Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Норма контроль диплом.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
3.69 Mб
Скачать

4.2 Қар тазалауыш машинисттің жұмысына әсер ететін қауіпті факторларды азайту шаралары

Дірілден қорғану шаралары: діріл объектісі мен оператордың байланысы кезінде дірілдің берілуін азайтатын құралдардың болуы (машинаның конструкциясына орнатылатын қосымша құрылғыларды пайдалану; демпфирлейтін жабындылар); әрекет ету принципі бойынша (діріл оқшаулағыш, динамикалық дірілді өшіру); қосымша энергия көзін пайдалану бойынша (белсенді діріл оқшаулағыш); селқос және белсенді динамикалық дірілді өшіру.

ЗИЛ 433362 МДК қар тазалауышта отыратын орнын рессорлау жолымен соққы және дүмпулерді кемітетін жүргізушінің орнын селқос діріл оқшаулануы пайдаланылады.

Қозғалтқыштан машина рамасына берілетін тербелістерді азайту үшін қозғалтқыш пен рама арасында орнатылатын амортзаторлар-діріл оқшаулағыштарды пайдаланады. Машина рамасының серпінді элементтеріне (резеңке металл амортизаторы) ілінетін іштен жанатын қозғалтқыш еркін алты деңгейі бар тербеліс механикалық жүйесі болып табылады. [14]

Қатты шу жағдайында дыбыс анализатордың тұрақты кернеуі болады. Ол 10-нан 25 дБ аралығында есту деңгейінің (қалыпты естуі бар адамдардың көпшілігінде 10 дБ) жоғарылуын туғызады. Шу сөйлеу анықтылығын қиындатады, әсіресе ол 70 дБ деңгейінде болғанда.

Есту қабілетіне қатты шу әсер ететін зияны дыбыс тербелісінің спектріне және оның өзгеру сипатына байланысты. Шудың әсерінен есту қабілетінен айырылу әр адамның жеке ерекшеліктеріне байланысты болады. Кейбір адамдар қалыпты интенсивтілікті қысқа әрекетті шудың әсерінен есту қабілетінен айырылып жатады, ал басқалары қатты шу кезінде де естуі қалыпты болып қала береді. Қатты шудың тұрақты әрекет етуі дыбысқа жағымсыз әсер етуімен қатар басқа да зиянды салдарға алып келеді-құлақтағы зыңыл, бастың айналуы, бас ауруы және жоғары қажығандық.

Шу адам өмірінің ұзақтылығын қысқартады. Австриялық зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, бұл қысқарту 8-ден 12 жыл шегінде тербеледі. Шамадан тыс шудың болуы жүйке тозуының, психикалық шаршау, вегетативті невроз, жара ауруының,эндокринді және жүрек-тамыр жүйесінің ауруының себебі болуы мүмкін. Шу адамның жұмыс істеуі мен демалуына кедергі жасайды, еңбектің өнімділігін азайтады.

Шудың әрекеті әсіресе, қарт адамдарға қатты әсер етеді. 27 жасқа дейін шуға 46 пайыз адамдар назар аударады, 28-ден 37 жасқа дейін – 57 пайыз, 38-ден 57 жасқа дейін – 62 пайыз, ал 58-ден жоғары жастағы – 72 пайыз. Қарт адамдардың шуға қатты наразылық білдіруі жас ерекшеліктері мен орталық жүйке жүйесінің қалпына байланысты болады.

Наразылық білдіру мен орындалатын жұмыстың сипаты арасындағы байланыс байқалады. Сауалнама жүргізу мәліметтері бойынша, физикалық жұмыспен айналысатын адамдардан гөрі ақыл-ой жұмысымен адамдардың шу қатты мазасын алады (60 және 50 пайыз сәйкесінше). Ақыл-ой жұмысымен айналысатын адамдардың шуға наразылық білдіруі жүйке жүйесінің қатты шаршауы себеп болады.

Еңбек әрекеті мен тұру шартында көлік шуының әрекетіне душар болған халықты жаппай физиологиялық-гигиеналық тексерісі адамдардың денсаулық жағдайында белгілі бір өзгерістерді анықтады. Орталық жүйке және қан-тамыр жүйесінің, дыбыс сезімталдығының функционалды жағдайының өзгеруі кезінде әсер ететін дыбыс энергиясынан, зерттелінетін адамдардың жынысы мен жасына тәуелді болды. Жұмыста және күнделікті өмірдегі шудың әрекетіне душар болатын адамдардың шусыз өмір суретін адамдардың арасындағы өзгерістері айрықша ерекшеліктері болады.

Қар тазалаушыны пайдалану кезінде шудың жоғары деңгейі орталық жүйке жүйесінің агрессивті қоздырғыштың бірі болып табылады, ол оның шамадан тыс жұмыс істеуіне алып келеді. Шу қан-тамыр жүйесіне де қолайсыз әсерін тигізеді. Жүрек ауруы, гипертониялық ауру, қанда холестериннің шамадан тыс болуы шулы жерде өмір сүретін адамдарда көптеп таралады.

Шу ұйқының бұзуына алып келеді. Үзік-үзік, кенеттен пайда болатын шу жағымсыз әсер етеді, әсіресе кешкі және түнгі уақытта ұйықтап кеткен адамға. Ұйқы кезінде кенеттен пайда болған шу (мысалы, жүк машинасының тарсылы) ауру адам немесе баланың қатты шошуына алып келеді. Шу ұйқының ұзақтылығын азайтады. Деңгейі 50 дБ болатын шу әрекетінен ұйықтап кету уақыты бір немесе одан артық сағатқа созылады, ұйқы үстірт болады және оянғаннан кейін адамдар шаршағандық, бас ауруын, кейде жүректің соғысын сезінеді. [13]

Жұмыс күнінен кейін қалыпты дем алмау созылмалы шаршағандықты туындатады және орталық жүйке жүйесінің ауруы мен гипертониялық аурудың пайда болуына әсер етеді.

Шудың зиянды әрекетінен адамдарды қорғау үшін оның интенсивтілігін, спектраль құрамын, әрекет ету уақыты мен басқа да параметрлердің реттелуін қажет етеді. Рұқсат етілген шу деңгейі ретінде гигиеналық норма кезінде адамдардың шуға қатты әсер ететін мүшелерінің шудың созылмалы уақыт бойында душар болуы кезінде өзгеріс туғызбайтын шудың деңгейі белгіленген.

Халық үшін шудың гигиеналық рұқсат етілетін деңгейінің негізіне шудың әсер ететін және шекті деңгейін анықтау бойынша іргелі физиологиялық зерттеулер қаланған. Қазіргі таңда қала құрылысының шарттары үшін шуды белгілі бір нормаға сай белгілейді. Олар – тұрғын үй территориясында және қоғам құрылысы ғимараттарында рұқсат етілетін шудың санитарлық нормасы және құрылыс нормалары мен ережелері «Шудан қорғану». Тұрмыс құралдарын, ғимараттың технологиялық және инженерлік құрылыстарын, көлік құралдарын пайдаланатын, жобалайтын және өндіретін мекемелермен қатар, тұрғын үй, квартал, микрорайон, қаланы салуға және жоспарлау жобасын өңдейтін қоғам ғимараттары, тұратын жерді пайдаланатын, салатын және жобалайтын барлық мекемелер мен министрліктер үшін санитарлық нормалар қажет болады. Осы мекемелер нормамен тағайындалған деңгейіне дейін шуды азайту бойынша керекті шараларды қарастыруға және жүзеге асыруға міндетті.

Шумен күресу бағыттарының бірі – тұрмыс заттары, инженерлік құрылғы, тасымалдау құралдарына акустикалық ыңғайлықты қамтамасыз ету бойынша гигиеналық талаптарының негізі жатқан мемлекеттік стандарттарды өңдеу болып табылады. [14]

Автокөлік құралдарының сыртқы және ішкі шуы. Рұқсат етілетін деңгейі мен өлшеу әдістері» шу сипаттамасын, оларды өлшеу әдістері мен мемлекеттік, мекеме аралық, мекемелік және периоды бақылау сынауына қабылданған барлық үлгідегі көліктердің (мотоциклдердің) рұқсат етілетін шу деңгейін орнатады. Сыртқы шудың негізгі сипаттамасы ретінде жеңіл көліктері мен автобус үшін мәні 85-тен 92 дБ, мотоцикл үшін мәні – 80-нен 86 дБ дейін аспайтын шу деңгейі қабылданған. Ішкі шу үшін жиіліктің октава сызығында дыбыс қысымының рұқсат етілетін тұспалдау мәндері келтірілген: жеңіл көліктері үшін шу деңгейі 80 дБ, жүк көлігінің жүргізушілерінің жұмыс орны немесе кабинасы, автобус үшін – 85 дБ, автобустың пассажир орнында – 75-тен 80-ге дейін дБ құрайды.

Рұқсат етілетін шудың санитарлық нормасы халықтың денсаулығы мен жұмыс қабілеттігін сақтау барысында түрлі қызметтегі мекемелер мен қала құрылыстарында шу режимінің гигиеналық талаптарына жауап беруге бағытталған әкімшілік, сәулет-жоспарлау, техникалық шараларды өңдеу қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Шуды азайту, біріншіден, қар тазалауыш қозғалтқышының шуын азайту есебінен жүзеге асырылады.

Халықты шудан қорғау бойынша қала құрылыс шараларына жатады: қорғалатын объект пен шу көзі арасындағы ара-қашықтықты арттыру; акустикалық мөлдір емес экрандарды пайдалану (қабырға және ғимарат-экрандар), арнайы көгалдандыру шудан қорғайтын аймақтары; шағын аудандарды тиімді орналастыру, жоспарлаудың түрлі амалдарын пайдалану. Сонымен қатар, қала құрылыс шараларына магистраль көшелерінің тиімді құрылысы, шағын аудан территориясын максималды түрде көгалдандыру және бөлетін аймақтар, жергілікті жер бедерін пайдалану және тағы басқа шаралар жатады.

Неғұрлым қорғау әсері байқалады, егер тұрғын үй құрылыстары көлік магистралінен 25-тен 30 м дейін ара-қашықтықта орналасқан жағдайда және арасына көгалдандыру жүргізілген болса. Құрылыстың тұйық түрі кезінде квартал ішіндегі аралық қорғалған болып табылады, ал үйдің сыртқы жағы қолайсыз шарттарға тап болады, содан көлік магистралінің ондай құрылысы тиімсіз болады. Ең тиімді құрылыс-үйдің көшеден жас көшеттер арқылы қоршалуы және адамдардың уақытша болудың ғимараттарымен (дүкендер, асханалар, ресторандар, ателье және тағы басқа) қоршалу керек. Магистральдің шұңқырда орналасуы жақын жатқан территориясында шудың деңгейі кемиді [12].