Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Норма контроль диплом.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
3.69 Mб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе 7

1 Қар жинайтын машиналардың конструкцияларына шолу және талдау жасау 8

1.1 Қарды құрылысына және жинау әдістеріне талдау 8

1.2 Қар тазалау машиналары бойынша патенттік ізденіс нәтижелері 27

1.3 Қарды ерітуге арналған машиналар мен әдістері 33

1.4 Қарды ерітуге арналған автогудронаторды жетілдіру керектігін негіздеу 37

2 Қарды ерітуге арналған автогудронаторды жетілдірудің принципті схемасы 45

2.1 Автогудронатор базасында қар еріткіштің конструктивті схемасы 45

2.2 Автогудронатор базасындағы қар еріткіш элементтерін алдын-ала есептеу 47

3 Автогудронатор базасында қар еріткіштің жылу процестерін есептеу 50

3.1 Қарды ерітуге кетеін жылудың шығынын есептеу 50

3.2 Қарды еріту кезіндегі автогудронатордың жылу беріліс элементтерін есептеу 53

4 Еңбекті қорғау 55

4.1 Қар тазалауышпен жұмыс істейтін адамның жұмысына әсер ететін негізгі қауіпті факторлар 58

4.2 Қар тазалауыш машинисттің жұмысына әсер ететін қауіпті факторларды азайту шаралары 60

4.3 Қар тазалау жұмыстарын орындау кезінде қауіпсіздік талаптары 63

4.3.1 Орнықтылыққа есептеу 66

4.4 Қар тазалауыш машинисттің жеке қорғаныс құралдары 68

5. Автогудронатор базасындағы қар еріту қондырғысының экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеу 71

5.1 Есептеуге қажетті нұсқауды таңдау 71

5.2 Бастапқы мәліметтер 71

5.3 Күрделі қаржы бөлуді (инвестициялар) есептеу 73

5.4 Жылдық эксплуатационды өнімділік пен жыл ішіндегі техника жұмысының машина-сағат санын есептеу 74

5.5 Жылдық ағымдағы шығындарды есептеу 78

5.6 Есептеу нәтижелері 86

6 Өнеркәсіптік экология 87

Қорытынды 96

Қолданылған әдебиеттер тізімі 97

Кіріспе

Қардың жиі жерге түсуі әсіресе көптеген көлік шоғырланған қала жағдайында шешімін күттірмейтін мәселелердің бірі болып табылады. Қардың көп түсуі жолдарда көлік қозғалысының қиындауына, кептелістердің туындауына әкеліп соқтырады, бұл жер көлемі үлкен Қазақстан үшін маңызды мәселе болып табылады.

Қыс мезгілінде қаланың коммуналдық шаруашылығы қарды және мұзды жинаумен байланысты барынша үлкен жүктемені басынан өткереді. Көлік жүретін жолдың бөлшегін қардан, мұздан тазалау нәтижесінде пайда болған қар үйінділерін жою – көп күшті, жылдамдықты және ірі техникалық және материалдық құралдарды қажет ететін іс. Кез келген қаланың қалыпты жағдайын ұстап тұру үшін қала көшелерін тазалап тұру маңызды фактор болып табылады.

Сонымен қатар қар – химиялық және де басқа ластандырғыш заттарды жинақтайтын фильтр. Ірі қалаларда автомобильдердің, көмірсутекті жанармай арқылы жұмыс істеп жатқан завод және қалалық жылу-энергетикалық қондырғыларының атмосфераға шығарған іске жарамсыз газдардың әсерінен қардың ластануы күшейе түседі. Сонымен, қар қала көшелеріндегі кептелістердің себебі ғана емес, сондай-ақ зиянды заттарды жинақтаушы да.

Бұл мәселелің шешімі – «дәстүрлі» әдіс, яғни көшелердегі қарды қала сыртына шығарып, арнайы жерлерде жинақтау. Қарды жинаудың бұл технологиясының кемшіліктері бар: біріншіден, қарды қала сыртына тасымалдау үлкен шығынды талап етеді; екіншіден, қар толық ерігенге дейін зиянды заттарды жинақтай береді, ал ол зиянды заттар қар ерігенде топыраққа, жер асты немесе жер үсті суларына енеді.