07-ге дейін) қабылданады, жатып қалған қар үшін мәні кіші;

kр – қардың кесуге кедергісінің меншікті коэффициенті, қардың күйіне байланысты қабылданады, kр = (1-ден 5-ке дейін) кН/м² – жаңа түскен қар үшін, kр = (7,5-тен 13,0-ге дейін) кН/м² – жатып қалған қар үшін,

Вз – қармау ені, Вз=2,57 м;

h1 – кесілетін қардың орташа биіктігі, м, 0, 005-тен 0, 01 м-ге дейін қабылданады.

Формула (4.1) бойынша есептейміз:

Машина тасымалдық режимде қозғалғанда жалпы кедергі мынаған тең:

Wт = Gс·(f1 + i) + Vв·(υт + υв)2 + δвр·j·Gс/g , Н (4.2)

мұнда Vв – сүйірлілік факторы, жүк автомобильдері үшін 1,8-ден 3,6 Н·с22 дейін қабылданады;

υт – машина қозғалуының тасымалдық жылдамдығы, м/с;

υв – қарсы желдің жылдамдығы 3,0-ден 5,0 м/с дейін тең болып қабылданады;

δвр – айналатын массаларды есепке алу коэффициенті;

j – машинаның үдеуі, жүк машиналары үшін 1,5-тен 2,0 м/с2 дейін қабылданады;

g – еркін түсу үдеуі, м/с2.

Формула (4.2) бойынша есептейміз:

Айналатын массаларды есепке алу коэффициенті былай анықталады:

δвр = Gа/ Gф (4.3)

мұнда Gа – толық жүктелген машинаның салмағы, Н;

Gф – машинаның нақты салмағы, Н.

Формула (4.3) бойынша есептейміз:

4.4 Қар тазалауыш машинисттің жеке қорғаныс құралдары

Кәсіпорындардағы еңбек шарты, басқа да факторлар тіркесі еңбектің тиімділігіне және жұмыскердің денсаулық жағыдайына жағдай жасайды. Өз жұмыскерлеріне қауіпсіз және жайлы жағдай жасау кәсіпорын жетекшілерінің негізгі міндеті, өйткені жұмыстағы қолайлы жағдайлар жұмыскерлердің көңіл күйін көтеретіні және өзіндік сезінуін жақсартатыны дәлелденген. Бұдан, жоғары өнімнің алғы шарттары құрылады, өйткені жаман шарттар сапаны және еңбек өнімін темендетеді және де жарақаттану мен аурудың қатерін көтереді.

Жұмыскерлерге әсер ететін өндірістік факторлар техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық, санитарлық-гигиеналық, психофизиологиялық және табиғи-климаттық болып бөлінеді. Техникалық және эргономикалық факторлар өзіне барлық үдерістің автоматтандыруының деңгейін, ұйымның тиімді жұмыс орнын, жұмыс төңірегіндегі техникалық құрылымның жайлылығын, қауіпті жерлердегі қорғаныс құрылымдарының дұрыстығы мен жұмыскердің физиологиялық мүмкіндігінің сәйкестігін алады.

Ұйымдастырушылық факторлары санына жұмыс кестесі мен демалыс, екбек тәртібі, еңбекті қорғауды бақылау, қызметкерді өз міндетіне сай дайындау жатады. Экономикалық факторлар болып технологияны таңдау, жұмыс уақытының шығынын реттеу, шапшаң және серпінді жұмыстың ашық кесімді уақыты түсініледі.

Әлеуметтік-тұрмыстыққа жұмыс орнының жинақылығы мен тазалығы, сантораптың жеткіліктілігі, столдармен, дәрігерлік пунктпен, демалыс бөлмелері және басқалармен жабдықталуы жатады.

Психологиялық факторларды да басқалардан кем деп есептеуге болмайды, олар жұмыстың ауырлығы, бірсарындылық, ұжымның моралдіқ ахуалы. Табиғи факторлар географиялық өзгешеліктерді анықтаумен сипатталады.

Жеке қорғаныс құралдары – ол жұмыскерлердің өндірістік үдерістегі жағымсыз және қауіпті факторлардан, ластанудан сақтануға пайдаланатын құралдар. Олар өндіріс ұйымының жұмыстың орындалуының қауіпсіздігімен, жабдықтың конструкциясымен, ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ете алмаған жағдайда қолданылады.

Тағайындалуына байланысты көрсетіледі:

  • жекелендіргіш костюмдер – пневмокостюмдер, гидрожекешелндіруші костюмдер; скафандрлар;

  • тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары – противогаздар, респиратолар,ипневмошлемдер, пневмомаскалар;

  • арнайы киімдер – комбинезондар, қысқа комбинезондар, курткалар, шалбарлар, костюмдер, халаттар, плащтар, қысқа тондар, тұлыптар, алжапқыштар, желеткалар, қолға киетіндер;

  • арнайы аяқкиімдер – етіктер, ботфорттар, қысқа етіктер, бәтеңкелер, қысқа бәтеңкелер, туфли, галоштар, ботилар, бахилалар;

  • қолдарды қорғау құралдары – қолғаптар, перчаткалар;

  • басты қорғау құралдары – каскалар, дулығалар, шапкалар, шлемнің астынан киетіндер, береттер, шляпалар;

  • бетті қорғау құралдары – қорғаныс маскалары, қорғаныс щиттері;

  • есту ағзаларын қорғау құралдары – қатты дыбыстарға арналған дулығалар; құлаққаптар; қосымша беттер;

  • көздерді қорғау құралдары – қорғаныс көзілдірігі.

Жеке қорғаныс құралдарының жиынтығына өндіріс жағдайларына қолданылатын кең ауқымдағы құралдардың аумақты тізбесі және төтенше жағдайларда қолданылатын құралдар кіреді. Соңғы жағдайларда көбінесе жекеленгіш құралдарды қолданады. Жекеленгіш қорғаныс құралдарын қолдану жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек, ал қолданудағы қолайсыздық ең төменгі жағдайға келтірілуі керек. Оған нұсқаулық бойынша пайдану арқылы қол жеткізеді. Соңғысы қашан және қалай пайдаланатынын реттейді.

Бірқатар өндіріс операцияларын орындауда арнайы киімдерді кию қажет (костюмдер, комбинезондар және т.б.) кейбір жұмыс түрлерінде арнайы киімдерді сақтау үшін алжапқыштар қолданылады, мысалы салқындатылатын және жағылатын материалдармен жұмыста, жылу әсерлерінде және т.б. Басқа жағдайларда арнайы жеңдер киіледі.

Аяқтың өкшесі мен бақайларының жарақатын болдырмас үшін арнайы қорғаныс аяқкиімін кию керек (еткі, бәтеңке). Кейбір арнайы аяқкиімдер қалыңдатылған табанмен, өкшені өткір заттардан қорғаумен қамтылған. Арнайы белгіленген аяқкиім мұздан тайып құлаудан сақтайды. Арнайы виброқорғаныс аяқкиімдер де қолданылады. Автоөндірістерде, арттыру-түсіру жұмыстарында қолды қорғау үшін арнайы қолғаптар мен перчаткалар қолданылады.

Вибрациядан қолды қорғау үшін жұмсақ материалдан жасалған қолғаптар пайдаланылады.

Жұмыс беруші өндіріс есебінен және белгіленген норма бойынша зиянды және қауіпті жұмыстарда, айрықша температуралық шарттарда жұмыс істейтін жұмыскерлерге ақысыз сертификатталған жеке қорғаныс құралдарын беруге міндетті. Сонымен қатар ол нормамен берілген жеке қорғаныс құралдарын өз есебінен сақтауды (арнайы гардеробтарда), жууды, кептіруді, дезинфекциялауды, дегазациялау, дезактивация мен жөндеуді қамтамасыз етеді.

Жұмыскер өзіне берілген жеке қорғаныс құралдарын дұрыс қолдануға міндетті. Жұмыс беруші норма бойынша жеке қорғаныс құралдарымен дұрыс қамтамасыз етпеген жағдайда жұмыскерден еңбек міндеттерін орындауды талап етуге құқығы жоқ және ол екіде үш тарифтік ставка немесе оклад мөлшерінде шығынды төлеуге міндетті. [13]

Жеке қорғаныс құралдарының кейбір түрлерін (респираторлар, қорғаныс көзәйнектер, противогаздар және т.б.) жылына біреу ғана емес, "тозғанша", басқаша атауда "кезекші" кейбір жұмыстарды орындау уақытына байланысты таратылады. Сонымен қатар олар арнайы жұмыс орындарына бекітіледі (мысалы бұл сыртқы постыларға – тұлұп, электр құрылғыларына – қолғап және т.б.).

Жұмыскерлерді арнайы киіммен қамтамасыз ету тәртібіне байланысты арнайы аяқкиімдер және басқа да жеке қорғаныс құралдарын жұмыскерлерге беру бойына және өлшеміне байланысты, респиратолар, противогаздар, өзіндік қорғау, сақтандыру белдіктері, каскалар және басқаларды қолдану нұсқаулығымен және дұрыстығын тексерудің жеңіл әдісімен жұмыс беруші таныстыруға міндетті.

Жұмыскерлерге берілген жеке қорғаныс құралдары – өндіріс жекеменшігі, және оларды жұмыстан шыққан уақытта, басқа жұмысқа ауысқанда немесе қажет емес жағдайда қайтару керек.

Оларды ағашдайындау орындарынан, ауылшаруашылық жұмыстарынан басқа өндірістен тыс жерлерге шығаруға тиым салынады. Бұл жағдайда берілген құралдар жұмыскерде қалады. Ол ұжымдық келісімшартта немесе ішкі еңбек тәртібінде айтылады.

Құралдарды жұмыскерлерге беру және қабылдау белгіленген үлгідегі жеке карточкада тіркеледі.

Ластанумен байланысты жұмыстарда әр жұмыскерге айына 400 г сабын, қолға арналған 100 мл қорғаныс және 100 мл қалыпқа келтіру кремі, сонымен қатар 200 мл тазартатын пасты берілу қажет.

Жеке қорғаныс құралдары және арнайы киімдерді берудің негізгі реттеуші құжаты ол Қазақстан Республикасының еңбек кодексі. Еңбек кодексі арнайы киімдерге жеке жіне ұжымдық қорғаныс құралы, зиянды және қауіпті өндіріс факторлары ретінде анықтама береді. Еңбек кодексі жұмыс берушіні жұмыскерлерге еңбектің қауіпсіз шарттарымен қамтамасыз етуге, сонымен қатар тегін арнайы киімдер, арнайы аяқкиімдер және басқа да құралдармен қамтамасыз етуге міндеттейді. Еңбек кодексі жұмыскердің құқығын және қауіпсіз еңбек құқығын бекітеді. [12]