Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EWB лаб. каз.doc
Скачиваний:
151
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
3.23 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары

1. Электр тізбегінің контуры, түйіні және тармағы деп нені атайды?

2 Резисторлар аралас жалғанған тізбектің эквиваленттік кедергісі неге тең?

3. Резисторлар тізбектей жалғанған тізбектің эквиваленттік кедергісі неге тең?

4. Резисторлар параллель жалғанған тізбектің эквиваленттік кедергісі неге тең?

5. Резисторлар тізбектей жалғанғандағы қуатты анықтайтын формулаларды жаз.

6. Резисторлар параллель жалғанғандағы қуатты анықтайтын формулаларды жаз.

Зертханалық жұмыс № 4 Кезекпе-кезек есептеу әдісін тәжірибелік тексеру

Жұмыстың мақсаты: кезекпе-кезек есептеу әдісін зерттеу.

Жалпы мәліметтер

Кезекпе-кезек есептеу әдісі былай тұжырымдалады: кез-келген тармақтағы тоқ әрбір жеке схеманың ЭҚК шақыратын тоқтардың алгебралық қосындысына тең болады, бұл принцип барлық сызықты электр тізбектеріне сәйкес келеді.

Осы әдіспен тізбекті есептегенде келесі шарттар орындалады:

а) әрбір ЭҚК әсерінен пайда болатын тоқтарды ойша қалған схемаларды алып тастап отырып кезек-кезек есептейді;

б) тармақтағы тоқтарды жеке-жеке алгебралық қосу арқылы табу.

Мысал ретінде 4.1(а) суретінде көрсетілген схеманы қарастырамыз

а) б) в)

Сурет 4.1 Кезекпе-кезек әдісі бойынша тоқтарды есептеу схемалары

Әр ЭҚК пайда болатын тоқтарды есептеу үшін схемалар құрамыз (сур. 4.1-б,в). Тоқтарды есептеу үшін теңдеулер құрамыз.

Е1 ЭҚК тоқтары үшін:

, ,.

Е3 ЭҚК тоқтары үшін:

, ,.

Сонда тармақтағы дәл тоқтар тең болады:

I1 = I1 + I1, I2 = I2 -I2, I3 = I3 + I3 .

Жұмыстың мазмұны

1. Программаның жұмыс терезесінде схемаларды жинау.

2. Тоқ пен кернеу шамаларын өлшеу.

3. Есептеу жолымен тоқ пен кернеу мәндерін анықтау.

4. Есептелген және өлшенген шамаларды салыстыру. Салыстыру негізінде қорытынды жасау.

Жұмысты орындауға нұсқау

Берілген зертханалық жұмыс кезекпе-кезек есептеу әдісін практикалық түрде үйренуді талап етеді. Жұмыс барысында 4.2 суретінде келтірілген схеманы жинау керек. Қоректену кернеуінің мәндері 100-500 В, резистордың мәндері 100-ден 1 кОм дейін. 4.2 суреті бойынша өлшеу құралдарын пайдаланып тоқ пен кернеу шамаларын өлшеу. Ол үшін тоқтарды өлшеу керек:

- К1 и К2 кілттері тұйықталған уақытта;

- К1 кілті тұйықталған, ал К2 кілті алшақ тұрғанда;

- К2 кілті тұйықталған, ал К1 кілті алшақ тұрғанда.

Сурет 4.2 Электр тізбегінің орын басу схемасы

Қоректену кернеуі мен резисторды бекітілген мәндері арқылы өлшегеннен кейін:

- әр ЭҚК пайда болатын тоқтарды есептеу қажет;

- орын басу схемасында өтетін толық тоқтарды табу қажет (сур. 4.2).

EWB программасында жұмыс барысы:

1) Basic пиктограмма қатарынан кілтті таңдаймыз.Тышқанның сол жақ кнопкасын басып EWB жұмыс терезесіне алып шығамыз.

2) Жұмыс терезесіне тағы бір кілтті шығарамыз.

3) Тышқанның сол жақ кнопкасын екі рет басу арқылы кілттің жөнге келтіру бөліміне кіріп, келісім клавишасын “A” деп ауыстырамыз (сур. 4.3).

Сурет 4.3 Еlectronics Workbench программасында сөндіргішті таңдау

4) Екінші кілт үшін тура осы процессті қайталап, келісім клавишасын “B” деп ауыстырамыз (сур. 4.4).

Сурет 4.4 Еlectronics Workbench программасында сөндіргішті таңдау

Енді “A” клавишасын басқанда – сол жақ кілт жұмыс істейді. “B” басқанда – оң жақ кілт.

5) Пиктограмма қатарынан керекті элементтерді таңдап, номиналдарын өзгертіп бір-бірімен жалғаймыз (зерт.жұм. № 1,2 қара). Электр схемасының виртуальды түру келесідей болады (сур 4.5)

Сурет 4.5 Еlectronics Workbench программасында электр схемасының виртуальды моделі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]