Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Норма контроль диплом.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
3.69 Mб
Скачать

4.3 Қар тазалау жұмыстарын орындау кезінде қауіпсіздік талаптары

Механикаландыруды енгізу жұмыскерлер еңбегін едәуір жеңілдетеді және сауықтырады. Жол-құрылыс процесі технологиясы мен жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру кезінде механикаландыруды пайдалану жол жұмыстарында жарақаттанудың пайда болуына әсер ететін себептерді жояды.

Машина мен механизмдерді пайдалану нормалары мен ережелерін бұзған жағдайда, сонымен қатар сәтсіз оқиғалар да болуы мүмкін. Сәтсіз оқиғалардың алдын алу үшін машиналарды пайдалану жөндеуі және техникалық қызмет көрсету, тасымалдау, құрастыру және бөлшектеу жұмыстары барысында, сонымен қатар, жұмыс процесі кезінде оларды басқару кезінде қауіпсіздік техника ережелері орындалу керек.

Қар тазалауыштың техникалық қызмет көрсетуі жоспарлы-ескерту жүйесі бойынша орындалады, оған кіреді:

  • парктан шығар алдында және жұмыс басталмас бұрын қар тазалауыштарды тексеріп бақылау;

  • әрбір жұмыс ауысымы біткеннен кейін күнделікті техникалық қызмет көрсету;

  • бірінші техникалық қызмет көрсету;

  • түрлі типті машиналар үшін белгілі машина-сағат санынан кейін екінші техникалық қызмет көрсету.

Машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде қажет:

  • машинаны тоқтатып, доңғалақ астына төсемді орнату;

  • механикалық басқаруды өшіру және жетек құрылғыларын алып тастау;

  • ажыратқаштарды өшіру және ол орналасқан жәшікті жауып тастау; машинаның кілті аға мастерінде немесе берілген машинада жұмыс істейтін операторда болу керек;

  • іштен жану қозғалтқыштарында оталдыруды, ал дизельде-отын бергішті өшіру;

  • топыраққа аспалы жұмыс мүшелерді түсіріп қою және оларды төсемге немесе арнайы тіреуіштерге тіреу;

  • машинадан тіркемелі жабдықтарды ажырату.

Машинаға техникалық күтім жасауды (мысалы, тазалау, майлау, реттеу жұмыстары) машинаны толығымен тоқтаудан кейін және өшірілген қозғалтқыш кезінде орындауға болады. Қозғалыс кезінде осы жұмыстарды атқаруға тыйым салынады (орталықтандырылған майлау жүйесі бар трансмиссионды біліктерді майлаудан басқа). [13]

Машинаның техникалық қызмет көрсетуін қауіпсіз өткізудің негізгі шарттарының бірі тазалық болып табылады, сондықтан тазалау мәнеріне аса көп көңіл аударылады. Жеке жағдайларда машинаны жуу керек.

Бекіту және реттеу жұмыстарын орындау кезінде қызмет көрсетілетін бөлшектер мен детальдарға ыңғайлы және қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ететін құрылғылармен орындау қажет. Осындай кезде берілген типтің машинаның жұмысына сәйкес келетін арнайы құралдар жиынтығын пайдалану керек.

Қар тазалауыштың жөндеу және оған техникалық қызмет көрсетудің орындалғаны туралы жұмыстарын, апат болған жағдайын арнайы кітапта сәйкес жазбаларды жасау керек.

Қар тазалауыштарға қызмет көрсету үшін далалық жөндеу шеберханалары стационарлы және жүк көлігінде, трактор тіркемесінде немесе шағын вагондарда жылжымалы болуы мүмкін. Суық мезгілде шеберханада жылытуды ұйымдастырады. Шеберханада табиғи немесе жасанды жарықтандыру және желдету болуы тиіс. Станоктар жетегін стационарлы және жылжымалы шеберханаларда әдетте жеке етіп жасайды, жеке электрқозғалтқыштан.

Жол машиналары жөндеуін өткізетін мекемелердің негізді өндірістерін келесі цехтар мен аймақтарға бөледі:

  • сыртқы жуу, машиналарды бөлшектеу, бөлшектерді жуу, тазалау, тексеру аймақтары бар сұрыптау цехі;

  • машиналарды реттеу, жинау, шина жөндеу, аккумуляторлы, электр жөндеулі, жинақ аймақтары бар құрастыру цехі;

  • қозғалтқышты жинау және жөндеу, агрегатты, сынау станцияларын жинау аймақтары бар агрегатты-құрастыру цехі;

  • слесарь-механикалық, ұсталық-рессорлы, термиялық, дәнекерлеу, металлдау,мыстау және гальваникалық аймақтары бар қосалқы бөліктерін дайындау және қалпына келтіру цехі;

  • кабинаны жөндеу, бояу, ағаш өңдеу аймақтары бар кузов цехі.

Жұмыс орнын тиімді орналастыру көліктің ағынды жөндеу кезінде еңбектің қауіпсіз шарттарын құрастыруды қамтамасыз етеді. Аймақта көліктің дұрыс орналастырылуы жұмыстардың ыңғайлы және қауіпсіз орындалуын қамтамасыз етеді. Өндірістік жарақаттарды азайту көбінесе құрылғы мен жабдықтардың қандай жағдайда екеніне байланысты болады. Көтеріп-тасымалдау құрылғыларына негізгі талап-көлік немесе агрегатты қауіпсіз, бірқалыпты көтеру, талап етілетін биіктікке орнату. Ілгіштердің конструкциясы берік, қатты және орнықты болуы керек. Қышқылмен, сілтімен жұмысы кезінде және дәнекерлеу жұмыстарын орындағанда жеке қорғаныс құралдарын пайдалану керек және күйіп кетпес үшін қауіпсіздік техникасын сақтау. Жарақаттардың алдын-алу үшін дұрыс қалыпты құрылғы, құралды таңдау және орналастыру үлкен рөл атқарады. Еден май немесе түрлі сұйықтықтардан ластанбауы керек, олар арнайы резервуаларда сақталуы тиіс. Егер ластану байқалса, онда еденді құммен немесе ағаш қиындылармен сеуіп тастау керек. Көліктің көтеретін механизмдермен жұмысы жоғары қауіптілікпен сипатталған, өйткені кузовтың өздігінен түсу оқиғалары болуы мүмкін. Көліктің кузовы көтеріліп тұрған жағдайда, оған техникалық қызмет көрсету, жөндеу, бақылауды бастамас бұрын тірек штангасын орнатып, қуатты таңдау қорабын өшіріп тастау керек. Көліктің тіркемемен қосылған жағдайда жүргізушіден басқа бір адам болу керек, ол жүргізушіге қозғалыс бағытының өзгеруі немесе тоқтауы туралы белгі беріп тұрады. Қозғалтқыш жұмысы кезінде машинаның қасында тұруға тыйым салынады, өйткені зиянжы компоненттері бар жұмыс істеліп біткен газдар шығарылады. Жұмыс істеліп біткен газдан уланудан сақтану үшін жұмыс орнын желдетуді бақылап отыру керек. Техникалық қызмет көрсету аймағының барлық жұмыскерлері жалпы және белгілі бір жұмыс орнындағы өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныс болуы керек. Техникалық көрсету аймағында тыйым салынады: ашық отты пайдалану; майланған шүберектерді сақтау; ағып тұрған отын багі бар көлікте ағынды жөндеуді жүргізу; ағынды жөндеу аймағында темекі шегуге тыйым салынады. Техникалық қызмет көрсету аймағын нормалар бойынша өртке қарсы құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс (өрт қалқаны, құмы бар жәшіктер, өрт сөндіргіштер). Өртке қарсы шаралар жоспарын құрастыру керек, онда қарастырылады: хабар беру реті; әрбір жұмыскердің міндеті; өртке қарсы шаралар мен дәрістерді өткізу уақыты; осы шараларға жауапты адамдарды. Техникалық қызмет көрсетудің барлық аймақтары тазалықта болуы тиіс. Қолданылған сүрту материалдарын арнайы металл жәшіктерінде жинайды. Өртке қарсы қалқандар күрекпен, шелекпен, балтамен жабдықталуы тиіс. Су қоймасында судың қоры жеткілікті болуы тиіс және оны тек өртті сөндіру кезінде пайдаланылады. Техникалық қызмет көрсету аймағында кіретін, жүретін жолдарды жауып тастамау керек, көп мөлшерде машиналардың болуы тыйым салынады.

Жөндеу мекемелерінің «Өнеркәсіптік мекемелердің өндірістік ғимараттары», сонымен қатар, «Өнеркәсіптік мекемелерді жобалаудың санитарлық нормалары» жобаларын талаптарына сай өңдейді.

Машинаны жөндеу бойынша өндірістік процестерді «Өндірістік процестер. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары» қарастырылған еңбек қауіпсіздігі бойынша талаптарға сәйкес жобалайды. [12]

Өндірістік процестер келесі қауіпсіздік талаптарды орындаған жағдайда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп есептеледі: жұмыс істейтін адамдардың зиянды әрекет тигізетін өндіріс қалдықтармен, жартылай дайын өнімдермен, материалдармен байланысын жою, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың пайда болуына байланысты технологиялық процестерді аз интенсивтілігі бар факторға ауыстыру; қауіпті және зиянды өндірістік фактор бар болған жағдайда технологиялық процесте дистанционды басқару немесе автоматтандыру мен кешендік механикаландыруы қарастырылған; құрылғылардың герметикалығы қамтамасыз етілуі тиіс; қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың көздері болатын өндіріс қалдықтары уақыттылы жойылуы және зиянсыздандыруы; өндірістік құрылғылар жұмыскерлер үшін қауіпті болмайтындай орналастыру; тиеу-түсіру жұмыстары механикаландырылған; қауіпсіз көлік коммуникациялары қолданылады; машинаны жөндеудің қабылданған технологиясында пайда болатын қауіпті және зиянды өндіріс фактордан қорғану құралдары пайдаланады.